Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 241

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Аталмыш бағыттың тағы бір көрнекті өкілдерінің бірі  американдық дәрігер және психолог Уильям Шелдон  темперамент мінез-құлық түрлері мен сонымен қатар, адамның соматикалық құрылымының арасындағы байланыстарды анықтады. Ғалым дене бітімнің үш түрін бөліп көрсеткен: эндоморфты, мезоморфты, эктоморфты. Чарльз Дарвиннің ұсынған табиғи іріктеу мен тұқымқуалаушылық заңдарына негізделген эволюциялық әдіс биологиялық теориялардың ішінде ерекше орын алады. Эволюциялық әдісті жақтаушылар, адам мінез-құлқының әртүрлі аспектілерін тұрпаттық тұқым қуалаушылық бағдарламалар көрінісі ретінде қарастырса, аталмыш тұрғыны сынаушылар жануарлардың мінез-құлық заңдылықтарын адам психологиясына қолдануды негізсіз деп есептейді.

Дарвинның идеясын дамытушы Конрад Лоренцтің  этиологиялық бағыты адам мінез-құлқының әртүрлі феномендерін келесідей түсіндіреді, мәселен, агрессия, ең алды ол өмір сүрудегі күрестің туа біткен инстинкті.

Қазіргі таңда адам мінез-құлқындағы биологиялық детерминанттарды зерттеу ғылымның бірнеше: биология, медицина, криминология, физиология салаларында және ерекше генетикада белсенді түрде жүзеге асуда.

3. ХІХ ғасырдың атақты ғалымдары Фрэнсис Гальтон  мен Грегор Менделдің  есімдері психогенетика дамуының басталуымен байланысты.  жылы олар психогенетика немесе евгеника саласындағы алғашқы зерттеулерінің нәтижелерін жариялады. Кейінгі жылдары Ф.Гальтон алғаш рет егіздер және статистикалық әдістерді қолдана отырып, жеке тұлғалық айырмашылықтарға жүйелі зерттеу жүргізді. Оның еңбектері интеллект детерминанттарын зерттейтін ғылыми ізденістерге бастама болды. Тұлғалық сипаттамалар мен мінез-құлық мәселелері өте аз деңгейде зерттелді.

Тағы да бір ескеретін, әлемнің көптеген елдерінде жүргізілген зерттеулер, экстраверсия мен нейротизм. Мысалы, Америкада, Австралияда және Еуропада  швед ғалымы Нэнси Петерсон қиғаш кескіндер әдісімен он бес мың туысқандық жұпқа жүргізген зерттеуі мынандай екі тұжырым жасауға мүмкіндік берді:

  1. Нейротизм мен экстраверсия қасиеттері онтогенез барысындағы генетикалық шарттастықпен сипатталады;

  2. Жастың үлғаюына байланысты тұқымқуалаушылық көрсеткіштері төмендейді әсіресе нейротизм жағдайында.

ХХ ғасырдың -жылдарының ортасында У. Петерс генетикалық зерттеулер нәтижесінде ер адамдарда У  хромосомаларының артық болуы олардың криминалды зорлық-зомбылыққа бейімділігін анықтайды деген қорытындыға келген тұтқындардың арасында бұндай ауытқушылық әдеттегіден  рет жиірек кездеседі. Тұтқындағыларды зерттей отырып, Г. Айзенк экстраверттер интраверттерге қарағанда қылмыс жасауға бейімдірек, ал ол өз кезегінде, генетикалық деңгейге негізделген деген қорытындыға келеді. Сонымен қатар, кейбір кәмелетке толмаған заң бұзушылардың бас миының маңдай бөліктері дамуының артта қалушылығы айқындалған, бұл нейрофизиологиялық бұзылуға алып келуі әбден мүмкін, соңында құқыққа қайшы келетін әрекеттерге әкеп соғады. Көптеген мамандар мінез-құлықтың нақты түріне жауап беретін геннің анықталмағанына қарамастан, тұкымқуалаушылықпен мінез-құлық арасындағы байланысты сәйкестілікті мойындайды. Ауытқыған мінез-құлықтың басқа да биологиялық детерминанттарының ішінде гормондардың ықпалы да аталады атап айтқанда, тестостерон. Даббс мен Моррис  төрт мың соғыс ардагерлеріне
зерттеу жасай отырып, тестостерон деңгейі мен қылмысқа бейімділік мінез-құлықтың арасында байланыс болады деген қорытындыға келген.

