Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 873

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫСӨЗ........................................................................................................

3

1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................

1.1 Бастама......................................................................

1.2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру.....................................................................

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері...........................................................................................

1.7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу.................................................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

ююОқ22мттттттт

2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................

2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................

2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................

ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні........................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б

Әдебиеттер.................................................

3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері

3.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары жайлы.....................................

3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы..................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б

Әдебиеттер...............................................................................................

5-тарау. Оқу пәндерi жүйесiндегi информатика курсының алатын орны және мектептiң базистiк оқу жоспары

5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орыны жайлы мәселелер ........................................................................................................................

5.2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары ......................................................

5.3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

6-тарау. Информатиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың дидактикалық негіздері

6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары

7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................

7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............

7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......

7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері

8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................

8.2 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру…….......................................

8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ

10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................

10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................

10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................

10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................

Практикалық тапсырмалар..............................

Әдебиеттер.....................

11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары



- іздеу шаблоны бойынша мәтінді іздеудің, өзгертудің автоматтандырылған жүйесін пайдалану мүмкіндігі;

- іздеу жүйелері арқылы мектептің электрондық кітапханасында керекті кітапты жылдам тауып алу мүмкіндігі (медиатека), сонымен қатар оның ішінде керекті ақпаратты (заң, ғалымдардың аты, параграф, ілім) тез тауып алу мүмкіндігі;

- таралымы: қажеттілігі бойынша оқулықтың керекті жерлерін басып шығаруға немесе оқулықты толық басып шығару мүмкіндігі;

- мәтінді статикалық және семантикалық өңдеу мүмкіндігі;

- оқытушылық ақпаратты веб-сайтта жариялау немесе мектеп серверінде жариялау, сонымен қатар электрондық пошта арқылы жіберу мүмкіндігі. Соның нәтижесінде оқулық көптеген оқушылардың оқу үдерісіне өз көмегін көрсетеді;

- нақты кейбір оқушылардың оқулықтың кейбір беттеріне, кейбір бөлімдеріне рұқсатты шектеу;

- электрондық оқулықтардың түрлерінің көптігі (мұғалімге арналған, оқушыға аналған), оқушыға арналған түрі өзінің жеке жұмыстарымен, сыныптастарының жұмыстарымен, сонымен қатар сілтемелермен, басқа да мәліметтермен толықтырылуы мүмкін. Ол оқушыларға өзінің компьютерінде немесе CD дискіде өзіндік жеке кітапханасын құрастыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтағы басылым немесе олардан жинақталып алынып, басқа сайт ресурстарында жарияланған мәліметтерді басқа да адамдардың көруі жұмыс жасау кезінде өзінің жариялап жатқан ақпаратының нақты әрі дұрыс екендігіне жауапкершілікті арттырады;

- оқулықтың гиперсілтемелік құрылымы оқушының жеке оқу траекториясын шығаруға көмектеседі, бірақ оқулықтың навигация жүйесі ақпараттың логикасын және жүйелі берілуінің мазмұнына сәйкес жасалуы қажет;

- өзін-өзі оқыту, өзін-өзі бақылау режимінде жұмыс жасау мүмкіндігі;

- анимация, компютерлік ойындар және т.б. мультимедиа элементтерін қоса отырып оқулықтың интерактивті және әдемі болуы.

Негізінде электрондық оқулық пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпаратты-анықтамалық материалдардан, сонымен қатар білімді өз бетінше меңгеру және бақылау кезінде жүйелі қолданылатын, автоматтандырылған оқытушы жүйесі болып табылуы қажет.

Электрондық оқулықтардың кейбір кемшіліктерін атап кеткен жөн:

- басылған құрал электрондық көшірмеге қарағанда оқуға ыңғайлы;

- мақсатқа жетудегі гиперсілтемелердің нагивациясының қиындығы;

- электрондық оқулықты пайдаланғанда санитарлық-гигиеналық нормалары мен талаптарын сақтау керектігі [63].

7.3 Информатиканы оқытудың ақпараттық пәндік ортасы
Көптеген мектептерде оқыту үдерісіне және оқудан тыс іс-әрекет кезінде ақпараттық және программалық ресурстар мен қызмет көрсететін медиатекалар бар.

Информатиканы оқыту үдерісінде заманауи орталары маңызды роль атқарады, оқыту үдерісіне және мектеп информатикасына толықтай сыртқы қатынастар әсер етеді, оның ішінде Интернет және жалпы ақпарат құралдары (масс-медиа).

Интернет ауқымдық желісі заманауи білім берудегі кеңінен қолданылатын интегралды құрал болып табылады.

Қазіргі кездегі тәжірибе Интернет құралдарын оқытуда пайдаланудың кейбір болашақтарын анықтады [41, 110, 127].

Мұғалімдерге арналған Интернет:

- мұғалімді даярлау және қайта даярлау жүйелері (қашықтықтан өткізетін семинарлар, педагогикалық қорларының жиыны, әр түрлі әдістемелердің мәліметтер қоры, мұғалімдерді қашықтықтан аттестациялау);

- ғылыми шығармашылықты шыңдау (жаңа ақпараттарды ғылыми журналдардың электрондық түрінен алу, ғылыми мәселелер жөніндегі конференцияларға қатысу, жаңа қорытындыларды электрондық журналдарда жариялау, әртүрлі елдердің ғылыми кітапханаларына қолжетімділігі);

- оқыту іс-әрекетінің жетілдірілуі (басқа оқу орындарындаға оқыту әдістемелері мен оқыту технологиялары туралы мәлімет алу, оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шаралар туралы мәлімет алу, сабақта қолданылуға болатын түрлі дайын материалдар алу, оқыту үдерісінде қолданылатын оқулықтар мен кітаптар туралы мәліметтер алу, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану туралы мәлімет алу);

- тәжірибелік жұмыста мектеп веб-сайтын пайдалану (әрқашан толтырылып отыратын, оқу жоспарына кіретін материалдар, бағдарламалар, сабақтың конспектілері мен сабаққа дайындалуға қажетті материалдар, өзінің оқу материалдарын жариялау және т.б.);

- телеконференция арқылы оқыту іс-әрекетін жетілдірудегі өзінің тәжірибесімен бөлісу;

- оқыту үдерісінің сапасы мен оқушыларды ынталандыру жайлы басқа мұғалімдермен әдіс-тәсілдермен алмасу;

- жеке байланыстар орнату;

- оқытушы және ғылыми іс-әрекеттер туралы басқа мұғалімдердің ой-пікірін білу мақсатында және өзінің пікірлерін жариялау үшін жеке Web-құжаттары мен сайттар құру.

Оқушыларға арналған Интернет:

- оқып жатқан пән бойынша оқыту материалдарын қолдану: оқулықтар, педагогикалық программалық құралдар, зертханалық практикум модельдері және т.б.;



- басқа мектептердегі оқушылардың оқытушы-зерттеушілік және жобалық жұмыстарымен танысу (өз жұмыстарының қорытындыларын жариялау, ақпарат алмасу, ортақ ойлы әріптестерімен достық қатынас орнату);

- жеке дайындық кезінде және өзін-өзі оқыту кезінде, сыныпта орындалған немесе жеке орындалған жұмыстардың журналдарда және электрондық басылымдарына қолжетімділігі;

- алыстағы оқыту-ғылыми орталықтарынан қашықтықтан білім алу мүмкіндігі (қашықтықта оқытылатын курстар: қосымша, базалық, ЖОО-ға дайындалу, виртуалдық сыныптар және кешенді қашықтықтан оқыту, қабылдау емтихандарын қашықтықтан тапсыру мүмкіндігі).

Оқушылар мен мұғалімдерге арналған Интернет:

- жаңа ақпараттық жағдай жасайтын ақпарат алу көздерінің жектелмеуі;

- мектеп аралық жобаларда ақпарат алмасудағы оқушылар мен мұғалімдердің коммуникациясы;

- оқушылар мен мұғалімдердің жобалары (конкурстар мен олимпиадалар, мектеп шығармашылық жобалар, оқытушы семинарлар және т.б.).

