Файл: Ксіби аза тілі пні бойынша 5В030100 Юриспруденция мамандыы шін ОУдістемелік кешен курс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 119

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


оқиға болған жерді қарап шығу;

жәбірленушіден жауап алу;

сезіктіні, жәбірленушіні, олардың киімдерін сараптан өткізу;

айғақ заттарды қарап шығу;

  • куәлардан жауап алу. (Қ.Қадашева, З.Ерназарева. Қазақ тілі)

6-тапсырма. Сот процесін рөлге бөліп ойнаңыздар.

Мәшине ұрлау.

Хатшы: Тұрыңыздар, сот келеді.

№7-іс. Жәбірленуші Сәрсенбаев Асқар 33 жаста. 1997 жылы 12 тамызда мемлекеттік нөмірі Х858АВМ ВАЗ-2106 мәшинесі ұрланды.

Айыпкер – Сергеев Анатолий 21 жаста.

Прокурор: Айыпкер Сергеев осы аталған мәшинені рұқсатсыз айдап кеткен. Айыпкер қылмысты бірінші рет жасап отыр.

Хатшы: Куәгер ретінде нан дүкенінің сатушысы шақырылады.

Прокурор: Сіз не көрдіңіз?

Куәгер: Мен дүкеннің терезесінен қарап отырғанмын. Қазақ жігітінің мәшинесін қойып кеткенін жақсы есіме сақтадым. Бір кезде бір орыс жігіті келіп, екі рет кілт салып мәшинені ашты. Содан соң отырып айдап кетті.

Қорғаушы: Сіз мына жігітті көрдіңіз бе?

Куәгер: Иә, осы жігіт.

Хатшы: Екінші куәгер шақырылады.

Прокурор: Сіз осы жағдай туралы не айтасыз?

Куәгер: Мен де бірінші куәгердің айтқанын көрдім. Мәшиненің нөмірі – Х858АВМ.

Хатшы: Айыпкер шақырылады.

Айыпкер: Мен өз кінәмді мойындаймын. Ақша керек болып ұрладым.

Қорғаушы: Құрметті судья! Айыпкердің айыбын мойындауына байланысты аз мерзім беруіңізді сұраймын.

Прокурор: Қымбатты судья! Талапқа сай үкім шығаруыңызды өтінемін.

Судья: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 1-тармағы бойынша айыпкер Сергеев А. 1 жылға бас бостандығынан айырылады.

Хатшы: Сот аяқталды.

7-тапсырма. Берілген жауаптарға байланысты сұрақ қойыңыз.

Әнуар: ____________________________________________?

Мақсат: Оның ауызша формасы – радио, теледидар және үгіт-насихатшылар тілі.

Әнуар: ___________________________________________?

Мақсат: Оның қоғамдық қызметі­-идеологиялық, күнделікті баспасөз, газет-журнал тілі.

Әнуар: ___________________________________________?

Мақсат: Қазір қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Әнуар: ____________________________________________?


Мақсат: Сол жанрдың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады (мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио мен теледидардан берілетін хабарлар) т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер:

[5.1.2] [5.1.3] [5.2.1] [5.2.2] [5.2.3]

9-10. Тақырып: Арнайы кәсіби бағыттағы материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда пайдалану. Көркем әдебиет стилі.

Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда көркем әдебиет стилінің аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Образды сөздер жиі қолданылады, әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады.

Көркем әдебиет тілінің стилі – ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эститикалық қызмет атқарады. Көркем шығармалар жазушының өмір тануына, көзқарасына өмір фактісін жинақтап, қорытып, бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұмсалады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады.



Ойтүрткі. Даудың қандай түрі берілген? Қазыбек бидің шешімінің дұрыстығын өзіңізше дәлелдеңіз?

Қазыбек биге, бір балаға таласып, екі әйел келеді. Әйелдердің бірі: –Мынау баламды мен жас күнінде жоғалттым. Бүгін танып сұрасам, «өз балам» деп бермейді, – дейді. Екінші әйел тұрып: –Бала өзімдікі, өзім таптым,– дейді. Қазыбек би ойланып қалады. Сонан соң баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып: –Екеуіңе қара қылды қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?–дейді. Сонда баланы таныған әйел: – Ойбай биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз,– деп жылайды.



1-тапсырма. Терминдердің анықтамасын түсініп оқып, жаттап алыңыз.

Сот – азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын мемлекеттік орган, аудандық, қалалық халық соты, облыстық сот.

Диаспора – өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бір бөлігі (этникалық қауымдастық).

Алаяқтық – бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу.

Жала жабу – басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұсқан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату.

Қамау (жаза түрінде) – сотталған адамға тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.



Қорғаушы – заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам. (Заң терминдерінің қазақша-орысша анықтамалық сөздігі. Алматы, 2001)

2-тапсырма. Екі топқа бөлініп, берілген термин сөздерді қатыстырып, жағдаят құрастырыңыз.

3-тапсырма. Заң терминдерінің синонимдік қатарын толтырыңыз.

Жарлық ____________________________________________

Бітім ______________________________________________

Әділ _______________________________________________

Билік ______________________________________________

Еркіндік ____________________________________________

Жазалау ____________________________________________

Жалған _____________________________________________

Зорлық _____________________________________________

Кінәлі _____________________________________________

Дау ______________________________ _________________
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сұраулы сөйлем дер құрастырыңыз.

Бітім жасау, әділ шешім, зорлық қылу, жалған сөз, кінәлі адам, таусылмайтын дау, жазалау шаралары.

5-тапсырма. «Қорғаушы қандай болуы керек?» деген тақырыпқа шығарма жазыңыз.

6-тапсырма. Тыңдалым тапсырмалары:

Мәтінге лайық тақырыпты қойыңыз.

а) Жер мен көк

ә) Ащы мен тәтті

б) Алыс пен жақын

в) Байдалы бидің Шорманға айтқаны
Мәтін мазмұны бойынша Шорман мен Байдалының айтуы арқылы толтырыңыз.




Байдалы би

Шорман

Тәтті







Ащы







Алыс







Жақын










  • Мәтіндегі жоқ пікірді көрсетіңіз:

Алыста – жер мен көктің арасы алыс, жақында – ерлі-байлы кісінің арасы жақын, тәттіде – сол қатыннан туған бала тәтті, ащыда – сол баладан айырылған ащы.




Алыста – білімді мен наданның арасы алыс, жақында – өлім жақын тәттіде – жан тәтті, ащыда – жаннан айырылу ащы.




Алыста – ағайын алыс, жақында – көрші жақын, тәттіде – қант тәтті, ащыда – тұз ащы.





(С1 оқу-әдістелік құрал үнтаспасы)
7-тапсырма. «Пәтердегі ұрлық» тақырыбына шағын сот процесін өткізіңіз.

11-12. Тақырып: Қазақ тілінде мамандық бойынша пән салалары мазмұнына сипаттама. Ресми-іс қағаздар стилі.

Р е с м и і с қ а ғ а з д а р стилі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп айтылады. Ресми іс қағаздар стилінің ерекшелігі – онда факті дәл көрсетіліп, жүйелі жазуға ерекше мән беріледі. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Ресми құжаттарда қоғамдық-саяси лексика, әкімшілік терминдер жиі қолданылады. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады: белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады. Іс қағаздары ресми түрде жазылуы керек, дегенмен де кейбір іс қағаздарында экспрессивті, эмоционалды тілдік құралдар қолданылады. Мәселен, халықаралық ұйымдар мен жеке мекемелердің, белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшел тойына арналған құттықтаулар. Құттықтау мәтіндері жақсы тілектермен, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоционалды сөздердің қолданылуы заңды құбылыс.

Ресми-іс қағаздарының топтастырылуы

ҰЙЫМДЫҚ ҚҰЖАТТАР

ӨКІЛЕТТІК ҚҰЖАТТАР

АНЫҚТАМАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЖАТТАР

мекеме жарғысы, құрылтайшылар келісімі, штат кестесі, сабақ кестесі, кезекшілік кестесі, ішкі тәртіп ережесі, қызметтік нұсқау, коммерциялық емес ұйымдарда жалпы ережелер т.б.

конституция, заң, жарлық, қаулы, үкім, шешім, бұйрық, нұсқау т.б.

анықтама, өмірбаян, түйіндеме, хат, хаттама, түсініктеме, мәлімхат, акт, сенімхат, қолхат, төлқұжат, куәлік, еңбек кітапшасы, жеке іс парағы, қызметтік хаттар, міндеттеме, баяндама есеп, стенограмма, тізім, тізімдеме, тізбе, хабарландыру, баспасөз баяны т.б.



Мамандық бойынша пән салалары мазмұнына сипаттама

Құқықтану – құқықты ерекше нормалардың жүйесі ретінде зерттейтін ғылым.

Конституциялық құқықтану ілімі – Конституцияны, оның нормаларының ерекшеліктерін, мемлекеттік құрылысты, мемлекетті басқару нышанын, конституциялық құрылысқа байланысты мәселелерді зерттеп, қарастырады.

Азаматтық құқық ілімі – мүліктік қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды, олардың ерекшеліктерін анықтайды.

Қылмыстық құқық ілімі – қылмысқа, қылмыстық жазаға байланысты заңдарды, мәселелерді зерттейді.

1-тапсырма. «Құқық, заң, норма, конституция, мемлекет, нышан, мүлік, қылмыс, азаматтық, жаза, қоғам, дәлел, басқару, жеке тұлға, сот құзыреті, қағида, айып тағу, меншік құығы, азаматтық іс» сөздерін мамандыққа қатыстырып шағын мәтін құрыңыз.

Өмірбаян. Өмірбаян құрылымы төмендегідей:

құжаттың аты;

өмірбаян жазушының азаматтық қал-жағдайы туралы мәлімет;

білімі, оқыған оқу орны туралы мәлімет;

кәсіби тәжірибесі және кәсіби біліктілігі;

қоғамдық-саяси қызметі;

қосымша мәліметтер;

отбасы жағдайы туралы мәлімет;

мекенжайы, аты-жөні, қолы, дата.
2-тапсырма. Берілген үлгі бойынша өз өмірбаяныңызды жазыңыз.

3-тапсырма. Бос орынды толықтырыңыз.

Өмірбаян ..... құжат. Өмірбаянда .... мен ....., ...... көрсетіледі. Жоғары ......, ........ оқығаны туралы айтылады. Өмірбаянда кәсіби ......, ....... көрсетіледі. Өмірбаянда ...... ....... жазуға болады.

4-тапсырма. Тыңдалым тапсырмалары:

Мәтін бойынша қазіргі өтімді қазақ тіліндегі кітаптар – ...... .

а) ғылыми кітаптар

ә) салалық әдебиеттер

б) классикалық шығармалар

в) детектив жанрындағы кітаптар

Мақала авторының идеясын табыңыз:

а) кітап өтімділігін көрсету

ә) қоғамға, оқырманға ой салу

б) оқырман сұранысын таныту

в) кітап дүкендеріндегі жайды баяндау

Мақала авторының мақсатын анықтаңыз:

а) халықтың кітап оқитын-оқымайтынын білу

ә) қай кітап дүкенінде кітап өтімді екенін білу

б) кітаптың қаншалықты сатылатынын анықтау

в) халық арасында қандай кітап сұранысқа ие екендігін білу

(В2 оқу-әдістелік құрал үнтаспасы)
4-тапсырма. «Өмірбаян» сөзжұмбағын шешіңіз.