Файл: Таырыбы Сзжасамды оыту барысында жаа дістсілдерді тиімді пайдалану жолдары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 132

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
бір үш

Он екі елу төрт

үш бес

алты

Жүздік, мыңдық пен бірлік араласқан санда тіреккомпонент екінші орында тұрады. Мысалы:

Бір екі

Екі жүз үш мың

Үш төрт

Тірек компонент бірнеше күрделі сөздің жасалуына негіз болады, сол күрделі сөздердің бәрінде тірек компонент бір мағынада қолданылады. Тірек компоненттің қызметін туынды түбірдегі негіз сөзбен салыстыруға болады. Туынды түбір сөздің мағынасы ондағы түбір сөздің мағынасына негізделеді де, екеуінің мағыналық байланысы анық көрініп тұрады. Сол сияқты күрделі сөздің тірек компонентінің мағынасы ол арқылы жасалғанбірнеше күрделі сөзге ортақ болады да, олардың мағыналық байланыстылығын туғызады. Мысалға ала тірек компоненті арқылы жасалған күрделі сын есімдерді алаық: қара ала, қоңыр ала, қызыл ала, сары ала. Осы күрделі сын есімдердің бәрі бір тірек компоненттен туып тұр, сол арқылы бұл күрделі сөздердің мағыналары байланысты. Сөтіп, туынды түбірлерде мағына байланыстылығы түбір сөзгк қатысты болса, күрделі сөздердің мағына байланыстылығы тірек компоненттерінің мағынасынан шығады. Мына мысалдар да осы тұрғыдан қаралу керек: боз торғай-суық торғай, қара торғай деген құс аталарының жасалуына торғай сөзі – тірек компонент болып тұр, ал ақ шұбар, қара шұбар, қоңыр шұбар, көк шұбар, қызыл шұбар деген күрделі сын есімдердің жасалуына тірек компонент болып тұрған сөз-шұбар. Сондықтан осы күрделі сөздердің бәрінің мағынасына ол тірек болып, қатысып тұр, сол арқылы оларда мағыналық байланыс туып отыр.


Сөйтіп, тіркестіру тәсілі екі онан да көп сөздердің тіркесіп, бір мағынаға ие болуы арқылы сөзжасамды іске асырады. Алайда тіркестіру тәсілінің тағы бір белгісі оның тірек компонент арқылы жасалуына байланысты. Тірек компонент күрделі сөздің бірінші, көбіне екінші компоненті болады.

Осы қағидаға сүйенсек, сары май, тоң май, жер май, балық май, мал қора, ат қора, сиыр қора сияқтыкүрделі сөздердің де жасалуына май, қора сөзері негіз болып тұр деп санау керек. Сонда номинацияға жататын бұл сөздердің жасалуына тірек компонент себеп болып тұр.

Осы сөздердің жасалуына негіз болып тұрған тірек компоненттерді ағылшын тілінде толып жатқан күрделі сөздің жасалуына негіз болған work жұмыс сөзімен салыстыруға болады. Мысалы: brazwork, carthwork, needlwork6 woodwork т.б сөздерге work деген сөз тірек компонент болып, олардың жасалуына негіз болып, оларда мағыналық байланыс тудырып тұр.

Қазақ тіліндегі жоғарыдағы май, қора сөздерінің қызметі дәл осындай, тек қазақ тілінде ондай күрделі сөздер бөлекжазылады. Басқа жағынан алғанда, олардың қызметінде айырма жоқ.

Мұндай тірек компоненттерді неміс тілінде полусуф-
фикс деп атау да бар. М. Д.Степанова олар күрделі сөз-
дің екінші компоненті ме, әлде полусуффикс не, тіпті
оны ажырату да қиын деп жазған [4]

Мұндай жағдай қазақ тілінде де бар. Қазақ тілінде қазір
-хана морфемасы жұрнақ саналып жүр. Бұрын ол
біріккен сөздің екінші компоненті де саналғаны белгілі.
Сол сияқты Ташкент, Жаркент, Шымкент дегендердегі
-кент морфемасы да бұрын толық мағыналы сөз еді,
күрделі сөздің екінші компоненп болатын. Қазір ол
жұрнақ болып танылып кетті. Тірек компоненттің жиі
қолданылуы оның мағынасының абстракциялануына
әкеліп, ол бара-бара көбіне қосымша қатарына да өтіп
отырады.

Тіркестіру тәсілі арқылы сөз жасау сөз таптарының
бәрінен де орын алады. Бірақ ол сан есімде негізгі тәсіл
болып саналады. Сан есімдегі 20 — 23 негізгі түбір есеп-
тік сан атаулары арқылы қаншама санның аты олардың
бір-біріне тіркестірілуі арқылы жасалады.

Басқа сөзтаптарындағы тіркестіру тәсілі синтетика-лық тәсілмен қатарласа сөзжасамдық қызметатқарады, дегенмен оларда синтетикалық тәсіл басым екенін мойындау қажет. Сөйтіп, тіркестіру тәсілі арқылы номинация қызметін атқарып жүрген сөздер тілде өте көп, олардың саны анықталып, сөз статусы танылса, тіліміздің сөз байлығын көрсетуде орасан зор қызмет атқаратыны даусыз.



Қысқарту тәсілі тілдің сөзжасам жүйесінен онша көп орын алмайды. Әр тәсілмен байланысты сөзжасамға қатысатын белгілі тілдік элементтер бар, онда біраз айырма болады. Мысалға сөзжасамның синтетикалық тәсіліне түбір сөздермен бірге сөз тудырушы, қосымшалардың қатысуы міндетті. Басқаша айтқанда, синтетикалық тәсілмен сөз жасағанда, оған қатысатын тілдік элеметтер түбір сөз бен жұрнақ.

Сол сияқты аналитакалық тәсілде де сөзжасамға қатысатын белгілі тілдік элеметтер бар. Олар-түбір сөздер. Сөзжасамның аналитикалық тәсілінде түбір сөздер бір-бірімен не бірігеді, не қосақталады, не тіркеседі, не қысқарып барып сөз жасайды. Қалай болғанда да, сөзжасамға түбір сөздер қатысады. Міне, бұл – сөзжасамның аналитикалық тәсіліне қатысты ерекшелік.


2.3. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.

Сөзжасамның аффиксті және сөзтудырым тәсілдерінен басқа да жолдары бар. Ол – сөзжасамның лексико-семантикалық тәсілдері. Мұндай жол белгілі белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай-ақ осы жол кейбір сөздердің олбастағы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз тобының қата-
рынан танылуға жол береді. Тіл білімінде мұндай құбы-
лыс прономинализация (сөздердің бір сөз табы-
нан екіншісіне айналуы) деп аталып жүр. Мәселен,
«біреу ән шырқап отырр» дегенде, біреу сөзінің алғашқы
негізгі (сандық) мағынасынан енді әлдекім, белгісіз бі
реу деген адам мәніндегі есімдік сөз табын түсінетін бо-
ламыз. «Үйде біреу отыр» дегенде дс біреу сөзінің
табиғаты осы тәріздес. Сөйтіп, осындай тәрізді сөздер
алғашқы лексикалық (сандық) мәнінен ажырап, белгі-
сідік (есімдік) ұғымды білдіретін сөзге айналған.

Сөзжасамның осы лексико-семантикалық жолын кей-
бір ғалымдар (Б.О.Оразбаева, Ф.А.Ғанииев т.б.) өте
көне тәсіл деп санаса, енді біреулері (Г.С.Садвакасов.
т.б.) бұл жолды сөзжасамға тән тәсіл деп қарамайды.
Соңғыларының дәлелі — сөзжасам қалай болғанда да
белгілі бір аффиксация жолымен жасалады деуі.

Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, осы тәсіл қайсібір- сөздердегі дауыс екпінінің түрліше құбылып оты
руы арқылы да болады. Қараңыз: алма (зат есім)—
алма (етістік), жарма (зат есім) — жарма (етістік),көрме (зат есім) көрме (етістік), құдаша (зат есім)-құдаша(қарсы алайық — үстеу), т.б.

Қазақ тілінің материалына қарағанда, сөзжасамның
лексико-ссмаптикалык жолы, көбінесе, омонимдік қа
тарда жұмсалған сөздер арқылы жасалып отырады.
Бұл ретте дыбысталуы бірдей сөздер сөйлемде қолданылу -
орайына қарай әр түрлі сөз табын құрайтын болады.
Ал мұның өзі, сайып келгенде, сөзжасамның байлығын
көрсететін лексикалық жол болып табылады. Бұл жай-
ды аңғару үшін жүз сөзін алып қарайық. Төмендегі сөй-
лемдерде жүз сөзі басқа сөздермен қарым-қатынасқа
түсу арқылы бірде заттық, бірде сандық, енді біресе қи-
мылдық мәндерде жұмсалған. Осыған орай да ол зат
есім, сан есім және етістік сөз таптарының қатарынан

танылатын болады Қараңыз:

Нүриланың жүзі туған шешесі танымай қалардай
еді (Ғ. Мүсірспов) Зат есім.

1954 жылы совхоздағы әрбір жүз саулықтан орта
есеппен 87 қозы өсрілді (М. Әмірғалиев). Сан есім

Балық үнемі қозғалыста болады, суда еркін жүзіп
жүреді (С. Қаженбаев). Етістік.

Осы тәріздес мына дүр сөздері де омонимдік қатар
құрап,әр түрлі сөз табын жасауға қатынасады. Сын есім: Парсыда өткен Фирдауси, Заманында дүр еді (Үш ғасыр) Үстеу: Байқайсыңдар ма, қотанға сырттан жат біреулеркелсе, қой дүр үркеді (Шопан серігі) Зат есім: Түбінен дарияның дүрлер теріп,Алдына аға-інінің төгер едім (Үш ғасыр) Шылау: Жақсылыққа жақсылық Әр кісінің ісі дүр. Жамандыққа жақсылық Ер кісінің ісі дүр (Б. Майлин)

Омонимдік қатарға арналған осы тәріздес мысалдарды көптеп келтіруге болады. Есімдік: Үй сыртындағы төбенің басында қойға істеген қарақшыдай жарбиып біреу отыр (Б. Майлин) Сан есім: Бір баланы сізден алмас едім, қайтейін бары біреу-ақ (Ғ. Мұстафин)

Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі осындай жолдармен жасалады. Талдаған мысалдардан байқалғандай, мұнда арнайы аффикстік тәсіл болмайды. Сөзжасам белгілі бір сөздердің лексико-семантикалық мәнімен тығыз астарласып жатады. Осының нәтижесінде бір сөздер ол бастағы мәнін әлсіретіп, жаңа мағынаға ие болып жатса, енді бір сөздер омонимдік қатар құрай, әр түрлі сөз табының туындауына себепкер болады.

2.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру  әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.

  Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: