Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 916
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
Төменде информатиканың пәндiк саласының құрылымы берiлген.
Информатиканың iргелi негіздері:
-
Теориялық информатика
-
Ақпарат материяның семантикалық қасиеті ретінде. -
Ақпарат пен эволюция тірі және өлі табиғатта. -
Жалпы ақпараттар теориясының бастамасы. Ақпаратты өлшеу әдістері. Макро және микроақпарат. -
Математикалық және ақпараттық модельдер. -
Алгоритмдер теориясы. -
Информатикадағы стохастикалық әдістер. Есептеу экспериментi ғылыми зерттеу әдістемесі ретінде. -
Ақпарат және білім. Интеллектуалдық үдерістер мен ақпараттық жүйелердiң семантикалық аспектілерi. -
Жасанды интеллекттiң ақпараттық жүйелерi. -
Бiлiмді өрнектеу әдiстерi. -
Таным және шығармашылық ақпараттық үдеріс ретiнде. -
Ақпараттық жүйелер мен технологияларды жобалау мен жасаудың әдiстерi мен теориясы.
-
Ақпараттандыру құралдары
Техникалық құралдар
2.1. Мәлiметтердi өңдеу, бейнелеу және берудiң техникалық құралдары:
-
Дербес компьютерлер. Жұмыс станциялары. Ақпаратты енгiзу/шығару және бейнелеу құрылғылары. -
Аудио және бейне жүйелер, мультимедиа жүйелерi. -
ЭЕМ желiлерi. Байланыс құралдары және компьютерлiк телекоммуникациялық жүйелер.
Технологияларды программалық жүзеге асыру
2.2. Жүйелiк программалық құралдар:
-
Операциялық жүйелер мен орталар. Программалау тiлдерi және жүйелерi. Сервистiк мұқабалар, пайдаланушылар интерфейсiнiң жүйелерi. Компьютераралық байланыстардың программалық құралдары (теле қолжетімдік жүйелері), есептеу және ақпараттық орталар.
2.3. Әмбебап программалық құралдар:
-
Мәтiндiк және графикалық редакторлар. Мәлiметтер қорын басқару жүйесi. Электрондық кестелердiң процессорлары. -
Объектiлердi, үдерістердi, жүйелердi модельдеу құралдарды. -
Ақпараттық тiлдер және мәлiметтер мен бiлiмдi бейнелеудiң форматтары, сөздiктер, классификаторлар, тезаурустар. -
Ақпаратты жойылудан және рұқсатсыз пайдаланудан қорғау құралдары.
2.4. Мамандыққа бағдарланған құралдар:
-
Баспаханалық жүйелер. -
Есептесудi, жобалауды, мәлiметтердi өңдеудi (есеп беру, жоспарлау, басқару, талдау, статистикаларды және т.б.) автоматтандыру технологияларын жүзеге асыру жүйелері. -
Жасанды интеллект жүйелерi (бiлiм қоры, сараптық жүйелер, диагностикалық, оқытатын және т.б.).
3. Ақпараттық технологиялар
-
Мәлiметтердi енгiзу/шығару, жинау, сақтау, беру және өңдеу. Мәтiндiк және графиктiк құжаттарды, техникалық құжаттарды дайындау. -
Әртектi ақпараттық ресурстарды интеграциялау мен ұжымдық пайдалану. -
Ақпараттарды қорғау. -
Программалау, жобалау, модельдеу, оқыту, диагностикалар, (объектiлердi, үдерістердi, жүйелердi) басқару.
4. Әлеуметтiк информатика
-
Ақпараттық ресурстар қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуының негiзi ретiнде. -
Ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және өзектi мәселелерi. Қоғамның ақпараттық инфрақұрылымы. Ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерi. -
Ақпараттық қоғамда жеке тұлғаның дамуының жаңа мүмкiншiлiктерi. Ақпараттық қоғамдағы демократияландыру мәселелерi және оларды шешу жолдары. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетi және ақпараттық қауiпсiздiгi.
Білім беру саласы үшiн информатиканың ғылыми бiлiм саласының барлық iргелi негiздерiн қамтитын пәндiк аумағының мейлінше дәл анықтамасы маңызды. Осы келтiрiлген “Информатиканың” пәндiк облысының құрылымы ЮНЕСКО-ның “Бiлiм беру және информатика” II Халықаралық Конгресiнде ұсынылған [30].
Бұл құрылым төрт бөлімдi қамтиды: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік информатика. Теориялық информатика информатиканың философиялық негізгі, математикалық және ақпараттық модельдеу мен алгоритмдер, ақпараттық жүйелер мен технологияларды жобалау және жасау әдістерін қамтиды. К.К.Колин айтқандай: “курс құрамына қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтiк-экономикалық аспектiлерiн зерттейтiн, яғни қоғамның дамуына байланысты алдыңғы орынға қойылатын және көкейкестi болып табылатын мәселелер ең алғаш рет енгiзiлдi. Сондықтан, «ақпараттық ресурстар», «ақпараттық инфрақұрылым» және «қоғамның ақпараттық ортасы», сонымен қоса оның «ақпараттық потенциалы»” және “ақпараттық қауiпсiздiгі” сияқты маңызды ұғымдар информатиканың негізгі курсын ынтамен оқып жатқан тыңдаушыларға тамаша қолжетімді материал болмақ. Бұл қоғамды ақпараттандырудың ауқымды үдерістері оның әлеуметтік және экономикалық құрылымына, адамның қоғамдағы орны мен рөлiне мейлiнше белсендi әсер етіп жатқан жағдайда өте маңызды» [11, 80-б.].
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні
Мектепте оқытылатын информатика пәні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының мазмұнын құрайтын сан алуан мәліметтердің бәрін қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пәнi ретiнде жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мәнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен мәліметтерді-ұғымдарды қамтып, мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негiзiн оқып үйрену үшiн, сонымен қатар жастарды заманауи ақпараттық қоғамдағы болашақ қызмет пен өмірге дайындауға қажет бiлiммен, біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыруы тиіс.
Осы заманғы дидактика жалпы бiлiм беру мазмұнын қалыптастыру принциптерiнен ғылым логикасы мен оқу пәнiнің бiрлiгi және қарама-қайшылығы принципiн ерекше атайды. Осыған байланысты Б.Т. Лихачев айтқандай, «ғылым логикасы мен оқу пәнін құрастырудың бірлігі мен қарама-қайшылық идеясы ғылымның қайшылықтармен дамитындығына негізделген. Ол ескішілдіктер қат-қабатын бұза өзіне жол ашып, алға қарай секіріс жасайды, орнында табандап, тіпті, артқа да шегiнедi.
Оқу пәні мазмұнының педагогикалық логикасы осы ғылымның негізгі категорияларының, ұғымдарының даму логикасын ескередi. Сонымен бiрге педагогтар мен психологтар материалды меңгеруде оқушылардың жас ерекшелiктерiнiң ескерiлуiнiң қажеттiлiгiн жетекшілікке алып, оны абстракциядан нақтыға өршіту сияқты, нақтыдан абстракцияға өршіту негiзінде ұйымдастырады» [23, 378-б.]. Осы жағдайға байланысты мектеп оқу пәні информатиканың қалыптасу үдерісіне информатиканың жеке ғылым саласы ретiнде пайда болуы мен жаппай жалпы бiлiм беретiн орта мектепте жаңа пән ретiнде енуінің арасы шамамен 10-15 жыл - мейлінше өте аз мерзiм екендігінің әсері болатындығын атап өтуге тура келеді. Сол себептен мектеп информатика курсының мазмұнын анықтау жәй қарапайым мәселе болмай шығып, тіпті оны жеке пән ретiнде енгiзудiң өзi дау тудырды. Бұл пәннiң мектепке енгiзiлуiне бiрқатар шетел және отандық ғалымдар қарсы пiкiр айтып, бұл жолдың жалғыз және даусыз еместігіне назар аударды [29, 34]. Мәселе қорытындылай келгенде мынада: жалпы білім беретін жаңа білімде жалпы білім беретін мектеп үшiн жеке оқу пәнiн құрайтындар көп пе, немесе барлық мектеп пәндерiнiң мазмұны мен оқыту технологиясымен үздіксіз байланыста болатындар көп пе? [42].
