Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 883
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
-
нақты тұжырымдалған оқу мақсатынан (мақсаттық бағдарлама); -
ақпараттар қорынан – оқытушы программа, мәтін түріндегі оқу материалынан; -
материалды оқытудың әдістемелік нұқауынан (мақсатқа жету); -
қажетті біліктіліктерді қалыптастыру бойынша практикалық сабақтардан; -
құрылғылар, материалдар кешендерінен; -
модульдің мақсатына қатаң сәйкес келетін бақылау тапсырмаларынан.
Модульдік оқытуда оқушылар әрқашанда негізгі ұғымдардың тізімін, әрбір нақты модуль бойынша қалыптасатын дағды мен біліктілікті, оқу материалын меңгеру сапасын бағалаудың сандық өлшемін білулері керек. Осы тізімнің негізінде модуль бойынша барлық жұмыс түрлерін қамтитын сұрақтар мен оқу есептері құрылады және модульді оқып біткеннен кейін бақылауға шығарылады. Оқу модульдері мен тестер компьютерлік оқыту ортасына жеңіл көшіріледі. Әрбір модульдің мазмұнын оңай өзгертуге және толықтыруға болады; әртүрлі модульдердің элементтерін айқындай отырып, жаңа модульдер құруға болады; модуль оның элементтерін оңай ауыстыруға болатындай құрылуы керек [56].
Модульді жасауда әрбір модуль білімнің толық анықталған өзіндік мөлшерін беретіндей, қажетті біліктілікті қалыптастыратындай етіп жасау ескеріледі. Әр модульді оқып болғаннан кейін оқушылар алды да жұмыс жасаулары үшін мұғалімнен нұсқау алады.
Модульдік оқытуда көбінесе оқушылардың білімі мен біліктіліктерін рейтингтік бағалау қолданылады: әр тапсырма ұпаймен бағаланады, оның рейтингі мен орындау уақыты белгіленеді (тапсырманы өз уақытында орындау сәйкес балдар санымен бағаланады). Курс бойынша жалпы бағаны анықтау үшін мұғалім белгілеген сәйкесінше салмақтық коэффициентімен рейтинг нәтижесі де кіреді.
Модульдік оқытуда арнайы жасалған іс-әрекеттердің мақсаттық жоспарынан, ақпараттар қорынан және дидактикалық мақсаттарды іске асырудың әдістемелік нұсқауынан тұратын оқу бағдарламасы қолданылады. Іс-әрекеттердің мақсаттық жоспары нәтижеге жетуді жоспарлауға мүмкіндік беретін, толық модульдік бағдарламаның ішінде жеке оқу элементтерін, модульдерді меңгеру кезегі деп түсініледі [57]. Модульдегі әртүрлі тарату құралдарымен берілген ақпараттар жиынтығы ақпараттар қоры деп аталады. Модульдік оқытудағы әдістемелік нұсқауы оқытудың түрлерін, әдістері мен тәсілдерін қолдану нұсқауынан, сонымен қатар оның тиімділігін тексеру үшін тесттерден тұратын оқу материалдарының меңгеру жолдарының нұсқалары түсініледі.
Модульдік оқыту оқушыларға оқу бағдарламасымен өздігімен жұмыс істеуге, өзінің мұқтаждықтарына сәйкес оны толық немесе жеке элементтерін қолдануға мүмкіндік береді.
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау
Информатика пәнiн мектепке енгiзумен қатар бiр мезгiлде техникалық құралдар тiзiмi бойынша бiрiншi әдiстемелiк нұсқаулар, көрнекi оқу құралдары мен есептеуiш техника кабинеттерi жиһаздары пайда бола бастады [9, 30]. Содан кейін мектептегi ЕТК-ны жабдықтауға нұсқау беретiн нормативтiк-әдiстемелiк актiлер, сонымен қатар оларды қауiпсiз және тиiмдi пайдалану шарттары пайда болды [22,29, 34-36]. ЕТК туралы ресми түрде бекiтiлген бiрiншi ережеге сәйкес [34], қазiргi кезде есептеуiш техника кабинеттерi өзiнiң ұйымдастыру бөлiктерiндегi мәнiн сақтап отыр. Есептеуiш техника кабинеттерi – бұл есептеуiш техниканың оқу кешенiмен (ЕТОК), көрнекi оқу құралдарымен, оқыту құрылғыларымен, жиһазбен, оргтехникамен және информатика курсы бойынша теориялық, практикалық, сыныптық, сыныптан тыс және факультатив сабақ өткiзуге лайықтап жабдықталған орта мектептiң оқыту-тәрбиелеу бөлiмшесi. ЕТК сонымен қатар, әртүрлi оқу пәндерiн оқытуға, оқу-тәрбиелеу үрдiсiн тиiмдi басқаруда еңбекке оқытуға, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өндiрiстiк еңбектерiн ұйымдастыруға арналған. ЕТК сондай-ақ оқушылардың компьютерлiк клубтарын ұйымдастыруда және мектептегi сыныптан тыс жұмыстардың басқа түрлерiнде де қолданылуы мүмкiн. ЕТК оқытудың табыстылығына жоғарғы дәрежеде ықпал етуi үшiн, оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту мен тәрбиелеу үшiн, олардың информатика және басқа ғылым бойынша мықты бiлiм, бiлiктiлiк және дағдысын қалыптастыру үшiн, мұғалiм мен оқушы еңбегiнiң қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауды толығымен қамтамасыз ету үшiн психологиялық, гигиеналық және эргономикалық қолайлы орта болып ұйымдастырылуы қажет.
Уақыт өте келе, бiлiм беру саласында (мектепте) есептеу техникасы құралдарының функционалдық қызметiн және программамен қамтамасыз етудi кең ауқымда қолдануды қарастырады [29, 40]:
-
жалпы бiлiм беретiн және арнайы пәндердi оқуда және кәсiби дайындықта оқыту құралы ретiнде; -
оқушыларда ақпараттық мәдениет негiздерiнiң қалыптасуы үшiн, ЭЕМ-да практикалық және қазiргi заманғы колданбалы программалармен жұмыс жасау бiлiктiлiгi мен дағдысына төселдiру; -
ақпараттық желiлер (жергiлiктi және таратылған) және телекоммуникациялар қызметiн қамтамасыз ету үшiн; -
бiлiм берудi басқару жүйесiнде және оқу орнының iшiнде құжаттарды жүргiзудi және iс-қағаздарын жүргiзудi автоматтандыру үшiн; -
мультимедиа құралдары, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негiзiнде оқу-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және ұйымдастыру үшiн; -
бақылау үдерісiн автоматтандыруды қамтамасыз ету, оқу iс-әрекетiнiң нәтижесiн коррекциялау, тестiлеу және психологиялық барлау үшiн; -
оқу, демонстрациялық құрылғыларды басқару, оқу экспериментiнiң нәтижесiн өңдеу үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз ету үшiн; -
педагогикалық программалық қамтамасыз етудi жасау және онымен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн мектептегi есептеу техникасы кабинетiн қалай жабдықтау (не сатып алу керек) мәселесi бойынша арнайы жасалған нұсқаулар бар [23, 16]. Әдетте, бұл бiлiм беру саласында қолданылатын есептеуiш техникасына қойылатын психология-педагогикалық, эргономикалық және басқа талаптармен анықталатын техникалық сипаттамалардың және аппараттық, программамалық құралдар параметрiнiң мол жиынынан тұратын өте, толық құжаттар. Осындай құжаттар, жекеше алғанда, бiлiм беру қажеттiлiгiне орай есептеуiш техниканы таңдауды iске асыратын сараптық кеңес үшiн бiлiм берудi басқару ұйымдарына көмек көрсету нұсқауы ретiнде қажет.
Өкiнiшке орай, ЕТҚ техникалық және қызметтiк сипаттамаларының тез жетiлдiруiне байланысты бұл нұсқаулар өте аз уақытқа жарайды, сондықтан да оларды 5 жылда бiр рет жаңартудың өзi аздық етедi.
Компьютерлiк құрылғылардан басқа информатика кабинетiн жабдықтау ұсынылады [22]:
-
оқушылардың қауiпсiздiк техникасына арналған кiрiспе және мерзiмдi нұсқаулар журналымен; -
әрбiр жұмыс орнында ЕТОК-ты пайдалану журналымен; -
ДЭЕМ-ның iстен шығу және оны жөндеу жайлы мәлiмдеу журналымен; -
демонстрациялық кесте және оқушылардың жұмыстарын орналастыру үшiн стендтермен; -
алғашқы көмек көрсету қобдишасымен; -
өрт сөндiру құралдарымен; -
мектеп директоры бекiткен информатика кабинетiнiң жабдықтаудан бұрынғы жоспарымен, кабинеттегi барлық оқу құрылғыларын тiркейтiн инвентарлық кiтапшалармен.
Компьютерлiк кабинеттердi жабдықтауда және қолданғанда бейнедисплейлiк терминал (БДТ) және ДЭЕМ–мен жұмыс iстеу кезiнде адамға қауiптi факторлардың қолайсыз әсер етуiнен сақтап қалу үшiн санитарлық ережелер мен нормаларды қатты қадағалау өте маңызды болып табылады [35]. Қазіргі кезде информатика кабинеттері негізінен электромагниттік және электростатистикалық өрістерінің көздері болып табылатын электрондық-сәулелі түтікшенің негізінде жасалған мониторлары бар дербес компьютермен жабдықталған. Бұл өрістердің қарқындылығы көптеген факторларға, жекеше алғанда монитордың экранына шығарылатын бейненің типінен, бейненің ашықтығынан, шығарылатын символдардың санынан, экранның ауысу жиілігінен, шаң, температурадан, ауаның ылғалдылығы мен циркуляциясына тәуелді болады. ДК қызмет етуі кислород концентрациясының төмендеуіне, озон құрамының көтерілуіне, ауаның иондық құрамының бұзылуына әкеледі.
Бейне-дисплейлік терминалда (БДТ) оқушылардың үздiксiз жұмыс iстеуi олардың жастарына байланысты, ол мына рұқсат етiлген уақыттардан аспауы керек:
-
1 сынып (6 жас) оқушылары үшiн – 10 минут; -
I-V сынып оқушылары үшiн – 15 минут; -
VI-VII сынып оқушылары үшiн – 20 минут; -
VIII-IХ сынып оқушылары үшiн – 25 минут; -
Х-ХI сынып оқушылары үшiн сабақтың бiрiншi бөлiгiнде – 30 минут, екiншiсiнде – 20 минут.
БДТ мен ДЭЕМ-да жұмыс жасағанда жоғарыда белгiленген жұмыс ұзақтығынан асып кеткен жағдайда көзге жаттығулар кешенін, ал әрбiр сабақтан кейiн үзiлiсте – жалпы шаршаудан сақтану үшiн физикалық жаттығулар жасау керек. Х-ХI сынып оқушылары үшiн БДТ және ДЭЕМ қолдану сабақтарының саны аптасына 2-ден, ал басқа сыныптар үшiн 1 сабақтан аспауы керек. БДТ және ДЭЕМ-қолданып үйiрме сабақтарын өткiзу аптасына екi реттен артық болмауы керек, жалпы мынадай ұзақтықта:
- II-V сынып (7-10 жас) оқушылары үшiн 60 минуттан аспауы керек;
- VI және жоғары сынып оқушылары үшiн 90 минуттан аспауы керек; болуы керек.
Санитарлық-гигиеналық талаптар факторы ЕТК-да оқу үдерісін ұйымдастыруға, информатикадан әрбiр сабақ құрылымына қатаң шектеулер қояды, ол жоспарлауда ескерiлуi керек. Жекеше жағдайда, бұл программалық құралдарды пайдалану уақытының ұзақтығын есепке алуға тiкелей қатысты, оның қолданылуы сабақта қарастырылады.
БДТ мен ДЭЕМ-да жұмыс жасаудың қауіптік мәселесі өзекті, себебі ол балалардың денсаулығына әсер етеді. Санитарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес, жалпы бiлiм беретiн мектептерде мұғалiмдер үшiн дисплей сыныптарында және информатика кабинеттерiнде жұмыс iстеу ұзақтығы күнiне 4 сағаттан аспауы керек, ал кабинеттерде БДТ және ДЭЕМ-мен оқу үдерісіне қызмет көрсететiн инженерлер үшiн жұмыс ұзақтығы күнiне 6 сағаттан аспауы керек. Жұмыс күнiндегi жүктеменi азайту үшiн жұмыста қосымша үзiлiстер берiледi.
Информатика кабинетiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн мектеп директорының бұйрығымен информатика мұғалiмдерiнің iшiнен ЕТК-нiң меңгерушiсi тағайындалады. Кабинет меңгерушiсi кабинеттi жабдықтау, мұғалiмдер мен оқушылардың есептеуiш техника құралдарын пайдалану жұмыстарын, ақпараттық технологияны қолданып информатиканы және басқа оқу пәндерiн оқытуды ұйымдастырушы болып табылады. ЕТК меңгерушiсi кабинеттi мектептiң оқу жоспарына сәйкес пайдалануын қамтамасыз етедi, кабинеттi жабдықтаудың алдағы уақыттағы жоспарын жасайды. «Тiзiмге» сәйкес оны жабдықтауды, оқу-әдiстемелiк көрнекi құралдармен және оқыту техникалық құралдарымен толықтыру шараларын жасайды, сонымен қатар кабинеттегi бар жабдықтар мен есептеуiш техника құралдарының сақталуын жауапкершiлiкпен қарайды [3]. Кабинет меңгерушiсi инвентеризациялық жазу журналын жүргiзуге, жабдықтардың қолдануға әрқашан даяр тұруын, ЕТ профилактикалық техникалық қызмет көрсетуiнiң өз уақытында және ұқыпты болуын, ДЭЕМ-ның iстен шығу жағдайында оларды тiркеу және жөндеуiн ұйымдастыру, ЕТК-да санитарлық-гигиеналық талаптар және қауiпсiздiк техникасына қойылатын талаптарды қолдауды өз жауапкершiлiгiне алады.
Кабинет меңгерушiсi ЕТК-де оқушылармен өткiзiлетiн оқу, үйiрме, қосымша сабақ және басқа сабақтарды жоспарлауға қатысады; сабақтың барлық түрлерi мұғалiмнiң қатысуымен өтуi мiндеттi. Кабинет меңгерушiсi ЕТК-де сабақ өткiзетiн мұғалiмдердiң алғашқы және мерзiмдi қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нұсқауын өз уақытында жүргiзуiн қадағалауды жауапкершiлiгiне алады. Алғашқы нұсқауда мұғалiм оқушыларды кабинеттегi тәртiп ережелерiмен, қауiпсiздiк техника ережелерiмен және еңбек гигиенасымен, жұмыс кезiнде кездесiп қалатын қауiптi кезеңдер және оған сәйкес сақтану шараларымен таныстырады. Алғашқы нұсқау дәріс, әңгiмелесу түрiнде өткiзiледi. ЭЕМ-де жұмыс iстеу алдындағы нұсқау алғашқы нұсқауды толықтырады, оның мақсаты - оқушыларды жұмыс орнын дұрыс ұстап және ұйымдастыру талаптарымен, қауiпсiз жұмыс әдiстерiмен және қорғаныс құралдарын қолдану ережелерiмен, нақты жұмыс кезiнде мүмкiн болатын қауiптi кезеңдермен, жұмыс атқарушының өз жұмыс орнындағы мiндеттерiмен, сонымен қатар қауiптi жағдайлар туғанда өзiн-өзi ұстау ережесiмен таныстыру болып табылады. Жұмыс орнындағы мерзiмдi нұсқау қысқаша болуы керек, нақты нұсқау және керектi жағдайда жұмысты дұрыс және қауiпсiз орындау тәсiлдерi қоса көрсетiлуi керек. Оқушылармен өткiзiлген нұсқау мәлiметтерi арнайы журналға жазылады (1-кесте).
