Файл: 1. Болжамды диагнозды табыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 167

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


15. Бала бақшаға бармайтын 6 жасар балаға скарлатина диагнозы қойылған. Інісі 1 жарым жаста , скарлатинамен бұрын ауырмаған бала бақшаға бармайды. Анасы жұмыс істемейді, әкесі инженер. Көршілерінің 1 сыныпта оқитын баласының қолында жазылған жараның қабыршақтары табылған.

1. инфекция көзін анықтаңыз,

2. скарлатинаның эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз

3. алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз

Скарлатина

Инфекция көзі ауру адам және бактерия тасымалдаушы (30%). Аурудың бастапқы кезеңдерінде ауру адам аса жұқпалы болады, тасымалдаушыларда қоздырғыш 100 есе кем табылады. Кейбір жағдайларда скарлатина ангина түрінде өтеді, диагноз қате қойылады, дер кезінде анықталмайды, тек қабыршықтар табылған жағдайда скарлатинамен бұрын ауырып өткендігіне күдіктенуге болады. Аурудан кейін миокардит, ринит, синусит, іріңді отит, нефрит, артрит секілді асқынулар болған жағдайда науқастың жұқпалы кезеңі ұзара түседі. Жалпы 20-22 күннен кейін науқас адам қоздырғыштарды бөліп шығаруды тоқтатады.

Беріліс механизмі - аэрогенді, аэрозолді механизм. Берілу жолдары: ауа-тамшы, ауа-шаң, сиректеу тұрмыстық заттар (ыдыстар, төсек заттары, ойыншықтар) және тағам (әсіресе сүт,

балмұздақ, кремдік тағамдар) арқылы таралады.Эпидемиологиялықерекшеліктері. скарлатина барлық жерде таралған ауру, әсіресе климаты суық аймақтарда жиі таралады;

• көбіне 2-7 жасқа дейінгі балалар ауырады;

• маусымдылық- күз, қыс, ерте көктем айларында жиі таралады;

• жаңадан ашылған, ұйымдастырылған балалар мекемелерінде жиі кездеседі;

• әр 5-7 жылда қайта өршубайқалады.

Инкубациялық кезеңі 1-12 күн, орташа 5-7 күн. Науқас адам клиникалық (ауыр, орташа ауыр түрі) және эпидемиологиялық Эпидемиологиялық қажеттілік:

a) Жатақханатұрғындары, коммуналдықпәтерде тұратын балалар.

б) Бала бақша балалары, 1-2 сыныпта оқитын ауырмаған балалар және де балалар мекемесінде, хирургиялық, босану бөлімдерінде, балалар ауруханасында, тағам дайындау мекемесінде жұмыс істейтіндер болса. Бала бақшада карантин 7 күн, қатынаста болғандарды медициналық бақылау 7 күн, күнделікті температурасын өлшеу, сыртқы терісін, жұтқыншағын тексеру. Қатынаста болғандар арасында ангина, отит, ринитпен ауырғандарды анықтауқажет. Бала-бақшада, мектепте, емханада жұмыс істейтін қызметкерлер емделіп болғаннан кейін 12 күн уақытша басқа жұмысқа ауыстырылады. Аурумен ошақта қатынаста болған скарлатинамен бұрын ауырмаған бала бақша балалары және 1-2 сынып оқушылары 7 күн үйінде қалдырылады. Бұрын скарлатинамен ауырған балалар, балалар мекемелері, аурухананың хирургиялық, босану, балалар бөлімшелерінің қызметкерлері 7 күн медициналық бақылауға алынады. Егер науқас ауруханаға жатқызылмаса онымен үнемі қатынаста болған бала-бақша, 1-2 сыныпоқушылары 17 күн ұжымға жіберілмейді. Диспансерлік бақылау жұқпалы аурулар кабинетінде 1 ай жүргізіледі. Ошақта қорытынды дезинфекция жасалмайды. Күнделікті дезинфекция ретінде ыдыстарды, заттарды 2% сода ерітіндісімен 15 мин. қайнату. Скарлатина ошағында алдын алушараларын ұйымдастыру әдістемесі Скарлатина ауруының инфекция көзін анықтау мақсатында науқастың тұратын жерінде және жұмыс орнында (мектеп, бала-бақша) бұған дейін аурутіркелгендігі туралы мәліметтерді, СЭҚБ құжаттарын қарап талдау қажет. Егер науқастың айналасында скарлатинамен ауырғандар жоқ болса, инфекция көзі ошаққа барғанда эпидемиологиялық тексеру барысында анықталады. Балалар мекемелерінде медициналық құжаттарды тексеріп, баспа, лимфаденит, отит ауруларын тіркеуге алу жағдайын, оларды тексеру, емдеу жағдайын анықтау керек. Өйткені, мұндай созылмалы науқастарда скарлатина диагнозын дұрыс қоймай, гемолитикалық стрептококктар толық анықталмаған болуы мүмкін. Скарлатина ауруымен қатынаста болғандарды клиникалық тексеруден өткізіп, әсіресе тамағын, жұтқыншағын, сыртқы терісін (қабыршақтар) мұқият тексеру керек. Ретроспективті диагноз қою үшін қанды, зәрді тексеруге болады. Эпидемиологиялықтексеру барысында инфекция көзі ретінде реконвалесценттер, сау тасымалдаушылар, аурудың барлық түрлері болуы мүмкін екендігінескеруқажет. Балалар мекемелерінде топтардың бір-бірінен оқшаулану тәртібіне ерекше назар аударылады. Қатынаста болғандардың барлығын толық анықтау мақсатындаолардың жасын, кәсібін, бала-бақшаға немесе мектепке баратындығын, бұрын скарлатинамен ауырғандығы туралы мәліметтерді жинау қажет. Бұл мәліметтер ошақта атқарылатын оқшаулау және карантиндік


шаралардың көлемін белгілеуүшін керек болады.


16. Ауруханаға науқас жеткізілген : іші жиі өткен, құсқан, дене қызуы 37.1. науқас адам ауырардан 3 күн бұрын ауылға тойға барған. Ауыл өзен бойында шекараға жақын жерде орналасқан. Ауыл тұрғындары суды өщеннен алады, су дұрыс хлорланбайды. Тойда барлығы 150-200 адам болған.

1.Болжамды диагнозды табыңыз; Тырысқақ

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі-науқас адам және вибрион тасымалдаушы. Тырысқақ ауруы барлық кезде қоздырғышты сыртқы ортаға көп мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл түріндегі науқастар және сау вибрион тасымалдаушылар таратушы ретінде өте қауіпті, өйткені олар тырысқақ қоздырғыштарын ұзақ уақыт бойы сыртқы ортаға шығарып, ластап отырады. Өт жүйесінде қалып қойған вибриондар тасымалдаушылықтың себепкері болады. Эль Тор вибрионын тасымалдаушылық 9 жылға дейін жалғасуы мүмкін.

Берілу механизмі - нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: су, тағам, тұрмыстық заттар мен жанасу. Тырысқақтың негізгі таралу жолы- су арқылы. Тырысқақ су арқылы таралса ауырғандар саны 1-2 күн ішінде күрт өседі. Аурудың одан әрі таралуы індетке қарсы шаралардың жылдамда дұрыс, уақытылы ұйымдастырылуына байланысты болады. Тұрмыстық заттар арқылы ыдыстар, лас қол, есік тұтқалары, төсек жабдықтары, шыбындармен таралады. Соңғы кездері Эль-Тор тырысқағы тағам өнімдері арқылы, әсіресе сүт тағамдары, ет, балық, нан, жеміс-жидекпен жиі таралады. Инкубациялық кезеңі: бірнеше саған – 5тәулік.

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Тырысқаққа қарсы шаралар 27.09.2010 жылғы ҚР ДСМ Тырысқақ ауруының таралуын алдын алу және індетке қарсы іс шараларын жүргізу мен ұйымдастыру, кешенді шараларды жоспарлау әдістемелік нұсқауына сәйекс жүргізіледі.Тырысқақ ауруы міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы бокстарға оқшауландырылады, тырысқақ ауруына күдіктілер – провизорлық мақсатта госпитализацияланады. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында инфекция көзін, жұқтыру жолдарын, аурумен қатынаста болғандарды толық анықтау, ошақтың шекарасын анықтау, және жою шараларын ұйымдастыру қажет. Тырысқақ ошағында төтенше эпидемияға қарсыкомиссия ЧПЭК, медициналық штаб жұмыс істейді, оның мақсаты: аурудың таралу аймағын, шекарасын анықтау, жою шараларын қйымдастыру:

-ошақтан шығуға, ошаққа кіруге тыйым салынады

-әрбір үйді аралау жұмыстарын ұйымдастыру арқылы науқастарды және ауруға күдіктілерді ере анықтау.


-тырысқақ ауруларын арнайы көлікпен ауруханаға жатқызу.

-іші өткен, құсатын тырысқаққа күдікті адамдарды провизорлық ауруханаға жатқызу, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру

-аурумен қатынаста болғандарды анықтау, оқшаулау, 5күн медициналық бақылау, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру.

-шұғыл алдын алу ретінде 5күн антибиотикпен емдеу.

-көшіп қону арнайы көлікпен жүргізіледі, қызметкерлер 3 типті обаға қарсы киіммен жұмыс істейді

- қорытынды дезинфекция

Жіті ішек инфекциясынан қайтыс болған ануқастарды тырысқаққа қарсы бактериологиялық әдіспен тексеру

-Қоршаған орта обьектілерін тексеру көлемін көбейту, бактериологиялық әдіспен тексеру

Тырысқаққа қарсы шаралардың бағыты мен көлемі

Тырысқақ ауруы анықталған жағдайда:

1.медициналық қызметкерлерінің қорғану шаралары: қорғану киімін кию, қолды жуу, 0,2% хлорамин ерд

2.СЭҚБ хабарлау

3.антибиотикпен емдеу көрсеткішке сәйкес

Инфекция көзіне бағытталған шаралар:.

