Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 889

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫСӨЗ........................................................................................................

3

1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................

1.1 Бастама......................................................................

1.2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру.....................................................................

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері...........................................................................................

1.7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу.................................................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

ююОқ22мттттттт

2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................

2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................

2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................

ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні........................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б

Әдебиеттер.................................................

3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері

3.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары жайлы.....................................

3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы..................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б

Әдебиеттер...............................................................................................

5-тарау. Оқу пәндерi жүйесiндегi информатика курсының алатын орны және мектептiң базистiк оқу жоспары

5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орыны жайлы мәселелер ........................................................................................................................

5.2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары ......................................................

5.3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

6-тарау. Информатиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың дидактикалық негіздері

6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары

7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................

7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............

7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......

7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері

8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................

8.2 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру…….......................................

8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ

10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................

10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................

10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................

10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................

Практикалық тапсырмалар..............................

Әдебиеттер.....................

11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары

дипломмен марапатталып, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде пайдаланылуға ұсынылды. Сонымен қатар, бүкілодақтық компьютерлендіру бағдарламасына сәйкес аталған университеттің физика-математика және басқа факультеттерінде компьютерлендіру (ДЕКАНАТ-автоматтандырылған басқару жүйесі, ректораттың оқу-тәрбие жұмысын автоматтандыру (кадрлар, аспирантура), кафедра мұғалімдерінің оқу жүктемесін есептеу және т.б. автоматтандырылған басқару жүйелері) жұмыстары жүргізілді.


Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар
Тақырыбы: Орта мектептерде кибернетика элементтерін, программалауды және ЭЕМ-ді енгізу кезеңдері (ХХ ғасырдың 50 ж. ортасы – 80 ж. ортасы.)

Негізгі сұрақтар:

  1. ИЕТН пәнін мектепке енгізудің мақсаты мен міндетінің қалыптасуының алғы шарттарын тарихи талдау.

  2. Оқушылардың алгоритмдік мәдениеті – информатиканы мектепте оқытудың мақсаттарын қалыптастырудың алғашқы базисі ретінде.

  3. Мектеп информатикасының бастапқы тұжырымдамасы (А.П.Ершов және т.б).

  4. Қазақстан Республикасының орта және жоғары оқу орындарында информатиканың пән ретiнде қалыптасуы.

  5. Қазіргі заманғы информатика мұғалімінің даярлығына қойылатын талаптар.


Әдебиеттер

  1. Абрамов С.А., Антипов И.Н. Программирование на упрощенном Алголе. - М.: Наука, 1978.

  2. Алгебра-8. Учебное пособие для средней школы. - М.; Просвещение, 1974 (а также последующие издания 1979, 1982 гг.)

  3. Антипов И.Я. Абстрактная модель ЭВМ для безмашинного обучения элементам программирования //Новыe исследования в педагогических науках. - 1975. – № 12 (XXVI).

  4. Антипов ИЯ. Алгоритмический язык АJIГОЛ-60. - М.: Просвещение, 1975.

  5. Антипов И.Н. Программирование: Учебное пособие по факультативному курсу для учащихся VПI-IX классов. - М.: Просвещение, 1976.

  6. Антипов И.Н. Учебная модель ЭВМ //Математика в школе.

­1977.-№3.

  1. Антипов В.Н., Бальцюк Н.Б., Кудрявцев АД., Щенников В.В. К вопросу преподавания программирования в средней школе //Математика в школе. - 1973. - № 5.

  2. Антипов В.Н., Бальцюк Н.Б., Шварцбурд С.И., Щенни­ков В.В. О включении элементов программирования в школьный курс математики //Математика в школе. - 1974. №4.

  3. Антипов ИЯ., Шварцбурд Л.С. О символике школьного курса математики с точки зрения программирования //Ма­тематика в школе. - 1975. -№ 6.

  4. Бородовский Г.А., Извозчиков В.В., Румянцев И.А., Слуц­кий А.М. Проблемы педагогики информационного общества и основы педагогической информатики //Дидактические ос­новы компьютерного обучения. - Ленинград, - 1989. - С. 3-32

  5. Велихов Е.П. Новая информационная технология в школе //ИНФО.-1986.-№1.

  6. Виленкин Н.Я., Блох А.Я. Изучение дискретной математики в школе //Математика в школе. - 1977. - № 6.

  7. Гейтс Билл. Дорога в будущее / Пер. с-англ. - М.: Издатель­ский отдел «Русская редакция» ТОО «Channel Trading Ltd.», 1996. - 312 с.

  8. Гиглавый А.В., Згут М.А., Кравчук ТЛ. Учим работать с ЭВМ (из опыта работы первого межшкольного учебно­-производственного комбината вычислительной техники Ок­тябрьского района Москвы). Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1984.

  9. Гутер Р.С., Овчинский Б.В., Резниковский П.Т. Программирование и вычислительная математика. - М.: Просвещение, 1965.




  1. Дашевский Л.Н., Шкабара Е.А. Как это начиналось. - М.: Знание, 1981.

  2. Ершов А.П. Программирование - вторая грамотность. - Новосибирск, 1981. (Препринт/ АН СССР. Сиб. отд-ние ВЦ; 293).

  3. Ершов А.П., Звенигородский ГА //ИНФО. - 1987. - №3.

  4. Ершов А.П., Звенигородский Г.А. Зачем надо уметь программировать //Квант. - 1979. - № 9.

  5. Ершов А.П., Звенигородский ГА., JIитерат С.И., Пер­вин Ю.А. Работа со школьниками в области информатики. Опыт Сибирского отделения АН СССР //Математика в шко­ле. - 1981. - № 1.

  6. Ершов А.П., Звенигородский Г.А., Первин Ю.А. Школьная информатика (концепции, состояние, перспективы). - Ново­сибирск, 1979. (Препринт /АН СССР. Сиб. отд-ние ВЦ; 152 с.)

  7. Жалдак М.И., Рамский Ю.С. Программирование на микро­калькуляторах. Пособие для самообразования учителей. ­Киев: Радяньска школа, 1985.

  8. Звенигородский Г.А. Первые уроки программирования. - М.: Наука, 1985.

  9. Звенигородский Г.А. Вычислительная техника и ее применения. - М.: Просвещение, 1987.

  10. Звенигородский Г.А. Программное наполнение системы «Школьница». - Новосибирск, 1987.

  11. Звенигородский Г.А., Первин Ю.А., Юнерман Н.А. Заочная школа программирования (рубрика) //Квант. - 1979. - № 9-11; -1980. -№ 1-3; -1981.-№ 1-3.

  12. Изучение основ информатики и вычислительной техники: Пособие для учителей. Под ред. А.П. Ершова, В.М.Монахо­ва. - М.: Просвещение, 1985. Ч.I.

  13. Изучение основ информатики и вычислительной техники: Пособие для учителей. Под ред. А.П.Ершова, В.М.Монахова. - М,: Просвещение, 1986. Ч.II.

  14. Ионов г.Н. Электронный помощник учителя //Математика в школе. - 1983. - № 5.

  15. Канторович Л.В., Соболев С.Л. Математика в современной школе //Математика в школе. - 1979. - № 4.

  16. Касаткин В.Н. Элементы анализа и синтеза простейших автоматов в школьном курсе математической логики //Мате­матика в школе. - 1964. № 1.

  17. Касаткин В.Н. Программирование как элемент общего образования //Кибернетика. - 1973. - № 2.

  18. Касаткин В.Н. Введение в кибернетику. Пособие для факультативных занятий в 9 классе. - Киев, 1976.

  19. Касаткин В.Н., Верлань А.Ф. Секреты кибернетики. - Киев:Радяньска школа, 1971.



  1. Ковалев М.П., Шварцбурд С.И. Электроника помогает счи­тать: Пособие для учителей. - М.: Просвещение, 1978.

  2. Колмогоров А.Н. Современная математика и математика в современной школе //Математика в школе. - 1971. -№ 6.

