Файл: авимед кпсалалы колледжі бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 242

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Сүйек құрылыс ,қабаты

2. Қаңқа  сүйектерінің  буынды  байланысы

3. Буынның құрылысы
16 Тақырып: Иық белдеуінің сүйектері. Бұғана. Жауырын. Қол сүйектерінің құрылысы, ірі буындары. Аяқ сүйектері. Жамбастың жыныстық және жасқа байланысты ерекшеліктері. Аяқ сүйектері.

Мақсаты. Жамбас белдеуі, сан, сирақ және аяқ ұшы сүйектерінің құрылысын оқып білу. Иық белдеуі және қолдың еркін бөлігінің және қол ұшы сүйектерінің құрылысын оқып білу.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Адамның иық белдеулерінің эволюция тұрғысында дамуына, олардың жүруге қатыспауы, оның есесіне дене еңбегінің түрлері, әсерін тигізеді. Иық белдеуінің қаңқасында (адамның) тік жүруіне байланысты өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Оның негізгі ерекшелігі мынау: қолдың құрылысы адам еңбек етуіне байланысты икемделген. Аяқ сүйектері, әсіресе жіліктері, қол жіліктеріне қарағанда жуан және мықты. Егер, аяқ сүйектері дененің салмағын ұстап, жүріп тұруға бейімделсе, қол сүйектері адамның алуан түрлі ғажайып еңбек түрлерін атқаруына, оны дамытуға мүмкіндік береді. Бұған дәлел ауыр және күрделі еңбек - жүк көтеру, жер қазу, ағаш егу, машина сайман құралдарын жасау және т.б. жатады. Өте әлсіз қимылдары, өте нәзік, уақ электрондық бұйымдар жинау, кішкентай кол сағатын жасау, өрнектеу, сызу және сол сияқты толып жатқан ғажайып қол өнер еңбектері. Жауырынның латеральды шеті қалың және иық сүйегінің басымен байланысуға арналған ойығы 14 бар. Буын ойығының үсті және астында екі төбешік орналасқан: (буынның үсті және буын асты төбешіктері).

Буын үсті төбешігінен иықтың екі басты бұлшық етінің сіңірі, ал буын асты төбешігінен иықтың үш басты бұлшық етінің сіңірі басталады. Кеуде қуысына қарағанда жауырын беті ойыс болып, жауырын 11 асты ойығын түзейді. Жауырынның артқы беті дөңес және медиальды шеттен басталып,латеральды бұрышқа қарай бағытталған 8 қылқаны болады. Қылқаннан жоғарырақ сүйек үсті шұңқыры 9, ал төмен жағында қылқан астының шүңқыры 7 орналасқан. Щұңқырларда оларға аттас бұлшық еттер орналасады. Жауырынның қалқанын тері астынан жеңіл табуға болады.Оллатеральдыакромиальды өскінге 4 айналады. Акромиальды өскіннен төменірек құс тұмсығы тәрізді өскін 3 орналасқан. Бұл өскінге бұлшық е еттер мен сіңірлер бекітіледі.


Иық белдеуі иық, қол (білек) және қол басының (алақан) сүйектерінен тұрады.Иық сүйегі (тоқпан жілік) (6 сурет) ұзын түтікше сүйектерге жатады. Оның денесі және проксимальды, дистальды шеттері (эпифиздары) бар. Тоқпан жіліктің проксимальды шетіндегі басы 1 жауырынға қарай орналасып және анатомиялық мойны 12 арқылы анатомияның сүйектің басқа денеден бөлінген буын беті болады. Бұл бетке иық буынының қалтасы бекітілген анатомиялық мойынның төмен латеральды жағында бұлшық еттер бекітілген екі бұдырмақтары орналасқан. Оларды латеральды бағытты үлкен 9 және алға қарай орналасқан кіші 3 бұдырмақтардың қырлары өседі. Бұдырмақтар мен қырлар 10 арасынан екі басты иық бұлшық етінің басының сіңірі өтеді.Сүйектің денесінің латеральды бетінде тарамды бұдырмағы 8 бар, бұған тарамды бұлшық еті бекітіледі.
Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен құралған. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі. Ортан жіліктің екінші шеті асықты жілік пен оның ш ы б ы ғ ы н а жалғасады. Ал олар толарсақ, бақай сүйектері және бақайшықтан құралған т а б а н сүйектерінен тұрады.Ортан жілік пен асықты жілік бір-бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектер.

Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, денесіболады. Жілік басы мен денесінің арасында мойыны бар. Мойыны мен денесінің қосылатын жерінде бұдырлау орналасқан ұршықтары болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жасарасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін осіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни ұзарады. Асықты жіліктің шеміршектері балада неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.