1-кесте. Техникалық қауiпсiздiк бойынша нұсқау өткiзудi тiркеу журналы
№ | Нұсқау алушының фамилиясы | Күні, мер-зімі | Нұсқау аттарының көрсетумен нұсқау өткiзудiң мазмұны | Нұсқау өткiзушiнiң Ф.А.Ә., қызметi | Нұсқау өткiзушiнiң қолы, қызметi | Нұсқау алушы-ның қолы |
| | | | | | |
Тәжiрибе көрсеткендей, мектептегi информатика кабинетi қызметiн ұйымдастырудың маңызды түрi оқу-әдiстемелiк семинар болуы мүмкiн, оның жұмысына информатика мұғалiмдерi ғана емес басқа пән мұғалiмдерi де тартылады. Семинар оқытуда АКТ-ны қолдану тәжiрибесiн таратуды, жаңа программалық құралдармен таныстыруды, мұғалiмдерге ЭЕМ-де жұмыс iстеу негiздерiн оқытуды, оқушылармен сыныптан тыс жұмыстардың негiзгi бағыттарын талдауды және т.б. тарату үшiн ұтымды қолданылуы мүмкiн. Семинар жұмысының бағыты әр түрлi, мұғалiмдердiң ақпараттық мәдениетiн жетiлдiру шарасы бойынша өзгеруi мүмкiн. Мектепте басқа пән мұғалiмдерi АКТ құралдарын толық меңгермеген жағдайда, сыныптағы оқу пәнi бойынша ақпараттық технология құралдарын қолданып сабақ өткiзуде екi мұғалiмнiң (информатика және пән мұғалiмдерi) бiрлескен жұмысын қаржыландыру ұсынылады.
ЕТК меңгерушiсi жұмысына зертханашы (немесе техник) көмек көрсетедi. Зертханашы (техник) кабинет меңгерушiсiнiң тiкелей қол астында болады және оның алдында оқу жабдықтарын пайдалану және олардың дұрыс, бұзылмай сақталуы жайлы есеп бередi. Зертханашы ЕТОК-ның барлық жүйесiн, оларды күту тәртiбiн, көрнекi құралдар мен техниканы сақтау шартын бiлуi мiндеттi. ЕТК-нiң болашақтағы даму жоспарына сәйкес зертханашы кабинет меңгерушiсiнiң жетекшiлiгiмен қажеттi оқу жабдықтарын алуға қатысады, есеп, инвентризациялық жазу жүргiзедi.
Зертханашы мұғалiм жоспары бойынша және оның жетекшiлiгiмен сабаққа жабдықтар даярлайды. Зертханашы оқушылардың қауiпсiздiк техника ережелерiн сақтауын, өртке қарсы және алғашқы көмек құралдарының үнемi дайындығын қамтамасыз етедi, сабақ кезiнде бұзылып қалған техниканы тiзiмдейдi, сонымен қатар iстен шықққан құралдарға кiшiгiрiм жөндеу жасайды.
Санитарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес информатика кабинетiнде 18 кв. м-ден кем емес, екi есiгi бар, бiрi - оқу ғимаратына, екiншiсi - басқыш алаңына шығатын лаборанттық алаң болуы керек.