Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 307

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4.Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді.

5. Сөйлеу тілінің бұзылуына тұқым қуалайтын аурулар да себепші болады.

6. Әлеуметтік тұрмыс-тіршіліктің нашарлығынан баланың тәрбиесі босаңсиды, жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілеті әлсірейді, көңіл-күйі құлазиды, жігері жасиды, сөйлеу тілінің дамуы баяулайды[35,149-150бб].

Бұл аталған патологиялық себептердің әрқайсысы сөйлеу тілінің әр түрлі жағынан бұзылуына әсер етеді. Ал олардың бір-бірімен байланысып әсер етуі арқылы дерт өршиді, қозады.

Сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымданудың уақытша, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары әр алуан болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да олар әрқайсысының өздеріне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дыбыс ырғағының бұзылуы, дислалия, риналалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады[36,140б].



1.3.Дизартриясы бар балалардың сөздік қорының дамуы



Сөйлеу тілінің немесе мүшелерінің қозғалуларының бұзылу дәрежілері түрлі болуы мүмкін. Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл, орташа, ауыр деп шартты түрде үш дәрежеге бөлуге болады.

I. Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл дәрежесі сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалыс-қимылында өрескел бұзылуларының болмайтындығы-мен сипатталады. Сөйлеу тілі мүшелерінің кездесетін кемістік тілі мен еріндері салбырап жай қимылдайда және бағытын дұрыс ұстай алмайды. Шайнай алмайтындығы мен жұтына алмайтындығы оның сирек шашалатындығынан анық білінбейді. Бұндай балалардың сөзді дұрыс айта алмауы сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ширақтығының жеткіліксіздігінен болады, сөйлеуі, біршама баяулайда, дыбыстары айтылған кезде көмескіленіп шығада. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі күрделі ж,ш,р,ц,ч дыбыстарының айтылуында жиі қиналады.

Ұяң дыбыстар дауыстың жеткіліксіз қатысуымен айтылады. Сөйлеу тілі мүшелерінің негізі болып есептелетін тілдің ортаңғы үстін қатты таңдайға көтеруді қосымша талап ететін жіңішке дыбыстардың айтылуы да қиын болады[37, 14-39бб].

Дыбыстардың айтылуындағы кемістіктер фонематикасының дамуына келеңсіз ықпал жасайды. Дизартрияның жеңіл дәрежесіндегі балалардың көпшілігі дыбыстық талдауда біраз қиындықтарды көреді. Олардың жазуында т-д, ч-ц дыбыстарын алмастыратын қателерінің ерекшеліктері кездеседі. Сөздің құрамынын және лексико-грамматикалық құрлысының бұзылулары кездеспейді десе де болады. Кейбір өзгешеліктерін балаларды өте мұқият тексергенде ғана анықтауға болады, оның өзі көзге түсерліктей сипат бермейді.

Есту қабіліті дұрыс және ақыл ойы жақсы жетілген бұл сияқты кемістіктері бар балалар аудандық балалар поликлиникасынан тағы логопедиялық кабинеттерден сабақ алады, ал мектеп жасына келген кезде жалпы білім беретін мектептің жанындағы логопедиялық кабинеттерге барады. Бұл ақаулықтарда жоюға ата-аналардың өздері де елеулі ықпал жасай алады[38,48-64бб].

2.Жалған сопақша ми дизартриясының орташа дәрежесіңдегі балалардың толып жатқан топтары бар. Осылардың кемістіктерінің ерекше-ліктері беттерінің бұлшық еттері қимылдамайды. Бала ұртын ауаға толтырып бұртита алмайды, еріндерін алға сүйрелей созып және жымқырып қыса алмайды. Тілі нашар қимылдайды. Бала тілінің ұшын жоғары көтере алмайды, оңға, солға бұра алмайды. Бұрынғы қалпында ұстап тұра алмайды. Бір қимылдан екіншісіне ауысу едәуір қиын. Жұмсақ таңдай көбінесе нашар қимылдайды, дауысы ыңқылдап естіледі. Шайнауы мен жұтуы қиын.



Сөйлеу тілінің мүшелерінің бұзылуының салдарынан тілінің ақаулығы ауыр болады, әдетте балалардың сөйлеу тілі өте түсініксіз, көмескі, жей естілетін болады. Еріндерінің нашар қимылдауынан, сөйлеу тілі мүшелерін-дегі дауысты дыбыстардың мұрыннан қатты естілмейтіндіктерінен анық айтылмайда, а және у дыбыстарының анықтығы жеткіліксіз, и және ы дыбыстары алмастырылады. П, т, м, н, к, х дауыссыз дыбыстары көбінесе сақталады. Н мен ц, р мен л дауыссыздары шылпылдаған дыбыспен мұрыннан шығып бір-бірінен айырғысыз ұқсас айтылады. Ауыздан шығатын ауа ағыны нашар сезіледі. Ұяң дауыссыздар қатаң дауыссыздармен жиі алмастырылады. Нәтижесінде жалған сопақша ми дизартриясына шалдаққан балалардаң сөйлеу тілінің түсініксіздігінің болатын соншалықты, олардың тіпті сөйлеуге құлқы да болмайды. Сөйлеу тілінің жетілуінің /5-6 жас/ кешігуіне байланысты бұндай жағдайда баланың адамдармен қатынас тілінің тәжірибесі өте кем болады[39, 191б].

Бұл сияқты кемістіктері бар балалар жалпы білім беру мектебінде үлгеріп оқи алмайда. Бұндай балалардың оқуына және тәрбиелеуін өте ыңғайлы жағдай жасалып және әрқайсысына жеке тәсілмен жәрдем көрсететін сөйлеу тілі қатты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп ашылған.

3. Жалған сопақша дизартриясының анартрия деп аталатын ең ауыр үшінші дәрежесі бұлшық еттерінің қатты зақымдануы мен және сөйлеу тілі мүшелерінің мүлде жұмыс істемейтіндігімен сипатталады.

Анартрияға шалдыққан баланың бет-түрі өлі бейнеге ұқсас болады, астыңғы иегі салбырап тұрады, ауызы әрқашан ашық жүреді. Тілі ауыздан ішінде жалпағынан созылып, қимылсыз жатады, еріндері болар-болмас қимылдайды. Шайнауы мен жутынуы қиын. Сөйлеу тілі мүлде жоқ, кейде жекелеген бір дыбыстарға ұқсаған үн шығарада.

Ақыл-ойы жақсы жетілген анартриялық балалар да сөйлеу тілі қатты бұзылған арнайы мектепге оқи алады, сонымен бірге арнайы логопедиялық тәсілдердің жәрдемінің арқасында жазуға дағдылануы және жалпы білім беретін мектептің оқыту бағдарламасын ойдағыдай меңгереді.

Жалған сопақша ми дизартриясына шалдыққан балалардаң барлығына ортақ тән қасиет сөздің құрамындағы дыбыстарда айтылуында алмастырға-нымен буындарының реттік санын және екпінін сақтайды. Қағида бойынша олар екі-үш
буындық сөздерді айтуды меңгереді, ал төрт буындақ сөзді жалпылама үстірт қана қайталайды[40, 512 б].

Баланың сөйлеу тілін сөздің құрамында қосарланып келген дауыссыз дыбыстардың айтылуы қиындық туғызады. Бала бұндай сөздерді айтқанда бір дауыссыз /алтын-атын/ немесе екі дауыссыз да /семсер-сер/ түсіп қалады. Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалуының қиындығынан айтылуында бір буыннан екіншісіне өткен кезде сол буынға ұйқастырып буынның тұлғасын өзгертіп айтауын жағдайлар да кездеседі.

Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғауындағы кемістіктер айтылуындағы дыбыстарды түсінуінің дұрыс жетілуіне әкеліп соғады. Естілу қабілетінің ауытқуынан болатын сөйлеу тілі мүшелерінің тәжірибесінің жеткіліксіздігі және дыбыстың айтылуындағы анық бейнесін сезінуінің жоқтығы дыбыстар-ды талдауда меңгеру кезінде айтарлықтай қиындық туғызады. Тіл қимылда-уының бұзылу дәрежесіне байланысты көрсетілген дыбыстың талдауда әртүрлі қиындықтар байқалады.

Арнайы байқаулардаң көпшілігінде айқындалган дыбыстық талдаудың деңгейі дизартрия балаларға түсініксіз. Олар аттары берілген дыбыстардан басталатын бейнелі суреттерді іріктеп алуды, құрамында белгілі дыбысы бар сөзді өздігінен ойлап табуды , сөздің дыбыстық құрамын талдауды білмейді.

Дыбыстарды айтуда айтарлықтай меңгерген балалар қателерді аз жібереді. Мысалы, с дыбысына сабын, саты, асқабақ, мысық, шапан бейнелі суреттерін іріктеп алады.

Анартрияға шалдыққан балаларға дыбыстық талдаудың бұндай түрлері түсініксіз.

Дизартрия балалардаң басым көпшілігінің дыбыстық талдауда меңгеру деңгейі, сауатын ашуға жеткіліксіз болады. Жалпы білім беретін мектепке барған бала І-ші кластың бағдарламасын мүлде меңгере алмайтын жағдайлары да болады. Әсіресе дыбыстың талдаудағы анық ауытқуы жаттау, жазу кезінде көрінеді.


Дизартрияға шалдыққан балалардың жазуындағы қателердің көпшілігі дыбыстарды алмастыруынан болады. Дауысты дыбыстарды алмастыруын да жиі кездеседі[41, 22-29 бб].

Дауысты дыбыстарда көмескілендіріп және мұрынмен айтуының салдарынан оларда үндестік жағынан ажырату мүмкін емес. Дауыссыз дыбыстардың алмастырулары толып жатқан және сан алуан болады. Мысалы л-р /белдік-берлік/, қ-ғ /қалқан-қалған/, с-т /собық- тобық/, г-д /көген-коден/, б-п /балапан-панапан/.

Дыбыстардың орын алмастыруынан /масақ-макас/, дыбыстардың түсіп қалуынан /табақ-таба/, сөз толық жазылмай қалып буындары ныц кыскаруынан /квлак-кая, көсеу-көс/ сездердің қүрамьішң бұзылр.тын қасиеттері болады.

Сөздің құрамы да, мағынасы да мүлде өзгеріп айтылуы жиі кездеседі /қошқар-котка, асық -ат/.

Бұндай қателер айтылуындағы дыбыстардың бұрмалауына байланысты сөйлеу тілінің дыбыстық құрамы бөлшектенбеген сөйлеу мүшелері қатты бұзылған балаларға тән қасиет[42, 29-33 бб].

Бұдан басқа дизартрия балалар жазуында жалғаулықтарды дұрыс қолданбайды, сөздің синтаксикалық қиыстыру, меңгеру байланыстарында қателер жібереді. Дизартрия балалардаң фонетикасына жатпайтын бұл қателері олардың ауызекі сөйлеу үшін тілін, грамматикалық құрлысына, сөздік қорын меңгеру ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Жоғарыда көрсетілгендей сөйлеу тілі мүшелерінің бұзылуының тікелей нәтижесі сөйлеу тілін естуінде оның түсінбейтіндігі оның айтылуындағы қиындылығынан болады. Сөйлеу тілі мүшелері қатты бұзылған балалардың жалпы рейлеу тілдері өзгеше дамиды. Тілінің кеш шығуы, сөйлеу тәжірибесінің кедейлігі, қатты мүкістеніп сөйлеуі сөздік қорын байытуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрлысының жетілуіне кері әсерін тигізеді. Сөйлеу мүшелері қатты бұзылған балалардың көпшілігінің сөздік қорында ауытқуы бар, олар сөздерді құрамындағы дыбыстардың үндестігінің ұқсастығы бойынша шамалап жиі шатастырады, күнделікті тұрмыс тіршілігінде қолданатын сөздерді білмейді.