Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 242
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
d) -ден -ға дейін эмпатиялықтың төменгі деңгейі;
е және бұдан аз ұпай эмпатиялықтың өте төмен деңгейі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
«Топтық динамика» ұғымы нені білдіреді? -
Жасөспірімдердің және бозбалалардың формалды емес топтарының қалыптасу механизмі. -
Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығының салыстырмалы сипаттамасы. -
Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихы.
5.Жәбірленушілердің топтастырылуы.
6. БАҚ және олардың девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына әсері.
7. БАҚ-тың ғылыми бағыттары
Дәріс 8. Виктимология ғылымы және жасөспірімдердің жәбірленушілік мәселесі
Жоспары:
1. Виктимология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
2. Кәмелетке толмағандардың "құрбан болушылық" түрлері
3 Виктимділікке тәуелділік индивидуалды - психологиялық ерекшеліктер.
1. Виктимология сөзбе-сөз мағынада "жəбірленуші туралы ілім" дегенді [латын тілінің vikmima — жəбір (құрбан), грек тілінің Logos-ілім сөздерінен шыққан] білдіреді. Жəбірленушіні зерттеумен айналысатын ғылым виктимология деп аталады. Тар мағынасында виктимология немесе криминалдық виктимология деп қылмыс жəбірленушісін зерттеу деп түсіну қажет. Жəбірленуші болушылық немесе құрбандық — бұл адамды қылмыс құрбанына айналуға бейім етуі мүмкін физикалық, психикалық жəне əлеуметтік ерекшеліктері мен белгілері. Виктимизация — жəбірші (құрбан) болушылықты игеру үдерісі. "Қылмыс құрбаны" ұғымы "зардап шегуші" ұғымына қарағанда кең. Қылмыс құрбаны — заңды түрде зардап шегуші деп мойындалғанына немесе мойындалмағанына қарамастан, заң бұзушылық əрекеттен моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян көрген кез келген адам. Басқаша айтқанда, "жəбірленуші" — виктимологиялық ұғым, "зардап шегуші" — қылмыстық-процессуалдық ұғым. Бұл ұғымдар өзара сəйкес келмеулері мүмкін. "Жеке тұлғаның құрбан болуы ... қылмыстық əрекетпен жасалғаннан басқа, дəлірек айтқанда, белгілі бір жағдайларда қылмыс құрбаны болуға қабілеттілік, немесе, басқа сөзбен айтқанда, объективті түрде мүмкін болған жағдайдың өзінде болдырмауға қабілетсіздік". Соңғы жылдары криминалистикалық зерттеулер қылмысты ашу мен тексеруде қылмыс құрбанының рөліне баса назар аудара бастады. Виктимология — криминологияның маңызды бағыттарының бірі ретінде, зардап шегушінің жеке тұлғасын, оның таныстарын, қылмыскермен өзара қарым-қатынасын, қылмыскерді айыптау жағдайындағы құрбанның мінез-құлқындағы ерекшеліктерін зерттейді. Виктимологиялық зерттеулерде қылмыс генезисіндегі құрбанның рөлі, оның қылмыскермен тұлғааралық байланыстары мен қарым-қатынастары маңызды орын алады.
Салыстырмалы тұрғыда, виктимология өз алдына жеке ғылым ретінде жақында ғана, тек 1947 жылдан кейін ғана пайда болды (Л.В. Франк). Қылмыс жасау механизміндегі құрбанның рөлі идеясы жаңа емес, көне дəуірден бастап, бұл идея көптеген заң жəне əдеби ескерткіштер мен басқа да дереккөздерде көрініс тапқан. Басқа түрде виктимгендік жағдай Авельді ағасы Каинның өлтіруі туралы жалпыға танымал інжілдік аңызда "үлгіленген" ["Інжіл аңыздары".— М., 1968, 21 бет]. Аталмыш жағдайда құрбан өзі қылмыстың жасалуына себепкер болады, ол бұл істі өз қалауынсыз, осы əрекетімен, белгілі бір жағдайда, ренішті ағасының қызғанышын тудырады, қызғанышқа бой алдырған ағасы өзінің ең жолы болғыш "бəсекелесін" өлтіруге шешім қабылдайды. Жəбірленушінің сұлбасына, заң бұзушылықтың орын алуындағы оның рөліне, жəбірленушінің кінəсі мəселесіне баса назар аударған римдік құқық нормалары даусыз қызығушылық тудырады. Қылмыстың виктимологиялық аспектілері бірнеше көрнекті жазушылардың туындыларында анық көрініс тапқан: Ф.М.Достоевскийдің "Ағайынды Карамазовтар", Ф.Верфельдің "Өлтіруші емес, құрбан кінəлі", Л.Франктің "Себеп", Т.Драйзердің "Американдық қайғы" жəне басқалар туындылары.
ХІХ ғасырдың соңында — ХХ ғасырдың басында құрбан тақырыбы əдебиетшілердің ғана емес, заңгерлердің, психологтардың жəне криминологтардың шығармаларында айқын көрініс тапты. Виктимологияның пайда болуы неміс ғалымы Ганс фон Хентингтің есімімен байланыстырылады. Ол қылмыскерлердің нақты санаты мен жəбірленушілердің нақты түрлерінің арасындағы тəуелділік туралы идеяны ұсынды ["Қылмыскер жəне оның құрбаны", 1948]. Аталған тақырыпты алғашқы ашушылардың ішінде — Ф.Т.Джас ["Өлтіру мен оның мотивтері"], ал 1958 жылы М.Е.Вольфганг "Өлтірудің түрлері" атты еңбек жариялады. Бұл еңбекте ғалым көптеген зерттеулердің нəтижелерін қорытып, өлтірушілердің өздерінің құрбандарымен қарым-қатынасы кезінде қалыптасатын жағдаяттардың түрлерін анықтады1967 жылы израилдық ғалым Менашем Амир зорлау барысында туындайтын жағдаяттарды зерттеді ["Зорлау түрлері", 1971 жыл]. Ресейлік ғалымдар да (Ю.М. Антонян, А.П. Дьяченко, В.П.Коновалов, Л.Ф. Франк жəне басқалар) құрбан болушылықты зерттеуге белсенді ат салысты. 1972 жылы "Виктимология жəне құрбан болушылық" атты ғылыми монография жариялаған Лев Вольфович Франк кеңестік виктимологияның ақсақалы саналады, қауіпті, аңғырт, ұяттан безген, арандататын, яғни өзі қауіпті болуы мүмкін.
Қазіргі виктимология бірнеше бағытта жүзеге асады:
2. Жəбірленуші дəрежесіне сүйеніп, оның төмендегі түрлері ажыратылады:
а) Қауіптің жоғары қасиеттері бар құрбан əлеуметтік−өнегелі деформациямен сипатталады. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, заңсыз сауда, қылмыстың орта мүшесі болу жəне т.б. зорлық-зомбылықтың құрбаны болудың ықтималды қаупін арттырады.
ə) Қауіптің тым жоғары қасиеттері бар құрбан, оның əлеуметтік статусында шабуылға ұрыну қауіп-қатері бар. Оларға заң қызметкерлерін, бақылаушылар жəне кəсібіне байланысты құрбан болу қаупі жоғары адамдар, өзінің ерекше қылықтарымен жəне эстетикалық кейпімен қылмыскердің назарын аударуға қабілетті, сонымен қатар психикалық аурулар жəне психопатологиялық ауытқулары бар адамдар жатады.
б) Қауіптің азғантай қасиеттері бар құрбан қарапайым жағдайларда жəне қауіп факторларында өмір сүреді, жоғары жəне тым жоғары дережелі құрбан болушылық қаупі бар адамдарға тəн арнайы жеке тұлғалық жəне мінез-құлықтық қасиеттер көрініс таппайды.
в) Ықтимал (кездейсоқ) құрбан. Олар — лаңкестік əрекеттің, өлтірудің немесе ерекше қауіпті жолмен ауыр зиян келтіру.
3. Оларды орындау барысында үшінші адамдар зардап шегеді. Индивидуалды құрбан болушылықты анықтайтын жеке тұлғалық қасиеттердің маңыздылық дəрежесі мен сипаттамаға сүйеніп, құрбанды бірнеше түрлерге бөлуге болады:
Жәбірленушінің зерттеудегі әдісін екі негізгі категорияға бөлуге болады:
- біріншісі, «статикалық аумағы» ұлты, жынысы, қызметі т.б. Бұл белгілердің кейбіреуін заң талабына сәйкес анықтау қажет, себебі олар заң баптарына (жас ерекшелік, қарсыласу, қызмет жағдайы) тікелей ықпал ете алады;
- екіншісі, «динамикалық аумақ», яғни жәбірленушінің қылмыстық оқиғаға дейін, сол сәттегі әрекеттері, қылмыскермен арақатынасы (шабуыл жасау, қашу, қорғану т.с.с.).
Жәбірленушінің әрекеті екі жағдайға тәуелді:
1. Қылмыстық іс-әрекеттің немесе басқа да жағдайлардың ықпалы;
2. Тұлғалық ерекшеліктер (талып қалу, өз өзін қорғау, қылмыскерге шабуыл жасау).
Жәбірленуші болудағы тұлғаның жекеленген кемшіліктері:
-
Физикалық (денелік) дайындықтың нашарлығы, төмендігі; -
Психикалық дамудың ерекшеліктері (шабуылға деген жауаптың кешеуілдеуі, әрекетті дұрыс түсінбеу, есте сақтау, ақыл-ойдың төмендігі); -
Сенімшілдік, ұқыпсыздық, түсінбеушілік; -
Дау-дамайда дұрыс шешім қабылдай алмау; -
Мінез-құлықты басқара алмау.
