Файл: авимед кпсалалы колледжі бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 243

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Үлестірмелі материалдар. Кестелер, ағзамуляждары, кеспеқағаздар, презентация

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Қозу өткізу заңдары

2.Жүйке талшықтары

3. Қозу өту механизмі
13 Тақырып. Зәр шығару және жыныс мүшелер анатомиясы
Мақсаты. Несеп жүйесінің құрылысы және қызметін оқу, несеп жүйесінің қызметінің бұзылыстарын организмнің улануына әкеліп соқтырады. Еркек және әйел жыныс жүйесінің ағзаларының құрылысын, дамуын және қызметін білу керек.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Адам организімінде зат алмасу үздіксіз жүреді. Оның барысында түзілген өнімдердің кейбірін организм пайдаланбайды, сондықтанда олар сыртқа шығарылуы керек. Сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, асқорыту түтігі. Экскрециялық мүшелердің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін өзге текті басқа заттарды, мысалы, дәрі – дәрмектерді сыртқа шығарып отыру. Гомеостаздық – қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвар құрамының тұрақтылығын сақтайды.

Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтар құрамындағы иондар концетрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия). Денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отырады. Мұнымен қатар жасуша ішіндегі және сыртқы сұйықтармен әрдайым алмасып тұратын қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денедегі белгілі бір жағдайда су мен тұздар тепе-теңдігін (балансын) қамтамасыз етіп олардың артығын организмнен шығарады. Тері бездері дене температурасын тұрақтылығын сақтауға (изотермия) қатысады.

Бүйрек. Бүйректің негізгі қызметі – несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығарушы) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен су мөлшеріне байланысты. Ересек адамда тәулігінде 1000-1800 мл несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның 3 түрін байқауға болады: алигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі; анурия – несеп түзілуінің тоқтайы. Ауруға шалдыққан кезде туатын өзгерістер – энурез (түнде несеп ұстамау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі).


Несеп жыныс жүйесі организмнен өмір сүру қызметінің нәтижесінде бөлінген өнімдерді, ыдырау заттары – ақуыз молекулаларын, тұз және басқа заттарды сыртқа шығарады. несеп ағзалары – бүйректерден несеп жинап және шығаратын ағзалар – несепағар, несепқуық, несеп шығаратын өзектен тұрады. Бүйрек дамуы ұзақ жол өтеді және бір ағзаның күрделенуі болмайды, а генерация болып ауысады, сосын үшінші бұл бүйрек алды (пронефроз), біріншілік бүйрек (мезонефро), соңғы бүйрек (метанефроз). Несеп жыныс жүйесінің даму күрделілігі әр түрлі ауытқуларға әкеп соқтырады, жиі кездесетін: бүйрек санының ауытқуы (бір, үш бүйректің болмауы), орын ауыстыру ауытқулары (жамбас, мықын, торакальді бүйрек), арақатынас ауытқулары (несепағарэктопиясы ішекке, жыныс жүйесінің ағзаларға), құрылымдық ауытқулар (бүйрек поликистозы). Бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі нефрон болып табылады – бұл күрделі несеп экскрет болып табылады және улы, қалдық заттарды организмнен шығару болып табылады. Бұл қызметті несеп шығару қызметін бүйректің экскреторлы ағашты құрайды – кіші тостағаншалары, үлкен тостағаншалары, түбегі несепағар. Бүйрек сонымен қатар инкрет бөледі – ренин, артериялық қысымды көтеретін. Бүйрек гипертониясы сонымен байланысты.

Жыныс жүйесінің ағзалары көбею, сонымен қатар ұрпақ шығару қызметін атқарады. Көбею әйел және еркек жыныс жасушаларының бірігуінен болатын, ұрықтандыру, соңғы нәтижесінде организмге жаңа бастама береді. Жыныс бездері клеткаларынан, аналық - әйел, сперматозоид – еркек организмдеріне бастама береді.

Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Бүйрек қандай кезеңдерден өтеді?

2. Бүйректің құрылымдық – қызметтік бірлігі не болып табылады?

