Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 564
Скачиваний: 5
Сонымен, бірлікте біздің ақпараттық қызметіміз де халықаралық журналистикада үлкен қиындықтарға кезігіп отыр. Әлемдік журналистикаға талдау мен баға беру дәрежесі де өз мүмкіндігінен әлдеқайда төмен. Шолушылар халықаралық тақырыпқа баға беру кезінде елеулі қателіктер жіберіп жатады. Алайда осыған қарамастан Қазақстан теледидары ақпарат қызметі саласында елеулі табыстарға қол жеткізді. Мәселен, теледидардағы екінші аспект – көңіл-көтеру бағытындағы бағдарламаларды алып қарайық. Бұл бағытта бағдарламалар саны өсіп, олардың пішіндері недәуір өзгеріске түсуде. Өткен он алты жыл көлемінде, негізінен, шетелдік, алдымен, американдық, бразилиялық, мексикандық сериалдарды тамашаладық. Егер көпшілік мәдениеттің өз классикасы барын ескерсек, онда біз әлемге әйгілі ленталар мен эстрадалық бағдарламалармен сусындағанымызды да атап өткеніміз жөн болар. Бұл біздің әлемдік мәдениет кеңістігінен молынан қанығуымызға да даңғыл жол ашты. Сонымен бір қатарда көңіл-көтерушілік бағыттағы бағдарламалар өз кемшіліктерімен келіп, төрімізден бір-ақ шықты. Оған көркемдік дәрежесі төмен, зорлық-зомбылық пен эротикалық бағыттағы фильмдерді қосқан орынды. Көпшілік өнім, солай етіп, өзінің әрі плюсі әрі минусымен қатар, әрі қат-қабат бірлікте көрермен аудиториясына ентелей келеді. Соңғы кезеңде көпшілік мәдениетте қазақстандық үлгінің өзгеше көрініс беруі байқалуда. Осы тенденция телевидение мен кинода да ашық байқалуда. Табыстармен бірлікте аса мәнді минус – көңіл-көтерушілік бағдарламаларда тұрпайылықтың пайда болғандығы. Ол көрермендердің сана-сезімі мен олардың қабылдауларында әдепсіздік пен кейіпсіздікті туындатып отыр. Әрі оған Ресей арналарындағыдай қарсы қоятын «Культура» секілді арнамыз тағы жоқ. Егер осындай арна болатын жағдайда, онда отандық теледидар екі себеппен зор нәтижеге қол жеткізген болар еді: біріншіден, көрермендерге ұсынылатын бағдарламалар өнімінің дәрежесін көтеруге, ал екіншіден, мемлекет есебінен осы сынды бағдарламарды жүйелі әрі қажетті мөлшерде қаржыландыруға. Осы бағытта келешекте ойланатын мәселе, ол қоғамдық немесе қоғамдық-құқықтық стандартқа сай жаңа арна құру мәселесі. Осы арнаның өмірге келуі екі фактордың әсерімен күйреген және әлі де күйреп жатқан: коммерциялық арналарда үстемдікке ие болып отырған көпшілік мәдениет және жарнаманы көркемдік тәрбие бағытында өнімді жұмыс жасатуымызға аз да болса септігін тигізер еді. Кеңестік жүйе кезеңінде теледидарда ағартушылық, оқулық және ғылыми-көпшілік бағыттағы бағдарламалар саны мол болатын әрі олар теледидардан жүйелі түрде, үзбей көрсетіліп тұратын. Бүгінде «Қазақстан ұлттық арнасы» мен «Хабар» агенттігі не өзге арналарда ағартушылық бағыттағы бағдарламалар некен саяқ, не жоққа тән. Бүгінде ұрпақ пен қоғам мәдени апаттың шегіне келді. Теледидардағы осы зор шығынның орнын болашақта ешбір нәрсемен де жабуға болмайтындығын бүгін түсінбесек, ертең кеш болады. XXI ғасыр тарихқа осы бағыттағы Қазақстан теледидарларының ең бір қайғылы беттері болып жазуылуы әбден мүмкін. Табыстарымыз жайлы ауыз толтырып айтқанмен, уыстан шығарып алған не әлі де болса қол жетпеген проблемалар теледидар саласында жеткілікті. Егер біз телехабарларымызды өзге дамыған индустриалдық елдердің хабарларымен салыстырар болсақ, онда біздің көзімізге екі аспектідегі кемшілік қатар түседі, ол кабельдік және спутниктік тележүйе. Кабельдік телевидение – бұл тұрғын үй массивтерін қамтитын, әрі соларға қызмет көрсететін кабельдік жүйе. Алайда бірде-бір кабельдік тележүйенің республикаға не облыстық деңгейдегі жүйелі тақырыптық бағдарламасы бізде әлі күнге дейін жоқ. Оған қосымша, бүгінде шетелдік телехабарлар таратудың негізгі үлес салмағы метрлік әлде дециметрлік диапазондарға емес, негізінен жаңалықтарды хабарлайтын Си-эн-эн не киноны көрсететін Хоум Бокс Оффис әлде музыкалық Эм-ти-ви секілді арналар бағдарламалары кабельдік не спутниктік жүйе арқылы таратылуда [6]. Осы бағдарламалар көрермендердің жеке талап-тілегіне сай көрсетілуде. Кабельдік телехабар тарату жүйесі құрылымы жағынан журналдық баспа өнімінің құрылымына сай келсе де, ол бізде күні бүгінге дейін тұрақтылыққа айналған жоқ. Отандық инвесторлар болашақта қайтарым беретін кабельдік телевидениеге қаржыларын салудан тайсақтайды. Осыдан келіп біздің әлемдік стандарттан техникалық және программалық жағынан кейін қалуымыз сезілуде. Біздің көрермендер: телевизиялық қажеттілікте метрлік және дециметрлік диапазонмен шектеліп, әрі қаржының тапшылығынан да шетел арналарын көрсететін спутниктік каналдарға еркін түрде қол жеткізе алмай отыр.
Біз жоғалтқандарымыз қатарында техникалық және қаржылық проблемаларды атап көрсеткенмен, олардан әсте де кем емес мәнді кезеңді атап айтуға тиістіміз. Бүгінде Қазақстан теледидары егемендік лебімен бірге аса саясиланған және түрлі өкіметтік әрі корпоративтік құрылымдар ықпал ететін жағдайға душар болған. Соған орай азаматтық қоғамның ықпал ықпал ету аймағының азаюы өз кезегінде дабылды шаққа жетіп отыр. Кезінде саяси тапсырма кеңестік теледидарды құртуға дейін алып келді. Телекиллерлер теледидарға деген сенімді өлтіруге дейін алып келіп, сөз бостандығы идеясының беделін түсіруде. Осы кезеңде аудиторияның телекомпания басшыларынан әрі телевизиялық қауымдастықтан, кеңестік кезеңнен қалған саясиландыруды және өкіметтік құрылым мен корпоративтік құрылымдардың жаңа бағыт алған қысымшылығын жеңуді талап етулері орынды. Өткен ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде қоғамда жариялылық пен қайта құру басталды. Сол кезеңде телевизия қызметкерлірінің «бізге еркіндікті берді, алайда ол бағытта не істеу керектігін айтқан жоқ...» деген сөзінде үлкен мән бар. Алайда теледидар қай кезеңде де қоғам мен оның даму перспективасын өзінің күнделікті сюжеттері мен хабарларында тайға таңба басқандай етіп көрсетпеп пе еді? Сол кезеңнің өзінде де телевизиялық бағдарламалар сан-саладан қоғамның даму процесі мен кемшін тұстарын аяусыз сын тезіне алып жатты. Алғашқы кезеңде отандық телевидение өзінің коммуникациялық табиғатына сай орталықтандырылған жүйеде дамып, ол процесс тар шеңбердегі партиялық талап құқығынан шығып кете алмады. Тоталитарлық мемлекетте субъективті қондырғылар қандай да бір уақытқа сан жағынан өсу (аудитория мен материалдық-техникалық база) және сапа жағынан көрсеткішке (ұнамды бағдарламалар, кәсіби шеберлікті жетілдіру) ыңғайласа білді. Теледидар – қоғамдық жүйе, ол социум заңымен өмір сүреді, сондықтан осы процесс қай кезеңде де барлық қоғам үшін актуалды. Ал күнделікті өмір ағымын қалт жібермей қадағалап, соған дер кезінде үн қосып отырған отандық телеарналар үшін бұл қашан да бұлжымас заң. Халыққа жарты ғасырдан артық қызмет етсе де, отандық телевизия әлі күнге дейін дамып, өркендеу үстінде. Ақпарат ағынының молдығы теледидардың рейтингін арттыруда, уақыт өткен сайын көрермен мен телевизия арасындағы байланыс арта түсуде. Теледидар күн сайын аудиторияға алуан бағытта насихат жұмысын жүргізіп отырады. Қашан да халық назары теледидарда
, әрқашанда жаңаша хабарлар күтіп отыратыны анық. Сондықтан да оның әрбір хабарының сапасы мен маңыздылығы күн тәртібінен түспейтіні сөзсіз. Қалың көрермен отандық телеарналардағы жаңа бағдарламаларды қалт жібермей асыға күтеді. Еліміз телеарналарында бағдарламалар, әрине, көп, бірақ солардың көпшілігі шетелдік хабарлардың қазақша көшірмесі болып табылады. Осындай бағдарламалардан жастарымызға тәрбиелік немесе тағлымдық ешнәрсе таба алмайсың. Әдетте журналистің жасаған хабарлары терең де, жан-жақты талдауларға, жаңалықтарды байқап, таба білу нәтижесінде, деректерді жинақтап дәлелдерін сипаттап қорытындыға келгенде ғана өмірге келетіндігі мәлім. Қазіргі таңда экранда пайда бола қалған жаңа бағдарламаларда журналистік ізденіс байқалмайды. Олар шетелдік телеарналардағы бағдарламалардың көшірмесі ғана болып табылады. Бұл бағдарламалардың жастар тәрбиесіне, сананың өсіп-өркендеуіне еш әсері болмайтыны анық, тіпті менталитетімізге сәйкес келмейтіні де көзге ұрып тұрады. Қазіргі уақытта бала тәрбиесі де телевизиямен тығыз байланысты. Оған себеп – ата-аналардың әрқашанда жұмыста болу, бос уақыттарының болмауы. Балалар сәби кезінен бастап теледидар көріп дағдылануда. Кез келген баланың көгілдір экраннан көргісі келетіні – әрине, мультфильм. Және бұл тұрғыдан алғанда, қазір айтарлықтай қиындық жоқ. Тәулік бойы бір тынбайтын «Nuckelodeon», «Jetix», «Fox Kids» сияқты спутниктік телеаналар отандық экрандардың бұл тараптағы олқылығын толтырып отырғалы қашан!.. Осының салдарынан бүгінгі бүлдіршіндер өз мәдениетімен, өз болмысымен мүлде жанаспайтын Бэтмен, Терминатор, Человек-Паук, Робот-полицейский, Мегаботтарға еліктеп өсіп келеді. Жақында спутникпен таралатын балалар арнасы «Балапан» ашылғанда халықтың бір қуанып қалғаны рас.
