Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 879
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
Негiзгi сұрақтар:
-
Информатиканы оқыту түрлері мен әдістері. -
Информатиканы оқыту құралы: есептеуiш техника кабинетi және программалық жабдықтау. -
Санитарлық ережелер мен нормативтер. Информатика кабинетiнде жұмысты ұйымдастыру және құралдарға қойылатын гигиеналық талаптар. -
Информатика кабинетiндегi жұмысты ұйымдастыру. -
Мектеп ДЭЕМ-ның жергілікті желісінің қызметі және дидактикалық мүмкіндіктері.
Тақырыбы. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау және бағалау.
Негізгі сұрақтар:
-
Оқушылардың білімін бақылау түрлері мен әдістері. -
Оқушылардың жетістіктерін өлшеу жүйелері (тесттер, ауызша сұрау, шығарма және т.б.). -
Информатика сабағында оқушылардың іс-әрекетін бағалау шкаласы. -
Информатика сабағында оқушылардың іс-әрекетін бағалауды саралау.
Әдебиеттер
-
Андреев В. И. Педагогика: учебный курс для творческого саморазвития / В. И.Андреев. -Казань : Центр инновационных технологий, 2004. -
Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе / Ю.К.Бабанский. -М.: Просвещение, 1985. -С. 32. -
Бешенков С.А. Моделирование и формализация: метод, пособие / С.А. Бешенков, Е. А. Ракитина. — М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2002. -
Введение в педагогическую деятельность : учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / |А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, И.Г.Шапошникова и др.] ; под ред. А.С. Роботовой. — М.: Изд. центр «Академия», 2006. -
Гутман Г. Н. Учебные мини-проекты на Delphi / Г. Н. Гутман. — М.: Чистые пруды, 2005. -
Дидактика средней школы / под ред. М. Н. Скаткина. — М.: Просвещение, 1982. -
Диков А. В. Метод проектов в сети Интернет / А. В.Диков // Педагогическая информатика. — 2005. — № 1. -
Жаркова В. Б. Некоторые вопросы оплаты труда учителей информатики / В. Б.Жаркова // ИНФО. - 1997. - № 5, 6, 7. -
Кабинет вычислительной техники всех типов средних учебных заведений (на базе персональных микроЭВМ): Методические рекомендации // ИНФО. - 1986. - № 3. -
Киселева М.М. Использование компьютерных технологий в межпредметных проектах / М. М. Киселева // ИНФО. — 2005. — № 8. -
Ковалько В. И. Здоровьесберегающие технологии: школьник и компьютер: 1 —4 классы / В. И. Ковалько. — М. : ВАКО, 2007. -
Коджаспирова Г.М. Технические средства обучения и методика их использования : учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / Г. М. Коджаспирова, К. В. Петров. — М. : Изд. центр «Академия», 2001. -
Коннычева Г. Информационная образовательная среда — средство повышения эффективности обучения / Г. Коннычева, Е. Симдянкина// Директор школы. — 2004. — № 1. -
Крылова Н. Проектная деятельность школьника как принцип организации и реорганизации образования / Н. Крылова // Народное образование. — 2005. — № 2. -
Кузнецов А. А. Контроль и оценка результатов обучения в условиях внедрения стандартов образования / А.А.Кузнецов // Педагогическая информатика. — 1997. — № 1. -
Кузнецов А. А. Оценка достижения требований образовательных стандартов / А. А. Кузнецов. — М. : Изд-во Нац. центра стандартов и мониторинга образования, 1998. -
Лапчик М.П. ИКТ-компетентность педагогических кадров : монография / М.П.Лапчик. — Омск : Изд-во ОмГПУ, 2007. -
Левченко И. В. Общие вопросы методики обучения информатике в средней школе / И. В.Левченко, Н. Н.Самылкина. — М. : МПГУ, 2003. -
Матвеева Н.В. Обучение информатике во втором классе : метод, пособие / Н. В. Матвеева, Н. К. Конопатова, Л. П. Панкратова. — М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2004. -
Махмутов М.И. Современный урок / М. И. Махмутов. — М. : Педагогика, 1985. -
Мацуца К. И. Использование аудиовизуальных средств обучения на уроках информатики / К. И. Мацуца // ИНФО. — 2006. — № 7. -
Методические рекомендации по оборудованию и использованию кабинетов информатики, классов с персональными электронно-вычислительными машинами или видеодисплейными терминалами в учебных заведениях системы общего среднего образования / ИИО РАО // ИНФО. — 2000. - № 10. -
Минченко М. М. Формирование единого школьного информационного пространства: концептуальная основа и опыт реализации / М.М.Минченко, Т.В.Трунова// ИНФО. - 2005. — № 11. -
Новиков Д. А. Статистические методы в педагогических исследованиях / Д. А. Новиков. — М. : МЗ-Пресс, 2004. -
Оспенникова Е.В. Информационно-образовательная среда и методы обучения / Е.В. Оспенникова // Школьные технологии. — 2002. — № 2. -
Оценка качества подготовки выпускников основной школы по информатике / [А.А.Кузнецов, Jl.Е.Самовольнова, Н.Д.Угринович и др.]. - М.: Дрофа, 2000. -
Педагогика : учебник / под ред. J1. П. Крившенко. — М.: ТК Велби ; Проспект, 2005. -
Педагогика : учеб. пособие для студ. пед. вузов и пед. колледжей / под ред. П. И. Пидкасистого. — М.: Пед. общество России, 2005. -
Педагогико-эргономические условия безопасного и эффективного использования средств вычислительной техники, информатизации и коммуникации в сфере общего среднего образования / ИИО РАО // ИНФО. - 2000. - № 4, 5, 7. -
Перечни технических средств, учебно-наглядных пособий и мебели для кабинетов вычислительной техники // ИНФО. — 1986. — № 1. -
Письмо Департамента государственной политики в образовании № 03-417 от 01.04.2005 «О Перечне учебного и компьютерного оборудования для оснащения общеобразовательных учреждений» (www.mon. gov.ru/stat/?rubric_id=528&page=12; www.egida.nios.ru/ikt/ npb/7.doc). -
Подласый И. П. Педагогика. Новый курс. В 2 кн. Кн. 1. Общие основы. Процесс обучения : учебник для студ. высш. учеб. заведений / И. П. Подласый. — М.: ВЛАДОС, 2004. -
Политика в области образования и новые информационные технологии: Нац. доклад РФ на II Междунар. конгр. ЮНЕСКО «Образование и информатика». Москва, 1—5 июля 1996 г. // ИНФО. — 1996. — № 6. -
Положение о кабинете вычислительной техники всех типов средних учебных заведений // ИНФО. — 1990. — № 3. -
Постановление Главного санитарного врача Российской Федерации от 28.11.2002 № 44 «О введении в действие санитарно-эпидемиологических правил и нормативов. СанПиН 2.4.2. 1178-02» (http:// prof.consultant.ru/). -
Постановление Главного санитарного врача Российской Федерации от 03.11.2003 № 118 «О введении в действие санитарно-эпидемиологических правил и нормативов. СанПиН 2.2.2. 1340-03» (http:// prof.consultant.ru/). -
Проект на уроках информатики. — М.: Образование и Информатика, 2006 (Библиотека журнала «Информатика и образование»). -
Проект федерального компонента Государственного образовательного стандарта начального общего, основного общего и среднего (полного) образования. Образовательная область «Информатика» / авт. коллектив под рук. А. А. Кузнецова // ИНФО. — 1997. — № I. -
Ракитина Е.А. Сборник типовых задач по информатике / Е. А. Ракити- на, С. А. Бешенков, И. В. Галыгина. — М.: Образование и информатика, 2005. -
Роберт И В. Теория и методика информатизации образования (психолого-педагогический и технологический аспекты) / И. В. Роберт. — М. : ИИО РАО, 2007 -
Селевко Г. К. Педагогические технологии на основе дидактического и методического усовершенствования УВП / Г. К.Селевко. — М.: НИИ школьных технологий, 2005. -
Селевко Г. К. Учитель проектирует компьютерный урок / Г. К. Селевко // Народное образование. — 2005. — № 8. -
Сергеев А. Н. Использование компьютерных технологий в проект- но-исследовательской деятельности учащихся / А.Н.Сергеев // Педагогическая информатика. — 2005. — № 5. -
Сластенин В. А. Педагогика : учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, Е.Н.Шиянов ; под ред. В. А. Сластенина. — М.: Изд. центр «Академия», 2004. -
Стандарт основного общего образования по информатике и ИКТ. Программы для общеобразовательных учреждений: Информатика. 2 — 11 классы. — М. : БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005. -
Требования к знаниям и умениям школьников. Дидактико-мето- дический анализ / под ред. А. А. Кузнецова. — М. : Педагогика, 1987. -
Уваров А. Ю. На пути к общедоступной коллекции цифровых образовательных ресурсов / А. Ю.Уваров // ИНФО. — 2005. — № 7. -
Усенков Д. Ю. Школьная доска обретает «разум» / Д. Ю. Усенков // ИНФО. - 2005. - № 12. -
Учитель-тьютор в контексте информационной среды школы : пособие для системы доп. проф. образования / |А. К. Капитанская, А. А. Елизаров, Д. Ю. Гужеля и др.]. — М. : Федерация интернет Образования, 2005. -
Фридман Л. М. Теоретические основы обучения математике : пособие для учителей, методистов и педагогических высш. учеб. заведений / Л.М.Фридман. — М. : МПСИ: Флинта, 1998. -
Харламов И. Ф. Педагогика : учеб. пособие / И.Ф.Харламов. — М. : Гардарики, 2005. -
Хуторской А. В. Современная дидактика : учебник для вузов / А. В. Хуторской. — СПб. : Питер, 2001. -
Челышкова М. Б. Теория и практика конструирования педагогических тестов : учеб. пособие / М. Б.Челышкова. — М. : Логос, 2002. -
Шамова Т. И. Управление образовательными системами : учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / Т. И. Шамова, П.И.Третьяков, ц. П. Капустин ; под ред. Т. И. Шамовой. — М. : ВЛАДОС, 2001. -
Энциклопедия учителя информатики // Информатика : еженед. прил. к газ. «Первое сентября». — 2007. — № 11. -
Юцявичене П. А. Принципы модульного обучения / П. А. Юцявичене // Советская педагогика. — 1990. — № 1. -
Юцявичене П.А. Создание модульных программ / П. А. Юцявичене // Советская педагогика. — 1990. — № 2. -
Якиманская И. С. Разработка технологии личностно-ориентированно- го обучения / И.С.Якиманская // Вопросы психологии. — 1995. — № 2. -
Сағымбаева А.Е. Информатика мұғалімдерін оқушылардың білімін бақылау мен бағалауға дайындау. Монография. -Алматы, 2009. - 223 б. -
Сағымбаева А.Е. Информатика пәні бойынша бақылау тапсырмалары. Оқу құралы Алматы, 2009. -124 б. -
Сағымбаева А.Е., Балықбаев Т.О. Педагогикалық тестілеу теориясы. Түсіндірмелік сөздік. Оқу-анықтамалық құрал. –Алматы, 2009. -68 б. (пен авторлық бірлестікте) -
Нұрбекова Ж.К., Сағымбаева А.Е., Абилдинова Г. Методика разработки заданий по программированию. Учебное пособие. –Павлодар, -2010. -94 с. -
Сағымбаева А.Е., Даниярова Н. Мектеп информатика пәні бойынша бақылау тапсырмаларының типтері //Магистратура және PhD докторантура институтының еңбектері. Алматы. 17-шығуы, 2013, Б.233-235. -
Сағымбаева А.Е., Сатылғанов М. Информатикадан бейімделген бақылау жүйесін жасаудың бір әдісі //Магистратура және PhD докторантура институтының еңбектері. Алматы. 17-шығуы, 2013, Б.238-242. -
Сағымбаева А.Е., Аккасынова Ж.MS Word мәтіндік редакторы ортасында тест тапсырмаларын жасаудың бір әдісі // Труды І международной научно-практической конференции «Интеллектуальные информационные и коммуникационные технологии-средство осуществления третьей индустриальной революции в свете стратегии «Казахстан-2050»». -Астана, 2013. Б.206-210. -
Сағымбаева А.Е., Байгазиева Р. Тест тапсырмаларын құрастыру тәсілдері мен бақылау нормалары. // Akpinar. –Yil:7 Sayr 42/ Kasim-Aralik 2013. Б.68-72. -
Сағымбаева А.Е., Байгазиева Р. Информатика сабағында АКТ-ны қолдана отырып оқушылар білімін бақылау жүйесі. //-Akpinar. –Yil:7 Sayr 42/ Kasim-Aralik 2012. Б.82-87. -
Сағымбаева А.Е., Срабекова Н. Білімді тестік бақылауда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері // Ізденіс-Поиск. Гуманитарные науки. -Алматы. 2012. №2(1). Б.35-41.
8-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫ ҚОСЫМША ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар.
Жалпы білім беретін мектепте әр уақытта оқытудың дәстүрлі түрлерінен басқа үнемі түрлі үйірмелер, клубтар, сонымен қатар олимпиадалар мен конкурстар қолданылды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қосымша оқу-зерттеу жұмыстарының әр түрлерін қолдану оқытудың маңызды компоненті, ал көп жағдайда – дамыту және тәрбиелеу болып табылды. Балаларды қосымша оқыту мектеп қабырғасында ғана емес, басқа да әртүрлі қосымша (мектептен тыс) білім беретін мекемелерде, атап айтсақ, сарайлар, орталықтар, мектептер, студиялар, балаларды сауықтыру-бiлiм беру лагерьлерінде және т.б. іске асырылады. Балаларды қосымша (мектептен тыс) оқыту жүйесі әлемде ұқсас емес отандық білім бер жүйесінің дәстүрі болып табылады.
Қосымша оқытудың қазіргі заманғы түсінігі – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудың көмегімен оқыту мен тәрбиелеудің мақсатқа сай үдерісі, қосымша білім беру қызметін көрсету және білім-ақпараттық іс-әрекетті негізгі білім беру бағдарламаларының ауқымынан тыс мемлекеттің, қоғамның, адамның қызығушылықтарын ескере отырып іске асыру. Балаларды қосымша оқытудың негізгі мақсаты тұлғаны, оның әр түрлі бағыттағы танымға деген мотивациясын және шығармашылық іс-әрекетін дамыту деп есептеуге болады.
Балаларды қосымша оқыту келесі принциптерге сәйкес іске асырылады:
-
балалардың өзіндік қызығушылығына, бейіміне және қабілетіне сәйкес қосымша білім беру мекемелері мен қосымша білім беру бағдарламаларын еркін таңдап алуы; -
балалардың әр түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыратын қосымша білім беру бағдарламаларының әр алуандығы; -
қосымша білім берудің үздіксіздігі, қосымша білім беру бағдарламаларының сабақтастығы, меңгеру үдерісінде оларды үйлестіру және түзету мүмкіндіктері; -
баланың жеке дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау; -
балалар мен педагогтардың шығармашылық ынтымақтастығы; -
балалардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын сақтау.
Балаларға қосымша білім беру мемлекеттік стандартқа бағынбайды. Оның мазмұны балалардың, ата-аналардың, басқа әлеуметтік институттардың әлеуметтік тапсырыстарымен анықталады. Қосымша білім беру бағдарламаларының құндылығы, олар саралап және вариативті білім беруге, баланың мұқтаждығы мен қызығушылығына сәйкес жеке даму бағдарын жасауға мүмкіндік туғызуында.
Қосымша білім беру жүйесінде әр түрлі деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының саны өте көп (500-ден артық): дамытушы, оқытушы, сабақтастырылған, зерттеуші және т.б. олардың көпшілігі компьютер мен әр түрлі программалық жабдықтауды қолдануды ұсынады. Қосымша білі беру бағдарламаларын шартты түрде ұзақтығы мен қиындығына қарай төрт деңгейге бөлуге болады:
-
Іздестіру-диагностикалық білім беру бағдарламалары. Кез -келген жастағы балаларға және уақыты бойынша орташа алғанда жарты жылға есептелген. Олар балалардың қызығушылық бағытын анықтауға мүмкіндік береді. -
Теориялық-бағыттталған білім беру бағдарламалары. Таңдап алынған сала бойынша өз бетімен шығармашылық іс-әрекетке өтуге мүмкіндік береді және 2-3 жыл аралығында іске асырылады. Орта және жоғарғы жастағы оқушыларға арналған. -
Кәсіпке дейінгі (кейде бастапқы кәсіби деп те атайды) білім беру бағдарламалары. Соңында сертификат беріліп, 2-5 жыл аралығында іске асырылады. -
Эвристикалық (ғылыми-зерттеу) білім беру бағдарламалары. Жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып басынан жоғарғы білім алуға бағыттай отырып, 2-9 жыл аралығында іске асырылады.
Жалпы білім беретін мектептерге «Информатика мен есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізу үйірме мен клуб жұмыстарының техникалық бағытын недәуір кеңейтті. Компьютерлік клубтар пайда бола бастады, олар екі бағытта: программалық жабдық пен компьютердің жұмыс істеу принциптерін жан-жақты оқуға тілек білдірушілер үшін, сонымен қатар компьютерлік ойындар әуесқойлары үшін жұмыс істеді. Компьютердің жұмыс істеу принциптерін оқыту алғашқы кезеңде программалау негіздерін оқытуға бұрды, ол программалаушылық бағытты (мектептер мен балалар шығармашылығы орталықтарында «жас программалаушылардың» әр түрлі үйірмелері) дамытуға әкелді. Мектеп информатикасына он жылдан кейін қосымша жұмыстың тағы бір бағыты – қызметтің әртүрлі саласында тиімді жұмыс жасау құралы ретінде компьютерді (ақпараттық және коммуникациялық технологияларды) қолдану қосылды.
Балалар мен үлкендердің жаңа техникаға тәуелді пәнге деген қызығушылығының артуы оқытудың дәстүрлі түріне елеулі әсер етті, клубтар мен үйірмелер сабаққа ұқсас болды. Оқытудың әртүрлі мәселелерін шешуде компьютерді қолдану, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде оқытуды ұйымдастырудың жаңа тиімді түрлерін дамытуға итермеледі. Оқу іс-әрекетінің (жобалар, жеке практикумдар
, ынтымақтастықта оқыту, әр түрлі деңгейдегі оқыту және т.б.) жекеше, топтық және ұжымдық түрін дамытудың жаңа векторын алдық.
2005 жылдан бері балаларды қосымша оқыту мекемелерін ұйымдастыру жергілікті басқару ұйымдарының құзырына кіреді.
8.2 Информатикадан олимпиада мен ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру
Бірқатар дамыған елдерде оқушылардың информатикадан немесе программалаудан ұлттық олимпиадалар өткізеді, ол қазіргі заманғы компьютерлік технологияға маңызды үлес қосатын талантты жастар мен дарынды программалаушыларды анықтаудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Сондықтан олипиадалар компьютерлік технологияның әртүрлі саласында жұмыс істейтін ғалымдар, инженерлер мен кәсіпкерлердің тарапынан, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде жоғары қолдауға ие.
Информатикадан алғашқы олимпиада «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін жалпы білім беретін мектептерге енгізгеннен кейін өте қысқа мерзімде өткізілді және бірден жаппай, өте танымал болды. Информатикадан олимпиадалар жыл сайын өткізіліп тұрады, оның жеңімпаздары сынып бойынша бірінші, екінші, үшінші дәрежелi дипломдармен, грамоталармен, сондай-ақ арнайы және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 13 наурызынан №99 бекіткен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасын өткізу» ережесі туралы бұйрығына сәйкес, олимпиада 4 кезеңде өтеді: 1) бірінші кезең – мектептік, программалау саласы бойынша оқушылар өздерінің қабілеттері мен дағдыларын көрсетулері үшін барлық оқушыларға жаппай мектепте өткізіледі. Бұл жарыс әдетте қараша айында өтеді;
2) екінші кезең – аудандық (қалалық); мектеп олимпиадасының жеңімпаздары олимпиаданың үшінші кезеңіне жіберіледі;
3) үшінші кезең – облыстық (Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ республикалық мектептер дәрежесі облыстық олимпиадаға теңеледі). Іріктеу кезеңіне әр сынып және пән бойынша үшінші кезең жүлдегерлерінің қазылар алқасы үздік деп таныған үш үздік жұмыс жіберіледі;
4) төртінші кезең – республикалық олимпиада Министрлiктiң бұйрығымен белгiленген мерзiмде өткiзiледi [http://daryn.kz].
“Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету” туралы (1996 ж.) Президент Қаулысы Қазақстандағы аса қабілетті балалар және жасөспірімдермен қарқынды түрде жұмыс жүргізудің себепкері болып отыр. Осы Қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 қаулысымен Білім және ғылым министрлігі жанында жаңа ғылыми-құрылымдағы білім беру мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылды [http://daryn.kz]. Бұл орталықта Республикалық олимпиадалар және конкурстар, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, қашықтық олимпиадасы, интеллектуалдық-ойын конкурстар өткізіледі, сонымен қатар, информатиканы сырттай да оқытады, жақсы оқығандарға сертификаттар беріледі. Үздік қатысушыларға «Дарын» бағдарлы жазғы лагеріне жолдама беріледі.