ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4793
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Толу систола кезінде сол қарыншадан қолқаға түсетін қанның мөлшеріне байланысты болады. Қанның қалыпты соққы мөлшерінде және артерияның жеткілікті қанға толуы кезінде толық пульс сезіледі. Қанайналым бұзылғанда, қан кеткенде пульстің толуы азаяды, пульстік толқындар нашар ажыратылады - бұндай пульс бос деп аталады. Әзер сезілетін пульс жіп тәрізді деп аталады.
Сан артериясы шап аймағында жақсы байқалады, санды түзу күйінде сәл сыртқа қарай бұрған кезде –жеңіл тексеріледі. Тізе асты артериясынан пульсті анықтау үшін науқасты ішіне жатқызып, тізе асты щұңқырынан сезіледі. Артқы үлкен асық жілік артериясы ішкі тобық тілерсек астаушасында пальпацияланады; сыртқы табан артериясын табанның сыртқы бетінде, бірінші сүйек аралық кеңістіктің проксималды бөлімінде сезіледі.
Ұйқы артериясында пульсті тексеруді абайлап жүргізу қажет, кезекпен, артерия қабырғасын жайлап басып көруден бастау керек, өйткені жүрек қызметінің бірден баяулау қаупі, кейде оның тоқтап қалуы да болуы мүмкін. Клиникалық түрде бас айналу, естен тану, тырысумен көрінеді.
-
Артериалды қысымды зерттеу
Артериалды қысым (АҚ) – қан тамырлардың қабырғасына қанның түсіретін қысымы. АҚ -қантамыр жүйесінің жұмысын көрсететін ең маңызды параметр болып табылады. Дені сау адамның қан қысымын үнемі ұстап тұруы күрделі нейро-гормоналды реттеумен және жүрек жиырылу күшіне және жүрек тонусына байланысты болады.
Систолалық, диастолалық және пульстік қысымды ажыратады.
-
Систолалық қысым (жоғарғы сан) систола кезінде артериядағы қысымды көрсетеді, жүрек жиырылып, артерияға қанды айдағанда, онда қысым пайда болады. Олар жүрек жиырылу күшіне және қолқаға айдайтын қанның көлеміне, артерия арнасына, миокард жағдайына байланысты болады.
-
Диастолалық қысым (төменгі сан) диастола- жүрек бұлшық еттерінің босаңсу кезіндегі артериядағы қысымды көрсетеді. Ол тамыр қабырғасының тонус жағдайын және шеткері тамырлардың қарсыласуын көрсетеді. Төменгі қысымның пайда болуына тамырлардың серпімділігі және тонусы әсер етеді.
-
Систола және диастола арасындағы айырмашылық пульстік қысым деп аталады. Пульстік қысымның тербелісі толығымен жоғарғы және төменгі қысымға байланысты болады. Қалыпты жағдайда пульстік қысым 30–40 мм сынап бағанасы шамасында болады, систоладан 60% аспау керек. Бұл көлемнің жоғарылауы немесе төмендеуі мүшелер мен тіндердің қалыпты қанмен қамтамасыз етуін бұзады, жүрекке және тамырларға күш түседі.
Қалыпты жағдайда АҚ жоғарылататын немесе төмендетін көптеген факторларға және жасына, тәулік уақытына, сыртқы орта жағдайына, физикалық күшке немесе адамның психологиялық жағдайына (күйзеліс кезінде қысым жоғарылайды ), әртүрлі белсендіретін заттарды, медикаменттерді қабылдауға (кофе, шай) байланысты өзгеріп отырады.
Үлкен адамның систолалық қысымның қалыпты көрсеткіші 110-нан 139-ға дейін мм с.б.б.және диастолалық 70-тен 85–89-ға дейін мм с.б.б. АҚ тұрақты төмендеуі -гипотония, тұрақты жоғарылауы — гипертония деп аталады. Гипертензия және гипотензия ақау кезінде болады (гипертониялық ауруда және жүрек-тамыр жүйесі аурулары кезінде байқалады) және физиологиялық (физикалық күш түскендегі гипертензия, ұйқы кезіндегі гипотензия).
АҚ деңгейін бағалау үшін жалпыға бірдей ДДҰ жіктеуін қолданады (кесте 6).
Кесте 6.