науқас адамды,

ауруға күдікті адамды,

вибрион тасымалдаушыны шұғыл ауруханаға жатқызу

Берілу механизмдеріне бағытталған шара- дезинфекция.


Құсық, нәжіс.

Құрғақ хлор әгімен 1:5- 1 сағат залалсыздау

Құрғақ ДТС ГК 1:10-1сағат залалсыздау

Құрғақ кальций гипохлоридімен 1:10-1сағат

5% лизол ерд-мен залалсыздау 1:2-1сағат

Ыдыстар.

2% сода ерд-мен 15 мин қайнату

0,5% хлорамин ерд-е 15 мин залалсыздау

0,25% ДТС ГК ерд-е 15мин залалсыздау

Төсек заттары.

0,2% сода ерд 15мин қайнату

2% хлорамин ерд 2 сағат залалсыздау

Тұрғын бөлмелер.

2,5% ДТС ГК ерд 30мин тазалау

Хлор әгі ерд 30мин тазалау

3% лизол ерд 30мин тазалау

Инфекция көзімен қатынаста болғандарды қорғау:


Оқшауландыру немесе медициналық бақылау-5күн

Нәжісті бактериологиялық зерттеу

Антибиотикпен емдеу көрсеткішке сәйкес


17. А есімді ауыл тұрғынының сиыры ауырған, мал дәрігерін күтпей малды сойған. Мал союға баласы және көршісі қатысқан, өзінің қорасында сойған, өңдеген. Малдың етін туыстарына және көршілеріне таратып берген. Малды сойған балада қолы, беті мойнына шиқан тәрізденіп бұлтиып көгерген. Кейін бұлтықтың ішінде қанды ірің жиналған. Жараның айналасы домбығып қызарған ортасы қарайған. Дене қызуы 39-40 дейін көтерілген.


1.Болжамды диагнозды табыңыз;

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

Күйдіргі

Инфекция көзі - ауылшаруашылық жануарлары: сиыр, жылқы, қой, ешкі, бұғы. Сиректеу ит, шошқа, түйе. Күйдіргі малдарда өте ауыр түрде өтеді, ауру малдың нәжісімен, зәрімен залалданған жем, шөп, су арқылы

таралады. Жануарларда күйдіргі ауыр түрде өтеді, таңдайы, ұрты, ерні, ішегінде куықшалар пайда болады, малдың ауызынан, мұрнынан, ішегінен көпіршектеніп қан ағады, қан тез арада ұйымайды. Ауру малдың барлық ішкі мүшелері, тері, жүні, сүйектері ауруды таратуы мүмкін. Берілумеханизмдері:

1. Жанасу - тікелей жанасу арқылы жұғады: ауру малға қарағанда, сойғанда, терісін сылғанда, етін өңдегенде, жүн, тері жинап, өңдегенде. Ауру малдың терісінен, жүнінен жасалған киім, тон, тоқылған заттар, топырақ арқылы да жұғуы мүмкін.

2. Трансмиссивті - маса, сона, қансорғыш шыбындардың шағуы арқылы жұғады.

3. Аспирациялы - ауа-шаң арқылы жүн, тері жинайтындар арасында кәсіптік ауру түрінде кездеседі, технологиялық процесті дұрыс сақтамаған жағдайда жұғады.

Берілу жолдары. Алиментарлы жолмен ауру малдың дұрыс термиялықөндеуден өтпеген еті арқылы беріледі. Күйдіргінің қоздырғыштарын бактериологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін, өйткені ауа-тамшы, ауа-шаң жолымен түскенде өкпелік түрі дамып, өлім-жітім өте жоғары болады. Иммунитет тұрақты, қайта жұқтыру кездеспейді

Алдын алу шаралары «ҚР күйдіргі ауруына қарсы шараларды күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Негізгі шаралар бұл санитарлық ветеринарлықшаралар. I-ошақтағы жасалатын шаралар:

- Ошақта ветеринарлықкарантин - 15 күн.

- Науқас адам міндетті түрде инфекциялық аурулар ауруханасында емделеді.

- №58 үлгіде СЭҚБ шұғыл хабарлама беру, ошақта эпидемиологиялық эпизоотологиялықтексеружүргізу.

- Қатынаста болғандарды, ауру малды бірге өңдегендерді 8 күн медициналықбақылау.

- Енжар иммунизация ретінде 20-25мл күйдіргіге иммундыглобулин егу.

-Шұғыл алдын алу ретінде 5 күн антибиотиктер беру (тетрациклин,доксициклин, ципрофлоксин).

- Бактериологиялық, аллергиялық сынамалар жасау. Аллергиялық реакция антраксинмен тері ішіне жасалады, теріс болса күйдіргіге тірі вакцина егіледі.

-Ошақта қорытынды дезинфекция жасау- ыдыстарды, киімдерді, мал өнімдерін, тері, жүнді және мал қораларын залалсыздау. Дезинфекция үшін 4% хлорамин, 6% сутегінің қостотығы + 0,5% жуатын ұнтақ, 5% сабын қосылған формальдегид ерітінділерін қолданады. Ыдыс аяқ, киімдерді 2% содамен 60 мин. қайнатады немесе 2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат залалсыздайды.