  3. Кузнецов А.А. Цифровые вычислительные машины. Учеб­ные материалы для учащихся. - М., 1969.

  4. Кузнецов А.А. Основы кибернетики //Содержание углубленного изучения физики в средней школе. - М.: Педагогика, 1974.

  5. Кузнецов А.А. Изучение факультативного курса «Основы кибернетики» //Сб. «Факультативные занятия в средней школе». - М.: Педагогика, 1978.

  6. Лапчик М.П. Метод блок-схем в программировании. Учебное пособие. - Омск, 1969.

  7. Лапчик М.П. Основы программирования. Учебное пособие для учащихся. - М.: НИИ СИМО АПН СССР, 1972.

  8. Лапчик М.П. Программирование для трехадресной машины. Учебное пособие для математических факультетов педин­ститутов. Подред. проф. А.Л. Брудно. - Омск, 1972. - 96 с.

  9. Лапчик М.П. Проблема формирования алгоритмической культуры школьников. Сообщение 1. Постановка проблемы, выдвижение целей и задач исследования / Новые исследова­ния в педагогических науках. - М.: Педагогика. - 1976. - № 1 (27).- С. 33-36.

  10. Лапчик М.П. Проблема формирования алгоритмической культуры школьников. Сообщение 2. Алгоритмическая культура учащихся: содержание понятия /Новые исследова­ния в педагогических науках. - М.: Педагогика. - 1976. - № 2 (28). - С. 37-41.

  11. Лапчик М.П. Элементы программирования для ЭВМ. Учеб.пособие для студентов физ.-мат. фак. пед. ин-тов. - Омск, 1976.

  12. Лапчик М.П. Обучение алгоритмизации. - Омск, 1977. ­102 с.

  13. Лапчик М.П. Готовить учителей нового типа //ИИФО. ­1987. - № 2.

  14. Лапчик М.П. Информатика и информационные технологии в системе общего и педагогического образования. Моногра­фия. - Омск: Изд-во Омского гос. пед. ун-та, 1999. - 294 с.

  15. Леднев В.С. Содержание образования.-М.: Высшая школа, 1989. – 360с.

  16. Леднев В.С. Годом рождения курса является 1961-й //ИНФО.-1999.- №10.

  17. Леднев В.С., Кузнецов А.А. Начала кибернетики. Учебные материалы для учащихся. - М., 1968.

  18. Леднев В.С., Кузнецов А.А. Перспективы изучения кибернетики в школе //Перспективы развития содержания общего среднего образования. - М., 1974.

  19. Леднев В.С., Кузнецов А.А. Перспективы изучения основ кибернетики в средней школе //Советская педагогика. - 1975. №6. ­

  20. Леднев В.С., Кузнецов А.А. Программа факультативного курса «Основы кибернетики» //Математика в школе. 1975.-№1.

  21. Леднев В.С., Кузнецов А.А., Бешенков С.А. Состояние и перспективы развития курса информатики в общеобразова­тельной школе //ИНФО. - 1998. - № 3.

  22. Ляпунов А.А. О реформе математических программ //Математика в школе. - 1973. - № 2.

  23. Монахов В.М. О специальном факультативном курсе «Программирование» //Математика в школе. 1973. № 2.

  24. Монахов В.М. Программирование. Факультативный курс. Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1974.

  25. Монахов В.М., Лапчик М.П., Демидович Н.Б., Червочки­на Л.П. Формирование алгоритмической культуры школь­ника при обучении математике. Пособие дл учителей. - М.: Просвещение, 1978. - 94 с.

  26. Научно-методические основы информатики и вычислительной техники. Программа подготовки учителей математики и физики средних общеобразовательных школ, преподавате­лей ПТУ и ССУ3 (72 часа). - М.: Ротапринт Минвуза СССР, 1985, 12 с. //В надзаг.: Академия педагогических наук СССР, нии СИМО (составители В.М.Монахов, А.А.куз­нецов, МЛ.Лапчик, Г.Житомирский, М.И.Жалдак, А.Р.Еса­ян, Д.О.Смекалин, З.И.Кузнецов, Г.М.Нурмухамедов и др.)

