Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 650
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Организмде оттегінің жетіспеушілігі, яғни гипоксия кез-келген жас аралығында болуы мүмкін, сондай-ақ аяғы ауыр әйелдерде де кездеседі.
Соңғы жағдайларда гипоксия бала үшін қауіпті. Шын мәнінде, баланың өзі тыныс ала алмайды және оған анасы арқылы оттегі жеткізіледі. Егер анасына оттегі жетіспесе, онда нәрестеде гипоксия орын алып, бұл жағымсыз салдарға әкеп соғады.
Бұл жағдайдың төмендегідей түрлері бар:
Созылмалы гипоксия. Бұл жүктілік кезінде пайда болады және нәресте дүниеге келгенше дамып отырады.
Алдындағы. Бала дүниеге келгенге дейін бірнеше күн дамиды.
Жіті.Босану уақытында, көбінесе босану ауыр болған кезде пайда болады. Бұл баланың өміріне қауіп төндіреді.
Ұзақ уақыт бойы оттегінің жетіспеуі баланың дамуына кедергі келтіреді немесе кейбір органдардың және жүйелердің дұрыс қалыптаспауына әкеледі.
Тапсырма 3. Жіті полиомиелитпен ауыратын науқаста аурудың 4-ші күні тыныс алуы қиындаған, осыған байланысты ол жасанды тыныс алуға ауыстырылған.
рН = 7,29
РаСО2 = 66 мм сын.бағ.
SB = 20,0 ммоль/л
ВВ = 43,1 ммоль/л
BE = +1,0 ммоль/л
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Билет № 28
Тапсырма 1. Науқас П., 34 жаста, Жарақаттық бөлімге оң қолын күйдіріп алғанымен қаралды.
Объективті: Дене қызуы 37,70С. Күйген жердің терісі ашық-қызыл түсті, күдіреген, ісінген, кейбір бөліктерінің эпидермисі ажыраған , температурасы жоғары, ұстағанда ауыртады. Оң қолының қимылдау қызметі бұзылған. Тыныс алу жиілігі - 24 мин-1 , пульсі - 96 мин-1.
-
Науқаста қандай типтік патологиялық процестер бар? Олардың қайсысы бастаушы процесс болып табылады? Жауаптарды негіздеңіз. Басты типтік патологиялық процестің дамуын тудырған этиологиялық факторды көрсетіңіз. Шығу тегі бойынша ол қандай топқа жатады?
1)Шығу тегі б/ша→ экзогенді→ инфекциялық емес→ жедел қабыну дамыған.
Типтік патологиялық процесстері:
Қолдың күюі, қызба, күлдіреген, эпидермисі ажыраған, қолдың ауырсынуы, қимылдау қызметінің бұзылған, тыныс алу жиілігі минутына 24 рет, ал пульсі минутына 96 рет.
Бастаушы процесс қолын күйдіріп алуы болады. Себебі, қолын күйдіріп алғандықтан, қатты күю салдарынан жіті қабыну дамыған. Этиологиялық экзогендік фактор, сыртқы әсерден болған. Физикалық ықпал әсерінен.
-
Басты типтік патологиялық процестің патогенезінің негізгі сатыларын атаңыз және науқаста байқалатын кезеңді сипаттаңыз.
2)Қабынудың негізі 3 сатысы бар. Олар:
І-альтерация
ІІ-микроциркуляцияның бұзылыстары мен экссудация
ІІІ-пролиферация.
Менің ойымша қабынудың ІІ-сатысы,яғни микроциркуляцияның бұзылыстары мен экусудация сатысы. Себебі, күйген теріде қан плазмасының және де нәруыздардың жиылып эксудат түзу әсерінен күлдіреп және ісініп, эпидермисі ажыраған. Сонымен қатар, жедел түрде жарақат алған кезде күйген жердің ашық-қызыл түрде болуы ол артериялық гиперемияның пайда болғанын білеміз, ол микроциркуляцияның бұзылыс сатысы. Ісінген тін қабынудың бірінші альтерация сатысы жылдам орындалғанда күлдіреу және де қабыну ошағына көп мөлшерде экссудацияланған қанның плазмасы, ферменттері, нәруыздары ісінуді тудырған. Соның салдарынан тері астына экссудатты сұйықтық жиналып, соның әсерінен сыртқы эпидермисті ажыратып тұр. Жоғары температура организмге қабынудың салдарынан туған жалпы әсерінің көрінісі болып табылады. Ал ауырсыну сезімі қабынған тінде сезімтал нерв ұштарының қысылуынан болады, ал қолын қозғалта алмауы нервтердің эфферентті ұштарының ауыр зақымдалуынан болады.
3. Науқаста дамыған типтік патологиялық процестің жергілікті және жалпы белгілерін атаңыз. Тыныс алу жиілігі мен пульсі температураның өзгеру дәрежесіне сәйкес келе ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
3) Rubor(қызару)- қабынған жерде салдарынан тіннің қызаруы,яғни терісінің ашық қызыл түсті болуы жатады.
Tumor(домбығу) – қабыну ошағында онкотикалық және осмостық қысымның жоғарылауынан қанның плазмасы мен ферменттері, нәруыздары мен тұздары экссудацияланып жиналып қалуы. Күлдіреп, ісініп, эпидермисі ажырауы жатады.
Calor(қызуы көтерілуі) – артериялық гиперемия жергілікті температураның жоғарылауына да әсер етеді. Температурасының 37,7 С болуы.
Dolor(ауыру) – ісінген тіннің нерв ұштарын қысып қалып ауыру сезімін тудыруы.
Functio laesa(қызметтің бұзылуы) – қабынған тіннің функциялық бұзылыстары пайда болуы жатады.
Қалыпты жағдайда ересек адамның тыныштықта тыныс алу жиілігі минутына 16-20 рет, ал науқаста 24 рет болған. Қалыпты жағдайда адамда пульс жиілігі минутына 60-80, ал науқаста 96 рет болған. Пациентте температура жоғары болып тұр, 37,7 С , сол себепті де науқастың тыныс алу жиілігі мен пульсы жоғарылаған.
Тапсырма 2. Науқас әйел, 27 жаста, босанғаннан кейінгі 4 жыл бойы, дене салмағының айтарлықтай қосылғанына шағымданады. Балалық шағынан ұннан жасалған тағамдарды, тәттілерді ұнатады. Аз қозғалады. Анасының дене салмағының индексі – 42,2 кг/м2, әкесінде – 39,4 кг/м2, үлкен әпкесінде – 39,8 кг/м2.
Объективті: бойы – 162 см, салмағы – 90 кг. Тері асты май шелі барлық денесінде біркелкі орналасқан. Жүректің жиырылу жиілігі – 88 мин-1, артериялық қысымы – 135/90 мм сын.бағ. Ішкі ағзалар тарапынан патология анықталған жоқ.
Қанның биохимиялық анализі: холестериннің жалпы құрамы – 6,8 ммоль/л (норма 2,9 - 5,2 ммоль/л), үшглицеридтер – 3,92 ммоль/л (норма 0 - 2,25 ммоль/л), холестерин ТТЛП – 4,7 ммоль/л (норма ммоль/л 0 - 3,3 ммоль/л), холестерин ТЖЛП – 1,4 ммоль/л (норма 1,03 - 1,55 ммоль/л).
1. Пациентте зат алмасудың қандай түрі бұзылған? Осы жағдайдағы зат алмасу патологиясының типтік түрлерін атаңыз. Жауаптарыңызды дәлелдеңіз. Науқастың дене салмағының индексі мен атерогендігінің коэффициентін есептеңіз. Олардың маңыздылығы қандай?
2. Науқастағы зат алмасу патологиясы дамуының осы түрінің негізгі этиологиялық және патогенетикалық факторларын атаңыз.
3. Патологияның осы түрінің алдын алу мен емдеудің негізгі принциптерін атаңыз және оларды патофизиологиялық тұрғыдан түсіндіріңіз.
Тапсырма 3. Науқас температураның 390С-қа дейін жоғарылауына, шырышты-іріңді қақырық бөлінуіне, айқын ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Науқас суық тигеннен кейін, ауырып қалған.
РаО2 = 65 мм сын.бағ.
РvО2 = 40 мм сын.бағ.
РаСО2 = 59 мм сын.бағ.
SаО2 = 70%
SvО2 = 39%
ҚОС = 22,5 көл%
ТМК = 3,8 л/мин
ҚМК = 7,6 л/мин
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
Билет № 29
Тапсырма 1. Науқас Ш, 27 жаста сол жақ санындағы жараның қатты ластануына байланысты хирургиялық бөлімшеге келіп түсті. Науқасқа сіреспенің алдын алу мақсатымен ең алдымен тері астына 1 мл сіреспе анатоксинін, ал 30 минуттан кейін –300 ХБ сіреспеге қарсы сары су енгізілді. Осыған байланысты, жараның жазылуы іріңдеумен асқынды, сары суды енгізуді әрбір 6 күннен кейін қайталап отырды. Үшінші инъекциядан кейін енгізген жерде ісіну пайда болып, инфильтрат түзілді. Инфильтрат бетіндегі терісі некрозға ұшырап, соның салдарынан ұзақ уақыт жазылмайтын жараға айналды.
1. Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктеулері бойынша науқаста аллергиялық реакцияның қандай түрі дамыды? Бұл аллергиялық реакция жоғары сезімталдықтың қандай түріне жатады? Жауапты түсіндіріңіз.
2. Аллергиялық реакцияның осы түрінің патогенезін ұсыныңыз. Науқастағы некрозға ұшыраған қабыну ошағының пайда болуын түсіндіріңіз. Щварцман феноменінен Артюс феноменінің айырмашылығы неде?
3. Аллергиялық аурулардың алдын алу және емдеу принциптері қандай?
Бұл аллергиялық серпілістің иммундық кешендік, яғни ІІІ түрі болып табылады. Себебі, аллергиялық реакция емдік сары судың әерінен дамыған. Бұл аллергиялық реакция аллерген қайта енгеннен кейін 15-30 минуттың ішінде дамығандықтан, жоғары сезімталдықтың дереу дамитын дамитын (ДДЖС) түріне жатады.
Аллергиялық серпілістің ІІІ түрі Ig M және G1-3 ықпалынан туындайды. Тіндердің бүліністерін шақыратын, иммундық кешендердің түзілуімен сипатталады.
Аллерген (сарысу) әсер еткен. Макрофагтар аллергенді танып,В лимфоциттер IgG IgM антиденелер түзілуіне әсер етті. Олар антигендермен байланысып Антидене-антиген комплексін құрды. Иммундық жауап ретінде комплемнтарлы жүйе белсенеді. Ондағы С3в опсонин рөлін атқарса, С3а мен С5в иммундық жүйенің активтелуіне, гистамин,простагландин, лейкотриен синтезі, хемотаксис процесін белсенуіне ықпал етеді.Ал С5-С9 жасушада тесіктер жасап, оның ісінуіне әрекет етеді.Сонымен қатар гуморальды медиаторлар белсенеді. Олардың ішіндегі қан ұюға қатысатын медиаторлар тромбтың түзілуіне әкеледі. Тромбтан ишемия—некроз—инфаркт дамиды.
Бұл комплекс бүйрек гломерулаларының базальды мембраналарында , теріасты клетчаткасында, миокард тіндерінде, буындарға бекіп, гломерулонефрит, жүйелі қызыл жегі, эндокардит, ревматоидты артрит дамиды.
Шварц феноменінің Артюс феноменінен айырмашылығы спецификалық реакцияның болмауында, яғни ол парааллергияның типтік түріне жатады.Себебі Шварц феноменінде иісті сезіп, ненің иісі екенін білмейді.
Парааллергия-көрінісі мен әсер етуі спецификалық аллергияға ұқсас, бірақ иммунологиялық сатысының және антиген-антидене реакциясының болмауымен сипатталатын бейспецификалық аллергиялық реакциялар жиынтығы.
Алдын алу үшін респираторлық маскаларды,жасанды вентиляция жүйесін қолдану, ауаны ылғалдау, қолғап кию, тері мен шырышты қабықтарға аллерген түсуін болдырмау керек.
Емдеу принциптері: Патогенді емдеу үшін спецификалық гипосенсибилизация қолдану.
Гипосенсибилизация дегеніміз – организмнің антигенге жоғары сезімталдығының иммундық тетіктерін тежеу немесе оның дамуының алдын алу жолдарына бағытталған профилактикалық шаралар жиынтығы. Олар спецификалық және бейспецификалық болады. Спецификалық гипосенсибилизацияа аллергияны шақырған аллергенді аз мөлшер енгізу арқылы жүзеге асады. Бейспецификалық – ағза реактивтілігін өзгертетін шаралар: физиотерапия, рефлексотерапия, антимедиаторлық дәрілер, иммуномодуляторлар, иммуносупрессорлар қолдану.
Симптоматикалық емдеу үшін ауырсынуды бастатын препараттар, транквилизаторлар, ,психоаналептиктерді қолдану.
Саногенді терапияда витаминдер, адаптогендер, емдік ашығулар жатады.