Бұл сұраққа жауап беру үшін В.С. Леднев жасаған [19, 20] жалпы орта білім беру мазмұнын дамыту мәселесiнің жалпыдидактикалық талдауына жүгінейік. Өткен ғасырдың, тіпті, 60-жылдардың басында басталған ұзақ теориялық және эксперименттік зерттеулер нәтижесінде кибернетикалық білімнің iргелi негізі жалпы мектептiк білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болуы тиіс екендігі анықталып, бұл мәселенi шешу үшін мектеп пәндері жүйесіне жеке оқу курсын енгізу қажет болды. Жаңа бiлiмнiң жалпы кибернетикалық табиғатына сүйене отырып, В.С.Леднев өз зерттеуінің басынан-ақ жаңа мектеп пәнін атау үшiн «кибернетика» терминін пайдаланды, бірақ бұл жағдай аталмыш қарастырылым үшін маңызды емес деп санауға болады. Осы мәселенiң мәнін толығырақ ашайық [22, 18, 21].
Кибернетиканың басқарудың ақпараттық үдерістерінің ортақ заңдылықтарын қарастыратын ғылым ретінде пайда болуы қоршаған ортаны тануда маңызды қадам болып табылды. А.П. Ершов айтқандай, «зат пен энергия бірлігінің табиғаты анықталғаннан кейін ақпараттың бірыңғай табиғатын түсіну әлемнің материалдық бірлігін ұғынуға деген маңызды қадам болды» [8, 30-б.]. Осы сияқты материалдық жүйелерді ұйымдастырудың – физикалық (заттық-энергетикалық) және кибернетикалық (антиэнтропиялық) екi түрi туралы жалпы ғылыми түсініктерге сүйене отырып, В.С. Леднев ғылымның екi қатарын талдайды [20, 85-б.]:
-
материяның заттық–энергиялық ұйымдастырылуын (құрылымын) зерттейтін ғылымдар (химия, космология, физика); -
материяның кибернетикалық (антиэнтропиялық) ұйымдастырылуын (құрылымын) зерттейтін ғылымдар (кибернетика, биология, антропологиялық ғылымдар кешенi, қоғамтану, техникатану).
Бұл ретте, физика мен кибернетика (әрқайсысы өз тобында) ақиқатты зерттеудiң мейлiнше жалпы заңдылықтарын, сәйкесiнше, заттық-энергетикалық және кибернетикалық тәсілдерін зерттейтiн аспектiлi ғылым саласына жатады. Осы негiзде жалпы орта бiлiм беру мазмұны құрылымының тұжырымдамасы да қалыптасады. Осы тұжырымдама бойынша, дербес жағдайда, қоршаған әлемді ұйымдастыратын екi негізгі аспектіні зерттейтiн жалпы бiлiм беретiн оқу пәндерiнiң заттық–энергетикалық және кибернетикалық-ақпараттық екi тобы ерекшеленеді. Бұл пәндер тобының әрқайсысы өз жүйе құрушы элементтерiмен қоса жүйе болып табылады. Заттық-энергетикалық аспекті жағдайында жүйе құраушы пән физика, ал кибернетикалық-ақпараттық аспекті жағдайында жүйе құраушы пән кибернетика (информатика) болып табылады. Әлемнiң кибернетика-ақпараттық суреттемесі, іс жүзінде, мектептегi барлық пәндермен қалыптастырылады, бірақ тек кибернетика (информатика) курсы ғана оқушылардың алған бiлiмдерiн қорытындылап жалпылай алады, яғни жүйе құраушы фактор ретiнде көріне алады [22].
Сонымен, жоғарыда сипатталған әлемнiң ғылыми суреттемесінiң тұжырымдамасына сүйене отырып және мiндеттi оқу пәндерiнiң жиынтығы екi фактормен – iс-әрекеттiң жалпылама құрылымы мен зерттеу объектiсiнiң құрылымы арқылы болжана анықталатындығынан [20, 108-109 б.]. В.С. Леднев құрамына кибернетикада енетiн жалпы білім беретін оқу пәндерінің мiндеттi тiзiмi туралы негізделген қорытынды жасайды. Бұл кезде жоғарыда көрсетілген екi фактор жалпы орта бiлiм беру құрылымының тұрақтылығын түсiндiретiн объективті сипатқа ие болады. Бұл құрылымда жаңа орнықты пәндердiң пайда болуы әлемнiң ғылыми суреттемесіндегі елеулі өзгерiстер мен iс-әрекеттiң үстем (басыңқы) түрінің ауысуы салдарынан болуы мүмкін. Ең есте каларлығы, кибернетика (информатика) курсы – XX ғ. туған жалғыз ғана жалпы білім беретін жаңа оқу пәні, ал қалған оқу пәндері жалпы білім беру саласы үшiн XIX ғасырдың жемiсi болып табылады.