3. Жыныс ағзалары қалай бөлінеді?

14 Тақырып.Зәр шығару және жыныс мүшелер физиологиясы

Мақсаты. Зәр түзілу процесінің және сыртқа шығарылуын үйрену.Әйел және еркек жыныс мүшелерінің қызметімен танысу

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Бүйректің қан әкелуші тамыры бүйрек артериясынан басталады. Бүйрек артериясы іш қалқасының бір бұтағы. Мальпигий шумағы капиллярында қан қысымы жоғары (с.б.б. 78-80 мм). Бүйректің қан әкелуші тамырына қарағанда қан әкетуші тамырының дм екі есе тар. Нефрон түтікшелерінің ұзындығы 35 – 50 см, ал бүйректің жалпы барлық түтікшелерінің ұзындығы 70 – 100 см. Нефрон түтікшелерінің құрылымдық ерекшелігі , оның жоғарғы бөлімі цилиндр тәрізді эпителийден тұрады, олардың ішкі бетінде микробүрлер, яғни кері сіңіру қабілеті күшті протоплазмалық өсінділер бар. Кейін эпителилердің пішіні өзгеріп куб тәрізді болады. Микробүрлер бүйрек аппаратын түтікшелерінің ішкі ауданының көлемін бірнеше рет ұлғайтады. Ферменттік жүйелер түтікше эпителиінің әр бөлімінде әркелкі орналасады: гексокиназа жоғары иірім түтікшелерінде көбірек болады, сукцинатдегидроза негізінен гекле ілмешегінің жоғарғы бөлімі эпителиінде көбірек, ал төменгі бөлігінде өте аз шоғырланған. Гиалуронидаза ферменті көбіне көп мөлшерде жинайтын түтіктің эпителиінде орналасады. Бұл айтылған ерекшеліктер несеп түзілу нефронның қай бөлімінде болса да өте күрделі үрдіс екенін көрсетеді.



Алғашқы (провизорлық) несеп пен соңғы (дефинитив) несеп айырмашылықтары:

1) Алғашқы несептің көлемі – 150-180 л, соңғы несеп көлемі 1,5 – 2 л, орта есеппен 1 – 1,5 л.

2) Соңғы несеп құрамында қант, амин қышқылы, альбуминдер болмайды, мочевинаның, несеп қышқылының және т.б. белок аломасу барысында пайда болатын заттың мөлшері бірнеше есе көп, кейбір тұздар (хлорид, сульфат, фосфат) концентрацияда көп болады.

3) Соңғы несеп құрамында қанда жоқ заттар – гиппур қышқылы, аммоний тұзы, пенциллин, диодраст, ПАГ (пара – амингиппур қышқылы). Түтікшелерде несеп түзілу барысында алғашқы несептену, кейбір заттар қайта сіңеді. 150- 180 л алғашқы несептегі судың орнына, 1,5 л таяуы (1%) сыртқа шығады, ал 99% қайта сіңеді.

Зәр - өзіне тән иісі бар, сарғыш түсті сұйық. Оның меншікті салмағы 1,010- 1,025, реакциясы әлсіз қышқылды. Оның құрамында 98 – 99 % су және 150 түрлі химиялық заттар болады. Зәрдің құрамында белок алмасуының өнімдері (мочевина, несеп қышқылы, креатин), минеар тұздар (ас тұзы), пигменттер (урохром,уробилин) болады. Тәуліктік зәрдің мөлшері 1,5 л.

Зәрдің түзілуі.Бүйректе зәрдің түзілуі 2 фазада өтеді. Алғаш 1-ші фазада алғашқы зәр, 2-де соңғы зәр түзіледі. Алғашқы зәр нефронда пайда болады. Капсуладағы тамырлар шоғырында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлімі капсула ішіне сүзіледі. Капсула қуысына сүзілген сұйықтықты алғашқы зәр деп атайды. Ересек адамда тәулік ішінде нефрондық тамырлар шумағы арқылы 2000 л қан өтеді де, 150 – 180 л жуық алғашқы зәр түзіледі. Екінші фазада каналдарындағы алғашқы зәрдің құрамындағы организмге қажетті су, глюкоза, амин қышқылы, минералдық тұздар қанға сіңеді. Организмге қажетсіз мочевина, несеп қышқылы, сульфат т.б. кері сіңбейді. Кері сіңу каналдар қабырғасындағы эпителий клетканың қызметіне байланысты, нәтижесінде соңғы зәр түзіледі.