1.2. Интернет пен ҚазақстанҒаламдық Интернет желісінің талассыз құндылығы интерактивті түрде ақпаратпен алмасу, гипермәтін және гипермедиа, іс-әрекеттің жекешелендіру мүмкіндігі. Интернеттің негізі жер шарының бұрыш-бұрышындағы деректер жіберу желілерімен байланысқан серверлер (комптьютерлер). И нтернетті «Тор» деп атауы да содан. Ғаламтор үлкен көлемдегі мәліметтерді әлемнің бір жерінен екінші бір жеріне лезде жіберуге қабілетті. Интернет сервері – негізгі қызметі ақпарат ағымын сақтау, өңдеу және басқару болып келетін компьютер. Жеке компьютері бар қолданушы провайдер арқылы Интернетке қосылып, Интернеттің кез келген серверіндегі ақпаратқа қол жеткізе алады. Провайдер деген белгілі бір ақыға Интернетке қосылуды қамтамасыз ететін компания. Интернетке қосылудың ең жеңіл тәсілі «dialup» телефон линиялары немесе модем арқылы қосылу болып табылады. Мұндай байланыс мәліметтер алмасудың 56 Кбит/с дейінгі жылдамдыққа дейін қызмет атқарады. Бұл жылдамдық мәтіндік немесе графикалық ақпарат алмасуға жарайды. Өкінішке орай, ресейлік телефон линиялары мәліметтер жіберу жылдамдығына кері ұәсер етеді. Сонысымен бүкіл ел көлемінде Интернеттің дамуына кедергі келтіреді. Интернетке қосылудың жылдамырақ түрі ISDN линиялары үлкен көлемдегі қаржы мен қосымша құрал-жабдықтарды талап еткенімен, Интернетті жиі қолданса, жылдам ақталатын еді. Интернетті физтикалық және логикалық құрылымын айыра білген абзал. Жоғарыда айтылғандай, физикалық тұрғыдан қарасақ, Интернет мәліметтер жіберілетін желілермен байланысқан компьютерлерден тұрады. Деректермен алмасу TCP/IP, HTTP, FTP сынды протоколдар арқылы жүзеге асады [7]. Ал логикалық тұрғыдан қарасақ, Интернет серверлерде орналасқан құжаттардан тұрады. Оларды компьютерлерде орнатылған «браузер» деп аталатын бағдарлама арқылы қарауға болады. Интернет-парақша HTML (Hypertext Markup language) арнайы тілімен өңделген мәтін ретінде қарастырылады. Әрбір парақша немесе парақшалар кешені (сайт, виртуалды сервер) Интернетте өз алдына жеке URL (Uniform Resource Locator) адресіне және домендік есімге ие. Кез келген парақша өзімен тақырыптас басқа да Интернет парақшаларға сілтемелерден тұрады. Осындай сілтемелер арқылы білгілі бір ақпарат іздеуші адам бір парақшадан екіншісіне еркін өте алады. Бастапқыда Интернет тек мәтіндік құжаттардан құралған еді, алайда компьютерлік технологиялардың жылдам дамуы мен жоғары жылдамдықты мәліметтер жіберу мүмкіндігінің арқасында Интернет қолданушылар мен серверлер және басқа да қолданушылар арасында интерактивті ақпарат алмасу мүмкін болды. Одан бөлек, графикалық және бейнеклиптермен алмасу, аудиожазбаларды тыңдау, бейнеконференциялар өткізу және төлемдер жасау мүмкіндігі пайда болды. Осындай жаңа технологиялар ғаламтордың танымалдығының артуына және дамуына алып келді. Осылайша Интернет бүгінде ақпараттың шексіз көзі ғана емес, сондай-ақ әлемнің ойын-сауық және іскерлік орталығына айналды.