Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 647

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2. Осы патологиялық процесс дамуына науқастың зиянды әдеттерінің маңызы бар ма? Осы патологиялық процестің дамуына тағы қандай қауіп факторлары ықпал етеді? Науқастың бауырында ісік пайда болуын түсіндіріңіз. Науқаста патогенездің қандай сатысы байқалады? Оны сипаттаңыз.

3. Иммуноферменттік талдау нәтижелері нені көрсетеді? Патогенездік көзқарас бойынша науқастың бауырындағы ісікке пункциялық цитобиопсия жасаудың қажеттілігі бар ма? Жауапты негіздеңіз.

1. Науқаста дамыған типтік патологиялық процесстер – қабыну, өспе (лат.tumor, грек.neoplasma). Алғашында асқазанның шырышты қабығының ақауы созылмалы ұзақ мерзімді қабынумен сипатталған, кейіннен өспеге айналған.

Өспе жасушаларының өсу сипатына сәйкес түрі – қатерлі өспе. Себебі, біріншіден асқазан обырын операция арқылы алып тастасада 9 айдан кейін бұл өспе қайталанған, яғни операция барысында өспе жасушалары сау тіндерге (бұл жағдайда бауыр) жасуша аралық сұйықтықпен түскен немесе өспенің зат алмасуының өзгерістері сақталып қалып, өспенің жаңа ошақтарда пайда болуына алып келген. Мұндай өспе өсуінің қайталануы(рецидивтілігі) қатерлі өспенің бірден бір көрсеткіші. Екіншіден, науқастағы жалпы әлсіздік, тәбетінің болмауы, салмағының азаюы сияқты өспе кезіндегі белгілерді өспелік кахексия деп атайды, бұл қатерлі ісік екендігін дәлелдейді. Өйткені, қатерлі ісік кезінде өспелік кахексия дамиды. Кейбір зерттеушілердің анықтауы бойынша қатерлі өспелер адамды арықтататын уытты заттар өндіріп шығарады. Мәселен, өспелерден бөлінген токсогормон организмде каталаза ферментінің белсенділігін қатты азайтады, қанда темір иондарының мөлшерін төмендетіп, анемия туындатады, бауырдың көкбауырдың үлкеюін туындатады.

2. Бауырда өспенің пайда болуына науқастың 20 жыл бойы темекі , алкоголь қолдануы әсер етеді. Себебі, этил спиртін нейртализациялау бауырда жүреді, сондықтан екеуі тығыз байланысты. Алкогольды үнемі ұзық уақыт бойы қолдану алдымен гепатоциттердің зақымдалуына әкеледі. Әрі қарай бұл белсенді жасушалардың саны азайып, бауыр қызметі бұзылып, этил спиртінің өнімлерінің, токсиндердің шығуы бәсеңдейді. Гепатациттердің санының аз қалуы циррозға алып келеді. Сәйкесінше ары қарай асқынуы бауырлық өспені тудырады.

Өспенің пайда болуына әсер ететін қауіп факторлары – 1) зиянды әдеттер темекі, насыбай ату, жыныстық қатынастар; 2) тиімсіз қоректені тым майлы тамақ ішу, тамақат витаминдердің, қанықпған май қышқылдарының жетіспеуі;


Бауырдың өлшемі ұлғайғандығы, пальпация жасағанда қатты, бұдырлы, аздап ауырсынатындығы, альфа-фетопротеин­ бауыр өспесінің патогенезінің прогрессия (өспе өсуінің өршуі) сатысы екендігін негіздейді. Прогрессия сатысы- өспе жасушаларының ұдайы өзгеріп өсіп тұруы оның қатерлі қасиеттерін одан сайын күшейтеді де өспенің өсуін өршітеді. Бұл кезде өспенің түйіні ұлғайып, жанындағы ағзаларға кең етек жая өсіп, метастаза таратуы және сол жерге бейімделіп өсуі болады.

3. Иммуноферменттік талдау нәтижелері альфа-фетопротеин­, обырлы-эмбриондық антиген – 158,9 нг/мл ­. Бұл нені білдіреді?

Альфа-фетопротеиннің қандағы мөлшерінің жоғарлауы бауырлық обырды, бауырдың метастазын негіздейді.

Менің ойымша диагнозды одан сайын нақты білу үшін бауыр биопсиясын жасаған дұрыс. Ол цитологиялық және де гистологиялық талдауларға биоматериалдардың үлгілерін алуға болатын хирургиялық процедура болып табылады. Біз осы процедураны қолдана отырып ісіктің қаншалықты таралғанын және аурудың сатыларын анықтауға мүмкіндік туады. Бауырға биопсияны мына жағдайларда жүргізу керек:

• Бауырдың метасатикалық зақымдануында

• Туберкулез, бруцеллез, паразиттік ауруында

• Белгісіз сарғаюларда

• Созылмалы бауыр ауруларында-алкогольды көп қолданғанда, вирустық ауруларында.

Тапсырма 2. Науқас С., 48 жаста, зәрінің түсінің өзгеруіне, зәрінің жиі және ауырсынумен шығатынына, жалпы әлсіздікке шағымданды.

Анамнезінде: науқас 20 жылдан астам анилинді бояғыштар, атап айтқанда нафтиламин қолданылатын лак-бояу зауытында жұмыс істейді. Науқас 25 жыл темекі шегеді. Урологда "Несеп тас ауруы" диагнозы бойынша есепте тұрады.

Уретро-цистоскопия: қуықтың артқы және оң жақ бүйір қабырғаларында тіндердің өсуі байқалады, олар терең бұлшықет қабаттарына инвазияланған. Биоптат алынды.

Биоптатты гистологиялық зерттеу: материалда атипиялық жасушалардың көптеп шоғырлануы анықталды.

FISH-зерттеу: p53 генінің мутациялық экспрессиясы анықталды.



1. Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыды? Қорытындыңызды дәлелдеңіз. Бұл патологиялық процестің тіндік өсудің бұзылыстарының басқа түрлерінен айырмашылығы неде? Пациенттің аймақтық лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін бе? Неліктен?

2. Науқаста осы типтік патологиялық процестің дамуының ықтимал себебі қандай? Этиологиялық факторлардың қандай тобына және қандай класына жатады? Клиникалық симптоматикасы патогенездің қандай сатысына сәйкес келеді? Жауапты түсіндіріңіз және осы сатыны сипаттаңыз.

3. Бұл типтік патологиялық процестің организмге жүйелі әсері қандай? Р53 нәруыз жүйесіндегі бұзылыстардың рөлін және олардың осы типтік патологиялық процестің патогенезіне әсерін көрсетіңіз.

1. Бұл патологиялық процесс бүйрек обыры.Жауабымды негіздейтін болсам: әртүрлі химиялық заттардың әсерлерінен өспенің басқа түрлері де дамитыны белгілі болды. Мәселен, адамдардың кәсібіне қарай (анилинді бояу өндірістерінде істейтін, автокөліктердің жолдарын қаптайтын жұмысшылардың араларында) өспе жиірек дамитыны анықталды.

Өспе дамуына әкелетін химиялық заттар канцерогендер (обыр туындататындар) деп аталады.

Барлық канцерогендер экзогендік және эндогендік болып бөлінеді. Экзогендік канцерогендерге көптеген (1000-астам) қосындылар жатады:

● көп оралымды хошиісті көмірсутектер (диметилбензантрацен, фенантрен, 3, 4-бензпирен т. б.);

● оралымды аминдер (нафтиламин, бензидин);

● аминдік азоқосындылар (ортоаминоазотолуол, диметиламиноазобензол);

● бейорганикалық химиялық заттар (хром, қорғасын, никель, бериллий, мышьяк, кадмий т. б.).

Кейбір канцерогендер енгізілген жеріне қарамай тек белгілі ағзалар мен тіндерде өспе дамуына әкеледі. Мәселен, ортоаминоазотолуол және диметиламинобензол тек бауырда, бензидин немесе β-нафтиламин тек қуықта өспе

дамуына әкеледі. Ал, көп оралымды қөмірсутектер жиі енгізілген жерінде кез келген тіндердің өспесін шақырады. Өспе канцерогендік зат организмге түскеннен кейін үзақ уақыттан кейін дамиды.

Аймақтық лимфа түйіндерінде өзгеріс байқалуы мүмкін,яғни үлкейеді.Біз оны МРТ көмегімен біле аламыз.

Жауабымды түсіндіретін болсам: Метастаз өсіп, борпылдақ болған кезде оның жасушалары лимфа мен өтетін лимфа тамырына еніп, келесі лимфа түйініне–оның ішінде аймақтық лимфа түйіндеріне.Онда біраз уақыттан кейін қатерлі ісік метастаз түзеді, ол белгілі бір уақыттан кейін рак клеткаларын тамырлар арқылы үлкен тамырлар бойымен, ретроперитонеальді кеңістікте, одан соң орналасқан үлкен орталық лимфа түйіндеріне таратады. Осы процесстің нәтижесінде лимфа түйіндері ұлғаяды.


2. Негізгі пайда болуының ықпал себебі:

науқас 20 жылдан астам анилинді бояғыштар, атап айтқанда нафтиламин қолданылатын лак-бояу зауытында жұмыс істегеніне байланысты, 25 жыл темекі шегеді. Этиологиялық фактордың экзогенді оның ішінде химиялық факторы әсер етеді. Кәсіптегі зияндылықтар: кейбір адамдар бүйрек обырын дамытатын қауіп факторларымен қатысты жұмыс істейді. Мысалы ондай адамдар жұрыста ылғый белгілі бір химиялық заттармен байланысста болуы мүмкін. Айталық, болат құю өндірісіндегі домна ошақтарында жұмыс істейтін қызметкерлер бүйрек обырымен зақымдалып қалуы мүмкін екен. Басқа да қауіп факторлары болып асбест және кадми есептеледі.

Типтік патологиялық мына процесстер болады:

1.сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, трансформация немесе бастама инициация кезеңі

2.өспе жасушаларының әсерленіп, қарқынды өсіп-өніп, көбеюі және алғашқы өспе түйінінің пайда болуы, промоция кезеңі

3.өспе жасушаларының тұрақты сапалық өзгерістерін және қатерлі қасиеттер қабылдауын, немесе өспе өсуінің үдеуі, прогрессия кезеңі көрініс береді.

Осылай орналасқан ісікке белгілі бір химиялық қосылыстардың әсеріне байланысты жұмыстар яғни, жиһаз өндірісі, ағаш өңдеу өндірісі, металлургиялық өндіріс, аяқ киім өндірістерінде жұмыс жасайтын 40 жастан жоғары ер азаматтар аураға жиі шалдығады.

Бұл патологиялық ауруға экзогендік канцерогендердің әсері көп болады.

Клиникалық симптоматикасына байланысты патогенездің толықтай клиникалық белгілерінің көрініс беру сатысы.Жауабымды негіздейтін болсам:Науқастың

урологда "Несеп тас ауруы" диагнозымен есепте тұруы, атипиялық жасушалардың көптеп шоғырлануы анықталды. Осы белгілердің барлығы оның толықтай клиникалық белгілерінің көрініс беру сатысында болады.Зақымдану деңгейі:жүйелік түріне жатады.

3. Бұл типтік патолгиялық процесстің организмге әсері: атипиялық жасушалардың көптеп шоғырлануы, қуықтың артқы және оң жақ бүйір қабырғаларында тіндердің өсуі байқалады, олар терең бұлшықет қабаттарына инвазияланған осы белгілерге байланысты организмде түрлі өзгерістер байқалады.

P53 гені - ісіктердің дамуына және өсуіне тосқауыл беретін ақуыздарды кодтайтын ген (бұл басқа функцияларға қосымша). Ісік басу гені ретінде белгілі. Егер бұл ген мутацияға ұшыраса, яғни қоршаған ортаға немесе өзгерсе, бүлінген жасушалардың аман қалуына және сайып келгенде рак клеткаларына айналуға рұқсат етіледі.

Ісік басу гендерінің үлгісі BRCA2 қамтиды, ол кеуде және басқа ісік ауруларының дамуында маңызды .


p53 генінің мутациясы – ортақ болып табылады.

P53 геніндегі мутация (17-хромосомада орналасқан) - қатерлі ісік жасушаларында табылған ең көп тараған мутация және 50% -дан астам қатерлі ісік ауруларында кездеседі.

П53 гені зақымдалған клеткаларды жөндеуге немесе зақымдалған клеткаларды өлуге себеп болатын ақуыздарға жауап береді, бұл апоптоз деп аталатын процесс. Ген мутация себебінен жұмыс істемесе, клеткаларды қалпына келтіретін немесе зақымдалған клеткаларды жойатын протеиндер жасалмайды және анормальды жасушалар бөлуге және өсіруге мүмкіндік береді.

Тапсырма 3. Пациент О., 38 жаста, ауыр жағдайда жеткізілген. Психотропты препараттың үлкен дозасын қабылдап, өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен.

рН = 7,2

РаСО2 = 28 мм сын.бағ.

SB = 16,5 ммоль/л

BE = -8,5 ммоль/л

Лактат = 5,8 ммоль/л

ТҚ = 8 мл сілті

NH4+ = 12 ммоль/л

1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.

2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.

Билет № 50

Тапсырма 1. Науқас В., 39 жаста, жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде «бетінің астыңғы оң жақ сүйегінің жіті одонтогенді іріңді остеомиелиті, иек асты және жақ сүйектерінің флегмонамен асқынуы» диагнозымен емделуде.