Ата-аналарға арналған Интернет:

- өзінің баласының оқу үлгерімі, жетістіктері жайлы мұғалімдер мен мектеп психологынан ақпарат алу;

- оқу орындары туралы ақпарат, сонымен қатар жарнамалық түрде берілетін балаларға қосымша білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдар туралы, ата-аналардың шағымдары мен келісімшарттары туралы, басқа да көптеген қажетті ақпарат алу мүмкіндігі;

- мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен хабарласу мүмкіндігі.

Әйтседе Интернет дәстүрлі оқыту үдерісін жоққа шығара алмайды, оның мүмкіндіктері тек қана оқыту үдерісінің түрлері және әдістемелерін өзгертеді.

Интернетті білім беру үдерісінде қолдану заманауи оқушылардың ойлау қабілеттіліктеріне жаңа бағыт береді. Оқушы барлық ақпараттық үдерістерді жүзеге асыра алатындығы арқылы, өзінің алдына мақсат қоя және оларға жету жолындағы мәселелерді шеше алатын, оқу үдерісінде педогикалық үдерістің белсенді субьектісі болып табылады.

Бұл үдерістің жағымсыз жақтары да жеткілікті. Әлемдік торлардың ішінде әрине оқушылар мен жасөспірімдер көрмесе екен деген ақпараттар өте көп. Бұл сол ақпаратқа қатаң тиым салу проблемасын тудырады. Екінші жағынан, Интернетте жарияланған ақпараттық ресурстардың ғылыми растылығының жоқтығы және онда ақпараттарды жариялаудың оңайлығы.

Телекоммуникация оқыту үдерісіне және оқушыларды тәрбиелеуге жаңа қатынас орнатады [41]:

- ортақ жобалары бар оқушылар арасындағы шектеуді жойып, олардың өзара ақпарат алмасып, ой бөлісіп, сын-пікір алмасып жақындасуына көмектеседі;


- өзінің зерттеу әдістерінің нақты негізінде (ғылыми және шығармашылық зертхана), оқушылардың табиғатты тану, техника, технология, әлеуметтік құбылыстарды, түрлі шығармашылық жұмыстарының маңыздылығын тану мүмкіндігі;

- басқа елдердің мәдениетінен, басқа адамдардың тәжірибесінен ақпарат алу мүмкіндігінің кеңдігі;

- гуманитарлық білім берудің дамуын арттырады, адам өміріндегі іс-әрекетті әдеп-ғұрыптық өмір аспектілеріне бағыттайды, табиғатты қорғауға және қалыпты күйіне көңіл бөлуге бағыттайды;

- өз ана тілінің үйреніп дамытуына, еларалық жобалар жасау кезінде шет тілдерді де меңгеруіне әсер етеді;

- алдағы өмірде қажет болып қалатын біліктілік пен дағдыны тек ғана оқушыларға ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге де меңгеруге септігін тигізеді, соның ішінде компьютерлік техниканы және технологияларды қолдану дағдылары;

- оқушыларда керекті білім деңгейін қалыптастыруға көмектеседі, қабылданған ақпаратты салыстыру, толықтыру, өңдеу, қойылған сұрақтармен байланыстыру дағдысын қалыптастырады, яғни оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.

Оқу орнының Интернет желісіндегі білімдік веб-сайты – жаңа ақпаратты-әдістемелік құрал. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде білім сайттарының мектеп арасында маңызы артып отыр. Сайттың мазмұны, ұйымдастыру құрылымынан мектептің қоршаған ортамен байланысы ғана емес, сонымен қатар оқу орнының ішінде болып жатқан білім беру үдерістерінің қатынастарымен байланысты.

Сайт (немесе веб-сайт) – ұйымның серверінде немесе жеке адамның серверінде жарияланған өзара байланысқан веб-беттер жиыны. Олар әдетте белгілі бір бағытталған және жеке адресті болады. Мысалы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің интернеттегі адресі – www.kaznpu.kz, ал информатикадан әдістемелік нұсқаулардың, көмекші құралдардың сайты - www.metod-kopilka.ru, жалпы білім беру әдістемелері туралы сайт - www.pedsovet.ru.

Веб-бет – Интернет желісіндегі жеке құжат.

Веб-сайттардың бірегейлігі білім беруі үдерісінің көптеген мәселелерін шешуде көмектесетін әмбебап құрал болып табылады: оқушыларға, мұғалімдерге және мектептерге, басқада әртүрлі әдістемелер мен танысқысы келетіндерге ақпаратты беру, кейбер кітапханаларда қолдану және оларды өзінің әдіс-тәсілдерімен, тәжірибелерімен талықтыру мүмкіндігі, коммуникацияның интерактивті формалары – чаттар, веб-форумдар, телеконференциялар.

Білім сайтының негізгі жасағы оқу орнының бірізді педагогикалық тұжырымдамасы болып табылады [127]. Мектеп сайты мәселелердің бір бөлігін шешіп қана қоймай, мектеп іс-әрекетінің тиімділігін барлық жағынан арттыру қажет. Мектептің педагогикалық тұжырымдамасы және оның құрылымының элементтері сайттың базалық негізін құрайды және мұқаба бетте орын алады.


А.В. Хуторский жасалып жатқан мектеп сайтының екі аспектісін қарастырады: сыртқы және ішкі. Біріншіден, сайт сырттан келген қонақтарға қызықты болуы тиіс. Екіншіден, сайт оқу орнының ішінде болып жатқан мәселерде шешуде сапалы және тиімді құрал болуы мүмкін: сабақ өткізу, қашықтықтан өткізілетін педагогикалық кеңес және ата-аналар жиналысын, конкурстар, оқытудың ақпараттық қамтамасын ұйымдастыру.

Білім сайтын жасаудағы негізгі принциптер – адрестігі, интерактивтігі және сайтқа кірушілердің көптігі, үдерістерді ұйымдастыратын мұғалімдер мен оқушылардың (қатысушылардың) болуы.

Веб-квест – басқа беттердегі нақты тақырыпқа байланысты гиперсілтемелері бар Интернет желісіндегі беттер.

Білім веб-квестер деп білім сайттарында жарияланған, басқа сайттардан сілтемелері бар веб-беттері құрайды. Әйтседе веб-бет өзінің мазмұны, мақсаты, мәселелері, бақылау қызметтерін жүзеге асыратын білімдік болып жасақталады.

Орыстілді Интернет ресурстары қазіргі таңда білімдік веб-квесттарды жасау үшін жақсы дамыған. Білім веб-квесттері кез келген оқу пәні бойынша, соның ішінде гуманитарлық бағытта да, жаратылыстану бағытында да, жасалуы мүмкін.

Медиа білім беру – оқушылардың жалпы коммуникация құралдарының заңдылықтарын оқытуға бағытталған: теледидар, пресса, радио, кино, бейне және т.б. медиа білім беру құралы ретінде ақпараттық ортаның төмендегідей элементтері пайдаланылады: оқулық, жалпы ақпарат ортасы (теледидар, басылымдар, радио), бейне, компьютерлік оқытушы программалар және ойындар, Интернет ақпараттық желісі.

Медиа білім беру мен базалық білім беру сабақтастырыла отырып мынадай құрамалар береді (Л.С. Зазнобина):

• жаппай ақпараттандыру құралдары арқылы берілетін ақпаратты қабылдау және өңдеу;

• критикалық ойлау, беріліп жатқан ақпараттың дұрыстарын қабылдап, жалған ақпараттардың бойға сіңдірмеу дағдыларын дамыту;

• ортақ базалық білім беруге, жеке білім саласы бойынша білім мен дағдының бүкіл мектептік ақпараттарды қосу;

• түрлі техникалық құралдарды пайдалана отырып (компьютер, факс, модем, мультимедиа және т.б.) қажетті ақпаратты іздеу, дайындау, жіберу, қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру.

Мектеп оқушыларының медиа білім беру үдерісін пайдалану келесідей дағдыларды дамытады (А.В. Хуторской):

• әртүрлі ақпарат көздерінде керекті ақпаратты табу;

• әртүрлі ақпараттық мәліметтердің арасындағы байланысты орнату;

• ақпараттардан керекті мәліметтерді алып, оны жүйелі түрде реттеп, негізгілерін анықтау;