Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 874

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫСӨЗ........................................................................................................

3

1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................

1.1 Бастама......................................................................

1.2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру.....................................................................

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері...........................................................................................

1.7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу.................................................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

ююОқ22мттттттт

2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................

2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................

2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................

ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні........................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б

Әдебиеттер.................................................

3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері

3.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары жайлы.....................................

3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы..................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б

Әдебиеттер...............................................................................................

5-тарау. Оқу пәндерi жүйесiндегi информатика курсының алатын орны және мектептiң базистiк оқу жоспары

5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орыны жайлы мәселелер ........................................................................................................................

5.2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары ......................................................

5.3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

6-тарау. Информатиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың дидактикалық негіздері

6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары

7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................

7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............

7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......

7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері

8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................

8.2 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру…….......................................

8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ

10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................

10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................

10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................

10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................

Практикалық тапсырмалар..............................

Әдебиеттер.....................

11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары




Ф

П

П

Н

Т

Е

Р

К

А

Е

Р

И

Р

І

Ш

Ө

Й

Р

Н

Е

У

Т

І

С

Л

Б

А

Т

М

І

З

А

Й

Р

А

А

С

А

Т

Қ

Қ

К

Е

Қ

Ы

М

А

Т

Ү

Т

И

Т

Л

Д

А

А

Т

Е

Ж

А

У

Ү

З

У

І

М

М

Е

Ң

Ж

І

Н

Р

Е

Ы

Н

З

О

Л

Д

Н

А

Ш

Т

Е

І

Т

І

Қ

Ұ

Ж

А

Р

Н

Ә

М


Жауабы: Меңзер, құжат, нышан, жиектеме, үтір, байрақ, файл, перне, принтер, пернетақта, көшіру, тізім, тасымалдау, жол, мәтін, сақтау, үзінді.

Мысалы. Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылау үшін ақпараттық диктант жазғызуға болады. Ол үшін компьютердің құрылғыларының аттары қағазға жазылып қара жәшікке салынып қойылады. Оқушылар диктант жазып болғаннан кейін қара жәшікті ашып, бірін-бірі тексеріп, бақылау парағына сәйкесінше бағаларын қояды.


Ақпараттық диктанттың нұсқасы:

1-нұсқа:

  1. Графикалық және мәтіндік ақпаратты бейелеуге арналған компьютердің құрылғысы (монитор).

  2. Ақпаратты енгізуге арналған оптиакалық құрылғы (сканер).

  3. Цифрлық форматта бейнесуреттерді алуға мүмкіндік беретін ақпаратты енгізу құрылғысы (цифрлық камера).

  4. Ойын манипуляторы (джойстик)

  5. Ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы (принтер).


2-нұсқа.

  1. Сандық және мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта).

  2. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (микрофон).

  3. Күрделі графикалық объектілерді шығаруға арналған құрылғы (плоттер).

  4. Телефон желісі арқылы компьютерді басқа компьютерлермен байланыстыру үшін қолданылатын құрылғы (модем).

  5. Ақпаратты магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы (стример).

Мысалы. «Ең көп кім?» ойыны белгілі бір уақыт шеңберінде сұрақ қою арқылы оқушылардан тақырыпта қолданылатын терминдерді көбірек атау талап етіледі. Ойын материалдың меңгерілген көлеміне байланысты 3 немесе 4, өте сирек жағдайда 5 деген баға қойылады, себебі теориялық білімінің болуы оқушылардың оны практикада пайдалана алатынын білдірмейді.

Оқушының үйінде жасаған ең жақсы сөзжұмбаққа жарыс ұйымдастырылады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар арнайы әдебиеттермен жұмыс істей отырып, терминдерді үйренеді. Сөзжұмбақтарды бағалауда мұғалім оқушылардың сөзжұмбақ құрастыруда торын әдемі және симметриялы жасағанын, сөзжұмбақтағы сөздердің екі немесе одан да көп әріпте қиылысуы сияқты нәрселер ескеруі қажет.

Қорытындылау сабағанда оқушының өткен тақырып шегіндегі қалыптасқан түсінік аппараты, дағдысы мен біліктілігі тексеріледі. Ол үшін сынып кездейсоқ таңдау қағидасы бойынша ұсақ топтарға бөлінеді, ол топтарға теориялық және практикалық тапсырмалар беріледі. Ұсақ топтар алдымен «мәтінді толықтыр...» сияқты тапсырмаларды орындайды, содан кейін олар мұғалім қоятын сұрақтар турниріне қатысады. Тапсырманың практикалық бөлігін ұсақ топтардың бірнеше мүшелері бірігіп орындайтын практикалық тапсырмалар құрайды. Мұғалім тапсырмаларды орындау нәтижелерін кезеңмен бағалайды.

3. Сонымен қатар, информатика бойынша емтихандар алу үшін емтихандық реферат түріндегі тапсырмалар ұсынылады. Реферат тақырыбы мұғаліммен келісіледі және ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың қазіргі жетістіктері ашылып көрсетілуі керек. Реферат мазмұнын бағалау критерийі тақырыпты ашудың қиындығы мен толықтығы, оқушының материалды дұрыс, ойланып топтауы болып табылады.



4. Жоғарғы сыныптарда информатикадан білім бақылауды жобаны қорғау түрінде өткізуге болады. Жобаның тақырыбын мұғалім береді немесе оқушының өздері ұсынған тақырыптардан алынады. Жоба келесі бөлімдерден тұрады: есептің қойылымынан; ортаны таңдаудан; жоба сызбасынан (есептің алгоритмінен); жоба туралы қысқаша есептен (қатты көшірмеден). Жобаны қорғауды бағалауда жоғары бөлімдердің қамтылуы есепке алынады.

Білімді бақылаудың қазіргі құралдарының біріне бағалаудың рейтингтік жүйесі мен портфолио жатады, олар жинақтаушы жүйеге мысал бола алады: немесе балдар, немесе белгілі бір пән саласында жетістікке жетуді растау.

Оқушылардың білімін бақылау бағалаумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл оқушының білімін бақылаудың қажетті элементі болып табылады. Бағаның дұрыс, әділ қойылуы оқушының болашақта сабаққа дайындалуына, оның алатын білімінің сапасына да әсер етеді.

Білімді бағалау барысында оқушының оқу материалдарын білуінің сапалық сипаттамасын, атап өтсек, оқушының нақты білімі мен біліклігінің болуын, оның толықтығын, беріктігін, әртүрлі жағдайдағы практикаларда пайдалана алуын, терминологияны және өзіндік әдісін көрсету мен жазуын білуін ескеру қажет.

Бағалаудың нәтижесі ауызша жауап беру немесе жазбаша жұмыс кезінде қатені қаншалықты жібергеніне байланысты болады. Ағаттықтардың ішінен жіберген қателерді, кемшіліктерді және ұсақ қателерді бөліп көрсетуге болады.

Егер ағаттық оқушының негізгі білімі мен біліктілігін және оны өзінің іс-әрекетінде пайдалана алмағанын көрсетсе, онда ол қате болып саналады.

Оқушының негізгі білім мен біліктілікті берік түсінбегендігін немесе бағдарламаға байланысты негізгі болып есептелмейтін білімінің жоқтығын көрсететін ағаттық кемшілікке жатады. Сонымен қатар, қате болып саналатын, бірақ тек бір ғана жағдайда жіберілген және екінші ұқсас жағдайда жіберілмеген қателік кемшілік болып саналады. Кемшілікке зейінсіздікпен немесе жауапкершілікпен түсіндіру, ұқыпсыз жазу жатады.

Ұсақ қателерге ауызша және жазбаша жауап беру барысында берілген мағынасыз жауап немесе нәтиже, кездойсоқ жаңылыс жазулар және т.с.с. жатады.

Ағаттықтағы қателік, кемшілік және ұсақ қателерге байланысты сұрақтарды мұғалім оқытудың қазіргі кезеңіндегі мәліметті түсінуіне қойылатын талаптарға байланысты шешеді.

Қателерге, мысалы: алгоритмдік тілдің қызметтік сөздерін дұрыс пайдаланбау; аргументтерді және нәтижені қате көрсету; бір мағыналы типтің ұзындығын екінші типке дұрыс қоспау; алгоритмді орындау барысында командалардың орындалу ретін бұзу т.с.с. жатады.


Кемшіліктерге мысалы: алгоритмдік тілдің қызметші сөздерін тастап кету немесе дұрыс жазбау; аралық ұзындықтарды толық сипаттамау; құрамдас командалардың шартын тексеру барысында кеткен кездейсоқ есептеуіш қателер; алгоритм жазбаларының ұқыпсыз орналасуы және т.с.с. жатады.

Егер бір қате (кемшілік) бірнеше рет кездессе онда ол бір қате (бір кемшілік) ретінде қарастырылады.

Сызып тастау және қатені түзетуді қате деп санаудың қажеті жоқ.

Егер жауаптың мазмұны сұрақпен сәйкес келсе, берілген жауап оқушыда қажетті теориялық білім мен практикалық біліктіліктің бар екенін көрсеткен жағдайда, соңғы нақты жауап дұрыс шешу барысында берілсе және ұқыпты жазылса тапсырма толық, өте жақсы орындалды деп есептеледі.

Егер оқушы тапсырманы орындауға кіріспесе және тапсырманы орындау барысында қателіктер жіберсе, онда тапсырма орындалмаған болып есептеледі.

Оқушының тақырыпты түсінгендігіне баға барлық алынған белгі негізінде қойылады. Негізгі баға оқушының қорытынды бақылау жұмысында алған бағасына және оқушының барлық тақырып бойынша жүргізілген қорытынды сабақта берген жауабына байланысты қойылады.

Тақырыптық баға қою барысында алдын қойылған бағаны оқушы тақырыптық бақылау жұмысының нәтижесінде алған бағасымен растамаса мұғалім ол бағаларды ескермеуге болады (мысалы, білім мен біліктілікте жіберген қателіктеріне байланысты алған қанағаттанарлықсыз баға).

Жылдық баға оқушының жылдың соңында алған білімінің нақты деңгейін көрсету керек.

Білім беру үдерісінде мұғалім қойылған бағаны мемлекеттік білім беру стандартында қалыптасқан критерийлер негізінде түсіндіруі қажет.

Қазақстанның мектептерінде білімді бағалаудың бес баллдық жүйесі қалыптасқан.

Төменде көрсетілген бағаның келесі қағидаларын пайдалануға болады.

Жаратымды бағалар («3», «4», «5») оқушы бағдарламаның негізгі материалын білетіндігін көрсеткен жағдайда қойылады. «5» бағасы 1-2 ұсақ қате кеткен жағдайда немесе сұраққа өте жақсы жауап берген жағдайда қойылады, ал «4» - оқушы жауап бергенде 1-2 кемшілік жіберген жағдайда қойылады. Қанағаттанарлықсыз баға оқушы бағдарламаның негізгі материалын түсінбегендігін көрсеткен жағдайда қойылады.

Бекітілген баға қоюдың критерийлерін нақтылауды келесі жолмен жүзеге асыруға болады:

«5» деген баға оқушыға:

  • мағлұматты ауызша және жазбаша қатесіз баяндағанда;

  • бағдарламаға байланысты білім, біліктілік және практикалық дағдының барлық көлемін түсінуді айқындағанда;

  • мағлұматты ауызша және жазбаша түсінікті баяндаса, мәтіндегі негізгі жағдайды ерекшелей білсе, кенеттен қойылған сұрақтарға жеңіл жауап берген жағдайда;

  • мағлұматты тура жеткізе білсе, жазбаша жұмыстарда қате жібермесе;

  • алған білімін практикада еркін пайдалана білген жағдайда қойылады.


«4» деген баға оқушыға:

  • бағдарламалық мағлұматты айқындаса;

  • мағлұматты түсінікті баяндаса, бірақ оның маңызды жақтарын барлық уақытта ажырата бермейді;

  • алған білімін практикада пайдалану қабілеті жоғары, бірақ тосыннан қойылған сұрақтарға жауап беру барысында қиналып қалса;

  • ауызша және жазбаша жауаптарда нақты жауап бермесе және мұғалімнің байқаған кемшіліктеріне жеңіл қараса қойылады.

«3» деген баға оқушыға:

  • бағдарламалық мағлұматты айқындап, бірақ оны өздігінен жүзеге асыру барысында қиналса және мұғалімнің қосымша нақтылайтын сұрағын талап етсе;

  • тосыннан қойылған сұраққа жауап беретін кезде қиналаса;

  • ауызша және жазбаша жауаптарда қате жіберсе қойылады.

«2» деген баға оқушыға:

  • мағлұмат туралы жеке көзқарасы болмаса;

  • ауызша және жазбаша жауап беру кезінде дөрекі қате жіберсе қойылады.


Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар