ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4800
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
-
Қажалу – «кесу күшінің» бөлігі болып табылады, бұл терінің мүйізді қабатының бөлінуін шақырып, оның беткейінде ойықтардың дамуына әкеледі. Теріні ылғалдандыру қажалу күшін күшейтеді. Көбіне зәрі тоқтамайтын, күшті тер бөлінетін науқастарда және ылғалды заттарды кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін (синтетикалық) киім кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін беткейі бар заттарда орналасу (пластикалық орындықтар, клеенкалар немесе сирек ауыстырылатын төсеніштер) .
Ойық жараларды дамытатын қаупі бар басқа да факторлар:
-
Төмен немесе жоғары дене салмағы
-
Қозғалыстың шектелуі
-
Анемия
-
Протеинді, аскорбин қышқылын аз қолдану
-
Сусыздану
-
Гипотензия
-
Зәрді немесе нәжісті ұстай алмау
-
Неврологиялық бұзылыстар (сенсорлы, қозғалысты)
-
Перифериялық қан айналым бұзылысы
-
Терінің жұқаруы
-
Мазасыздану
-
Естің ауысуы
-
Кома
-
Кең хирургиялық кірісулер
-
Кереует тұтқыштары
-
Науқасты бекітетін құралдар
-
Омыртқа, жамбас сүйектері, құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаттары және жұлынның зақымдалуы.
Ойық жаралар белгілері
Ойық жараның бірінші дәрежесінде терінің бозаруы, цианоздануы, ісінуі, зат алмасу үрдісінің бұзылыстарын көрсетеді. Содан кейін эпидермистің бөлінуі жүреді – көпіршіктер пайда болып, алғашында түссіз, содан кейін іріңді қосылыс пайда болады. Беткей некроз (гангрена) дамып, терінің терең қабаттарына, маңындағы тіндерге таралады. Ауру дамуының 4 дәрежесін анықтайды (сурет 61):
filippovasn.ucoz.ru
Сурет 61.
Ойық жараның даму дәрежелері
1-ші дәреже. Эпидермальді және тері қабаттарымен сипатталады. Науқас терісінде тұрақты қызарумен, көкшіл таңбалар пайда болады. Олар басқан кезде жоғалмайды және сау тіндерге таралмайды. Бұл дәрежеде үрдіс қайтымды және басылуды жойғаннан кейін қанайналым қалпына келеді.
2-ші дәреже. Тері жамылғысының бүтіндігінің терең емес бұзылыстары май шелі қабатына таралғандығы айқын байқалады. Басылған жерлерде тұрақты көкшіл тартқан гиперемия байқалады. Терінің тырналып зақымдалуы, көпіршіктер мен терең емес кратерлер пайда болады.
3-ші дәреже. Тері жамылғысының барлық қабаттарында бұлшықетке дейінгі қабатта толық бұзылыс немесе тіндердің некрозы дамиды. Патологиялық үрдіске бұлшықеттерде шалдыққан. Сұйық бөліністер болуы мүмкін.
4-ші дәреже. Барлық жұмсақ тіндер зақымдалған. Зақымдалған тіндерде – теріде, бұлшықетте, сіңірде (сүйекке дейін) қуыстар пайда болады. Тіндерде жылан көздер мен қуыстар кездеседі.
Науқас денелерінде мәжбүрлі қалпында анықталатын ойықтардың орналасуы (сурет 62).
Арқасында жатқан қалпында (сурет 62 а):
-
өкше сүйектерінің дөңес аймағында
-
сегізкөз
-
құйымшақ
-
жауырын
-
шынтақ буындарында
-
кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділерінің үстінде
-
сыртқы қарақұс аймағында
Ішімен жатқан қалпында (сурет 62 б):
-
сирақтың сыртқы беткейінде
-
тізе аймағында
-
мықын сүйектерінің қырлары
-
қабырға доғасының жиегінде
vkjournal.ru
а б
Сурет 62.
Ойықтың жиі орналасатын жерлері
а – арқасында жатқан қалпында, б – ішінде жатқан қалпында
Қырымен жатқан қалпында (сурет 63):
-
тобықтың латеральді аймағында
-
сан сүйегінің үлкен ұршығында
-
аяқтарының бір-біріне тығыз қосылған жерінде және ішкі беткейінде.
www.cheb-gb5.med.cap.ru
Сурет 63.
Қырымен жатқан қалпында пайда болатын ойық жаралардың орналасатын орны
Отырған қалпында (сурет 64):
-
www.cheb-gb5.med.cap.ru
бөксе аймағында -
сегізкөзінде
-
аяқ басында
-
жауырындарда
-
тізелерде
Сурет 64.
Отырған қалпында пайда болатын ойықтар орны
Арқасына жатқан қалыпта – ойық жаралардың көп дамитын жерлері. Ішімен жатқан қалпында ойық жаралар даму қаупі аз.
Қырымен жату қалпы кейбір жағдайларда ғана қолданылады, себебі көптеген қолайсыздықтардың дамуымен сәйкес. Қырымен жатқанда қысым қалыпты таралмайды. Басым бөлігі санға келеді. Сонымен қатар, бұл қалып "контрактураның" пайда болуына әкеледі – бұлшықет қозғалысының шектелуі – күндіз бүгілген, түнде отырған қалыппен жалғасады. Әсіресе бүйірімен жатқан қалыптағы әйелдерде – зәр шығару қиындайды. Сонымен қатар, түнімен бір қырында ұйықтау мүмкін емес, науқастың тыныш ұйқысына кедергі келтіреді.
Ойық жараларды емдеу жолдары
Ойық жараларды емдеу үрдістің дәрежесіне байланысты болады. Емді 1-ші дәрежеде бастаған аса маңызды, үрдіс күшейген сайын емнің тиімділігі де азаяды.
1-ші және 2-ші дәрежедегі ойық жараларды консервативті емдеуге болады. Бұл үшін жараны антисептикалық өңдеу жүргізіп және май жақпалар қолданамыз, мұндай әдіс терінің эпителизациясын күшейтеді.
1-ші дәрежедегі ойық жарада зақымдалған жерді балаларға арналған иісмай немесе шырғанақты жағып, ультракүлгін сәулелерімен емдік сеанс өткіземіз. Теріде мацерация пайда болса бриллиант көгімен өңдейміз, жиектеріне солкосерил майын жағамыз. Солкосерилмен окклюзивті таңғышты қолдану (дене бөлігін ауа және сумен байланысының алдын алу үшін қолданылатын герметикалы оқшаулау) терінің қажетті ылғалдануына, үйкелісті, ауырсыну сезімін азайтуға және терінің эпителизациясына әсер етеді. Жақпа май майлыққа 2-3 мм қалыңдықта жағылады және жараны өңдегеннен кейін жауып тұрады. Теріні уқалауға болмайды. Жараны жазылу тиімділігі бар аэрозольдер: олазоль, пантенол және т.б. Аэрозольдерді көпіршікті жараға біркелкі жағып күнде немесе күнара қолданады.
2-ші дәрежедегі ойық жара пайда болған жағдайда, жараны күніне бірнеше рет дезинфицирлеуші ертіндімен өңдеп, солкосерилмен, левомиколмен немесе стратомедпен биоокклюзивті таңғыш қойған пайдалы және жараны жазылуына тиімділік көрсететін аэрозольдерді, содан кейін солкосерилмен жүйелі терапия қолданған дұрыс. Жақсы емдік тиімділікті ферменттермен, гидроколлоидты және гидрогелді аппликация қою көрсетеді, бұл әдіс жараны тиімді тазалап, қабынуға қарсы және жараны жазөғыш әсер береді. Теріде көпіршік пайда болғанда бриллиант көгі ертіндісімен өңдейді, содан кейін құрғақ дәкелі таңғыш қояды.
3-ші және 4–ші дәрежеде басты емнің түрі – бұл хирургиялық ем. Іріңді жараны санациялау үшін антисептиканың барлық түрлерін қолданады: механикалық, физикалық, биологиялық, химиялық.
Механикалық антисептика некроздалған тіндерді кесіп алып тастау, іріңді қуыстарды ашу. Егер жараның санациясын жүргізбесе, онда тіндердің шіріген өнімдері және микроб токсиндері интоксикацияны күшейтеді.
Биологиялық антисептика май жақпаларды және аэрозольдерді қолдануды көздейді, ол некроз тінін шектеуге, еруіне және тартуына, жараның тазалануына әсер етеді. Грануляцияның және эпителизация үрдісінің жетілуін күшейтетін жақпа майлар (солкосерил, левомиколь, стратомед және т.б.), аэрозольдер (олазоль, пантенол және т.б.) ферменттермен аппликациялар (трипсин, химотрипсин), сонымен қатар гидроколлоидты және гидрогельді таңғыштар (Purinol гель, Comfeel плюс, Biatain байлам және т.б.)
3-ші және 4–ші дәрежедегі ойық жаралардың көлемі үлкен ауқымды, сондықтан науқас ағзасында біршама сұйықтық жоғалту байқалады. Науқас ағзасында дегидратацияны дамытпай, қажетті сұйықтықтарды энтеральді және парентеральді енгізген дұрыс. Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.
Физикалық антисептика айналымды жақсартатын іс-шаралардан тұрады: гироскопиялық таңғыш материалдарды, дренажды қолдану, жараны ультракүлгін сәулелермен және лазермен өңдеу.
Химиялық антисептика – теріні және жара маңайын өңдеуге арналған антисептиктерді қолдану. Антисептик ретінде 70% этил спиртін, йодтың спирттік ертіндісін (1%-5%), 3% сутегінің асқан тотығы, диоксидиннің 0,5% ертіндісін, хлоргексидинді, микроцидті және т.б. қолдану.
Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.
Ойық жараны тазалаған соң, грануляция тіндерінің жетілуі, барлық шараларды жүргізу және жарадағы микрофлораның болуын бақылау, хирургиялық емді қолдануға (оперативті) - жергілікті тіндерден пластика, тері-фасциальді немесе тері-бұлшықетті жамаулармен пластика жасау қолданылады.
Операциядан кейін пайда болған асқынуларға тері астына сұйықтықтың жиналуы, қан кетулер, жараның іріңдеуі, жіптердің жабылмауы, тері жамауының некрозы және жылан көздердің пайда болуы жатады.
Ойық жаралардың алдын-алу
Ойық жараладың пайда болуының қаупін сандық бағалайтын бірнеше шкалалар бар. Нортон бағалау шкаласы — бес өлшемнен тұратын баллды санайтын жүйе: физикалық жағдай, психикалық жағдай, белсенділік, қозғалғыштық және ұстамсыздық (сурет 65).
Нортон шкаласы бойынша: балл қаншалықты аз болса, соншалықты қауіп жоғары. 14 немесе одан төмен баллды суммада науқас қауіп аймағына енеді, ал 12 балдан төмен болса жоғарғы қауіп аймағына енеді. Бұл мейірбике бақылау картасымен қосылғанда шкала қолданысқа өте ыңғайлы, себебі күнделікті есептелген балл саны тіркеледі және соған байланысты ойық жараның алдын алатын мейірбикелік шаралар қолданылады.
www.invtech.ru
Сурет 65.
