ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 720
Скачиваний: 2
штаммдар жылдам тарап, адамға тез жұғады және аурудың ағымы ауыр түрде өтеді.Сальмонеллездің 45-70% алиментарлы жолмен, әсіресе жануарлар және құс еттері арқылы таралады. Мал мен құстардың еттері тірі кезінде (алғашқы немесе эндогенді ластану) және сойылғаннан кейін (экзогенді) ластануы мүмкін. Эпидемиологиялық тұрғыдан еттердің экзогенді ластануы өте қауіпті, өйткені етке түскен қоздырғыштар төменгі температурада, мұздатқышта сақталған күнде де тіршілік қабілетін сақтап, қолайлы жағдайда көбейіп, еттің ішкі, терең аймақтарын ластауы мүмкін. Мұндай еттен жасалған туралған ет, басқада жартылай дайын тағамдар өте қауіпті болып келеді. Еттердің экзогенді ластануы малды сою кезінде, етті өңдеу, тасымалдау, сақтау кезінде санитарлық нормалар мен ережелердің орындалмауынан болуы мүмкін. Негізгі себепшісі - тағам өндіру мекемелерінде қызмет ететін созылмалы бактерия тасымалдаушылар. Сальмонеллез жылдың барлық мерзімінде кездеседі, әсіресе жаз және күз мезгілінде жиі тіркеледі.
Алдын алу шаралары. «Сальмонеллез ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялықережелеріне сәйкес жүргізіледі. Алдын алу шаралары санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық және індетке қарсы іс-шаралардан құралады. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қоздырғыштың инфекция көзін, берілу жолдарын анықтап, залалсыздау әдістерін, ластанудан қорғау шараларын ұйымдастырудан құралады:
1. Тағам өндіру, көпшілік тамақтандыру, сауда мекемелерінде тағам өнімдерінің талаптарға сәйкес дайындалу, сақталу, тасымалдау жағдайларын қадағалау.
2. «Декреттелген» қызметкерлердің уақтылы медициналық тексеруден өтуін қадағалау.
3. Ет өндіру, ет сату, сүт жинау, өңдеу мекемелерінде санитарлық- ветеринарлық шаралардың орындалуын қадағалау. Тағам өнімдерін сараптау, шикі етөнімдерін ветеринарлықанықтамасыз қабылдауға тыйым салу.
4. Көпшілік тамақтандыру мекемелерінде, қоймаларда, базарларда, мұздатқыш камераларында дезинфекциялық-дератизациялық жұмыстарды жүргізу.
5. Сальмонеллездің ауруханаішілік инфекция ретінде таралуын алдын алу, балалар ауруханасында, босану үйлерінде індетке қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау, госпиталдық эпидемиолог қызметінкүшейту.
Ошақта індетке қарсы шаралар. Сальмонеллез ошақтарында эпидемиологиялық тексеру декреттелген контингент немесе 2 жасқа дейін балалар науқастанған жағдайда жүргізіледі. Басқа жағдайда эпидемиологиялықтексеруқажеттілігін эпидемиологанықтайды.
1. Науқасты ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі.2. Реконвалесценттер ауруханадан клиникалық жазылғаннан және нәжісті бактериологиялық зерттеу қорытындысы 1 рет теріс болғанда шығарылуы қажет. Зерттеу емделіп болған соң 3 күннен кейін жүргізіледі.3. Диспансерлік бақылауға ауырғаннан кейін тек декреттелген контингент алынады.4. Аурудан жазылғандарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе учаскелік (жанұя) дәрігер жүзеге асырады;5. Сальмонелла бөлмейтін реконвалесценттер жазылғаннан кейін жұмысқа жіберіледі.Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді және бактериятасымалдаушыларды негізгі жұмысынан 15 күнге шеттету және және басқа жұмысқа ауыстыру қажет. Бактериятасымалдаушылық 3 айдан астам уақыт бойы анықталса, созылмалы тасымалдаушы ретінде негізгі жұмысынан 1 жылдан кем емес мерзімге шеттетіледі. 1 жылдан кейін нәжіс пен өт арасы 1-2 күннен 3 рет тексерілуі керек. Теріс қорытынды болса жұмысқа рұқсат беріледі, 1 рет оң болса созылмалы тасымалдаушы ретінде қарастырылады, жұмыстан босатылады. Ошақта медициналық бақылау 6 күн. Науқас адаммен қарым- қатынаста болған адамдар бактериологиялық әдіспен тексеріледі. Бактериологиялық тексеруге тамақ қалдықтары, асқазан шайынды сулары, құсық, нәжісалынады. Арнайы ем ретінде сальмонеллезге бактериофаг аралығы 5 күнде 2-3 ретберіледі. Сальмонеллез ошағында алдын алу шараларды ұйымдастыру әдістемесі. Сальмонеллез ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың жанұясында тіркелмеген басқа ауруларды және бірге тамақтанған басқа адамдарды анықтау керек. Жаңадан табылған аурулар ошақтың көлемін, аурудың таралу жолдарын, инфекция көзін анықтауға мүмкіндік береді. Инфекцияның таралу себебін анықтау мақсатында науқастан және онымен бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағамдарды жегендерін сұрау қажет. Сонымен қатар түрлі тағамдарды қандай мөлшерде қабылдағаны және қабылдау уақыты анықталады, өйткені тағамдарды ұзақ уақыт бөлме температурасындасақтау қоздырғыштардың онда көбеюіне ықпал етеді. Тағамның дайындалу уақытын, қабылдау уақытын, сақталу жағдайын анықтау арқылы күдікті тағамды табуқажет. Эпидемиологиялық тексеру барысында ветеринарлық зерттеуден өтпеген, белгісіз немесе ауру малдардың өнімдерін қолдану мүмкіндігіне ерекше назар аудару керек. Тамақ өнімдерінің сақталу жағдайы, өңдеу, дайындау әдістері, дайын тағамдардың сақталу уақыты мен жағдайы анықталады. Қоздырғыштармен ластанған тағамдардың органолептикалық қасиеттері бұзылмау мүмкіндігін де ескеруқажет. Күдікті, қауіпті деген тағамдардың сынамасы бактериологиялық тексеруге алынады. Ет және ет тағамдарының сынамалары әр жерден алынады, лимфа түйіндерін, сүйек кемігін және күдікті бөлшектерін міндеттітүрде зерттеуге алукерек. Май, қаймақ, маргарин, крем сынамалары 100-200 грамм мөлшерде стерильді ыдысқа алынады. Ошақта тексеру барысында қоршаған орта объектілерінен жұғынды алу керек. Тарелкалардан, ыдыстардан, үстелдардан жұғынды стерильді тампонмен алынады, тампонды натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде немесе сорпасында сақтау керек. Барлық сынамалар стерильді немесе қайнатылған ыдыспен апарылады. Науқас адамнан және зерттелген тағамдардан табылған қоздырғыштардың серологиялық варианттары сәйкес болғанда ғана сол тағамды ауруды таратушы, себепшісі деп санауға болады. Тағам өнімдерінің ластану механизмін, қоздырғыштардың көбею жағдайын анықтау үшін оның шығу, өңдеу жерінен бастап қолданғанға дейін «жылжуын» зерттеу, санитарлықталаптардың орындалуын мұқият
тексеруқажет.Ошақта науқаспен бірге тұратындар клиникалық, зертханалық тексеруден өткізіледі, өйткені олардың арасында жіті ішек аурулары немесе тасымалдаушылар болуы мүмкін. Сонымен қатар ошақта кеміргіштердің, шыбындардың бар-жоқтығы анықталады, бар болса оларды да бактериологиялықтексеруге алуға болады. Егер жас балалар сальмонеллезбен ауырса, тұрмыстық заттар арқылы таралумүмкіндігін де ескерукерек(ойыншықтар, жөргектер, емізіктер). Егер сальмонеллез ауруы топтасқан түрде таралған болса, барлық ауырған адамдарды және ауырмағандарды (бірақ бірге тамақтанғандарды) соңғы 2 күн ішінде қандай тағамдарды жегені жөнінде мұқият сұрау керек.21. емханаға 11 жастағы бала келген, оны мысық тістгенен, қолы жырылған. 4 күн бұрын өз үйінің қорасында балалармен (5 бала) ойнап жүрген кезде белгісіз мысық баланың қолына келіп жабысқан. Келесі күні тістелген жер қызарып сыздап ауыртқан. Балада судың дыбысынан қорқу, жарықтан, қатты дыбыстан қорқу сезімі пайда болған. 1.Болжамды диагнозды табыңыз;Құтыру2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңызИнфекция көзі табиғи ошақтарда – жабайы жануарлар- қасқыр, түлкі, шибөрі. Антропургиялық ошақтарда- ит(95%),мысық.Беріліс механизмі: жанасу- құтырған жануардың тістеуі және сілекейінің түсуі арқылы жұғады. Таратушы фактор- сілекей. Сілекеймен вирустар жараға түседі, нерв тамырлары арқылы таралады, орталық нерв жүйесін зақымдайды. Ауру жануардың сілекейінде вирустар 10-шы күннен бастап пайда болады, ауырып өлгенге дейін.3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алу шаралары:І – Санитарлық-ветеринарлық шаралар: -Үй жануарларын жұқтырудан сақтандыру, ветеринарлық тексеру. -Елді мекендерді уақтылы тазарту, қалдықтарды жою. -Иесіз ит, мысықтарды ұстап, жою. -Жыртқыш, жабайы жануарларды елді мекенге жолатпау, жою. -Ит, мысықтарға құтыруға қарсы вакцина егу, қайта егу-жыл сайын. -Адамды тістеген, құтыруға күдікті ит, мысықтар 10 күн ветеринарлық бақылауға алынады. 10 күннен кейін ауру белгілері пайда болмаса «сау» деген мал дәрігерлік анықтама беріледі.ІІ – Ауру жануар табылған кездегі шаралар: -Ошақта мал дәрігерімен бірге эпидемиологиялық тексеру жүргізу, ошақтың шекарасын табу, жою шараларын ұйымдастыру.
-Үйме-үй аралау арқылы малдарды тексеру, вакцина егу. Егуден кейін 60 күн бақылау.-Күдікті жануарларды ветеринарлық бақылауға алу. -Ауру жануарлар өртеу арқылы жойылады. Өлген малдың терісін сылуға тиым салынады. -Мал қораларын, иттің орнын, ыдыстарды, киімдерді дезинфекциялау.Ошақта індетке қарсы шаралар: Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында тістеген жануар туралы мәлімет жиналады, жануардың түрі, тістеген уақыты, ол қазір қайда, құтыру белгілері байқалды ма, зақымның сипаты, қандай жағдайда тістеді, адамның өзі тиісті ме, иесі бар ма немесе қаңғып жүреді ме, жануарды ветеринарлық бақылау нәтижесі, тістелген адамның емдеу шаралар және ошақта жүргізілген шаралар. Тексеру барысында тістеген жануармен қатынаста болған, яғни жұқтыру қаупі төнген адамдар анықталады, әсіресе үй жануарларымен жиі ойнайтын жас балаларға ерекше назар аудару қажет. Ошақта атқарылатын шаралар Қазақтан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің “Адамдардың құтырмамен науқастануының алдын алу туралы” бұйрығымен бекітілген бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Ошақты эпидемиологиялық тексеру барысында №332/е бекітілген үлгі бойынша эпидемиологиялық тексеру картасы толтырылады.22. Науқас В., 28 жаста, орманшы, ауылшаруашылық академиясының аңшылық бөлімінің сырттай студенті. Екі апта бұрын «тамақ» ауруын сезген кезде ауырып қалды. Ол медициналық көмекке жүгінбей, үйде ол «баспа, ангина» деп болжап, тамақты шаю арқылы емделді. Түнде аспирин мен супрастин қабылдады. Аурудың 4-ші күні оң жақ асты аймағында ісік пайда болғанын байқады. Алғашқы 10 күнде температура 38-39 ° аралығында болды, соңғы күндері субфебрильді (37,5-37,7 °).Тершеңдік, жалпы әлсіздік, бас ауруы, бұлшық еттері ауырады, тәбеті төмендейді. Аурудың беті көгеріп, көзі қызарып, денесінде бөртпелер пайда болады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаяды.1.Болжамды диагнозды табыңыз; Туляремия2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;Инфекция көзі - ауру жануарлар: егеуқұйрық, дала тышқандары, су тышқандары, саршұнақ, үй тышқандары, қояндар. Үй жануарларынан - қой.Иксод кенелері туляремия ауруының табиғаттағы сақтаушысы – қоры болып саналады, өйткені кенелердің денесінде қоздырғыштар даму кезеңін өтеді, ауру ұрпаққа таралып, көбейеді. Жануарлар арасында су, жем, шөп, кене, масалар арқылы ауру таралады.Берілу механизмдері: