Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде емес) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 4сынып НрСлтан, 2019 дістемелік сыныстар малімге 4сынып білім алушыларына аза тілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 230

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы




  1. Мәтіннен қандай ой түйдің?

________________________________________________________________________

2-тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Оқиғаның ретін анықтап, сандармен белгілеп көрсет (1,2,3,4). Берілген суреттер негізінде шағын мәтін құрастырып жаз (6-8 сөйлем).



_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

41



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға

жауап береді

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды

1

мәтін бойынша сұраққа жауап береді;

1

бірінші сөйлемді сәйкес ақпаратпен толықтырады;

1

екінші сөйлемді сәйкес ақпаратпен толықтырады;

1

мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды;

1

Сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер

құрастырады

2

суреттер бойынша сюжеттің ретін анықтайды;

1

суреттің мазмұнына сәйкес әңгіме құрастырады;

1

мәтіннің құрылымын сақтайды;

1

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

1

сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қояды;

1

сөздерді лексика-грамматикалық нормаға сай жазады.

1

Барлығы







10

«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма №




Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды

1

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде және мәтіннің негізгі ойын тұжырымдауда қиналады.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде/ мәтіннің негізгі ойын тұжырымдауда қателеседі.



Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды.



Сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер

құрастырады

2

Сюжетті суреттердің ретін анықтауда және сурет бойынша әңгіме құрап жазуда қиналады.



Сурет бойынша әңгіме құрап жазады, мәтіннің/сөйлемдердің құрылымын сақтауда / тыныс белгілерін қолдануда / лексика-

грамматикалық нормаларды сақтауда қателіктер жібереді.

Сюжетті сурет бойынша жүйелі әңгіме құрап жазады.











43

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)



  1. ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

    1. Ұзақтығы - 40 минут Балл саны – 18



    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Ортақ тақырыптар

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Қоршаған ортаны қорғау

Тыңдалым

4.1.1.1* Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру 4.1.3.1* Тыңдаған материалдың

(ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

1

5

Айтылым

4.2.3.1* Белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

4

2

Табиғат құбылыстары

Оқылым

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

1

4

Жазылым

4.4.2.1* Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

5

Барлығы







4

18


45

4. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері


«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


(оқыту қазақ тілінде емес)

Тыңдалым

1-тапсырма Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Жануарларды қорғау үшін қорықтар құру керек. Қорықтарда құстар мен жануарлардың, өсімдіктердің көбеюіне жағдай жасалады.

Қазақстанда Наурызым, Марқакөл, Қорғалжын, Алакөл т.б. қорықтар бар.

Қорғалжын қорығы Ақмола облысында орналасқан. Қорықтың басты байлығы – су құстары. Қорғалжын қорығы қызғылт қоқиқазды сақтау мақсатында құрылды. Көктем, жаз айларында бұл қорықтағы көлдер құстарға толады, сондықтан оны «Құс базары» деп те атайды. Қорықта қоқиқаздан басқа бірқазан, шағала, үйрек, қоңыр қаз сияқты құстар, түлкі, қарсақ, суыр сияқты жануарлар мекендейді.



  1. Қорғалжын қорығы қандай мақсатпен құрылды?

А) сирек өсімдіктерді сақтау үшін

В) шағала мен үйректі сақтау үшін

С) қызғылт қоқиқазды сақтау үшін

D) түлкі мен қарсақты сақтау үшін

[1]



  1. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.

  • Қорғалжын қорығы __________________________________________ орналасқан.

  • Қорғалжын қорығын «Құс базары» деп те атайды, өйткені

______________________________________________________________________

[2]



  1. Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз және жауап бер.

Cұрақ:________________________________________________________________

Жауап: _______________________________________________________________

[2]

Балл қою кестесі


Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



С)

1



Ақмола облысында

1



көктем, жаз айларында көл құстарға толы болады/ көктемде, жазда құстар көп болады/...

1



Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.

Қорғалжын қорығында қандай жануарлар мекендейді?/Қазақстанда қандай қорықтар бар?/Қорықтар не үшін құрылады?/...

1

Қорғалжын қорығында түлкі, қарсақ,суыр мекендейді/ Наурызым, Марқакөл, Қорғалжын, Алакөл/Жануарларды қорғау үшін/...

1

Барлығы

5




Айтылым

2-тапсырма

Берілген тақырыптардың біреуін таңда. Тірек сөздерді қолданып, жұбыңмен диалог құр.



  1. Тақырып: Сирек жануарлар

Тірек сөздер: қорғау, сиреу себебі, аулау, бағалы, тері, мүйіз, жойылу



  1. Тақырып:Қазақстанның Қызыл кітабы

Тірек сөздер: сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, әртүрлі парақтар, қорғауға алу, тыйым салу



  1. Тақырып:Табиғатты қорғайық!

Тірек сөздер: байлық, өмір сүру, мүмкін емес, пайдалану, ластау, жою, зиян келтіру

[4]

Балл қою кестесі

Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



Білім алушының ықтимал жауабы:

— Асан, Қызыл кітап деген не?

— Қызыл кітапқа сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер жазылады. Қызыл кітапқа жазылған жануарларды, құстарды аулауға болмайды.

— Ал жануарларды не үшін аулайды?

— Жануарларды бағалы терісі, мүйізі үшін аулайды.

— Қазақстанның Қызыл кітабына қандай жануарлар жазылған?

— Қазақстанның Қызыл кітабына қоңыр аю, қызыл қасқыр, барыс жазылған. ...

1

Тақырыпқа сәйкес баламалы диалог қабылданады.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды және жауап береді.

1

Тақырыпқа қатысты мәліметтерді қамтиды.

1

Тірек сөздерді орынды қолданады.

1

Диалогтік сөйлеу мәдениетін, дауыс ырғағын сақтайды.

Барлығы

4





Оқылым

3-тапсырма

Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Қыс мезгілі адамның мінезіне ұқсайды: кейде қатты, кейде жұмсақ. Кейде қатты аяз, боран болса, кейде балаларды ашық күндерімен қуантады.

Айдос бүгін ерте тұрды. Далада боран соғып тұр. Айдос жүгіріп терезеге келді. Терезе алдында өсіп тұрған жас алма ағашына қарады. Бұл алма ағашын жазда анасы екеуі отырғызған еді.

Боран ағашты майыстырып, жан-жаққа жұлқып тұр. Айдос досын аяп кетті: