Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 487
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жүйелі кванттау ұстанымы оқу материалын «сығымдау» теориясының әдіснамалық ірге тасын қалайды. Мысалы, орыс тілі жалпы тіл жайлы мәліметтер, фонетика, графика, орфоэпия, лексика, фразеология, сөз түзу морфология, синтаксис, орфография, пунктуация, стилистика – әрқайсысы бір блок – модуль, ал физика бойынша механика, молекулалық физика, электродинамика, тербелістер мен толқындар, кванттық физиканы жеке блок-модуль деуге болады.
Технологиялық бағыттағы оқу ақпаратын «сығымдау» жұмысы пәнді модельдеу арқылы, құрылымды блок-сызба нұсқа, тірек конспектілеулер, белгілеулер, графиктік түрде өрнектеулер көмегімен жасалады. Оқыту үрдісінде жүргізілген талдаулар блокты-модульдық оқыту әдістемесінің артықшылықтарын және тиімділігін көрсетеді.
Біріншіден, модульдық оқытуда оқу ақпараттарын берудің белгілі және сөздік нышандарына назар аударылады, блокты-модульдік оқыту әдістемесінде суреттік және графиктік нышандар қоса беріледі. Сонымен, блок-модульдік өрнектеу толығады және олардың оқушыларға ықпалдары артады, бірінші кезекте естиді, екіншіден түсінік алады; бұдан соң сурет сызылады, жазылады, бекітіледі, қысқаша қайталанады.
Екіншіден, блок-модулін құрастыру, түзу толығымен және нақты сабақтаса оқу материалын жинақтайды, тұжырымдайды, оқушылардың ойлау қабілеттерін іске қосады және танымдық іс-әрекеттерін жаттықтырады.
Үшіншіден, блок-модульді сызу, құрастыру, жасау бөлігі психология-педагогикалық заңдылықтары мен шартты белгілеріне сүйене келе, есте сақтау, қабылдау, ойлау іс-әрекеттерін дамытып, оқу материалын жеңіл жеткізе, байланыстыра түсінуге, қайта шығара білуге үйрететін негізде болады, көру арқылы қабылданып, оқушы назарын өзіне тартып, зейін қоя ұғынуға баулиды.
Әрбір мұғалім оқушыларының оқу материалдарын терең ұғуларын, мазмұндарын түсініп, қажетті білім алып, тәрбиелі бола түсінулерін, сонымен бірге іс-әрекеттерде пайдалана алуларына және шәкірттердің, талдау жасай білуге жетулерін мақсат етеді. Блок-модуль әдісі – ұстаздардың сол мақсатты жүзеге асыруына мүмкіндік жасайтын тиімді әдіс.
Бұл әдісті үйрене келе, оның ерекшеліктерін ұға келе, көрнекілігі мен нақтылығын көріп, білу арқылы сабақтарда пайдаланулар, оның маңыздылығын, ең негізгісі шәкірттер шығармашылықпен білім алып, тыңдау, жазу, сызу арқылы терең ұғу, түсіну, игеру, білу, дамуға жетеді. Оқыту нәтижесі, сапалы болуы еселі еңбек етуге қанаттандыра түседі, шығармашылық мақсат – мұратқа бастайды [23].
Блокты – модульді оқыту барысында оқушы бойында бұрыннан қалыптасқан еңбек іс-әрекет тәсілдерімен жаңа іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде оқушылар бойында шығармашылық іс-әрекеттері қалыптасады.
Қазіргі кезде жобалап оқытудың негізі қаланғандығы туралы айтуға болады.
Н.Г.Чернилова жобалап оқытуға «Базалық технологиялық білімді меңгеру үшін кешенді оқу жобаларын ақпараттық үзілістермен кезектестіріп орындауға негізделген дамыта оқыту», - деп анықтама берді.
Мұнда автор жобалап оқытуды дамыта оқыту түрі ретінде қарастырады.
Оқыту процесін толығымен жобалап оқытуға көшіру мүмкін емес екені мәлім. Алайда, білім жүйесінің қазіргі даму кезеңінде педагогикалық практиканы жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларымен байыта түсу маңызды. Сондықтан, жобалап оқыту технологиясын – жеке тұлғаға дербес бағытталған технологиялардың бірі деп есептеуге болады.
Жобалап оқытудың масаты:
-
Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуіне; -
Танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалануына; -
Әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеруге; -
Зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау дамытуға; -
Жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады [24].
Модульдік оқыту технологиясы
Модуль дегеніміз – міндетті түрде оқушының білімі мен білікттерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбіне пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы – модульде: тапсырма, жұмыс оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі – бәрі өлшеніп, бағаланып отырады [12].
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Бұдан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-12 минут ішінде) сызба, кесте, т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, эерттеушілік қызмет элементтеріне қарай біренеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Сөйлесу (әңгімелесу) ббөлімінде танымдық процесс негізінен, сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара белсенді әрекет етуіне сәйкестендіріп құрылады.
Оқытуды ойын ретінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді сабақ формаларын (топтық, топтық жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар т.б.) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында, кейіннен алған білімді талдау, бекіту және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4 – ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар беріледі.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеу керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын-ала таныстырады.
Оқу модулінің қоырытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлÑ
1.2.1 Ауызша бақылау түрлері
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің ең жиі қолданылатын негізгі түрі жекелеп және жаппай сұраудан тұрады. Ауызша сұрақ қоюдың артықшылығы мұғалім оқушының жауабын көзбе-көз тыңдап, талдайды және бағалайды. Әр оқушының дара ерекшеліктерін; қабілетін, есін, ынтасын, ойлауын, сөйлеу мәнерін жетік біліп алуына мүмкіндік туады.
Ауызша сұрау бірнеше кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тиімділігін арттыратын әдістері бар.
-
Сұрақ қою, жауап беретін оқушыны тыңдау. Сұрақ алдымен жалпы класқа беріледі, әр оқушы өзін психикалық жағынан жауап қайтаруға әзірлейд. Бірінші сұрақты дайындауға уақыт аз бөлінетіндіктен жауап беруге тәуір оқитын оқушы шақырылады. Олтақтаға жетіп әзірленгенше класқа екінші сұрақ беріліп, екінші оқушы жекелеп жауап беруге әзірленеді. Осылай сұрақтың жоспарына сәйкес келесі оқушылар шақырылады, бірінші оқушы жауабын бастайды. -
Оқушының жауап беруге әзірленуі. Сұрақтың мазмұнына сәйкес оқушы жауап берудің жоспарын жасайды, тақтаға химиялық формулаларды, реакция теңделерін, есеп шығару амалдарын жазады. Тәжірибе жасау тапсырылған болса, қажетті реактивтерді, аспаптарды, әр оқушының әзірллігін және класты қадағалайды, қажет жағдайда ескертулер жасайды, класқа арнайы тапсырма береді. -
Жауапты тыңдау. Бұл ауызша сұрақ қоюдың ең жауапты және ең қиын кезеңі. Әдетте оқушылар тақтада жауап берген оқушыны зейін салып тыңдамайды, бос отырады немесе өзіне ұнайтын бірдеңемен айналысып кетеді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім класқа қалай тыңдау керектігін айтып, тапсырмалар береді: а) жауаптың жоспар бойынша жүйелі берілуін қадағалау; ә) қандай ескертпелеп және толықтырулар жасауға болатынын межелеу; б) жауап туралы пікір айту; в) жауапқа баға беріп, неге олай бағаланғанын түсіндіру; г) оқушының жауабын анықтай түсетін және толықтыратын сұрақтар қою; д) тәжірибені дұрыс жасап қорытындылау [13].
Жолдасының жауабына пікір айту (б) күрделі жұмыс, пікірде жауаптың толықтығы, тереңдігі, дәлдігі, есептің шығару тәсілі, тәжірибенің қалай қойылғаны талданады. Мұны жүзеге асыру үшін оқушы өз білімін басқа оқушының жауабымен салыстырып, айырмасын таба білу керек. Бұған оқушылар біртіндеп үйретіледі. Жолдастарының жауабын бағалау да (в) оқушыдан папрсатты, білімді және әділ болуды қажет етеді. Басқа жағдайда білімді бағалаудың құны түсіп, бос әурешілікке әкеліп соқтырады. Жауап берген оқушыға сұрақ қою да (г) күткен нәтижеге жеткізбеуі жиі кездеседі. Өйткені, оқушылар жауаптың мазмұнына қатысы аз кездейсоқ сұрақтарды жаудыртып жібереді. Сонымен пікір айту, бағалау және сұрақтар қою оқушылардан білімділікті, саналылықты ізеттілікті, силастықты, т.б. жоғары сапалы қасиеттерді қажет ететін болғандықтан, мектеп сарамандығына тиесілі орнын алмай келеді. Бүкіл клас ұйымдасқан түрде жұмыла кіріскенде ғана сұрау мақсатына жетеді, ал білім бәсекесін тудыру арқылы кластың белсенділігін арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Тәжірибесі аз мұғалімдердің ауызша сұрақты ойдағыдай жүргізуге қиналатынын, қойылатын талаптарды толық орындамайтынын ұстаздық сараман көрсетіп келеді [24].
1.2.2 Тест – стандартталған тапсырма
Тестілеу студенттердің білімдерін бақылау түрі ретінде республиканың жоғары оқу орындарында өткен жүз жылдықтың 90-шы жылдарынан бастап кеңінен қолданылады. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру Министрлігінің «О разработке инструментария аттестации учебных заведений» №371 бұйрығы бойынша барлық оқу мекемелерінде тестілерді құру және мамандардың дайындық деңгейін көтеру мақсатында оқу үрдісінде енгізу міндеттері жүктелді. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес тестілеу әдісін қолдану шеңбері кеңейіп, оның нәтижелерінің құндылығы артуда.
Тестілеу студенттердің білімдерін тиімді бағалау әдістерінің бірі. Әдістің артықшылығына мыналар жатады:
-
тестілеу арқылы бағалаудың объективтілігінің артуы; -
бағалау жылдам жүргізіледі; -
қарапайымдылығы мен түсініктілігі; -
тестілеу нәтижелерін компьютерлік тәсілмен өңдеуге және бағалаудың статистикалық әдістерін қолдануға болады.
Тестілеу оқыту деңгейін бақылаудың дәстүрлік жүйесіне маңызды толықтырушы болып табылады. Студенттердің дайындық деңгейлерін тестілеу әдісі арқылы бағалау үшін арнайы педагогикалық тестілер жасалады. Тестілеудің негізгі мақсаты жоғары оқу орнының мамандарды дайындау сапасын ішкі басқару міндеттеріне, сонымен бірге түлектерді қортыныды аттестациялау, мемлекеттік аттестациялау міндеттеріне, байланысты қарастырылады. Тест – бұл тұлғаның жүйелі оқыту кезеңінде өзгеріске ұшырайтын сапасы мен қасиетін өлшеуге негізделген, стандартты жүргізу тәсілі мен нәтижелерді сараптау мен өңдеудің алдын-ала жоспарланған технологияларының жүйесі. Тест – бұл стандартталған тапсырма, оның орындалу нәтижелеріне сәйкес тексерілушінің білімі, білігі және дағдыларының деңгейін бағалау жүргізіледі. Педагогикалық тест белгілі мазмұны, өзіне тән пішіні бар, әрбір тексерілуші білімінің құрылымын сапалы бағалауға және деңгейін тиімді өлшеуге мүмкіндік беретін есептер мен (немесе) сұрақтардың жүйесі ретінде анықталады [25].
Тест белгілі бір пән бойынша (гомогенді тест), белгілі жиынтықтағы немесе циклдік пәндер бойынша (гетерогенді тест) тапсырмалардан тұрады.
Тест тапсырмаларды құрастырудың негізгі кезеңдері:
-
Тест тапсырмаларды құрастыру жұмысын жеңілдету үшін пән бойынша оқу материалының әрбір бөлімін, тақырыбын пәннің мазмұнын толық беретін есептер мен (немесе) сұрақтар түрінде көрсету керек. Осы кезде жанама сұрақтарға көңіл аудармай, тек негізгі (мәселелік) сұрақтарды бөлу маңызды. -
Екінші кезеңде тестілеу мақсатына (білімді ағымдық бақылау, білімді қорытынды бақылау, қалдық білімді бақылау және т.б.) және тестілеу түріне байланысты тесттік тапсырмалардың есептері мен сұрақтарын реттеу жоспары жасалады. Оқу материалын белгілі бір ретке келтіру және тесттік тапсырмаларды құрастыру – тестілерді құрудың жауапты әрі күрделі кезеңдері. -
Тесттік тапсырмаларды құрып болғаннан кейін оқытушы дұрыс жауап енгізеді.