Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 316
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның себебі нақты анықталған жағдайда тиімді болады. Сонымен қатар монетарлық және фискалдық саясат бір-бірін толықтыра отырып, жүйелі түрде жүргізілуі тиіс және тұрақтандыру жоспарын қабылдау мен іске асыру арасындағы уақытты (уақыт кідірісін) барынша қысқарту қажет.
Негізгі ұғымдар:
Экономикалық цикл.
Тұрақты циклдар теориясы.
Итермеші күштің әсерінен тарайтын циклдар теориясы.
Циклдың неокейнсиандық теориялары.
Мультипликатор-акселератор механизмдері.
Циклдың неоклассикалық теориясы.
Табиғи жұмыссыздық.
Оукен заңы.
Құрылымдық жұмыссыздық.
Фрикционды жұмыссыздық.
Циклды жұмыссыздық.
Инфляция.
Ашық инфляция.
Басылған инфляция.
Балансталған және балансталмаған инфляция.
Болжанған немесе күтілетін инфляция.
Болжанбаған инфляция.
Дефляция.
Стагфляция.
Дезинфляция.
Сұраныс инфляциясы.
Ұсыным инфляциясы.
Филипс қисығы.
Инфляцияға қарсы саясат.
11 ҰЛТТЫҚ ТАБЫСТЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ БӨЛУ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
11.1 Өндіріс факторлары және өндірістік функция.
11.2 Экономикалық өсудің мәні мен факторлары.
11.3 Экономикалық өсудің жаңа классикалық Солоу моделі.
11.4 Экономикалық өсуді қамтамасыз ететін макроэкономикалық саясат.
11.1 Өндіріс факторлары және өндірістік функция.
Өндірістік функция - өндіріс факторлары шығарылатын өнімнің көлемін қалай анықтайтынын көрсетеді. Егер өндірісте қолданатын факторларды жеке және заттай фактор деп екі топқа бөлсек, жеке факторға еңбек (L), ал заттай факторға капиталды (К) жатқызамыз. Шығарылатын өнімнің көлемі осы екі факторға байланысты болады. Өнім көлемін Y деп белгілесек, онда өндірістік функция:
Y = F (K, L) (1),
Ол шығарылатын өнім көлемі капитал саны мен еңбек санының функциясы болып табылатынын көрсетеді. Көптеген өндірістік функциялар масштабтан тұрақты қайтару деп аталатын сипатқа ие. Өндірістің барлық факторларының бір шамаға салыстырмалы өсімі шығарылатын өнім көлемінің сол шамаға салыстырмалы өсуіне әкеледі. Математикалық сипатта өндірістік функцияда масштабтан тұрақты қайтару болады, егер кез-келген оңды z санында мына теңдік орындалса zY = F (zK, zL). Бұл теңдеу, егер капитал саны мен еңбек санын z санына көбейтетін болсақ, онда шығарылатын өнімнің көлемі де z есе өседі.
Өндіріс факторлары бойынша ұлттық кірісті бөлудің жаңа классикалық теориясы. Ұлттық кірісті бөлу өндіріс факторларының бағаларымен айқындалады. Өндіріс факторларының бағасы өндіріс факторының бір бірлігі үшін төленген ақша саны. Ол қызметкерлердің жалақысы (W) немесе капиталдың меншік иелерінің алған табыс болып табылады. Өндірістің әр факторының бағасы, өз кезегінде, нарықтағы сұраныс және ұсыныспен анықталады. Еңбек өнімділігі (MPL) нақты жалақыға (W/P) тең болғанша фирма қызметкерлерді жалдайды. Пайданы барынша көбейту үшін фирма капиталдың шекті өнімі (МРК) капиталдың нақты бағасына (R/P) дейін төмендегенше қосымша жабдықты сатып алуды жалғастырады.
Капиталдың нақты бағасы - бұл ақша бірліктерімен емес, тауар бірліктерімен көрсетілген капиталдың бір бірлігін пайдалану шығындары (R):
Өндірістен алатын пайда = РF (K, L) - WL – RK (2),
Бұл теңдік фирманың пайдасы өндірілген өнімнің және өндіріс факторларының бағаларына, өндіріс факторларының санына байланысты екенін көрсетеді.
Ұлттық табыс өндіріс факторлары арасында олардың шекті өнімділігіне сәйкес бөлінеді.
