Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 312
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Баладағы дизартрияны түзетуде ойын мен жаттығуларды қолдану жолдары
1 Теориялық бөлім. Дизартрияға физиологиялық сипаттама және бала тіліндегі дизартрияның көріністері
1.1.Сөйлеу тілінің даму кезеңдері
1.2.Дизартриясы бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі
1.3.Дизартриясы бар балалардың сөздік қорының дамуы
Тарау ІІ. Дизартриясы бар балаларды ойын арқылы оңалту және эксперименттік негіздеме
Дизартриясы бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме беруде балалар тобының біртектіліксіздігімен сипатталатынын байқаймыз. Дизартрия және оның ауыр немесе күрделі түрлері интеллектісі бар балаларда да кездесуі әбден мүмкін.
Дизартриясы бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме беруде мінездемені баланың психофизиологиялық дамуына байланысты бірнеше топқа ажыратып қарауымызға болады:
-қалыпты психофизиологиялық дамуы бар балалардағы дизартрия белгілері;
- церебральды сал ауруы бар балалардағы дизартрия;
-олигофрениясы бар балалардағы дизартрия;
-гидроцефалиясы бар балалардағы дизартрия;
-психикалық дамуы тежелген балалардағы дизартрия;
-ми дисфунциясы минимальды балалардағы дизартрия. Осы формадағы балаларда дизартрия белгілері мектепте және мектепке дейінгі мекемелерде жиі кездеседі[25,48-56 бб].
Дизартриясы бар балаларға педагогикалық-психологиялық сипаттама жасауда дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасының қимылдарының бұзылулары жағынан әралуан екенін көрсетті. Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтагы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әртүрлі келеңсіз жәйттердің тигізетін зиянының нәтижесінде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануынан болады. Бұл көбінесе толғақ қызуының келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзақка созылған қатты инфекцияның, оттектің жетіспеушілігінің, интоксикацияның, екіқабат кезіндегі токсикоздық және басқа да бірқатар жәйттердің нәтижесінде құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай жағдайлардың көбінде бала туылған кезде асфиксия пайда болады және шала туады[26,67-68бб].
Дизартрия резус-фактордың қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы кездеріндегі нерв жүйесінің инфекциялық ауруға шалдығуының әсерінен дизартрия біршама сирегірек пайда болады.
Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларда жиі байқалады.
Е.М.Мастокованың берген мәліметі бойынша сал ауруына шалдыққан балалардың 65-65 - індейі дизартрия болады екен.
Дизартрияның клиникалық түрлерінің классификациясы зақымданудың мидың әртүрлі бөлшегінде орналасуына негізделген.Дизартрия балалар бір-бірімен дыбыстарды айтуындағы адаулықтарының, денсаулыңтарының, сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ерекшеліктерімен ажыратылада, соған байланысты әртүрлі логопедиялық ықпалда қажет етеді және түзетуге әртүрлі дәрежеде көрінеді.
Сопақша ми дизартриясы артқы мидың құрамына кіретін сопақша мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде байқалады. Сонымен сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимылдату-шы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үш жақты, кезбе нервтерінің маңызды бөліктері бұзылады[27,67-165 бб].
Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ, көмекейдің, тілдің жұмсақ таңдайдаң бұлшық еттерінің сал болып немесе әлсізденіп қалуымен сипатталады. Бұл сияқты ақалуығы баланың қою және сұйық тамакты жұтуы және шайнауы қиындайда. Дауыстың жатықтығының және жұмсақ таңдайдаң ширақтығының жетімсіздігінен ерекше болып бұзылады да әлсізденіп ыңылдап естіледі. Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды. Жұмсақ таңдайдың әлсізденуінің салдарынан іштен шығатын ауаның ағыны мұрын жолы арқылы еркін өтеді де айтылатын барлық дыбыстар мұрыннан ыңылдап естілетін болады.
Балалардаң баяндалған дизартрияларының түрлеріне тілдің және жұтқыншақтың бұлшық еттерінің семіп қалатындағы, сонымен бірге бұлшық еттердің күш-қуатының әлсірейтіндігі байқалады. Тілдің бұлшық етінің іс жүзіндегі жағдайы дыбыстардың айтылуындағы толып жатқан алмастыру-ларға себеп болады. Міңгірлеп өте түсінксіз және көмескі сөйлейді. Сопақша ми дизартриясы бар баланың бет әлпеті келіссіз келеді.
Ми қыртысы асты дизартриясы бас ми қыртысының астындағы тораптардың зақымдануынан пайда болада. Ми қыртысы асты дизартриясы бұлшық еттер күш-қуатының ширығуының әсер етуінен және гипер мінезімен сипатталады. Гиперкинез дегеніміз баланың бақылауын сөз сөйлеу тілі мүшелеріндегі және мимикалық бұлшық еттерінің еріксіз күшпен қимылдауы. Бұндай қимылдар тыныш тұрған жағдайда байқалады, бірақ әдетте бұл қимылдар сөйлеген кезде күшейеді[28, 200 б].
Бұлшық еттердің өзгеріп тұратын ерекшелігі мен гиперкинездің бар болуы сөйлеу тілі мүшелеріндегі және дыбыстардың айтылуындағы кемістіктердің өзгешеліктерімен байланысты. Бала ойнау барысында жақындарымен немесе көңіл-күйінің басқа жағдайда әсерленіп тұрғандағы әңгімелесу кезінде жеке дыбыстарды, сөздерді ж
әне қысқа сөйлемдерді дұрыс айтуы мүмкін, бірақ ізінше сол дыбыстардың біреуінде айта алмай қалатын жағдайға ұшырайды. Сөйлеу мүшелері құрыса да, тілі тартылады дауысы үзілмелі болады.
Кейде еріксіз айқайлап дыбыстардың көмейді бұзып-жарып шығатыны байқалады. Балалар сөзді, сөйлемді жылдамдатып тез-тез сөйлейді немесе керсінше сөздерін бөліп-бөліп айтады. Сөзінің анық естілуі дыбыстарды айтқан кезде сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыпты қимылдай алмауынан, сонымен бірге дауысының күші мен саздалығының бұзылуынан болады.
Ми қыртысы асты дизартриясының ерекшелігі сөйлеу тілінің шапшаң-дығы, ырғағы, сарыны жағынан ұйқастығының бұзылуымен сипатталады.
Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғауының бұзалуы дауысының және сөйлеуіндегі тыныс алуының бұзылуларымен сай келу баланың құбылмалы жағдайының көрністеріне байланысты дыбыстардың айтылуындағы ерекше бір ақаулықтардың шығуына себеп болады да, ол ең алдымен тіл қатынасы қызметінде әсерін тигізеді.
Кейде ми қыртысы асты дизартриясы бар балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарының асқынып кетуіне себеп болатын есту қабілетінің нашарлауы[29, 528 б].
Мишық дизартриясының таза түрі балаларда сирек кездеседі.
Ми қыртысы дизартриясы басқаларынан ажыратып тану және бөліп алу өте қиын ақаулық. Ми қыртысы дизартриясында сөйлеу мүшелерінің дыбыстардың айтылу кезіндегі еркін қозғалу бұзылады. Ми қыртысы дизартриясының дыбыстардың айтылуындағы көрністер бойынша қозғаушы алалияға ұқсастығы бар, себебі ең алдымен сөздің-буындық-дыбыстық айтылуы бұзылады. Балалардың бір дыбыстан екінші дыбысқа, сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыптығы түрінен екіншісіне қозғалып қимылдау қиындайды. Балалардың дыбыстарды жеке тұрғанда анық айтуға қабілеті бар, ал сөйлегенде сөздерінің құрамындағы сол дыбыстарда орындарын алмастырып шатастырып, әсіресе тіркесіп келген дауыссыз қатары бұзылып, жылдамдатып тез-тез сөйлегенде тұтықпаға ұқсап кекештеніп қалады[30, 410 б].
Бірақ ми қыртысы дизартриясының қозғаушы алалиядан айырмашылы-ғы сол, сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрлысының дамуында бұзылатындағы байқалмайды. Ми қыртысы дизартриясын дислалиядан да айыруға болады. Бұндай балалар сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыптағы түрінің сол күйіндегісін қайтадан
қыйналып қайталайды, бір дыбыстан екінші дыбысқа өтуі кезінде көңіл аударатын бір жәйт, ақауланған дыбыстар тұрғанда тез түзеледі, бірақ сөйлеу тілінде өте қиындықпен машықтандырылады.
Балаларда ең жиі кездесетін ақаулықтардың түрлері жалған сопақша ми дизартриясы. Жалған сопақша ми дизартриясы баланың жас кезіндегі, босанып жатқан уақытта немесе құрсақтағы кезеңінде энцефалит, құрсақ зақымы, ісік, интоксикация тағы басқа ауруларға шалдығуларының салдарынан мидың органикалық зақымдануының есінде пайда болады. Баланың бас ми қыртысынан тіл жұтқыншақ ядросына, кезбе және тіл асты нервтеріне баратын өткізгіш тылдарының зақымдануына байланысты жалған сопақша мидың сал болып қалуы немесе әлсіреуі пайда болады. Ол ымдау және сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын мүшелердің тұсындағы бұлшық еттердің бұзылуының клиникалық көріністері бойынша сопақша ми дизартриясына ұқсас. Дегенмен жалған сопақша ми дизартриясындағы түзету және сөйлеу тілінің айтылуындағы дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлдеқайда жоғары[31, 300].
Жалған сопақша мидың сал болып қалуының нәтижесінде баланың жалпы сөйлеу тілінің қозғауыш мүшелері бұзылады. Нәресте нашар емеді, шашалады, қақалады, нашар жұтады. Аузынан сілекей ағады, беттің бұлшық еттері бұзылады.
Француз ғалымы Брока "адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен, қызметін қажет етеді" дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның үш түрі бар. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар[32, 340 б].
Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдары дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға "сағат" деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жұмысы әлі жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөзді жалпылай алу-адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады[33, 255б].
"Сөйлеу", "тіл" "қарым-қатынас" ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т.б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз "ымға түсінбеген дымға түсінбейді", деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудін де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-қатынастық қызмет атқаратыны белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады[34,118-120 бб].
Баланың сөйлеу тілінің бұзылуына себеп болатын патологияға сипаттама беріп көрейік:
1.Әр-түрлі құрсақ ауруларының зиянды зардабынан ұрықгың бірқалыпты дамуы бұзылады. Құрсақтағы ұрықтың, әсіресе, 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі қатты күйзеледі. Сөйлеу тілінің дертке шалдығып бұзылуына ананың екі қабат кезіндегі жеріктігі, вирусты және эндокринды аурулары, әр түрлі зақымдар, резус-фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және басқалар себеп болады.
-
Толғақ қысымынан болатын зақымның және босану кезінде мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады. -
Баланың сөйлеу тілі оның нәресте кезінде жиі-жиі шалдыққан әр түрлі ауру-сырқаулардың зардаптарынан да зиян шегеді. Мысалы, мидың белгілі бір орнының шоғырланып зақымдануы және оның сөйлеу тілі аппаратына әсер ететін уақытына байланысты әр түрлі типтегі мүкістіктер пайда болады. Әсіресе, жұқпалы-вирусты аурулардың жиі-жиі қайталануы, жас шағындағы асқазан-ішектің бұзылулары сөйлеу тілінің бірқалыпты дұрыс дамуын бұзып жібереді.