Жүйке жүйесінің қасиеті адам темпераментінің, оның психикалық өмірінің динамикалық құрылымын анықтайтындығы белгілі. Сәбилердің бір жылғы өмірін зерттеген Нью-Йорктік лонгитюдті зерттеулері өмірдің бірінші айында пренаталды жағдайлар мен босану ерекшеліктері секілді факторлар басым рөл атқарады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Генетикалық тұрғыдан берілген жеке тұлғалық динамикалық мінездемелер яғни темперамент шамамен тоғыз айлық жастан бастап көрінеді.

А.Торгерсеннің егіздер зерттеулерінің мәліметтері бойынша,  жаста қиын темперамент синдромы компоненттерінің бесеуі жоғары генетикалық құрылымдарға ие болады: әлсіз реакция, реакцияның жоғары интенсивтілігі, төмен ырғақтық. Бұл кездегі нашар бейімделушілік жалпы отбасылық ортамен анықталса, жағымсыз көңіл-күй индивидуалды ортада қалыптасады.

Тұтас алғанда, заманауи білімдер тұқымқуалаушылық жолмен ауытқушы мінез-құлықтың қандай да бір нақты формасы берілмейді мәселен, қылмыскерлік, тек қана девианттылықтың қалыптасу мүмкіншілігін арттыратын индивидуалды-типологиялық қасиеттер беріледі, мәселен импульсивтілік немее көшбасшы болуға ұмтылыс деп айтуға мүмкіндік береді.

Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда өз-өзін еркін сезіне алмайды, соған байланысты ортамен қарым-қатынасы бұзылады.

Осылайша, ішкі биологиялық үрдістер ауытқушы мінез-құлықтың қалыптасуында белгілі бір рөл атқарады. Олар қоршаған ортаның кез келген әсеріне қатысты біздің реакциямызды анықтайды. Ауытқушы мінез-құлықтың биологиялық негіздерін дәлелдейтін фактілердің барлығына қарамастан, олар белгілі бір әлеуметтік ортада ғана іске асады. Оған қоса, мысалы, жүйке жүйесінің реактивтілігін немесе гормоналды төмендеуді анықтай отырып, әлеуметтік жағдайлардың өздері ағзада биологиялық өзгерістер туындатуы мүмкін.

Тұтас алғанда, жеке тұлғаның ауытқушы мінез-құлқы әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерлерінің нәтижесі болып табылады. Әлеуметтік және биологиялық факторлардың әрекеттері өз кезегінде тұлғаның қарым-қатынас жүйесі арқылы өтеді.


Дәріс 6. Жасөспірімдердің әлеуметсізденуіндегі формалды емес криминогенді топтардың орны

Жоспары:

1.. Формалды емес және жас жеткеншек топтар, олардың құрылу механизмдері мен сипаттамалары.

2. Криминогенді топтардың дамуындағы бағыттар (Аутсайдерлік, маргиналдылық).

3. Топтың жағымсыз дамуының себептері.

1. Психологияда «топтық динамика» деген ұғым бар. Топтық динамика белгілі бір жағдайда нақты индивидуумдардың арасындағы өзара әсері арқасында олардың әрқайсысының шиеленісті бәсеңдететін немесе оларды толық қанағаттылыққа әкелетін үрдіс.

Қауіпті немесе формалды емес, жасөспірімдер мен бозбалалар топтарының құрылу механизмі мәселелердің екі блогын қамтиды:

  1. Жасөспірім бозбала әлеуметтенудің дәстүрлі топтарынан қалайша бас тартады?

  2. Олар неліктен әлеуметтікке қарсы бағытталған қауіпті топтарға бірігеді? Мысалы, өзін-өзі таныту, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру мен өзіне-өзі бағалау қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне байланысты жастар  топқа бөлінеді: -топта мүмкіндіктері бар; - топтың мүмкіншіліктері шектеулі; -топта бұл мүмкіншіліктер мүлдем жоқ. Осымен байланысты жастардың арасында алғашқы бөлінулер пайда болады: «қабілеттілер және қабілетсіздер», «жақсылар және жамандар», «тәртіптілер және тәртіп бұзушылар». Қабілетсіздер, оқу үлгерімі нашарлар және тәртіп бұзушылар, осындай стигматизацияның арқасында атақ алған соң оны «ақтауға» тырысады.

Заманауи күрделі де қатыгез әлемде жасөспірімдер қорғаусыз. Олар қорғанысты қайдан іздейді? Полициядан ба? Күлкілі…Отбасынан ба? Ата-ана үшін ол кішкентай бала емес. Мектептен бе? Онда ол кімге керек?

2. Формалды емес топтарда көп жағдайда айқын түрде аутсайдерлер айқын көрінеді. Аутсайдерлік бұл барлығына ортақ жағдаят жасөспірімдерді бір-біріне тартып, жақындастырады. Бұл қоғамға қарсы бағытталған, формалды емес топтардың қалыптасуына септігін тигізетін әлеуметтік-психологиялық шынайылық, ал мұқтаждылықты қанағаттандыру мен мүдделерді жүзеге асыру мүмкіншілігінің шектеулігі қарсы шығудың және объективті шынайылықта өзін-өзі тұрақтандырудың құқыққа қарсы тәсілдерін таңдауға субъективті даярлықтың алмасуын жеделдетеді, басқаша айтқанда, әлеуметтік тығырыққа тірелген және одан шығуға талпынған адамның күйі. Бұл қақтығыстың келесі түрлерінің туындауына себепкер болады: жасөспірім мен мұғалімнің арасындағы, тәрбиешілер, тәлімгерлер, жасөспірім мен сынып ұжымы, топтың немесе ұжымның, жасөспірім және отбасы арасындағы қақтығыстар. Егерде қақтығыстар дер кезінде шешімін таппаса, жасөспірімдер негізгі әлеуметтік институттарынан ығыстырылып, шығарылады. Бұл жағдайды жастың психологиялық ерекшелігі деп білу қажет, себебі жасөспірім көп уақыт оқшауланған жалғыздықта бола алмайтындығымен және ол өзіне тең топ іздеуімен сипатталады. Ол сондай топты өзі сияқты күйге тап болған балалардың арасынан табады және өз-өзін таныту, менмендігін байқату мақсатымен олар бірігеді, топтасады. Осыдан барып аяқастында пайда болған: сабақтан қашатын, қауіпті жасөспірімдер топтары пайда болады наразылық: «мен бәрібір ештеңе түсінбеймін», қаңғыбастар топтары отбасының оны түсінбейтінін оған сенім артпайтынын сезінгендер: «тек ұрсады және ұрады, ештеңені түсінгілері келмейді», еңбек пен оқудан бас тартқандардан кәсібилігі жоқ, жалақысы аз жұмыс құрылатын топ.


Іс-әрекеттің негізгі түрлерінде сәтсіздікке ұшырау оқуда, мамандықты меңгеруде өз күшіне сенімділіктің орнына өзі-өзін төмен бағалауды, өзінің маңыздылық сезімінің орнына зиян келтірушілік пен қажетсіздік сезімін тудырады. Және бұл жасөспірімнің тұрақты көңіл-күйіне айналып, оның өмірде әрдайым сәтсіздікке ұшырауына әкеледі. Топқа енудің басты мотиві жалғыздықта қалудан қорқу, түсінуге, теңқұқыққа, беделге қатысты мұқтаждық «онда мен өзімді алғаш рет тең сезіндім, олар мені қажет етеді».

Формалды емес топтарда өзін-өзі танытудың басқа да тәсілдері қолданылады. Зерттеушілер оларды төрт топқа топтастырады:

1. Негізгі әлеуметтік міндеттерді орындамау;

2. Қоғамда қабылданған мінез-құлықтық стандарттарды орындамау;

3. Моральға қайшы келетін мінез-құлық;

4. Құқықтық нормаларды бұзу.

Өз-өзін танытудың формасын әр топ өзінің топ құрамына, көшбасшысына, ортаның қылмыс жасау және қылмыстық дәстүрлерінің деңгейіне байланысты таңдайды. Бастапқыда формальды емес топтардың асоциалды мақсаты болмауы мүмкін. Әр блоктың әртүрлі әлеуметтік мәдени орталар мен аймақтарда, нақты әлеуметтік және этникалық топтарда көріну ерекшеліктері бар.

Көптеген зерттеушілер қауіпті топтардың құрылуын маргинализация үрдісімен және оның теріс әсерлерімен байланыстырады. Маргиналдылық топтардың қалыптасуының себебі емес, тек аутсайдерлікке интенсивті ену жағдайы ғана. Олар өзінше сипатталады, өзіндік белгілерге ие. Бұған, бірінші кезекте, киімдеріндегі ерекшеліктер, жаргондар жастарға тән сөйлеу тілі секілді олардың тәуелсіздігі мен үлкендерге қарсылығының белгілері символдары жатады. Жасөспірімдер қолданатын терминдер көбінесе дөрекі, олар қылмыскерлердің лексикондарынан тұратын сөздерді жиі пайдаланады. Бұндай сөздер «өздерінікін» (топтың) «өзгелерден» айырып тану қызметін атқарады, сонымен қатар топтық ынтымақтастықты нығайтады. Алайда, үлкендер әлемі мен жасөспірімдер әлемінің арасындағы айырмашылықтар тек осы сыртқы атрибуттармен ғана шектелмейді.

В.В.Лунев атап көрсеткендей, «жасөспірімдердің қылмыстық топтары «мектебінен» тура немесе жанама жолмен жүздеген, мыңдаған, тіпті миллиондаған жасөспірімдер өтеді. Жас кезінде жинақтаған зорлық-зомбылық, пайдакүнемдік және анархиялық мінез-құлық тәжірибесі көптеген адамдарда ұзақ жылдар бойы сақталса, кейбіреулерде мұндай әрекеттер өмір бойына сақталады. Балалық шақ пен ересектікте қалыптасқан мұндай ауыр жүктен арылу барлық адамдар үшін қиын».


Тұлғаның ең жағымды әлеуметтенуінде жасөспірімдік өмірбаянның жағымсыз салмағы санада сақталып, кейінгі мінез-құлық жағдаяттарында адамға ауыртпалығын түсіреді. Бұған ауыр қылмыстардың мотивациясына қылмыстық-психологиялық талдау дәлел бола алады. Сонымен қатар, көптеген адамдардың теріс қылықтары да айғақ болады. Көп жағдайда адамның қол жеткізген статусына, оның рөлдік мінез-құлқына сәйкес келмейтін үлкен адамдардың іс-әрекетіндегі ауытқушылықтардың бастау көзін олардың балалық шағы мен ересектік кезеңінен іздеу қажет.

Барлық тарих, әсіресе жақын шетелдердің тарихы адамның мұқтаждығы мен мотивациясына сай келмеген, санаға тікелей әсер ету әрекеттерінің ықпалы аз болатындығын дәлелдейді. Балалық шақ пен ересектік кезеңінде қалыптасқан мұқтаждықтар мен әдеттер ылғалды әрі құнарлы жерге себілген дән секілді, адам санасына оңай, тез сіңеді.

3. Бүгінгі таңда жасөспірімдердің қауіпті топтарының көбейіп, етек алуына байланысты бұл топтарда қалыптасқан құндылықтар мен үлкендер әлемінің өнегелі құқықтық құндылықтары арасында нақты айырмашылық пайда болған, бұл төмендегі себептермен айқындалатын міндеттермен түсіндіріледі.

-Біріншіден, белгілі бір жағымсыз әлеуметтік жағдайларда жас- өспірімдердің қауіпті топтарында ішімдік ішу, нашақорлық, токсикомания, жезөкшелік, қылмыстық секілді заң бұзушы құбылыстар пайда болып, таралуы мүмкін.

- Екіншіден, жас ерекшелігіне қатысты жатырқаушылық әлеуметтік бақылаудың әлсіреуімен, өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтену үрдісінің маңызды қызметінің бұзылуымен  үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін меңгеру мен беру жүйесінің бұзылуы салдарынан ұрпақтар арасындағы мирасқорлықтың әлсіреуімен қатар жүреді.

Мейірімділік, өзара сенімділік, ынтымақтастық пен өзара көмек беруге әрдайым дайын болу, адалдық, парасаттылық, еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жауапкершілік, әділеттілік, заңға деген құрмет және басқа да көптеген өнегелі құқықтық құндылықтар мұраға берілмейді. Оларды өнегелі құқықтық әлеуметтену, тәрбиелеу үрдісінде, осындай қасиеттері бар, олардың құндылығын жете түсінетін және бұл қасиеттерді жасөспірімдерге дарытуға тырысатын үлкендермен қарым-қатынас үрдісінде меңгеру қажет. Егер жасөспірімдер тек өз құрдастарымен ғана араласатын болса, егер олар үшін өздерінің топтары ғана референтті болып табылатын болса, олар мәдени дәстүрлерден бастау алатын және бірін-бірі құрметтеуге, мінез-құлықтың өнегелі құқықтық бастауларына негізделіп қалыптасқан мінез-құлық түрлерін игере алмайды.