  27. Научно-методические основы информатики и электронно­вычислительной техники. Программа повышения квалифи­кации организаторов народного образования (60 часов).­М.: Ротапринт Минпроса СССР (составители В.И.Ефимов, МЛ.Лапчик, А.Р.Есаян, В.Г.Житомирский, М.И.Жалдак, Э.И.Кузнецов и др.)

  28. Об использовании микрокалькуляторов в учебном процессе //Математика в школе. - 1982. - № 3.

  29. Обучение в математических школах: Сб. статей /Сост. С.И.Шварцбурд, В.М.Монахов, В.Г.Ашкинузе. - М.: Про­свещение, 1965.

  30. Основные направления реформы общеобразовательной и профессиональной школы: Сб.документов и материалов. ­М.: Политиздат, 1984.

  31. Основы информатики и вычислительной техники: Пробное учебное пособие для средних учебных заведений /Под ред. А.П.Ершова, В.М.Монахова. - М.: Просвещение, 1985. Ч.I.

  32. Основы информатики и вычислительной техники: Пробное учебное пособие для средних учебных заведений /Под ред. А.П.Ершова, В.М.Монахова. - М.: Просвещение, 1986. Ч.П.

  33. Основы информатики и вычислительной техники: Програм­ма средней общеобразовательной школы. Рекомендована Главным управлением школ Министерства Просвещения СССР /Под ред. А.П.Ершова, В.М.Монахова, Л.Н.Пресну­хина //Математика в школе. - 1985. - № 3. С.4-7 (составите­ли А.А.Кузнецов, С.И.Шварцбурд, Г.М.Нурмухамедов, Д.О.Смекалин, Я.Э.Гольц, С.А.Бешенков, В.КБелошапка, Ю.А.Первин, Э.Ю.Красс, Э.И.Кузнецов, М.П.Лапчик, Н.В.Апатова).

  34. Поспелов Д.А. Становление информатики в России /Ин­форматика. Еженедельное приложение к газете «Первое сен­тября». - 1999. - № 19.

  35. Резниковский П.Т., Монахов В.М. Программирование для одноадресных машин. - М.: Просвещение, 1968.

  36. Саградян М.К, Кузнецов Э.И. Обучение элементам программирования на базе электронных клавишных машин //Математика в школе. - 1980. - № 1.

  37. Симонов М.Л., Резник С.М. и др. Обучение программированию и практика на ЭВМ //Линейная алгебра и геометрия (серия «Проблемы математической. школы»). - М.: Просве­щение, 1967.

  38. Шварцбурд С.И. Из опыта работы с учащимися 9 класса, ов­ладевающими специальностью лаборанто-программистов //Математика в школе. - 1960. - №5.

  39. Шварцбурд С.И. О подготовке программистов в средней общеобразовательной политехнической школе //Математи­ка в школе. -1961. -№2.

  40. Шварцбурд С.И. Математическая специализация-учащихся средней школы. Из опыта работы школы № 444 Москвы. ­М.: Просвещение, 1963.

  41. Шварцбурд С.И. Проблемы повышенной математической подготовки учащихся. - М., 1972.

  42. Нақысбеков Б. Адам және компьютер. Алматы: Қазақстан, 1986.

  43. Нақысбеков Б. Жанқалтадағы микрокалькулятор. Алматы: Қазақстан, 1989. –144 бет

  44. Бурин Е.А. Введение в основы информатики и вычислительной техники.

  45. Әбдиев Қ.С., Бекпатшаев М.Ж. Алгоритмдеу негіздері. Көмекші оқу құралы. Алматы, 1993. -81 б.

  46. Нурбекова Ж.К. Практикум решения задач на DELPHI 5.0: Учебно-методическое пособие. –Павлодар, 2001. -106 с.

  47. Әбдиев Қ.С., Сыдықов Б.Д., Нұрғалиева Д.Қ. Компьютемен танысу және алгоритмдеу сабақтары. Абай атындағы АлМУ. – Алматы, 1997, - 61 б.

  48. Каниев Г.К., Хамзина Б. С. Язык программирования Паскаль. Учебное пособие. –Алма-ата, Қазақ университеті. 1992. – С. 100.

  49. Абдиев К.С., Жакупова Ж.Р. Поурочные разработки по разделу «Основы алгоритмизации» школьного курса информатики. Методические рекомендации. – Алматы, 1996. -60 с.

  50. Әбдиев Қ.С., Искакова А.С. «Электроника МК-46» микрокалькуляторында жұмыс істеу ережелері. Әдістемелік нұсқау. Целиноград. 1988. -18 б.

  51. Боранбаев С.Н., Сейтенов С.М., Қатарбаев Х.Д. Бейсик тіліне кіріспе. Әдістемелік нұсқау. Алматы. 1991. -19 б.

  52. Мұратбеков М., Мүсілімов Б. Микрокалькуляторлар. Әдістемелік талдау. Алматы. 1989. –39 б.

  53. Бидайбеков Е.Ы., Досмаилов Т.Қ.. Е-практикумда жұмыс істеу. Оқу құралы. Алматы. 1993. – 49 б.

  54. Информатика мен есептеуіш техника негіздері. 1 бөлім. (Байқау оқу құралының аудармасы).- Алматы: Мектеп, 1985. –80 б. (арнайы редактор Е. Ы. Бидайбеков)

  55. Информатика мен есептеуіш техника негіздері. 2 бөлім. (Байқау оқу құралының аудармасы). - Алматы: Мектеп, 1986. –112 б. (арнайы редактор Е. Ы. Бидайбеков)

  56. Информатика мен есептеуіш техника негіздері оқыту. 2 бөлім. (Байқау оқу құралының аудармасы). - Алматы: Мектеп, 1986. –192 б. (арнайы редактор Е. Ы. Бидайбеков)

  57. Информатика мен есептеуiш техника негiздерiн оқыту. II бөлім. (Аударма. Арнайы редактор Бидайбеков Е.Ы.).- Алматы: Мектеп, 1988.

  58. ЭЕМ қалай жұмыс iстейдi? (Оқу құралының аудармасы). - Алматы: Мектеп, 1989.

  59. Е.Ы.Бидайбеков, А.С. Искакова. MSX-BASIC-пен Алғашқы танысу. I–бөлiм: (Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау). - Целиноград, 1989.

  60. Бидайбеков Е.Ы., Искакова А.С. MSX-BASIC-пен Алғашқы танысу. II–бөлiм: (Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау). - Целиноград, 1989.

  61. Бидайбеков Е.Ы., Искакова А.С. MSX-BASIC-пен Алғашқы танысу. III –бөлiм: (Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау) – Целиноград, 1989.

  62. Бидайбеков Е.Ы., Ниязбаев А., Медеуов Е.У. Информатика бастамалары (алгоритмдеу): Әдістемелік нұсқау. - Алматы: РОМК, 1990.

  63. Бидайбеков Е.Ы., Блялов Ш., Григорьев С.Г. Термины информатики (англо-русско-казахский терминологический словарь). – Алматы: Бiлiм, 1998. - 218 с.

  64. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Талпаков Н.А. Логикалық бағдарламалау (Пролог-Б): Қазақ тіліндегі оқу құралы. - Алматы: Бiлiм, 1998.- 102 б.

  65. Лукьянов А.Т. О структуре курса математического моделирования задач естествознания для учащихся средних школ //Материалы 6 учебно-метод. Конференции проф.-преп. состава КазГУ посвящ. ХХV съезду КПСС. –Алма-Ата, 1976.

  66. Лукьянов А.Т. Применение малых ЭВМ для проведения лабораторных занятий в средней школе с математическим уклоном //Тезисы докладов 2-Всесоюзной конференции «Применение в учебном процессе и метод. обеспечение малых ЭВМ». –Обнинск, 1976. С.132




2-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ
2.1 Информатика ғылым және оқу пәні
Информатика ғылым ретінде өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болып, қалыптаса бастады. Информатиканың зерттеу саласы - ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттері, сонымен қатар ақпаратты іздеу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, тарату мен адам қызметінің алуан түрлі салаларына пайдалану үдерістеріне байланысты мәселелер. Ақпараттың ауқымды көлемі мен ағымдарын өңдеу автоматтандырусыз және коммуникация жүйелерінсіз мүмкін емес, сондықтан да электрондық есептеу машиналары мен заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатиканың iргелi ядросы да, материалдық базасы да болып табылады.

“Информатика” термині (бірінші азат жолда қолданылғандай мағынада) әдебиеттерде кейінгi кезде ғана пайдаланылуда, оның үстіне оның түсіндірмесін әлі күнге дейін қалыптасып, қабылданған деуге болмайды. “Информатика” ұғымының (сол сияқты одан туындаған ұғымдар) өз мәніне байланысты терминологиялық және ұғымдық қиыншылықтар әлі күнге дейін шешілген жоқ. Электрондық есептеуіш машиналардың пайда болған уақытынан басталатын мәселе тарихына көшейік.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кибернетика әр түрлі - жасанды, биологиялық, әлеуметтік табиғатты жүйелердегі басқару мен байланыс туралы жалпы ғылым ретінде қарқынды дами бастады.

Кибернетиканың пайда болуын, әдетте, 1948 жылы америка математигі Норберт Винердің «Кибернетика немесе жануарлар мен машинадағы байланыс пен басқару» кітабының шығуымен байланыстырады. Осы жұмыста басқарудың жалпы теориясын жасаудың жолдары көрсетіліп, әр түрлі жүйелер үшiн басқару және байланыс проблемаларын бір тұрғыдан қарастыру әдістерінiң негiзi қаланған. Кибернетика электрондық есептеу машиналарының өрлеуімен бірге дами отырып, уақыт өте ақпаратты түрлендiру туралы жалпы ғылымға айналды. Кибернетикада ақпарат деп қандай-да бiр жүйенiң қоршаған ортадан қабылданатын (Х кiру ақпараты), қоршаған ортаға берілетiн (Y шығу ақпараты), сонымен қатар өзiнде сақталатын (Z iшкi, ішкі жүйелiк ақпарат) сигналдардың, әсерлердiң немесе мәліметтердің кез келген жиынтығы түсініледі (1-сурет).




1-сурет.
Кибернетиканың дамуы елімізде тартысты кезеңдерді басынан өткізді (Кеңес Социалистік Республикалар Одағында информатиканың қалыптасуы туралы толық мәлiметтер мен фактiлер Д.А.Поспеловтың [31] мақаласында жеткiлiктi келтiрiлген). Кеңес Одағында кибернетиканың ресми мойындалуына көп еңбек еткен А.И.Берг 1960 жылдардың басында былай деп жазды: «…1955-57 жылдары, тіпті, одан кейін де әдебиеттерде кибернетиканың маңыздылығы мен мүмкіндіктерін бағалауда үлкен қателiктер жіберілді. Бұл ғылымның біздің елімізде дамуына үлкен зиян келтіріп, көптеген теориялық қағидалар мен электрондық машиналар жасауды тежеуге алып келдi” [4]. «Қысқаша философиялық сөздiктiң» (1954) төртінші басылымында кибернетикаға «АҚШ-та екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және басқа капиталистік елдерде де кең дами бастаған реакциялық жалған ғылым, қазiргi кездегi механизмнің түрі» деген анықтама берiлгендiгiн айту жеткiлiктi [33]. Таза идеологиялық мотивтерден басқа, бұл құбылыстың себебі, біріншіден жаңа өте жақсы дамып келе жатқан ғылымды «классикалық» бағыттағы жеке оқымыстылардың бағаламауы болса, екіншіден - әртүрлi салалардағы кибернетиканың нақтылы мәселелерiн белсендi түрде жасаудың орнына, бұл ғылымды дискредитациялап (сенімсіздендіріп), оның шексiз мүмкiндiктерi туралы жартылай фантастикалық болжамдарға алып сатарлық жол берушілердің шамадан тыс бос сөзділігі.


Бірақ, идеологиялық кедергілерден құтылып, ғылым ретінде мойындалғаннан кейін де (1959 жылы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ғылым Академиясында “Кибернетика” кешендi мәселесi бойынша Ғылыми кеңес құрылды) кибернетика үшiн қиыншылықтар азайған жоқ. Өйткені, кибернетиканың дамуы ұзақ уақыт бойы үлкен мемлекеттік жобаларды жүзеге асырудағы сәтсіздіктерімен қатар жүрді. Осы мәселемен ары қарай танысқысы келген оқырмандарға мамандардың бағалауына сілтеме жасай отыра, келтірілген 1980 жылдардың ортасында қалыптасқан жағдайларға шолуды [13] ұсынамыз.

Енді кибернетика негізінде информатиканың қалыптаса бастауы туралы мәселеге терминологиялық тұрғыдан келейік. «Кибернетика» термині пайда болғаннан кейін дүниежүзілік ғылымда «ComputerScience» (компьютерлiк ғылым) ағылшын сөзі пайдалана бастады. Бұл термин қазір де АҚШ, Канада және кейбір латын-америкалық континентi елдерінде компьютерлер мен телекомуникациялық жүйелер көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау, тарату үдерістерін зерттейтін ғылым мен оқу пәнінің аттары ретінде кең тараған [11].

Сәл кейінірек ХХ ғасырдың 1960-1970 жылдар аралығында француздар «informatigue» (информатика) терминiн, яғни француздың «informatione» (информация) және «avtomatigue» (автоматика) деген сөздерінен құралатын терминді енгізді. Жаңа термин Кеңес Социалистік Республикалар Одағында (демек, кейін ТМД елдерінде), Батыс Еуропа елдерiнде кеңiнен тарай бастады. Ертеректе (шамамен 1960 жылдар ортасында) орыс тілінде «информатика» терминінің қолданылуы ғылыми-техникалық ақпараттың нақты саласы мен документалистикаға байланысты болғанын айта кеткен жөн[25]. Үлкен Кеңестiк энциклопедияда информатика «ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, онымен қоса оны құру, түрлендіру, тарату және адам қызметінің әр түрлі саласында пйдалану заңдылықтарын зерттейтiн пән» деп қарастырылды [26]. Осындай анықтама информатиканы кітапханатанумен, библиографиямен, құжаттар массивінен ақпарат іздеу әдістерімен байланыстырды. Осы мақсатпен 1952 жылы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы ҒА-да Ғылым ақпарат Институты құрылды, кейіннен Бүкiлодақтық ғылыми және техникалық ақпарат институты (БҒТАИ) болып өзгерді.

Академик А.П.Ершов 1970 жылдардың екiншi жартысында жоғарғы оқу орындарына арналған информатика курсы бойынша оқу құралы мен есептер жинақтарын [2,1] неміс тілінен аударғаннан кейін отандық әдебиеттерде “информатика” терминiнің осы бағытпен қатар және одан тәуелсіз басқа түсіндірмесі кеңiнен тарай бастады. Информатика терминінің мағынасын (1983 жылы КСРО Ғылым Академиясының құрамынан жаңа – информатика, есептеу техникасы мен автоматтандыру бөлімінің ашылуына байланысты) түсіндіре келе А.П. Ершов бұл терминнің орыс тіліне ақпаратты тарату мен өңдеу үдерістерiн оқытатын iргелi жаратылыстану ғылымының аты ретiнде енетіндігін баса айтты. Бұлай анықталуында информатика философиялық және жалпы ғылыми категориялармен тікелей байланыстырақ болады да, оның «дәстүрлі» академиялық ғылыми пәндер» арасындағы орны айқындалады.