Үлестірмелі материалдар.Кестелер,ағзамуляждары,кеспеқағаздар,презентация

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Зәр түзілу сатылары

2. Зәрдің сыртқа шығарылуы

3. Жыныс мүшелер физиологиясы
15 Тақырып.Сүйек ағза ретінде. Сүйек құрылысы. Сүйек химиялық құрамы және қасиеті. Сүйек қосылыстарының түрлері үздіксіз қосылыстар-синартроздар.
Мақсаты. Тiрек-қозғалыс аппаратына жалпы сипаттама беру. Кейбір ағзалар өз кезегінде түрлі тіндерден тұратын, құрылымы жағынан ұқсас көптеген түзілістерден құралған. Организмде бірқатар функцияларды атқару үшін бір ағза жеткіліксіз болады.
Сабақтың түрі: практикалық


Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Сүйек ( кость - оs ). Сүйек дененің негізгі тіреуші мүшесі. Оның құрылысы өте күрделі. Сүйектің негізін тығыз ( қатты ) және кемікті ( борпылдақ ) заттар құрайды. Сүйек сыртынан сүйек қабығымен (периост) қапталған. Периост тек шеміршек бетінде ғана болмайды. Сүйектің құрылысында ұлпаның барлық түрі кездеседі, бірақ негізгісі-сүйек ұлпасы. Сүйектің сырты қатты, ұлпасы тығыз болып келеді де, ал ішкі жағы кеуек, борпылдақ ұлпадан тұрады. Сүйектің периост қабығы жұқа, бірақ берік дәнекер ұлпа жапырақшасы. Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.

Сүйек майы қан жасап шығарушы мүше, сонымен бірге оны қоректендіріп тұрады. Сүйек майы кеуек сүйектердің кемік затында, ал ұзын сүйектердің түтікше қуысында болады. Сүйек майы қызыл және сары май болып 2 - бөлінеді.

Тұлға қаңқасы негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп қабыртқалар және төс сүйегі тұлға қаңқасы немесе тұлға сүйекері құрайды. Организм жекелеген дара құрылымдардан – біріңғай тұтас болып біріккен ағзалар, тіндер және тіндік элементтерден тұрады. Организмнің құрылымдық бірлігі – клетка болып табылады. Клеткалардың бірігуі-тіндер. Тіндер шектес, дәнекер, бұлшықет, нерв тіні болып бөлінеді. Ағза - өзіне тән құрылысы мен қызметі бар тарихи қалыптасқан әр түрлі тіндер жүйесі. Ағза өзіне ғана тән пішіні, құрылысы, атқаратын қызметі, дамуы мен организмдегі орны бар біртұтас түзіліс болып табылады. Кейбір ағзалар өз кезегінде түрлі тіндерден тұратын, құрылымы жағынан ұқсас көптеген түзілістерден құралған. Организмде бірқатар функцияларды атқару үшін бір ағза жеткіліксіз болады. Сондықтан ағзалар жиынтықтары – жүйелер пайда болады. Құрылысы мен дамуы бірдей емес жекелеген ағзалар мен ағзалар жүйелері де ортақ қызметті атқару үшін біріге алады. Әртекті ағзалардың мұндай функционалдық. бірлестіктерін аппарат деп атайды. Адам организмінің бір қызметі – жердің тарту күшін дененің әрбір қозғалысын өзгерту. Қозғалыс қызметінен басқа тірек-қимыл аппараты дененің жерге тірегі қызметін де атқарады, сондықтан да оны тірек-қимыл аппараты деп атайды. Тірек –қозғалыс аппараты пассивтік және активтік бөліктерден тұрады. Пассивтік бөлікке сүйектер және буындар жатады, және бұлшықеттер, жиырылу қызметін атқаратын сүйектердің орналасуын өзгертетін активті бөлігін құрайды.


Сүйектердің бірігуінің 2-түрі бар:олар,тіке бірігу - синартрозүзіліп бірігу - диартроз

Синартроздың 3 түрі болады: Олар синдесмоз, синхондроз, синостоз.

Синдесмоз – сүйектердің бір-бірімен талшықты дәнекер ұлпа арқылы бірігуі. Оған мысал бас қаңқасы сүйегі жіктерінің бірігуі тістердің жақ сүйегінің тіс ұяларында бекуі кіреді.

Синхондроз – сүйектердің шеміршектер арқылы бірігуі. Бұған омыртқалардың бір-бірімен, қабырғалардың төс сүйегіне бірігуі жатады.

Синостоз – сүйек ұлпасының бір-бірімен тікелей бірігуі. Бұған сегізкөздің бірігуі мысал болады.

Омыртқа жотасында қалыпты жағдайда мойын және бел лордозы , кеуде және құйымшақ кифозын ажыратады..

Омыртқалардың бір-бірінен ажырату ерекшелігіне олардың көлемі де жатады. Ең кіші омыртқа мойын бөлімі, ең үлкен омыртқаға бел- сегізкөз бөліміндегі омыртқа жоталары жатады. Омыртқа жотасының негізгі қызметі- денені тік ұстау болып табылады.

Төстік (грудина-sternuт) тақ, жалпақ,кеуекті, кемікті сүйек. Үш бөліктен тұрады. Олар: төстің сабы (manubriumsterni), денесі (corpussterni) және семсершесі (processusxiphoіdeus). Алқаның екі жағындағы буын ойығына (incisuraeclaviculares) бұғана жалғасады, ал екі бұғаналық буын ойысының арасында мойындырық ойысы (incisuraeinguralis) орналасады. Төс сүйек денесінің жиегінде қабыртқалармен байланысатын буын ойысы (incisuraeсоstales) бар.

Қаңқа  сүйектерінің  буынды  байланысы. Буынды байланыс (суставноесоединение) — diarthrosis — сүйектердің қозғалмалы байланысын қамтамасыз етіп, организмдегі түрлі қимыл қозғалыстарды іс жүзіне асырады. Буынды құрайтын сүйектер бастары аралықтарындағы буын қуысында қоймалжың сұйық синовия болады.

Буын (сустав) — articulatio — құрылысына байланысты қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым буынды тек екі сүйектің буын бастары құрайды. Олардың аралығында бір буын қуысы болады. Күрделі буындарды түзетін негізгі сүйектердің буын бастары аралығында бір немесе бірнеше қатарда орналасқан майда сүйектер, болмаса шеміршектер болады. Сондықтан, олардың аралықтарында екі не одан да көп синовияға толған буын қуыстары қалады.

Буындардағы қозғалыстардың түрлері буынды түзетін сүйектер бастарының пішініне байланысты болып келеді. Пішіні цилиндр, шығыр, бұранда тәрізді сүйек бастары буындағы қимылдың тек бір біліктің (осьтің) бойымен, пішіні сопақ және ер тәрізді сүйек бастары екі біліктің, ал шар тәрізді сүйек бастары үш не одан да көп біліктің бойымен қозғалуына мүмкіндік береді. Осыған орай, атқаратын қызметтеріне сәйкес буындар бір білікті, қос білікті және көп білікті буындарға ажыратылады. Буындардағы қозғалыстарды бір-біріне қарама-қарсы бағыттарда жүретін бірнеше топтарға бөледі. Олар: жазылу (экстенсио) және бүгілу (флексио), алыстау (абдукцио) және жақындау (аддукцио). Айналу (ротацио): сыртқа айналу (супинацио) және ішке айналу (пронацио) болып екі қарама-қарсы қозғалыстарға ажырайды.