Кобба-Дуглас функциясы. Математик Пол Дуглас уақыт өткенмен еңбек пен капиталдың ұлттық табыстағы үлестерінің өзгермейтінін байқап, оның себебін математик Чарльз Коббен бірге анықтады. Егер еңбек пен капиталдың ұлттық табыстағы үлестері шекті өніммен анықталынатын болса, өндіріс функциясының қандай қасиеттері болу керек деген сұраққа жауап ретінде математиктер өндіріс функциясының жаңа моделін ұсынды:
капиталға табыс = MPK x K = aY (3),
еңбекке табыс = MPL x (1-a)Y (4),
мұндағы:
а - нөлден бірге дейінгі тұрақты мөлшер, ол капиталдың ұлттық табыстағы үлесін көрсетеді, демек еңбектің де үлесін анықтайды.
Осындай қасиеті бар өндіріс функциясын Чарльз Кобб ұсынды:
Y = P (K, L) = AKa L 1-a (5),
мұндағы:
А - қолданылатын технологияның өнімділігін көрсететін жағымды параметр. Осы функция Кобба-Дуглас функциясы деп аталады.
Кобба-Дуглас функциясы масштабтан тұрақты қайтару деп аталатын сипатқа ие. Kaпитал мен еңбектің өсімі өнім көлемінің өсіміне тең:
F(zK, zL) = zF(K, L) = zY (6),
Кобба-Дуглас функциясында еңбек пен капиталдың шекті өнімділігін де анықтауға болады. Еңбектің шекті өнімі: MPL = (1- a) AKa L 1-a , ал капиталдың шекті өнімі: MPK = a AKa-1 L 1-a . a нөлден бірге дейінгі мөлшер болса, онда осы теңдестіктердің көмегімен еңбек пен капиталдың шекті өнімдерінің өзгерістерінің себебін табуға болады. Капиталдың саны өссе MPK төмендейді, ал MPL өседі және керісінше еңбектің саны өссе MPL төмендейді, ал MPK өседі. А параметрін өсіретін технологиялық прогресс екі фактордың да шекті өнімін өсіреді. Осыған байланысты Кобба-Дугластың туынды функциясы:
MPL – (1-a) Y/L, MPK = aY/K (7),
мұндағы.
MPL – бір жұмысшыға шаққандағы өнім көлемі;
MPK - бір капитал бірлігіне шаққандағы өнім көлемі;
Y/L – орташа еңбек өнімділігі;
Y/К – орташа капитал өнімділігі.
Сонымен, өндіріс факторлары өздерінің шекті өнімдерін алатын болса, a параметрі ұлттық табыстағы еңбек пен капиталдың үлестерін көрсетеді. Еңбек ақыға шыққан шығын MPL х L немесе (1-a)Y тең болады, ал (1-a) өндірілген өнімдегі еңбектің үлесі. Капиталдың жалпы табысы MPK х К ол aY болады, ал a өндірілген өнімдегі капиталдың үлесі. Еңбек пен капиталдың табыстарының қатынасы (1-a)/а тұрақты болады. Осы талдауларға байланысты Кобба-Дуглас мынандай тұжырым жасады: өндіріс факторларының үлестері олардың санына, А параметрімен өлшенетін технология деңгейіне байланысты емес, олар тек қана a параметріне байланысты. Кейінгі кездегі зерттеулердің нәтижелері Кобба-Дугластың тұжырымдарын растайды.
11.2 Экономикалық өсудің мәні мен факторлары.
Экономикалық өсу - бұл өндірістің нәтижелері мен факторларының сандық өсуі мен сапалық жаңаруы.
Экономикалық өсудің көрсеткіштері:
-
экономикадағы нақты табыс (ЖҰӨ) өсуі; -
жан басына шаққандағы нақты табыстың (ЖҰӨ) өсуі; -
нақты табыстың (ЖҰӨ) жалпы және жан басына шаққандағы өсу қарқыны.
Экономикалық өсудің типтері:
-
экстенсивті – экономикалық өсу қосымша ресурстарды қолдану арқылы жүзеге асады; -
интенсивті – экономикалық өсу жаңа өндіріс факторлары мен технологияны қолдану арқылы жүзеге асады;
- аралас – факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу таза күйінде болмайды. Олар қатар жүреді, бірақ оған әсер ететін факторлардың үлесіне байланысты біреуі басымдау болады.
Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар типтеріне қарай топтастырылады. Экстенсивті өсудің факторлары:
-
капитал мен еңбек шығындарының өсуі; -
табиғи ресурстар және олардың саны.
Интенсивті өсудің факторлары:
-
технологиялық прогресс; -
өндіріс ауқымынан үнемдеу; -
жұмыскерлердің білімі және кәсіби деңгейлері; -
өндірісті басқару әдістерін жетілдіру; -
ресурстардың жылдам қозғалуы және оларды тиімді бөлу; -
заңдар мен заңнамаларды жетілдіру.