Артериалды қысым деңгейінің жіктелуі
ESC/ESH, 2013
Категория |
Систолалық АҚ (мм с.б.б.) |
Диастолалық АҚ (мм с.б.б.) |
Қолайлы |
<120 |
<80 |
Қалыпты |
120-129 |
80-84 |
Жоғары қалыпты |
130-139 |
85-89 |
Артериалды гипертензия 1 дәрежелі |
140-159 |
90-99 |
Артериалды гипертензия 2 дәрежелі |
160-179 |
100-109 |
Артериалды гипертензия 3 дәрежелі |
≥180 |
≥110 |
Жеке систолалық артериалды гипертензия |
≥140 |
<90 |
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
Инвазивті (тік) әдіс арқылы АҚ өлшеуді аурухана жағдайында немесе хирургиялық араласу кезінде қолданады, бұл кезде қысымды үздіксіз бақылау үшін науқастың артериясына қондырғысы бар зондты енгізеді. Бұл әдістің артықшылығы қысым үнемі өлшеніп отырады, ол қысым/уақыт сызық түрінде көрініп тұрады. Бірақ та бұл әдіс науқастың жағдайын үнемі бақылауын қажет етеді, өйткені зонд шығып кеткен жағдайда ауыр қан кету қаупі дамуы мүмкін, пункция жасаған жерде гематома немесе тромбоз пайда болуы, инфекциялық асқыныстардың қосылуы мүмкін.
Клиникалық тәжірибеде ең көп тараған инвазивті емес әдіс арқылы АҚ анықтайды. Оның жұмысының негізгі принципіне байланысты ажыратады:
-
Пальпаторлы
-
Аускультативті
-
Осциллометрлік
Пальпаторлы әдіс артерия орналасқан аяқ-қолдарды біртіндеп компрессия немесе декомпрессия жасауы және қысқан жерден төменге қарай пальпациялау арқылы анықтайды. Систолалық АҚ манжет қысқанда пайда болатын пульс, диастолалық - пульстің толуы біршама төмендегенде анықталады.
Аускультативті әдіс кәзіргі уақытта сфимогманометрмен АҚ механикалық өлшеу ДДҰ мойындаған инвазивті емес әдістердің "алтын стандарты".
Аускультативті әдіспен АҚ өлшеуді 1905 ж. Н.С. Коротков ұсынған (сурет 50).
zdorovushko.ru
Сурет 50.
Механикалық тонометр
Тонометр мынадан тұрады: ілгіштері бар, ұзын матадан жасалған тыстың ішіне салынған ені 12-14 см қуыс резиналы манжет; 300 мм дейін шкаласы бар сынапты манометр, ауаны үрлейтін баллон. Манжет және манометр баллонмен резиналы түтік арқылы байланысады, баллонда ауаны жіберетін кран бар. Артериалды қысымды өлшеуге арналған құрылғыларды пайдалануда, сенімді және талап қоймайтын құралдар ретінде өздерін көрсетті.
Иық артериясы үстіне теріге қысым түсірмей, манжеттің төменгі шетіне сезімтал бас жағын орналастырып, стетоскоппен, не мембраналы фонендоскоппен тыңдауды жүргізеді. Систолалық АҚ манжеттің декомпрессиясы кезінде пайда болған Коротковтың бірінші фаза тондары арқылы, ал диастолалық АҚ – оның жоғалуына байланысты анықтайды.
Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі
ДДҰ ұсынысы бойынша АҚ өлшегенде мына ережелерді сақтау қажет:
-
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Науқас орындықтың арқасына тіреп отыруы (немесе жатуы керек) қажет, 5-минуттық демалудан кейін өлшеу тыныштықта жүргізіледі. Тіреу болмаған жағдайда, өлшегенде алынған сандар шын мәнінде 7/11мм.с.б.б. жоғары көрсетеді.
-
Науқас отырғанда аяғын айқастыруға болмайды.
-
Кофе және қою шай қабылдамау (тексерудің алдында бір сағат бұрын), темекі шекпеу (30 минут ішінде), симпатомиметиктерді қолданбау (назалды және көз тамшылары).
-
АҚ өлшеу алдында қуықты босатып (кіші дәретке бару) алу қажет, себебі толып тұрған қуық қысымы артериалды қысымды 15/10 мм.с.б.б. дейін көтеруі мүмкін.
-
Қысымды өлшеп жатқанда сөйлесуге және қозғалуға болмайды.
-
Екі қолды да өлшеу қажет. Кейіннен артериалды қысымның жұмыс деңгейі қалыптасқанда, қан қысымы жоғары болған қолын ғана өлшейді.
-
Манжет қысқа және/немесе тар болмауы керек, ол артериалды қысым деңгейін жалған жоғары көрсетуі мүмкін (сурет 51).
Сурет 51.
АҚ өлшеу ережесі
Шараның орындалуы:
-
Науқастың қолы киімінен босатылуы керек (киімін орауға болмайды – бұл қолын және артерияның басылуына әкеледі!). Науқастың қолын жазған күйде тегіс қатты беткейге (үстел немесе керуеттің шеті) қойып, алақанын жоғары қаратып, барынша босаңсытып отыру қажет.
-
Манжетті иыққа салып, манжеттің ортасы жүрек деңгейіне сәйкес болғаны дұрыс (гидростатикалық күштің әсерін болдырмау үшін), ал оның төменгі шеті шынтақ бүгуінен 2,5 см жоғары орналасқаны дұрыс. Манжетті салу тығыздығы: манжет пен науқас иығы арасына саусақ сиятындай болуы керек.
-
Манжетті аппаратпен және алмұртпен байланыстыратын резиналы түтіктер білектің ішкі жағынан өтуі қажет. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұруы керек.
-
Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтау.
-
Иық артериясының пульсациясы бар нүктесіне фонендоскоптың мембраналы басын қояды.
-
Ауа айдағыштың (алмұрт) тетігін жауып, пульс жоғалғанша және тағы шамалы (20-30 мм с. б.б. дейін) манжетке ауа айдайды.
-
Тетікті ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарады, Коротков тондарының пайда болуын және жоғалуын естіп, жазып алу. Манометрдің шкаласында пайда болған бірінші тон санын есте сақтау– бұл систолалық қысым.
-
Манжеттен ауаны шығаруды тондар жоғалғанша жалғастырады. Тонометрдің соңғы дауысты тонына сәйкес келетін шкаладағы сан – диастолалық қысым.
-
Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.
-
Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.
-
АҚ көрсеткішін жазу.
АҚ қайта өлшеуді манжеттегі ауаны толық шығарғаннан кейін, бірнеше минут аралығында бір ғана қолда 3-8 ретке дейін өлшеу жүргізіледі. Нәтижесі бір-біріне сәйкес келгенше өлшейді. АҚ мәліметтерінің орта мәні нәтижесі дұрысы деп есептеледі.
Осциллометрлік (электронды) әдіспен кейінгі жылдары АҚ өлшеу кең тарала бастады (сурет 52).
pressfoto.ru
zdorovushko.ru
Сурет 52
Қысымды өлшеуге арналған автоматты аппараттар
Әсер ету принципі: беткей жатқан қол артерияларын (мысалы, білезік) қысады, тамыр қабырғалары арқылы берілетін бүйір қысым тензо қондырғылар көмегімен тіркеледі. Осциллометрлік әдіс АҚ өлшейтін барлық автоматты және жартылай автоматты тонометрлердің 80% шамасында қолданады. Бұл құралдар сұйық кристалды шыныдан тұрады, және өзі өшетіндіктен науқастар АҚ өлшеу үшін кеңінен қолданады.
Бұл құралдардың айырмашылығы манжеттің құрылымында фонендоскоп басы бекітілген, таққан кезде міндетті түрде шынтақ бүгуінде артерияның үстінде болады. Бұндай құралмен артериалды қысымды бала немесе қарт адамдар да өлшеуді үйрене алады және нәтижесіне толықтай сенуге болады.
Дұрыс нәтижені алу үшін артериалды қысым деңгейін 2-3 рет өлшеу керек, өлшеу аралығы 1-2 минуттан кем болмау керек. Көп жағдайда артериалды қысымды бірінші өлшеу нәтижесі жоғары көрсетеді, өйткені тонометрдің манжеті қолды қысқанда ағзаның еріксіз реакциясы- қан тамырлар тонусының жоғарылауы болады.
Тәулік ішінде артериалды қысым деңгейі өзгеріп отырады: ол ұйқы кезінде төмендейді және таңертеңге қарай жоғарылайды, күндіз белсенді сағаттарда ең жоғарғы шегіне жетеді. Дені сау адамдарда тәулік ішінде ең жоғарғы және ең төменгі АҚ айырмашылығы: систолалық — 30 мм с.б.б., ал диастолалық — 10 мм с.б.б. аспау керек.
Артериалды гипертониясы бар ауруларда АҚ түнгі көрсеткіштері күндізгіден жоғары болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Сондықтан бұндай науқастарды тексеруде АҚ тәуліктік мониторлеудің маңызы зор (АҚТМ), нәтижесі емді қабылдаудың дұрыс уақытын анықтауға көмектеседі және емнің әсерін толық бақылауды қамтамасыз етеді (сур. 53).
Артериалды қысымның санын жазуға негізделген әдіс. Өлшеу арнайы құрылғымен жүргізіледі, ол манжеттен, миникопрессордан, есептейтін және жазатын қондырғыдан, есте сақтау блоктан тұрады.
Аппарат белге бекітіледі немесе иыққа асылады. Манжет «жұмыс істейтін» қолдың иығына кигізіледі. Солақайларға- сол қолға, оң қолмен істейтіндерге-оң қолға.
Х аттамаға аппаратты қою және қосқан уақытын тіркейді.
Аппарат 3, 5, 10 және 15 минут сайын аралықта АҚ көрсеткішін тіркейді және өлшеген уақытын қоса есте сақтау блогына жазып алады.
Аппарат қосылып тұрса да, адам жүре алады және күнделікті істерімен айналысуына да болады.
Келесі күні аппаратты медициналық қызметкер шешеді. Есте сақтау блогындағы мәліметтер санды-әріп жазба түрінде шығады және дәрігер қорытынды жасайды.
Сурет 53
АҚТМ қолдану техникасы
-
Су тепе-теңдігін анықтау
Су тепе-теңдігі – бұл ағзаға түскен сұйықтықпен (ішкен сұйықтық, инфузиялар) және тәулігіне шыққан несеп санының айырмашылығы.
Тәуліктік диурез (тәулігіне бөлінген зәр көлемі) үлкен адамдарда жасына, температураға және қоршаған ортаның ылғалдылығы, тамақтану жағдайы, физикалық күшке және басқа факторларға байланысты 800 мл -ден 2 л-ге дейін аралықта өзгеріп тұрады. Қалыпты жағдайда барлық түскен сұйықтықтың 68-80% зәрмен шығады, ал қалғандары термен, тыныспен және үлкен дәретпен шығады.
Тәуліктік диурезді анықтау науқастарда жасырын ісікті анықтау, зәр айдайтын дәрілердің әсерін бақылау мақсатында жүргізіледі. Науқас 3 күн зәр айдайтын дәрілерді қабылдамауы қажет. Науқасқа тамақтардағы сұйықтықтың пайыздық мөлшерін түсіндіру.
Шараның орындалуы:
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
6. Есепке алу қағазындағы мәліметтерді формула бойынша су тепе-теңдігін есептеуді жүргізу: шыққан зәр мөлшері*0,8 (80%) = қалыпты жағдайда бөлінуге тиіс зәрдің мөлшері.
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
1250*100 / 1350 = 91%.
Теріс тепе-теңдік (<70%) ағзада сұйықтықтың жиналуын көрсетеді: зәр айдайтын дәрілердің әсерінің болмауы немесе жасырын ісіктер.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
-
полиурия-қалыпты су режимінде тәуліктік диурездің 3000 мл дейін көбеюі
-
олигурия- тәуліктік несеп көлемінің 500 мл дейін азаюы
-
анурия- тәуліктік диурез 50 мл –ден аспайды.
Адам қалыпты жағдайда күндіз 2/3 және түнде 1/3 несептің тәуліктік көлемін шығарады. Түнгі диурездің күндізгіден артық болуы –никтурия деп аталады.
Тарау V
ПАЦИЕНТТІҢ ЖЕКЕ ГИГИЕНАСЫ
-
Қабылдау бөлімінде пациентті санитарлық өңдеу
Ауруханаға түскен барлық науқастар санитарлы-гигиеналық өңдеуден өтеді. Санитарлық өңдеудің көлемі және әдіс сұрақтарын дәрігер шешеді, оны мейірбике бақылауымен кіші медициналық қызметкер жасайды. Қабылдау бөлімінде науқасқа жасалатын санитарлық өңдеу шараларына мыналар жатады:
-
гигиеналық ванна, душ немесе денесін сүрту,
-
шашын, тырнағын қысқарту, қырындыру (қажет болғанда);
-
дезинсекция –биттерді жою (табылған жағдайда);
-
науқасқа аурухананың таза киімін кигізу.
Санитарлық өңдеудің толық және толық емес түрін ажыратады.
Толық санитарлық өңдеу үш құрамдас шарадан тұрады: адамдарды жуу; киімдері мен жеке заттарын дезинфекциялау (дезинсекция); адамдарды уақытша немесе үнемі жатқызуға арналған бөлмелерді дезинфекциялау (дезинсекция).