Үлестірмелі материалдар. кестелер, ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).



1. Қолдың еркін бөлігі сүйектерінің қаңқасы қандай бөліктерден тұрады?

2. Қолдың еркін бөлігінің сүйектерін атаңыз

3. Жоғары иық белдеу сүйектерін атаңыз

4.Шонданай сүйектің бөліктерін көрсетіп, атаңыз.

5. Ортан жіліктің, сирақ сүйектерінің құрылысы көрсетіп, атаңыз.

6. Аяқ ұшы сүйектерінің құрылысы, көрсетіп атаңыз.

17Тақырып: Бас сүйегі, құрылысы. Ми сауыты және бет сүйектері. Құрылысы, орналасуы және сипаттама. Бас сүйектерінің байланыс түрлері. Бас сүйегі, топографиясы. Бас сүйегінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
Мақсаты.

Ми сауыты сүйектерін құраушы сүйектердің құрылысын білу қажет. Ми сауыты сүйектерін құраушы жеке сүйектерді көрсетіп қоймай, жұп сүйектердің оң және сол жақтық бөлігін бір-бірінен ажырата білу керек. Бет сүйектерінің, құрылысын білу керек.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.

Ми сауытыында қақпақ және негізін ажыратады. Ми сауытының сүйектері жұп және тақ болады.Жұпқа төбе мен самай сүйектері таққа шүйде , маңдай, сына, тор тәрізді сүйектер жатады. Шүйде сүйегі(қарақұс) ми сауытының төменгі және артқы бөлігін құрайды. Оның сыртқы жағы дөңес ішкі беті ойыс келеді. Шүйде сүйегінің үлкен тесігін айнала төрт бөлігі жатады: қабыршақты бөлігі, қослатеральды бөліктері және негізгі бөлігі. Латералды бөлігінің астыңғы бетіндегі екі кебіс тәрізді буын дөңесіне ауыз омыртқаның буын ойысы жалғасады.

Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігінің сырт жағында бір-бірімен көлденең параллель өтетін желке бұдырлары болады. Оларға желке еттері тіркеледі . Қабыршақ бөлігінің ішкі беті сайшалар арқылы төрт ойысқа бөлінген.

Шүйде сүйегі алдыңғы жағынан сына сүйегімен,екі жағынан самай және төбе сүйектерімен шектеседі.

Шүйде сүйегінің жұту төмпегі, ылдиы болады.

Төбе сүйегі-төрт бұрышты жұп сүйек.Оның төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды шеттері, шүйде бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы болады.

Маңдай сүйегі- қабыршақты бөлім, екі көз бөлімі, мұрын бөлімі, жалпы төрт бөлімнен тұрады.Маңдай жалпақ төбеге қараған дөңес бөлімнен , төменге қарай маңдай қабыршағын көз шарасының ойығының жиегін түзейді .Осы екі көз аралығында мұрын бөлігі бар. Маңдай сүйегінің мұрын бөлігінің үстіңгі жағындағы қуыстықты маңдай қойнауы дейді Ол мұрын қуысымен тығыз байланыста жатады. Маңдай сүйегінің қас доғалары, самай сызығы , самай беті, көз жасы безінің сайы, апертуралары, торлы ойындысы болады..


Сына сүйегі немесе негізгі сүйек –тақ ,ол ми сауытын құраушы барлық сүйектермен байланысып ми сауытының түбін құрайды. Сына тәрізді сүйектің Сына тәрізді сүйектің денесі қуысты боладыда сол қуысы арқылы мұрын қуысымен жалғасып жатады.Сына тәрізді сүйектің толық орта жерін денесі дейді,оданекі үлкен қанат, екі кіші қанат және қанат тәрізді өсінділер –медиалды ілмек және латералды өсінділер бар.Денесі арт жағынан шүйде сүйегімен байланысса,алдыңғы жағынан мұрын қуысымен жалғасады.Жоғарғы бетінде түрік ерінің арқасы мен ойысы, гипофиздік ойыс болады. Үлкен және кіші қанаттары өзара көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы ажырап жатады.Үлкен қанатта үш тесік бар-дөңгелек,ойыс және сопақша.Бірінші екеуінен үшкіл жүйкенің тармағы өтеді ,ал сопақ тесіктен –артериялар өтеді. Үлкен қанаттарының самай, көз, ми, жоғарғы жақ беттері; дөңгелек, сопақ, остік тесіктері бар. Кіші қанаттарының көз және ми беттері болады. Сына тәрізді сүйектің медиальды және латеральды тақташалары, қармақ, шұңқыршасы бар екендігі белгілі

Тор сүйегі ми сауытына да, бет бөліміне де жататын тақ сүйек. Оның көлденең тақташасы, әтеш айдары, торлы тақташасы, иіс жүйкесінің тесігі, торлы шытырман, көз тақташалары, жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірлері, торлы ауа қойнауы болады.

