Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 875

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫСӨЗ........................................................................................................

3

1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................

1.1 Бастама......................................................................

1.2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру.....................................................................

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері...........................................................................................

1.7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу.................................................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

ююОқ22мттттттт

2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................

2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................

2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................

ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні........................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б

Әдебиеттер.................................................

3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері

3.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары жайлы.....................................

3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы..................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б

Әдебиеттер...............................................................................................

5-тарау. Оқу пәндерi жүйесiндегi информатика курсының алатын орны және мектептiң базистiк оқу жоспары

5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орыны жайлы мәселелер ........................................................................................................................

5.2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары ......................................................

5.3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

6-тарау. Информатиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың дидактикалық негіздері

6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары

7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................

7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............

7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......

7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері

8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................

8.2 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру…….......................................

8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ

10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................

10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................

10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................

10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................

Практикалық тапсырмалар..............................

Әдебиеттер.....................

11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары



Алматы қаласында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының біріккен жобасы – математика, физика және информатикадан  жыл сайын дәстүрлі Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізіп тұрады http://izho.kz/.

Сонымен қатар, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ- заманауи ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында құрылған ірі қазақстандық мемлекеттік компаниясы мектеп оқушылары арасында программалау бойынша халықаралық олимпиада өткізеді. http://www.zerde.gov.kz.

Дарынды балалармен жұмыс істейтін республикадағы қарқынды дамып келе жатқан орталықтардың бірі – «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы 6-8 сынып оқушыларының арасында информатика және программалау бойынша облыстық олимпиадалар өткізіп тұрады [http://ertisdaryn.kz].

Аудан мектептері бойынша информатика пәнінен 8 сыныптар арасында қашықтық олимпиада өткізіледі [http://zharmabilim.kz].

Информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • дербес компьютермен жұмыс істеудің қажетті дағдылары болуы, компьютердің негізгі сипаттамаларын білуі, олардың көмегімен шығарылатын есептерге қалай әсер ететін түсінуі, мысалы, берілген қиындықтағы есепті шешуде жадысы мен жылдам әрекет етуі бойынша;

  • қолданбалы есептерді шешуде кең таралған операциялық жүйелермен (Windows, Linux) жұмыс істей білуі;

  • практикада қойылған есепті формальдау әдістерін білуі, жекеше жағдайда, сөз түрінде сипатталған есептің қойылымынан техникалық және мазмұндық шектеулерді есепке ала отырып, оны формальды сипаттауға дұрыс өте білуді;

  • алгоритмдердің негізгі типтерін (әртүрлі құрылымды мәліметтермен жұмыс істеу алгоритмдері, графтардағы негізгі алгоритмдер, сұрыптау мен динамикалық программалауды ұйымдастыру алгоритмдері, комбинаторикалық алгоритмдер, бүтін санды арифметика мен арифметикалық өрнектердің мәнін санау, модельдеу әдістері және т.б.) практикада іске асыра білуді;

  • есепті шешуде алгоритмнің қиындығы ұғымын қолдана білуді;

  • олимпиада есептерін шығаруда (программалау тілін олимпиада ұйымдастырушылары анықтайды) бір немесе бірнеше интегрленген жүйелермен жұмыс істей білуі;

  • қазіргі заманғы программалау технологияларын практикада қолдану әдістерін, сонымен қатар программаны тестілеу мен отладка жасай білуі.

Олимпиаданың деңгейі жоғарылаған сайын, берілетін есептердің қиындығы қатысушылардың жоғары білімі мен біліктілігін талап ететіні белгілі. Тек қана программалау бойынша талап ету қиындығы жоғарыламайды, ол информатиканың басқа да тарауларын қамтиды.


Халықаралық олимпиада өткізу практикасы негізінде туындаған қатысушының дайындық бағытын анықтайтын алты негізгі тарауды ерекшелеп көрсетуге болады. олардың алғашқы бесеуі мынадай тақырыптарға арналған: динамикалық программалау, қайта-қайта сұрыптау, графтардағы алгоритмдер, есептеуіш геометрия, және комбинаториялық алгоритмдер. Берілген есептердің ішінде бірнешеуі бірден берілген тақырыптарға жатуы мүмкін. Мысалы, қысқа жолды іздеуге берілген геометриялық есеп әдетте графтағы қысқа жолды табуға әкеледі. Мұндай жағдайда немесе басымды тақырыпты анықтау керек, немесе есепке басқа тарауларды қосу керек. Алтыншы тарауға алғашқы бесеуіне де кірмейтін есептер енгізіледі. Есепті шешу үшін синтаксистік анализ, динамикалық программалау және графтағы алгоритмдерді меңгеру қажет.

Әрбір есепті шешудің нәтижесі есептің шартында берілетін жұмысқа қабілетті программа, не шығыс файлы болуы мүмкін. Егер есептің шешуі программа болса, онда қатысушы шешудің бастапқы мәтінмен файлды тексеруге өткізуі керек. Егер есеп Borland C++-ті қолдану арқылы шығарылсы, онда шешімі тексеруде large жадысының моделімен компиляцияланады.

Олимпиаданың мақсаты ғылыми бiлiмдi насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, балаларды анықтау үшін қажеттi жағдай тудыру. Олимпиада – оқушылардың білімін дамытушы, информатика деген қызығушылығы мен тұрақтылығын арттырушы жарыс.

Олимпиада информатикадан білім берудің жалпы деңгейін көрсетеді, сонымен қатар, оқушылардың білім сапасын анықтап, мұғалімнің жоғары деп саналатын дайындық деңгейін сипаттайды. Олимпиадалар жаңа, оқушыларды ақпаратқа қызықтыратын ақпарат көзі болып табылмайды, сондықтан олар тереңдетіп дайындаудың негізгі формасы болып та саналмайтынына назар аудару қажет. Олимпиада әртүрлі мектептік, аудандық, қалалық, республикалық деңгейде өткізіледі.

Оқушыларды информатика пәнінен олимпиадаларға дайындайтын көптеген Web порталдар бар. Облыстық, республикалық олимпиада есептері, олардың шешімдері olympiads.kz сайтына жыл сайын жарияланады.
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері
8.3.1 Сыныптан тыс жұмыстардың дидактикалық негіздері
Ізгілендіру және информатиканы оқытудағы ізгілендіру

Ізгілендіру – оқушының жеке тұлғалық дамуы болып табылатын білім берудің негізгі міндеті мен ой сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық ойлаудың кілттік элементі.



Информатиканы ізгілендіру – оның гуманистік негізге ауысуындағы білім беруді ізгілендірудің құрамдас бөлігі. Бұл ауысу білім берудегі бірқатар қайшылықтарды шешіп, қоғамның белгілі бір кезеңде дамуындағы әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы оң нәтижелер ала алады. Сонда да информатикадан білім сапасы білімнің жалпы мәдени компонентінің ажырамас бөлігі болып қала береді.

Информатиканы ізгілендіру шарттар жүйесін шешу мыналарды болжайды:

  1. Информатиканың адамға, оның қызығушылықтарына, қажеттіліктері мен қабілеттеріне жақындауы (эмоционалдық фон құру, информатиканы үйренудегі мағыналық тұлғасын көрсету, информатика құралдары арқылы өзін өзі танудың мүмкіндіктеріне қол жеткізу);

  2. Әлем жайлы толыққанды білім құру (бірнеше ғылым жапсарындағы зерттеушілік жұмыстар және т.б.);

  3. Өзін-өзі бекіту мен өзін-өзі айту үшін әрекеттердің әр түрін ұйымдастыру, шығармашылық пен ынталандыруды қолдау.

Информатииканы ізгілендіру – оқушыларға белсенді болуға, шығармашылық тұрғыдан еркін тұлға болуға, кез келген әлеуметтік шарттарға бейімдетіліп кетуге мүмкіндік беретін білім берудің жалпы мәдени компонентін дамытуға бағытталған шаралар кешені.

Информатиканың мектеп курсын ізгілендіру келесі бағыттар бойынша өтуі мүмкін:

  • информатиканың гуманитарлық негіздерін енгізу (тарихи элементтерді қолдану – ойшылдармен танысу, информатиканың ғылым ретінде дамуы мен пайда болу тарихымен танысу; информатиканың философиялық және рухани бастамаларын ашу);

  • информатиканы оқыту әдістемесіне гуманитарлық ғылымдарға тән әдістер, тәсілдер мен стильдер енгізу:

а) гуманитарық пәндерден мәлімдемелер қолдану (жаттаулар, интеллектуалды бес минуттар, музыкалық үзілістер, сурет өнімдерін көрсету, шет тіліндегі фразалар, сабаққа арналған эпиграфтар және т.б.);

ә) ертегі сабақтар мен пікірталас, талқылау сабақтарын енгізу;

  • информатиканы адам мен қоғамдық тұрмысқа жақындату:

а) информатика әдістерінің қосымшалар облысын көрсету;

ә) күнділікті тәжірибеде информатикадан алған білімдерін қолдану;

б) информатиканы үйренудегі мағыналық тұлғасын көрсету;

в) информатика мен гуманитарлық ғылымдардың, информатика мен жаратылыстану ғылымдарының сабақтастығы, информатиканың ішкі сабақтастығы (кіріктірілген сабақтар, кіріктірілген курстар, объекті мен оның бейнесін толыққанды үйрену сабақтары).


  • өзіндік шығармашылықты ынталандыру мен шығармашылықтың әр түрін қолдану арқылы жеке қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ұсыну:

а) шығармашылық зерттеущілік жұмыстар жүйесіне кіріспе;

ә) тәжірибеге оқушының тұлғалық даму ерекшелігін ескеретін жеке тапсырмаларды енгізу;

б) сабақтан тыс жұмысты жүйелілігі мен әртүрлілігі.

Ізгілену мен ізгілендірудің келесі кезеңдерін атап көрсетуге болдады:

а) сабаққа тарихпен, әдебиетпен, музыкамен байланысты эмоционалдық кезеңдерді енгізу; кейбір тақырыптар бойынша сыныптың бәріне шығармашылық тапсырма беру; сыныпта сыныптан тыс жұмыстардың кейбір элементтерін пайдалану;

ә) жеке сабақтарды жасау – кіріктіріліген, дәстүрлі емес, практикалық бағытталған, объекті мен бейнені бүтіндей қабылдау; көптеген тақырыптар бойынша шығармашылық, практикалық жұмыстар жасау; сыныпта жеке сыныптан тыс мерекелер ұйымдастыру.

б) гуманитарлық негізде жеке курстар өткізу. Бағдарламаның тақырыптары бойынша оқушылардың жалпы көзқарасын дамытуға арналған шығармашылық сараланған тапсырмалар. Сынып төңірегінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мн жүйелеу.

в) білім беруге информатикадан эмоционалдық, жалпы мәдени сипаттағы жолдар енгізу. Информатиканың мектеп курсының тақырыптары бойынша шығармашылық сараланған тапсырмаларын жүйеге келтіру. Барлық оқу курсы бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүйеге келтіру.

г) информатика мен бағдарламалық материал бойынша қосымша білім беру мен дәстүрлі емес сабақтардан, сараланған шығармашылық, практикалық, зерттеушілік жұмыстардан алынған сабақтың бірегей кешені жайында мәлімет.

Барлық кезеңде оқушының мақсатқа бағытталған іс-әрекеті мен олардың шығармашылығына шарттар құру ең маңызды әрекет екендігі басып көрсетілген.

Шығармашылық - ізгілену мен ізгілендірудің басты кілті, себебі оқушы ғана емес, мұғалімде шығармашылықты тудырады. Мұғалім уәде етілген нәтижеге қол жеткізуде белгілі бір ретпен қолданылатын педагогикалық әрекеттер мен құралдардың қайталанған инвариантты жүйесін, яғни иілгіш педагогикалық технологияны жасап шығарады. Оның ерекшеліктері:

  • оқушының жеке қабілеттерін ескеру;

  • оқу материалын меңгеру кезінде шамадан тыс және интеллектуалдық жүктеменің мүмкін еместігі;

  • сыныптық ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз ету.

Мұғалімнің міндеті – оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне жауап беретін іс-әрекеттердің түрлерін келтіріп беру, оқушылардың өз бетінше іздену мен шығармашылықтарын қолдап отыру. Оқушы талдау құқығына, өзін-өзі бекітуге, өзінің жеке тұлғасын көрсетуге міндетті. Мұғалім оқушыға өзінің қызығушылықтарын тануға, қызықтыруға қолдауға міндетті.


Мектеп оқулықтары мен оқыту әдістемесіндегі информатика бағдарламасындағы талаптар «орташа» оқушыға есептелініп жасалынған. Бірақ оқушылардың қабілеттері әр түрлі: информатикадан берілген материалды жеңіл әрі қызығушылықпен меңгеретіндер; информатиканы үйрену нәтижесінде тек қана қанағаттанарлық нәтиже көрсететіндер; информатиканы үйрену үлкен еңбектің арқасында келетіндер.

Осының барлығы информатиканы жеке оқыту қажеттілігіне алып келеді, ол сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асады.
Сыныптан тыс жұмыстың маңыздылығы
Сыныптан тыс жұмыс - мұғалім ұйымдастырған, оқушы тұлғасының әлеуметтенуіне қажетті шарттарды қамтамасыз ететін оқудан тыс уақыттағы оқушы іс-әрекеттерінің әртүрлілігі.

Сыныптан тыс жұмыс – мектептің оқудан тыс уақытында өткізілетін, міндетті оқу бағдарламаларының шекарасынан асып кететін түрлі тәрбиелік-білімдік іс шаралар.

Сыныптан тыс жұмыс түсінігі кең, әрі бірмәнді емес. Ол өзіне сабақтардың түрлі мазмұнын, берілуін, өткізу әдістемесін, түрі мен тәсілін кіріктірген. Мысалы, пәндік үйірме отырысы, сыныптан тыс оқу, мектеп мерекелері мен кештерін ұйымдастыру сыныптан тыс жұмысқа кіреді. Бірақ кейбір жағдайларда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны мұғалім басқарады, ал кейбірінде (мереке мен кештерді ұйымдастыру) өзін өзі басқару негізінде оқушылардың әрекетінен сипат алады.

Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» түсінігінің орнына кейбір педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде «оқудан тыс жұмыс», «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылуын түсіндіру қажеттілігі туындайды.

Сабақтан тыс жұмыс мақсаты, мазмұны, әдіс бойынша оқу үдерісіне қосылады.

Оның орнын анықтау жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде мұғалімге жүктеледі. Мұның мысалы ретінде мұғалімдердің қабілетті оқушылардың бағдарлама материалын тереңдету мен кеңейту мақсатында және үлгермеушілердің білімдерін дұрыстау мақсатында пән мұғалімдері қолданатын жұмыстарды айтуға болады.

Оқудан тыс жұмыстар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің бағытымен өзін-өзі басқару, белсендіру, әрекеттендіру негізінде оқушы ұжымында жүргізілетін жұмыстарды айтамыз.

Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға жағымды әсер беретін кең мүмкіндіктерден, әрекеттердің әртүрлі жиынынан тұрады және сабақ кезінде жұмыстың байланыстылығынан тұратын мұғалімнің өзіндік оқу-тәрбие жұмысы болып табылады.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технология ұсынатын мүмкіндіктер мен құралдардың әртүрлілігіне байланысты пәнаралық сипат алуы мүмкін. Компьютерлік әдістер информатикадан, физикадан, шет тілінен, көркем өнер және география және тағы басқа пәндерден сыныптан тыс жұмыс кезінде сәтті қолданылады. Мұндай сыныптан тыс жұмыс түрлерінің арналары оқушыларды түрлі қызығушылықтарды біріктіріп, басқа пән мұғалімдерінің ақпараттық технологияны толық деңгейінде қолданыла алмауына байланысты сыныптан тыс жұмысты информатика пән мұғалімдері жүргізеді.