ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 733
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
21.Фирма тапсырма берушінің қаншалықты қашықтықта орналасқанына қарамай көлік шығындарын бағаға қосып, бір баға белгілейтін тәсіл......
а) тауардың шыққан орнына байланысты баға белгілеу
б) көлік шығындарымен қоса баға белгілеу
в) көлік шығындарынсыз баға белгілеу
г) тұғыр орнына байланысты баға белгілеу
22. Атқарымдық жеңілдіктер дегеніміз.......
а) мол көлемде тауарды сатып алатын тұтынушыларға баға арқылы жеңілдіктер көрсетіледі
б) сатылған тауар үшін тез арада ақшалай төлеген тұтынушыға жеңілдік баға белгілейді
в) сауда саласында әрекеттенушілерге көрсетілетін жеңілдіктер
г) сатылатын мерзімінен тыс уақытта сатып алынған заттың бағасын төмендету
23. Сатқаннан кейінгі сервис түрлері.......
а) кепілдемелі және кепілдемесіз
б) кепілдемелі және кепілдемеліден кейінгі
в) арнайы және жәй
г) тұрақты және үзіліссіз
24. Құлдырау сатысында маркетинг міндеті мынадай болып жинақталады......
а) қарқынды жарнаманы қолдану
б) тауарды нарықта көбірек ұстап тұру үшін фирма өндіріс және өткізу шығындарын қысқарту
в) өтімділігі жоғалған тауарлар нарықтан біржолата алынып тасталынады
г) а+б д) а+б+в
26. Қосымша төлем арқылы жүргізілетін сервис түрі....
а) кепілдемелі
б) кепілдемесіз
в) кепілдемеге дейінгі
г) кепілдемеден кейінгі
27. Өнімді кеңестік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы ----
а) жаңа тауарды жоспарлау
б) өндіру
в) өткізу
г) клиентті анықтау
28. Нарықта жолы болмаған және тауардың енгізу сатысынан құлдырау сатысына өтуін сипаттайтын тауардың өмірлік циклін көрсететін сызық ---
а) әуестік қисығы
б) жаңғырту қисығы
в) сәтсіздік қисығы
г) құлдырау қисығы
29. Таңбасы бар тауарлар таңбасы жоқ тауарларға қарағанда қанша пайызға артық бағаланады ?
а) 15-35 %
б) 15-25 %
в) 10-25 %
г) 10-35 %
30. Өздерінің сатып алуымен кішігірім фирмаларды қолдауға әзір және олардың тауарларына қымбат баға төлеуге дайын сатып алушылар бұл ---
а) этикалық
б) үнемдеп сатып алушылар
в) дербестендірілген
г) көңілсіз сатып алушылар
Ұсынылатын әдебиеттер:
н/3/,/4/,/6/,/7/,/10/,/12/,/19/,/22/,/23/,24/ қ /1/,/2/,/7/
Тәжірибе сабағы -10
Тақырыбы: Баға белгілгілеудің әдістері мен стратегиясын зерттеу
Сабақтың мақсаты: Жаңа тауарға баға белгілеу және жеңілдіктер жасау,өтімді ынталандыруды зерттеп оқып үйрену.
Сабақтың жоспары:
1. Жаңа тауарға баға белгілеу әдістері мен стратегиясын талдау
2. Тауар номенклатурасы мен географиялық прмнцпі бойынша баға белгілеудің мысалын келтіру
3. Баға белгілеудегі жеңілдіктер мен ынталандыруды жетілдіру
Өзін-өзі тексеру сұрақтары :
1. Жаңа тауарға баға белгіледі қалай түсінесің ?
2. «Қаймағын алу стратегиясында» баға өзгерісі
3. «Қаймағын алу стратегиясын» қандай жағдайларда қолдану қажет ?
4. Нарыққа тауарды баянды енгізу стратегиясындағы баға өзгерісі және оның қолданылуы
5. Ассортиментік баға белгілеу стратегиясының қолданылуы, ерекшеліктері және толықтыр
6. Олигополистер арасында қолданылатын стратегия ?
7. Бәсекелеске қарағанда жоғары баға белгілеу стратегиясының ерекшеліктері ?
8. Биржалық баға дегеніміз ?
9. Әлемдік бағалар қалай жүзеге асырылады ?
10. Тауар номенклатурасы бойынша баға белгілеуде әр түрлі тауардың бір-бірімен байланысына қарай төрт түрлі жағдайды қарастыр ?
11. Анықтама және нақты мәмілелер бағасы дегеніміз не ?
12. Географиялық принцип бойынша баға белгілеу жағдайларын ата
13. Баға арқылы жеңілдіктер жасауды қалай түсінесің ?
14. Жеңілдіктер жасаудың қандай түрлерін білесің ?
15. Тауар өтімін ынталандыру үшін баға белгілеу дегеніміз не және ол қандай жағдайларда қолдануы мүмкін
Тапсырма-10,1
Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің маңызды жақтарына немесе мекеменің стратегиялық шешімінің дамуын сиппаттайтын көрсеткіштерге мыналар жатады:
-
Маркетингтік шараларды жоспарлау және өз уақытында өткізу -
Нарықта керекті ақпаратты кең көлемде жинау -
Маркетингтік зерттеудің керекті материалдармен еңбек және қаржы ресурстамен қкамтамасыз етілуі -
Баға саясаты
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Кәсіпорынның өндіріс тік немесе комерциалық қызметті үшін тағы да қандай маркетинг аспектілерін қолдануға болады ?
2. Олардың маңызы қандай ?
Тапсырма 10,2 Жаңалық және оның бағасы
Қазақстандық нарықта жаңа буынның термометрі – электрондық термометрлер жақында шықты. Олардың сыныпты термометрлермен салыс тырғанда артықшылығы бар. Олар: экологиялық және қауіпсіз пайдалану, алынған ақпараттың анықтылығы, микроэлектрониканың соңғы жетістіктерін пайдаланумен бірге сапасын жетілдірумүмкіндігімен ерекшеленеді. Нарықтық зерттеулердің көрсеткіштері бойынша көптеген отбасылар әйнектен жасалған сыныпты термометрлерді пайдаланады. Олар тез сынатын болғандықтан, қайтадан жаңадан градусник алуға тура келеді. Негізінен электрондық термометрлердің шығуы көптеген тұтынушыларды қызықтырады. Өндіруші мекеме, үйге пайдалануға элкектрондық бұйымдардың басқа да жетілдірілген түрін өндіреді жоспарлайды.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
-
Жаңалық және оның бағасы -
Баға құруға әдістемені талдаңдар және берілген жағдайға лайықты шара қолданыңдар -
Тауар өтімін ынталандыру үшін баға белгілеу
Ұсынылатын әдебиеттер:
н/3/,/4/,/6/,/7/,/10/,/17/,/18/,/19/,/қ /1/,/2/,/4/,/5/,/7/.
Тәжірибе сабағы -11
Тақырыбы: Тауар арналары және тауар қозғалысын қарастыру
Сабақтың мақсаты: Өткізу арналары стратегиясын және сауда түрін зерттеп оқып үйрену.
Сабақтың жоспары:
1.Мұнай газ кәсіпорынының тауарларын өткізу стратегиялары мен арналары
-
Көтерме және бөлшек сауда
-
Өткізу арналары дегеніміз- өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту прцесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы. -
Көтерме сауда дегеніміз-тауарды одан әрі сату үшін немесе сатып алушының кәсіптік әрекетінде тауарды қолдану үшін тауар саудасы болып табылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Өткізу арналарын қалай түсінесің ?
2. Өткізу арналарының атқаратын қызметтері
3. Тарату каналдары дегеніміз не, каналдар денгейін ата ?
4. Нольдік деңгейлік арна құрамын ата ?
5. Бір денгейлі арна кімдерден құралады ?
6. Екі денгейлі арна құрамын ата ?
7. ҮШ денгейлі арна кімдерден тұрады ?
8. Көтерме сауда дегеніміз не ?
9. Көтерме сауданың атқаратын қызметтері ?
10. Көтерме сауданы ұйымдастырудың нұсқасына сипаттама бер
11. Бөлшек сауда дегеніміз не ?
12. Бөлшек сауда процесін неше топқа бөліп қарастыруға болады ?
13. Дүкегн арқылы жүргізілетін бөлшек сауда және кең тараған дүкен түрлерін ата ?
14. Тауарды өткізу стратегияларын қалай түсінесің және оны белгілеу кезінде фирма қандай факторларды есепке алады ?
Тапсырма 11,1
«Гамма» баспасөз компаниясы открытка мен базарлық өнімдерді өнімдермен айналысады. Оның басқа да бұйымдарды өндіретін кәзіргі заманға сай материалдық- техникалық базасы бар. Кәзіргі уақытта компания өтім нарығын кеңейтуді мақсат қойды. Кәзіргі күнде өнімдер кітап дүкендері және кеңсе тауарлары дүкендері арқылы аздаған мөлшермен сатылуда. Сату көлемі маусымдық және басқа да ауытқулармен сипатталады.
Алдына қойған мақсаттарды шешу үшін компания жетекшілермен нарықтың нақты сегменттеріне өнім өндіру шешімі қабылданды. Негізгі мәселе тұтынушының мақсатты нарығын және өтімді саясаттың сәйкес ұйымдарын анықтау болып отыр.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
-
Қойылған мақсаттың орындалу мүмкіндігін бағалаңдар -
Кәзіргі уақытта орналас тыру каналдарының қай түрі компанияда қолданылады, қайсысы артық ? -
Берілген каналдың қатысушылары арасындағы қарым- қатнас -
Қойылған мақсатқа жетудегі тауар қозғалысы саясатының мазмұнын анықтаңдар және бағалаңдар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
н/5/,/6/,/7/,/9/,/15/,/16/,/22/,/23/,24/ қ /1/,/2/,/4/,/5/,/7/.
Тәжірибе сабағы -12
Тақырыбы: Маркетингтегі коммуникация жүйесінің мысалдары.
Сабақтың мақсаты: Жарнаманың атқаратын қызметтерін, тиімділігін зерттеп оқып үйрену.
Сабақтың жоспары:
1.Жарнаманың қызметтері мен түрлерін қарастыру
2. Жарнаманы тарату құралдарын талдау
3. Арнайы сату әдісі мен коммуника ция әдістерін қарастыру
-
Жарнама дегеніміз - белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. -
«Жарнама» - латын тілінен аударғанда «айқайлау» деген ұғымын сипаттайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Жарнаманы қалай түсінесің ?
2. Жарнаманың ерекшеліктерін ата ?
3. Нарықта жарнама қандай қызметтер атқарады ?
4. Жарнама түрлерінің негізгі белгілерін ата ?
5. Компания стратегиясына қарай жарнама түлрлерін а та ?
6. Жарнама әрекетін жүргізудің негізгі сатыларын ата ?
7. Жарнама мақсаттарын неше топқа бөлеміз ?
8. Жарнаманы тарату құралдарын таңдау кезінде мына сұрақтарға жауап іздеу қажет ?
9. Жарнаманың қажы көлемін анықтағағанда қандай факторлар есепке алынады ?
10. Жарнама қызметінің тиімділігін бағалау жұмысы қандай мүмкіндіктер береді ?
11. Жарнама түрлері және тарату құралдары
12. Арнайы сату әдісінің ерекшеліктерін ата ?
13. Арнайы сату әдісінің кезеңдерін ата ?
14. КОммуникация дегеніміз не ?
15. Коммуникация стратегиясын белгілеу әдісі қандай сатылардан тұрады ?
16. Сұранысты ынталандыру мақсатының қанша түрі бар ?
17. Қаржы көлемін қандай тәсілдер арқылы анықтаймыз ?
Тапсырма 12,1
Жарнамалық компанияны жүргізуге ақпаратты дайындау
Тұтынушылық тауарды өндіретін фирма шетел нарығында жарнамалық компанияны жүргізу тапсырмасымен жарнама агентігіне хабарласты. Компания қызметі туралы сапалы ақпараттарды алу мақсатында жарнама агентігімен сұрақтарды жетілдіру шешілген. Бұлар:
-Реквизиттер
- Өнімнің толық аты және функционалды сипаттамасы
-
Бірегей қасиетер, олардың ұқсастығы -
Бағалы өнімнің тұтыну құны -
Интеллектуалды қорғаныс -
Негізгі тұтынушылар -
Сатылым көлемі -
Фирма стилі -
Өткен коммникациялық шаруалардың жүргізудің нәтижелері -
Компанияның болжамды бюджеті және жарнамалық қызметтке өндірушінің қатысу дәрежесі
Ұсынылатын әдебиеттер:
н/5/,/6/,/7/,/12/,/14/,/15/,/16/,/17/,/18/,/19/,қ /1/,/2/,/4/,/5/,/7/.
Тәжірибе сабағы -13
Тақырыбы: Тауарды жылжыту маркетингі.
Сабақтың мақсаты: Жылжыту арнасы,оған қатысушылардың міндеттері мен қызметтерін зерттеп оқып үйрену.
Сабақтың жоспары:
1. Мұнай газ кәсіпорынының өзіндік жылжыту оргодары
2. Жылжыту арнасына қатысушылардың міндеттері мен қызметтері
-
Жылжыту арнасы – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Жылжыту арнасы түсінігі
2. Жылжыту арналарын таңдау кезінде қандай факторлар ескеріледі ?
3. Өткізу арналарының денгейі дегеніміз не ?
4. Тұтыну тауарларының жылжыту арналарын көрсет ?
5. Кәсіпорныдардың өзіндік жылжыту оргондарына нелер жатады ?
6. Жылжыту арнасына қатысушылардың міндеттерін ата ?
7. Жылжыту арнасына қатысушылардың қызметтері ?
Тапсырма 13,1
Фирма сізді маркетинг қызметін бақылауға арналған (Маркетолог) конкурсқа шақырды. Сіз берілген тест бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Сіз бұл берілген фирмаға маркетингтің қандай ұйымдасқан қызметін ұсынасыз ?
Тест мазмұны: Кәсіпорын нұсқалары (вариант)
1) Кәсіпорын қуаты әртүрлі ЭП-1 және ЭП-2 маркалы тоқ приборларын шығарады. Бұл приборды пайдаланушылар Қазақстанның « Энерго» компаниясы. Кәсіпорын болашақтағы 5- жыл ішінде шығаратын тауардың ассортиментінің өзгермейтінін және нарықта күрделі екенін бллжайды.