Нортон шкаласы
Е СМ-дің бөлімдерінде ойық жараның алдын алу мақсатында универсальді Waterlow бағалау шкаласы бойынша қолданылады. Оның қойған мақсаты «естелік жазба» сұрақтары бойынша ойық жараның алдын алу болып табылады. Аталған карта ойық жараға әкелетін факторларды анықтап, ойықтың даму қаупін бағалауды және алдын алуды және емдеуді қамтамасыз етеді (сурет 66).
www.invtech.ru
Ватерлоу шкаласы
Waterlow шкаласы бойынша: балл қаншалықты жоғары болса соншалықты қауіп жоғары. Қортынды нәтижемен балдар қосылып, қауіп дәрежесі анықталады:
1-9 балл - қауіп жоқ
10-14 балл – қауіп бар
15-19 балл - жоғарғы қауіп дәрежесі
20 балдан жоғары - өте жоғарғы қауіп дәрежесі
Алғашқы қарау кезінде қауіп дәрежесі аз болғанына қарамастан ойық жараның дамуының қаупін анықтап бағалау жүйелі түрде жүргізілуі керек. Егер науқас қауіп тобына жатса, міндетті түрде шұғыл алдын-алу іс-шараларын бастау қажет.
Экзогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін, гипс таңғышының, емдік шинада, жабысқақ пластырь қолдану кезіндегі терінің дөрекі және ұзақ басылуын жоямыз. Жарада тұрған дренаж түтіктері, катетерлер және басқада құралдарды үнемі ауыстырып немесе қалпын өзгертіп отыру маңызды.
Эндогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін келесі нұсқаулар беріледі:
-
Нортон немесе Ватерлоу шкалаларын пайдалана отырып науқас жағдайын үнемі бағалау
-
Науқас қалпын әрбір 1,5-2 сағат сайын өзгерту (түнгі уақыттада): Фаулер және Симс қалыптары, оң және сол жақ бүйірімен, ішіне (егер қарсы көрсеткіш болмаса) жатқызу. Қалып түрлері науқастың жағдайына және ауруына сәйкес ауыстырылады. Егер науқас төсегінде өз бетінше ауысқан болса, онда оны мадақтап, көмектесуіміз қажет.
-
Науқасты төсекте дұрыс ауыстыру – төсектен көтеріп дене қалпын өзгерту.
-
Арнайы құрылғыларды қолдану: қолға және аяққа білікше (білікше орнына жастық қолдануға болады), табан астына тірегіштер қолдану.Ойық жараның пайда болуы мүмкін жерлері төсекке тимес үшін тыспен қапталған немесе жаймамен жабылған резенкелі дөңгелекті қолданады.
-
Ойық жараға қарсы арналған гофрирленген беткейі бар матрацты кереуеттерді қолдану. Матрастың автоматты компрессорлы ұяшықтары әрбір 15 минут сайын ауамен толтырылады, нәтижесінде науқастың тінінің басылу дәрежесі өзгереді. Науқас денесінің тіндеріне қысым арқылы уқалау жүргізу қалыпты қан микроциркуляциясын қамтамасыз етеді, бұл тері және тері асты май шелінің оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуін күшейтеді.
-
Төсекте биомеханика ережелеріне сәйкес науқастың ыңғайлы жатуын бақылау
-
Төсек жағдайын қадағалау (тамақ қалдықтарын сілку, төсек жаймасында қатпарлардың болмауын, тегістігін жасау).
-
Науқастың киімінің жағдайын тексеру (лас киімді уақытылы ауыстыру; науқас денесіне бағытталған дөрекі тігісті, ішкі түймелері бар киімдерді қолданбау).
-
Тері жағдайын күнделікті тексеру.
-
Терінің әлсіз жерлерін сабынды жылы сумен немесе дезинфицирлеуші ертінділермен күніне 2 рет өңдеу жүргізу (қажет жағдайда бірнеше рет).
-
Терінің құрғақтығында ылғалдайтын иісмайларды қолдану, әсіресе болашақ ойық пайда болатын жерлерді. Күшті тер бөлініс кезінде - құрғататын сепкіш қолдану.
-
Науқастың тағамдық рационын бақылау (қолданатын тағамның сапалық және сандық қасиеттерін). Рационында қажетті ақуызды, минералды тұзды және дәруменді сапасын бақылау. Қажет жағдайда диетаға өзгеріс енгізу.
-
Сұйықтық қабылдау режимін бақылау – тәулігіне қолданатын сұйықтық санына қарсы көрсеткіш болмаса 1,5 л аз болмауы керек. Сұйықтық саны азайса зәр концентрациясының жоғарлауына әкеледі, бұл зәр шығару жолдарының инфекциясын даму қаупін жоғарлатады.
-
Зәр тоқтамаған жағдайда үлкендерге арналған памперстерді қолдануға болады, оны уақытылы ауыстырып отырған жөн (4 сағат сайын). Ер адамдарға сыртқы зәр қабылдағыштарды қолдануға болады. Памперсті ауыстырғанда (жаялықты) міндетті түрде сабынды жылы сумен ластанған жерледі гигиеналық өңдеу жүргізіп, құрғатамыз.
-
Бірінші қызаруы немесе терінің бозаруы пайда болған сәттен бастап лимон шырынымен, 10% камфор ертіндісімен немесе ылғалды сүлгімен сүртеміз және квару шамымен сәулелендіру емін жасаймыз.
-
Айқын көрінген ойық жараны шұғыл түрде калий перманганат ертіндісімен, Вишневский майымен, синтомицин эмульсиясымен немесе перуан майы қосылған самырсын бальзамымен емдейміз.
Алдын алу шаралары емдік шараларға қарағанда тиімді. Егер уақытылы шараларды дұрыс қолданса 95% жағдайда ойықтың алдын алуға болады.
2.7 Төсекте аяқты жуу
Науқас аяғын төсекке шараны қою арқылы аптасына 1-2 рет жуады (егер науқас отыра алмаса). Аяқты қылшақты пайдалану арқылы, ал тырнақ астын арнайы тырнақ тазалағышпен өңдейді. Қажет жағдайда тырнақты алып тастайды (тым қысқа емес). Қанағаттанарлық жағдайда науқас гигиеналық ваннаны жартылай отырып алады, суға кеудесінің жоғарғы бөлігіне дейін батып тұрады. Су температурасы 36-380С болуы керек, ұзақтығы – 30 минуттан аспайды.
Қатаң төсек режимінде аяқты аптасына үш рет жуады, шараны төсек жиегіне қояды. Аяқ микозының алдын алу үшін науқас аяқ киімін дезинфицирлеп, науқас туыстарының оны кимеуін қадағалау қажет (сурет 67).
5ka.su
Сурет 67.
Төсекте аяқты жуу
Жабдықтар: клеенка, суға арналған ыдыс, сүлгі, қайшылар, қолғап, жеке губка немесе жөке, лас киімді салатын қап, жұмсартқыш иісмай.
Іс-шараның орындалуы:
-
Қолғап кию
-
Жылы сумен шараны дайындау (t -34-37°С).
-
Науқастың ыңғайлы отыруына көмектесу
-
Егер науқас отыра алмаса, оны арқасына жатқызу немесе Фаулер қалпына келтіру
-
Матрацқа суланбайтын майлық салу (клеенка)
-
Науқас аяғын тізесіне бүгу және аяқтарын суы бар ыдысқа 5 минутқа салу
-
Аяқты тізе буынынан бастап сирақты және аяқ басының сыртын, саусақтарын, саусақ аралықтарын, тырнақ ойыстарын және табанды саусақтардан бастап өкшеге қарай ысқыш және сабынмен ысқалап жуу.
-
Аяқты шарадан көтеріп таза сумен шаю
-
Құрғатып сүрту.
-
Аяққа иісмай жағу.
-
Суы бар ыдысты және клеенканы алып тастау
-
Сусормайтын майлықты лас жайманы салатын қапқа саламыз
-
Қолғапты шешіп, қолды жуамыз