Файл: Миокард инфарктісінен кейін емханалы кезеде оалту жргізілуі керек.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 516
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Жедел гломерулонефрит кезінде тамыр ішілік гемокоагуляцияны басу үшін тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) гепарин
B) курантилді
C) гипотиазидті
D) азатиопринді
E) пенициллинді
ANSWER: A
Жедел гломерулонефриттің шақырылуы БАРЫНША мүмкін:
A) протеймен
B) риккетсиямен
C) стафилококпен
D) ішек таяқшасымен
E) b-гемолитикалық стрептококкпен
ANSWER: E
Жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері 48 жастағы әйелді қарады, іштің жоғарғы бөлігінен арқаға иррадиациясымен қатты ауырсынуға, жиі құсуға, арықтауға, мерзімше іш өтуге шағымданады. Анамнезінен белгілі, өт-тасты ауруымен ауырады. Қарағанда тері жамылғысы қалыпты түсті, дене қызуы 36,7 С, АҚ 100/60 мм.с.б. Тілі ылғалды. Іші кішкене үрленген, пальпациялағанда эпигастрий аумағында және сол жақ қабырға астында ауырсыну сезімі, перитонеальді симптомдары болымсыз. Аталған жағдайлардың қайсысы науқаста болуы мүмкін?
A) жіті панкреатит
B) холангит
C) вирусты гепатит
D) асқазанның ойық жарасы
E) өт шығару жолдарының дискинезиясы
ANSWER: A
Жедел лейкоздағы анемияға тән
A) қан жоғалту
B) сүйек кемігінің инфильтрациясы
C) темір тапшылығы
D) В12 витаминінің тапшылығы
E) фолий қышқылының тапшылығымен
ANSWER: B
Жедел миокард инфарктісі бар науқастардағы жүрек ырғағының қарыншалық бұзылысын басу үшін таңдау препаратын көрсетіңіз
A) амиодарон
B) лидокаин
C) хинидин
D) верапамил
E) дилтиазем
ANSWER: B
Жедел миокард инфарктымен ауырған науқаста кеуде қуысында ауыру сезімі пайда болды, дене қызуы көтерілді, перикард үйкелу шуы естіледі, ЭТЖ жоғарылаған, ЭКГ өзгерістерінің динамикасында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Сіздің диагнозыңыз?
A) зақымданған миокард көлемінің ұлғаюы
B) идиопатиялық перикардит
C) Дресслер синдром
D) миокард жарылуы
E) жүрек хордаларының үзілуі
ANSWER: C
Жедел панкреатиттің дамуындағы басты себеп:
A) аутоферменттік агрессия
B) микробты флора
C) микроциркуляторлық бұзылыстар
D) веноздық іркіліс
E) құрттармен зақымдану
ANSWER: A
Жедел ревматикалық қызбаға БАРЫНША тән белгі:
A) миокардтың жайылмалы гипокинезиясы
B) қарыншааралық перденің гипертрофиясы
C) митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының пролапсы
D) сол қарыншаның шығу жолының динамикалық обструкциясы
E) митральды қақпақшаның артқы жармасының шеттік қалыңдауы және гипокинезиясы
ANSWER: E
Жедел трансмуральды миокард инфарктісімен науқаста 20 күннен кейін тыныс алумен байланысты төс артында интенсивті ауырсыну, дене қызуының жоғарлауы, кенет әлсіздік, тершеңдік пайда болды. Жүрек тондары әлсіреген, жүректің абсолютті шекарасында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Жедел миокард инфарктісінің осы асқынуында қандай препараты қолданған жөн?
A) кең спектрлі антибиотиктер
B) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
C) кальций антагонистері
D) АФАТ (АПФ) ингибиторлары
E) антикоагулянттар
ANSWER: B
Жеңіл дәрежедегі темір тапшылық анемиясы кезіндегі еңбекке уақытша жарамсыздықтың бағдарлы мерзімі
A) 10-12 күн
B) 14-17 күн
C) 30-35 күн
D) 7-10 күн
E) 45-60 күн
ANSWER: A
ЖИА диагнозымен бақыланатын науқас М. 68 жаста отбасылық дәрігерге өзінің ахуалының нашарлауына байланысты шағымданды. Инфарктанкейінгі кардисклероз. Артериялық гипертензия II, IV қаупі. НКIIБ. Әлсіздікке, бас ауруына, жүрек айнуына, ішінің оқтын-оқтын ауыруына, көз алдында екеуленуіне шағымданады. Дәріні жүйелі қабылдайды. АҚ 150/90 мм с.б., ЖЖЖ 1 мин 50 рет. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 с, QRS комплексі деформирленген, бүкіл бөліктерінде «астау тәрізді» ST интервалы изоэлектрикалық сызығынан төмен жылжууы, қарынша экстрасистолиясы бигемия типі бойынша. Науқастың жағдайын нашарлатқан себебі:
A) гипертониялық криз
B) жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы
C) гликозидті интоксикация
D) қайталмалы миокард инфарктісі
E) мидың қан айналымы ауыспалы бұзылысы
ANSWER: C
ЖИА-ның айқын қауіп факторы болып табылады
A) алкоголь/ішімдік қолдану
B) артериялық гипертензия
C) темекі шегу
D) гиподинамия
E) айқын семіздік
ANSWER: B
ЖИА-ң ең маңызды қауіп факторы қандай
A) алкогольді ішу
B) артериялық гипертензия
C) темекі шегу
D) гиподинамия
E) семіздік
ANSWER: B
Жоғары қызбамен ЖРВИ-да қолдану қажет
A) амоксициллинді
B) парацетомолды
C) дексаметазонды
D) анальгинді
E) омепразолды
ANSWER: B
Жоғарыда аталған тексеру әдістерінің қайсысы пневмония диагностикасы үшін қажет?
A) спирография
B) ЭКГ
C) кеуде торының рентгенологиялық тексеру
D) қақырық талдауы
E) пикфлоуметрия
ANSWER: C
Жүрек жеткіліксіздігінің I сатысын емдеу үшін дәрілік топтың оңтайлы кешенін таңдаңыз
A) диуретиктер және ААФ ингибиторы
B) диуретиктер, жүрек гликозидтері
C) В-блокаторлары және добутамин
D) В-блокаторлары, жүрек гликозидтері және лидокаин
E) кордарон, кальций антагонистеріжәнежүрек гликозидтері
ANSWER: A
Жүрек соғу санына қарай жыбыр аритмияны мына төмендегі түрлерге бөледі:
A) нормосистолиялық, тахисистолиялық., брадисистолиялық
B) нормосистолиялық, пароксизмдік, брадисистолиялық
C) нормосистолиялық, тахисистолиялық., пароксизмдік
D) пароксизмдік, тахисистолиялық., брадисистолиялық
E) өтпелі, пароксизмдік, брадисистолиялық
ANSWER: A
Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақты стенокардиясы бар науқастарда антиагрегант ретінде тәулігіне аспириннің оңтайлы дозасын көрсетіңіз
A) 70-180 мг
B) а, б, в дұрыс
C) 250мг
D) 300 мг
E) 500мг
ANSWER: B
Жүрекше жыбырын ЭКГ да көрсетеді:
A) Ретсіз F толқынының әртүрлі формасы мен амплитудасы
B) QRS комплексінің 0,12c ұлғаюы
C) ST сегментінің изолиниядан төмендеуі
D) биік, үшкір, P тісшесі.