Қылмыс құрбаны болу ықтималдығы деңгейін анықтау мен оның типін белгілеу тиісті органдардың жәбірленушіні іздеп табуға және оларда жағымды сапалы қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастыруға, жағымсыз тұлғалық жақтарын түп-тамырымен жою мүмкіндігін туғызатын жекелік алдын алу жұмыстарын жүргізуге бағытталған іс-әрекеттерін жеңілдетеді.
Заманауи ғалымдардың пайымдауынша, виктимология ғылымы келесі салалардан құрылған:
•криминалдық виктимология немесе криминологиялық виктимология (қылмыс құрбандарын зерттейтін сала);
• зақымдық виктимология әртүрлі зақымдықтарды зерттейтін сала;
•психиатриялық виктимология психикалық ауытқығандардың қылмысқа қосқан үлестерін ескеретін сала;
• апаттылық, экологиялық және табиғи зілзала виктимологиясы;
• техникалық қауіпсіздік виктимологиясы (еңбек қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін т.б. түрдегі виктимдік мінез-құлықты зерттейтін сала);
• саяси жүйе виктимологиясы.
• жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламалары мен шараларын ұйымдастыру саласы т.б.
«Қылмыс жәбірленушісі (құрбаны)» ұғымы «зардап шегуші» ұғымына қарағанда кең мағынаға ие. Қылмыс жәбірленушісі заңды түрде зардап шегуші деп мойындалғанына немесе мойындалмағанына қарамастан, заң бұзушылық әрекеттен моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян көрген кез келген адам. Басқаша айтқанда, "жәбірленуші" виктимологиялық ұғым, «зардап шегуші» қылмыстық-процессуалдық ұғым. Бұл ұғымдар өзара сәйкес келмеулері мүмкін.
8-тақырып бойынша сұрақтар
1. Қылмыс жəбірленушісі туралы ілімнің психологиялық құқықтық негіздері.
2. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихы.
3. Жəбірленушілердің классификациясы.
Дәріс 9. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық түрлерінің психологиялық сипаттамасы
Жоспары:
1. Мінез-құлықтың бұзылуының әлеуметтік шарттары.
2. Ауытқы мінез-құлық түрлерінің психологиялық сипаттамасы.
3. Өзіне-өзі қол жұмсау əрекетінің мотивтері мен себептері.
1. Жасөспірімдердің бойында девиантты мінез–құлықтың пайда болуына бірден –бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатын отбасы тәрбиесі. Оның бастыларының бірі, баланың күнделікті жүріс – тұрыстарының қадағаламау, оның көзінше арақ – шарап ішу, дау –жанжал, ұрыс –керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі–баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтажын қамтамассыз ету деп санау. Үшіншіден, жастайынан баланың еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, балаға көңіл бөлмеу, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де түрткі болады. Төртіншіден, ата–аналардың бір топтары адамгершілік талаптардың мән –мағынасын түсінгенімен, олардың күнделікті өмірде нық ұстамай, екі жүзділік көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туындайды.
Девиантты мінез–құлықтың пайда болуындғы негізгі себептер:
– кейбір ата-аналар өмірлік бағдарламасында ала беру жинау, мансапқорлық , менмендік пиғылдар орын алып, адамдарды ақыл – парасатына қарай емес, «байлығына», «қажеттілігінен» қарай сый құрмет көрсету баршылық. Осындай ортадан шыққан балалардың ұрлық, тонау, жәбірлік, зорлық –зомбылық жасауға бейім екенін байқауға болады.
– балаларын шектен тыс еркелету балаларын шектен тыс мәпелеу, еркелету, ерекше жақсы өру, тұрмыстық еңбекке қатыстырмай «ақ саусақтыққа» дағдыландыру, алдындағы қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, әдет дағдыларын қалыптастырмау.Өмірге икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекі ішімдіке, нашаға ұрлыққа икемделе бастайды.
2. Адамзат тарихы агрессияның тұлға мен қоғам өмірінің бөлінбес бөлігі екендігін сенімді түрде дəлелдейді. Бұған қоса, агрессияның қуатты тартатын күші жəне жұғымталдық қасиеті бар: көптеген адамдар сөз жүзінде агрессияны жоққа шығарады, ал іс жүзінде оны күнделікті өмірінде кеңінен көрсетеді. Латын тілінен аударғанда "агрессия" — "шабуыл" деген мағына береді. Қазіргі уақытта "агрессия" сөзі аса кең мағынада қолданылады. Аталмыш құбылыс жағымсыз эмоциялармен (мысалы, ашумен) жəне жағымсыз мотивтермен (мысалы, зиян келтіруге тырысу), сонымен қатар жағымсыз нұсқаулармен (мысалы, нəсілдік қате түсініктермен) жəне бүлдіруші əрекеттермен байланыстырылады.