Бет бөлімінің сүйектері жұп және тақ сүйектерден құралған.Бас сүйегінің

қаңқасының бет бөлімі сүйектеріне жұп жоғарғы жақ, көз жасы сүйегі, мұрын сүйегі,төменгі мұрын кеуілжірі,таңдай сүйегі ,шықшыт сүйегі және тақ төменгі жақ сүйегі,тіл асты сүйегі,кеңсірік жатады.

Бет бөлімі, оның сүйектерінің орналасуы, олардың құрылысы күрделі келеді.

Таңдай сүйегі қатты таңдайдың түбін құрайтын жұп сүйек. Оның горизонтальды және вертикальды тақташалары, көз, сына, пирамида өсінділері, торлы, кеуілжірлі айдаршықтары, артқы, мұрын қырлары болады.

Тіл асты сүйегінің денесі, үлкен және кіші мүйіздері болады

Тіл асты сүйегі төменгі жақтың астында тілдің 8 түбінде тұратын таға тәрізді тақ сүйек. Бұл сүйек ешқандай сүйекпен байланыспайды.

Төменгі мұрын кеуілжірінің көз жасы, жоғарғы жақ, торлы өсінділері. болады.

Кеңсірік төрт бұрышты ромб тәрізді жұқа жұп сүйек, ол мұрын қуысын бөлуге қатыслды.

Көз жасы сүйегі көз шарасының ішкі бетін түзетін кішкентай жұп сүйек.

Мұрын сүйегі төрт бұрышты пластинка тәрізді жұқа жұп сүйек, ол кеңсірік тұсындағы мұрын тесігін жауып тұрады. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысын алып қарағанда ол негізі, ми қақпағынан тұрады.


Краниометрия-деп бас сүйектің өлшемдерін айтады. Оның вертикальды ,беттік, латеральды, шүйделік, базиллярлық нормалары болады. Бас сүйектерінің бір-бірімен байланыстары: жіктер мен буындар түрінде болады.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Бассүйектің бөліктерін атаңыз.

2. Бассүйектің қызметін анықтаңыздар.

3. Бассүйектің негізі мен күмбезінің аралық шекарасын анықтаңыз.

4. Ми сауыты сүйектерінің латынша аттарын атаңыз.
18 Тақырып. Бұлшықеттің топтары, құрылысы, қызметі. Арқа, кеуде, іш бұлшықеттері. Бас, мойын бұлшықеттері орналасуы, қызметтері.
Мақсаты. Тұлға бұлшықеттерін және шандырларының құрылысын, топографиясын және қызметін білу. Бас және мойынның бұлшықеттерінің құрылысын, топографиясын білу
Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Бұлшықет дененің қозғалуын және оның тік қалпын сақтауын қамтамасыз етеді де, қаңқамен бірге денеге пішін береді.

Қаңқа бұлшықеті толып жатқан ұзындығы 10-12 см және көлденең қимасы 0,1-0,01мм-ге жететін ет талшықтарынан тұрады. Талшықтар шоғырланып, сырттан дәнекер ұлпасымен қапталып, сіңір арқылы сүйекке бекиді. Дәнекер ұлпасы еттің қатты созылуына кедергі жасап, оны қорғайды. Ет шоғырларының аралығында қан тамырлары мен жүйкелер орналасқан.

Бұлшықеттер құрамына қарай бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшықеттер болып екіге бөлінеді. Ішкі мүшелердің қабырғалары (қан тамырлары, таныс алу жолдары, қарын, ішек және т.б.) бірыңғай салалы бұлшықеттерден құрылады. Олардың жұмысы жүйке арқылы гуморальды жолмен реттеліп отырады. Көлденең жолақты бұлшықеттерге негізінен қаңқа бұлшықеттері жатады. Олардың жұмысы адам еркімен реттеліп отырады. Сондықтан, оған адамның әр түрлі әсері болады.

Бұлшықет сыртқы пішініне байланысты 3 топқа бөлінеді: 1 – қысқа және жуан бұлшықеттер – омыртқа жотасының астыңғы терең қабатында орналасады; 2 – ұзын және жіңішке бұлшықеттер – аяқ пен қолда болады; 3 – жалпақ бұлшықеттер-тұлғада кездеседі.

Атқаратын қызметіне қарай бұлшықеттер мына топтарға бөлінеді: буын және буын жазғыш бұлшықеттер, мүшені жақындатқыш және алшақтатқыш үйлесімді бұлшықеттер.