E) ST сегментінің изолиниядан жоғарылауы
ANSWER: A
Жөтел кезінде науқаста ал қызыл түсті қақырықтың пайда болуы мынаны көрсетеді
A) өкпеден қан кету
B) өкпе ісінуі
C) асқазаннан қан кету
D) өкпе обыры
E) бронхоэктатикалық ауру
ANSWER: A
Зәр тұнбасын өзгермейтін протеинурия келесі ауруға тән
A) бүйрек амилоидозы
B) бүйрек туберкулезі
C) жіті пиелонефрит
D) нефритикалық синдромға
E) түтікшелер некрозы
ANSWER: A
И. атты 74 жастағы науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді. Қандай зерттеуді шұғыл жүргізу КЕРЕК?
A) ЭКГ, тропонин Т-ны
B) Tl201сцинтиграфияны
C) ЭхоКГ добутаминмен
D) ЭКГ физикалық күштемемен
E) тәуліктік ЭКГ мониторлау
ANSWER: A
Идиопатиялық тромбоцитопенияның патогенезі немен байланысты?
A) Тромбоцит түзілуінің жеткіліксіздігімен
B) Тромбоциттердің жұмсалынуының жоғарлауымен
C) Тромбоциттердің антиденемен бұзылуымен
D) тромбоцитопоэтин түзілуінің механикалық бұзылысымен
E) Көкбауыр ұлғаюының салдарынан пайда болатын тромбоциттердің механикалық бұзылысымен
ANSWER: C
Идиопатиялық тромбоцитопенияның патогенезі немен байланысты?
A) Тромбоцит түзілуінің жеткіліксіздігімен
B) Тромбоциттердің жұмсалынуының жоғарлауымен
C) Тромбоциттердің антиденемен бұзылуымен
D) тромбоцитопоэтин түзілуінің механикалық бұзылысымен
E) Көкбауыр ұлғаюының салдарынан пайда болатын тромбоциттердің механикалық бұзылысымен
ANSWER: C
Изостенурия-бұл
A) күндізгі диурездің басым болуы
B) несептің біркелкі төмендеген үлес салмағы
C) несептің үлес салмағын төмендету
D) зәрдің үлес салмағын арттыру
E) зәрдің әртүрлі порцияларының бірдей көлемі
ANSWER: B
Ингаляциялық глюкокортикостероидтарға жатқызады
A) беклометазонадипропионат, будесонид, формотерол
B) флутиказона пропионат, беклометазонадипропионат, будесонид
C) флутиказона пропионат, беклометазонадипропионат, будесонид, тиотропиум, сальметерол
D) флутиказона пропионат, беклометазонадипропионат, будесонид, тиотропиум
E) бередуал
ANSWER: B
Ингаляциялық кортикостероидтарды үнемі қолданғанда қандай жанама әсерлер жиі дамуы мүмкін?
A) дисфония
B) ентікпе
C) аллергическиялық дерматит
D) несептің ұсталуы
E) іш қату
ANSWER: A
Ипратропия бромидті тағайындауға қарсы көрсеткіш болып табылады
A) миокард инфаркты, тахиаритмиялар, гипертиреоз
B) жабықбұрышты глаукома
C) бүйрек қызметінің бұзылысы, бойының өсуі кезінде
D) сүйек алмасуының төмен деңгейімен онкологиялық патология, остеопороз
E) СА блокадасы
ANSWER: B
Карциноидты синдром клиникасын не анықтайды
A) мотилин
B) гистамин
C) гастрин
D) серотонин
E) инсулин
ANSWER: D
Климакс кезеңіндегі остеопороз белгілерімен қатар АГ-сы бар науқас әйелге мына төмендегі антигипертензивті дәрмектердің қайсысын тағайындау тиімді:
A) ААФ ингибиторларын
B) тиазидті диуретиктерін
C) b-блокаторларды
D) a-адреноблокаторларды
E) орталық әсері бар препараттар
ANSWER: A
Контрацептивтерді қабылдағаннан кейінгі АҚҚ жоғарылауының механизмін көрсетіңіз
A) кортизол деңгейінің жоғарылауы
B) ренин-ангиотензин жүйесінің стимуляциясы
C) продукции катехоламиндер өндірілуінің жоғарылауы
D) тиреоидты гормондар өндірілуінің жоғарылауы
E) қанда май (липид) деңгейінің жоғарылауы
ANSWER: B
Коронароангиографияны тағайындау мынада БАРЫНША тиімді:
A) СЖШ декомпенсациясы
B) ЖИА үдемелілігі
C) жүрек ырғағының бұзылысы
D) тұрақты стенокардияның I - II ФК
E) тұрақты стенокардияның III—IV ФК
ANSWER: B
Менопауза кезеңіндегі 52 жастағы әйел, 2 апта бойы айқындық дәрежесі әртүрлі кіндік айналысындағы аурулар мазалайды, үлкен дәретке отырғаннан кейін ауыру басылады, іштің кебуі байқалады. Об-ті: барлық тоқ ішектің ауыруы. Копрологиялық: көп мөлшердегі сілекей. Тоқ ішекті рентгенологиялық зерттеуде: дискинезия белгілері. Колоноскопияда – түйілуге бейімділік.Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
A) жаралы колиттің
B) созылмалы колиттің
C) лимфоцитарлы колиттің
D) псевдомембранозды колиттің
E) тітіркенген ішек синдромының
ANSWER: E
Метаболикалық синдромы бар науқастарда неліктен гипертриглицеридемия дамиды?
A) себебі, онда гипонатриемия орын алады
B) себебі, онда гипогонадизм орын алады
C) себебі, онда гипертиреоидизм орын алады
D) себебі, онда гиперинсулинемия орын алады
E) себебі, онда гиперпролактиемия орын алады
ANSWER: D
Микоплазма және хламидиозды пневмония үшін антибиотикалық терапияның ұзақтығы
A) 7 күн
B) 7-10 күн
C) 14 күн
D) 21 күн
E) 35 күн
ANSWER: C
Миокард инфарктісімен науқаста жүрек тұсындағы ауырсыну синдромының күшеюі, тахикардия, артериалық қысымның кенет төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізді әлсіреуі, тері жамылғысының бозаруы, суық тер байқалған. Науқаста қандай асқыну пайда болды?
A) өкпе сусіңділенуі
B) кардиогенді шок
C) жүрек аневризмасы
D) Дресслер синдромы
E) қайталамалы миокард инфарктісі
ANSWER: B
Миокард инфарктісінің 20 — шы күні науқаста кеудедегі ауырсыну, дене температурасының жоғарылауы, тыңдағанда перикардтың үйкеліс шуы, клиникалық қан анализінде ЭТЖ жоғарылауы болды. Ең ықтимал-бұл
A) инфаркттан кейінгі Дресслер синдромы
B) миокард инфарктісінің қайталануы
C) идиопатиялық перикардит
D) миокардтың жарылуы
E) миокард аневризмасы
ANSWER: A
Миокард инфарктісінің диагностикасындағы ең спецификалық маркерға не жатады?
A) аспартатаминотрансфераза
B) аланинаминотрансфераза
C) тропонин Т, І
D) креатинфосфокиназа
E) лактатдегидрогеназа
ANSWER: C
Миокард инфарктісінен кейін емханалық кезеңде оңалту жүргізілуі керек
A) тек асқынбаған ағыммен
B) 50 жасқа дейінгі науқастарға
C) жеке бағдарлама бойынша миокардтың функционалдық жағдайын ескере отырып
D) ілеспе аурулар болмаған кезде
E) миокард инфаркті бастапқы кезде
ANSWER: C
Миокард инфарктын алғаннан кейін емханалық этаптағы реабилитация жүргізілу керек
A) асқынбаған ағым кезінде
B) науқас 50 жасқа дейін болса
C) алғаш пайда болған миокард инфаркты кезінде
D) қосымша аурулары болмаған кезде