Экономикалық өсуді тежейтін факторлар:
ресурстардың жетіспеуі және экологиялық проблемалар;
-
өндірістің өсуіне байланысты өсетін әлеуметтік шығындар; -
үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.
Экономикалық өсудің факторларын жиынтық ұсыныс, жиынтық сұраныс және бөлу факторлары деп те жіктейді:
1) ұсыныс факторлары (табиғи ресурстардың, қолданылатын капиталдың, еңбек ресурстарының, технологиялық ресурстардың саны мен сапасы; институционалдық-ұйымдастырушылық және ақпараттық факторлар);
2) сұраныс факторлары (жиынтық шығыстар деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін факторлар);
3) бөлу факторлары (ресурстарды оңтайлы бөлуді қамтамасыз ететін факторлар).
Қазіргі экономикалық өсудің алғышарттары мен сипатты белгілері. Экономикалық өсудің бірінші ерекшелігі - ауыл шаруашылығы секторының маңыздылығының төмендеу үрдісі болып табылады. Бұл жалпы шығару және жұмыспен қамту көлеміндегі оның салыстырмалы үлесінің төмендеуінен көрінеді. Аграрлық сектор үлесінің төмендеуі салдарынан урбанизация жағына қарай жылжу жүріп жатыр. Жалпы шығару және жұмыспен қамту көлемінде өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларының үлесі ұлғаюда. Оның ішінде ақпараттық, техникалық, технологиялық сипаттағы қызметтердің жоғарғы қарқынмен дамуы және сандық экономиканың пайда болуы және тез дамуы.
Қазір табиғи ресурстардың көптігі экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылмайды.
11.3 Экономикалық өсудің жаңа классикалық Солоу моделі.
Солоу өз моделінде Кобба-Дугластың өндірістік функциясын пайдаланды, онда еңбек пен капитал субститут болып табылады. Роберт Солоу капиталдың шекті өнімділігінің төмендеу заңы әсер етеді, инвестициялық үзіліс жоқ, өндіріс ауқымынан тұрақты қайтару бар, капиталдың істен шығу нормасы тұрақты, факторлар нарығы жетілген бәсекелі нарық деген пайымдаулар жасайды.
Солоудың факторлық моделінде шығарылымның өсу қарқыны үш қосындының сомасына тең болады:
1) техникалық прогрестің қарқыны (∆T/Т);
2) шығарылым бірлігімен өлшенетін жалақыға көбейтілген қолданылған еңбек көлемінің өсу қарқыны (∆L/L);
3) шығарылымдағы капитал үлесіне тең коэффицеиентке көбейтілген капиталдың өсу қарқыны (∆K/К).
Солоудың факторлы моделінде экономикалық өсу капиталды қорланумен, жұмыс күшінің өсуімен немесе халықтың санының өсуімен және технологиялық өзгерістермен анықталынады. Аталған факторларды жан басына шаққандағы көрсеткіштермен көрсетеді.
Техникалық прогресс қарқынын (∆T/Т) шығарылымның бір жұмысшыға шаққандағы байқалатын өсу қарқыны мен бір жұмысшының капиталмен қарусыздану өзгерісін шығарылымдағы капитал үлесіне көбейту арқылы есептеуге болады. Бұл Солоу қалдығы деп аталады.
1. Капиталды қорлану. Бұрын айтқандай кез-келген z саны үшін масштабтан тұрақты қайтарымы бар өндірістік функция: zY = F (zK, zL). Егер z = 1 / L болса, онда Y/ L=F(K/ L, 1). Егер шығарылымның еңбекке қатынасын (Y /L) y, ал капиталдың еңбекке қатынасын (K / L) k арқылы белгілесек, онда өндірістік функция өнімділік пен қормен қарусызданудың арасындағы өзара байланысты білдіретін болады: y = f(k). МРК капиталдың шекті өнімі k өскен сайын төмендейді.
Роберт Солоу моделінде жиынтық сұраныс инвестици және тұтынумен анықталады:
y = c + i (8),
мұндағы:
i және с – бір жұмысбасты адамға шаққандағы инвестиция мен тұтыну.
Табыс тұтыну мен жинақтау жинақтың нормасына байланысты бөлінеді. Демек: с = (1 - s) y, мұндағы, s – жинақтау нормасы, онда y = i + c = (1 - s) y + i, бұдан i = sy. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің алғы шарты: f(k) = c + i немесе f(k) = i/s. Өндірістік функция тауар нарығындағы ұсынысты анықтайды, ал капитал жинау – өндірілген өнімге сұранысты. Шығарылым көлемінің динамикасы капиталдың көлеміне (капиталмен жабдықтауға) байланысты болады. Капиталдың көлемі инвестиция мен капиталдың тозуына (амортизация) байланысты өзгереді.