Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 431
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқу әрекеті нәтижесі мен оқу үдерісін бақылау, баға беру тәсілдерін игеруі
-
Атқарылған әрекетті үлгіге сай өздігінен бақылай алады. -
Өздігінен шамасы келмейтін іс- әрекетті анықтап, көрсете алады. -
Іс- әрекеттегі қателіктерді таба алады. -
Сыныптастарымен бірге бақылауды қажет ететін әрекет түрлерін жұмыс жоспарына ұсына алады. -
Сыныптастарымен бірге шағын мәтіндерді түсінгенін тексеру үшін қажет тапсырмалар мен сұрақтарды құра алады. -
Сыныптастарымен бірге мақсат, міндет, жоспарға сай оқу әрекетінің сәйкестігін анықтай алады. -
Тапсырмалар нәтежиесіне жету үшін алдын ала бақылау тәсілдерін қолдана алады. -
Бақылау нәтижелеріне орай оқу – әрекетіне деген өз қатынасын өзгерту. -
Өздігінен оқу тапсырмаларын орындау мақсатына жету үшін жағдайы мен өлшемін бағалай алады. -
Әртүрлі тапсырмаларды бағалау түрін анықтауға қатысады. -
Өз ойы мен әрекетін сырттай бақылай алады. -
Еске сақтай алуын бағалай алады.
Ғалымдардың зертеуінде жалпы білім беру процесін реформалауда екі базалық ұғымды анықтауға болатындығын, олар «түйінді құзіреттіліктер» мен «функционалдық сауаттылық» ұғымдары екені атап өтті. Аталған ұғымдар оқытудың нәтижесі және білім мазмұны бағдары ретінде қарастырылады. Ол нәтижелер оқу әрекетінде, ақпараттық қолдануда, шығармашылық іс -әрекетте, спорттық жетістікте, еңбек әрекеттері нәтижелерінде көрініс табатынын қарастырды [8].
«Түйінді құзіреттілік» ұғымына терминдік тұрғыда үңілсек ағылшын тілінен еніп, competencе «құзыреттілік»,
«құзырлылық» деген екі мағына береді. Ал құзыреттілік ұғымы қабілеттілік, біліктілік деген мағына берсе, ал құзырлылық ұғымы іс- әрекет барысындағы құзіреттілік мағынасын береді. Ал заңдық термин ретінде «құқықты» деген мағына береді. Түсіндірмелік сөздікте «құзыреттілік», «құзырлылық» ұғымдары жетістікке, немесе жетістікке жетемін, сәйкес келемін, сай келемін деген мағына береді.
Сонымен қоса «функционалдық сауаттылық» пен «түйінді құзіреттілік» ұғымдары табысты өмір сүріп, білім алуды жалғастыру үшін оқушы игеруі тиіс сапалық қасиеттер ретінде қарастырылады. Себебі адам өмірлік, кәсіби қызметтегі, жанұялық өмірдегі, әлеуметтік саладағы түрлі жетістіктерге жету үшін оқушы бойында келесі түйінді құзіреттіліктер қалыптасуы тиіс деп есептейді: «автономдық әрекет» (өзбетінше әрекет ету мен жеке белсенділік), «құрал қолдану» ( физикалық, әлеуметтік, тіл, техникалық т.б.), «Әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік топтарда әрекет ету» (толеранттық таныту, адамдармен біріккен әрекетке дайын болу).
«Функционалдық сауаттылық» ұғымының оқу нәтижесі ретінде қолданылуымен қоса келесі айырмашылықтарын атап өтті. Олар: 1) тұрмыстық мәселелерді шешу бағытында; 2) жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайдағы өзін ұстауының сипаттамасы; 3) дәстүрлі, стериотиптік міндеттерді шешудің байланысы; 4) оқу және жазу дағдысы деңгейінің элементарлық базалық деңгейі; 6) сауаттысыздық мәселесін аз уақыт бірлігінде шешу мағынасында қолдануы [9].
«Функционалдық сауаттылық» ұғымын мектеп түлектерінің сауаттылық көрсеткіштері ретінде қарастырады:
Жалпы сауаттылық (шығарма, реферат жазу; калькуляторсыз санау, анкета, бланк толтыра алуы), ақпараттық сауаттылық (желіден қажетті мәліметті таба алуы, электрондық поштамен хат алысу, мәтін теру мен шығару),
Жоғарыдағы ойларды түйіндей келе бастауыш білім беру сатысы қарапайым функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш саты кіші мектеп жасындағы оқушының функционалдық сауаттылық пен әлеуметтік құзіреттіліктің қарапайым дағдылары мен қабілеттерін қалыптастырудың негізін салады. Осыған орай қарапайым сауаттылық оқу мен санаудың ауызша және жазбаша тілін, әлеуметтік әрекеттерді (адамдармен қарым-қатынасқа түсу дағдысы, біріккен әрекетті жүзеге асыру, қоғамның талаптарына сай өзін - өзі ұстау) дағдылары қалыптасады.
Қоғам бастауыш сынып мұғалімі алдына кіші мектеп оқушысы тұлғасын дамытуды қамтамасыз ету шартын қояды. Ондай міндеттерді шешудің құралы болып оқу әрекеті жатады. Оқушының функционалдық сауаттылық пен әлеуметтік құзіреттіліктің қарапайым дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыруда бастауыш білім беру сатысының мақсат пен міндеттерінің басымдығын анықтау шарты - осы жастық кезеңнің психологиялық даму заңдылығын есепке алынуы, қойылған мақсаттың қол жетімді болуын қамтамасыз етеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда олардың жастық ерекшеліктеріне мән берілуі керек.
Бірінші сынып оқушысының ерекшелігі. Алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа қабылдану – бала өміріне күрт өзгеріс әкелетін кезең. Мектепке дейінгі жастағы балаларға
тән бейқамдылық пен ойынға шектеу қойылып, жаңа талаптар мен міндеттер жүктеледі: ендігі уақытта бала күнделікті ұйқысынан ерте тұрып, мектепке бару, күн тәртібіне, мектеп өмірінің нормалары мен ережелеріне бағыну, мұғалімнің талабын орындау, сабақта оқу материалдарымен жұмыс істеу, бар күш-жігерін салып еңбек ету, үй тапсырмасын тиянақты орындау, т.с.с. толып жатқан талаптарға бағынуы тиіс [10].
Осы кезеңде 1-сыныпқа келген баланың дүниетанымы күннен күнге артып, ойлау қабілетінің мүмкіндігі ашыла түседі, эмоционалдық сезімдері (қуану, ренжу және т.б.), қарым-қатынас шеңбері өзгереді. Бала мектеп табалдырығын аттай отырып, білім алу қажеттілігін сезіне бастайды және білімге деген құштарлығы оянады.
Бала өзінің жаңа жағдайын жете түсіне алмағанымен, оны сезеді: үлкен болғанына қуанады, оған өзінің «жаңа жағдайы» ұнайды. Бала өзінің «жаңа әлеуметтік статусқа», яғни «оқушының ішкі позициясы» – «Мен – оқушымын» мәртебесіне көтерілгенін, есейгенін сезінеді.
Сынып оқушысы үшін «оқушының ішкі позициясы» болуының мәні өте зор. Соның өзі кішкентай оқушыға мектеп өмірінің қиындығын жеңуге, жаңа міндеттерді орындауға көмектеседі.
Сол себепті де кез келген ата-ана 1-сынып оқушысы атанған баласының «ішкі позициясын» қолдаудың маңызын түсіне және қолдай білуі тиіс. Олар өз балаларының мектеп өміріне үйренісіп кетуіне ықпал етіп, сабақтағы табысы мен сәтсіздігіне шын көңілімен, шыдамдылықпен төзе біліп, ыждағаттылығы мен ынтасын міндетті түрде мадақтап, эмоционалдық тұрғыдан көмек беріп отырса, соның өзі баланың білімнің маңыздылығын сезінуіне, өзін-өзі бағалауына және өзіне
сенімділікпен қарауына көмектеседі.
Екінші сынып оқушысының ерекшелігі. Оқушы 2-сыныпқа «көп білетін» бала ретінде келеді. Ол үшін өз құрдастарымен, сондай-ақ үлкен адамдармен жаңа қарым-қатынас орнату кезеңі аяқталады. Бұл уақытта бала жүйелі оқуға бейімделеді, оқу, жазу, санау біліктіліктері мен дағдылары қалыптасады, күн тәртібіне төселіп, мектептің ережелерін орындауға машықтанады. Енді кішкентай оқушы келесі сыныптарда өзін не күтіп тұрғанын біледі.
Бастауыш мектеп жасындағы бала үшін өзін-өзі бағалауы басты рөл атқарады. Өзін-өзі бағалауда 2-сынып оқушылары мен 1-сынып оқушылары арасында елеулі айырмашылық бар. 1-сынып оқушылары өзін-өзі жоғары деңгейде бағалайды. 2-сынып оқушыларының көпшілігінде оқу іс-әрекетіне деген өзіндік бағалауы күрт төмендеп кетеді. Ал 3-сыныпта өзін-өзі бағалау деңгейі қайтадан көтеріледі. Бұл құбылыс «екінші сынып феномені» деген атау алған [11].
Сынып оқушыларында өзіндік бағалаудың төмендеуі өзіне сын көзбен қарауының және өзінің оқудағы сапалық нәтижесін бағдарлау мүмкіндігінің өсуімен байланысты. Бірақ өзінің еңбек нәтижесін бағалау мүмкіндігі әлі де болса шектеулі. Осыдан келіп өзіне деген сенімсіздігі, өзін-өзі төмен бағалауы пайда болады.
Үшінші сынып оқушысының ерекшелігі.Кіші жастағы мектеп оқушысының өмірінде 3-сынып өзгеріс әкелетін кезең болып табылады. Көптеген мұғалімдер
«Үшінші сыныптан бастап оқушылар оқуға саналы түрде қарай бастайды, сонымен қатар білімге деген қызығушылығы жоғары болады» деген пікірде болады. Мұның барлығы осы кезеңде баланың жалпы және интеллектуалдық дамуында