Файл: йде оытылатын балаларды жалпы білім беру мектебіні Оу бадарламаларымен оыту бойынша дістемелік сынымдар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 212
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
they are.
5. Қандай да бір өзгерістері
бар ауызша алмастырулар
Мысалы, сөздің формасында өзгерістері бар. Зат есімнің
көпше түрін жасау жаттықтырылады.
Мұғалім.The boys are coming.( girls,
children сөздеріне алмастырылады) Оқушылар қайталайды. The boys are
coming.
Бұндай түзету сабақтары оқушыларда тілдік үлгілерді
еркін және тез қолдана алуға үйретеді. Түзету жұмысының ерекшелігі тілдік
материалды мұқият дозалау болып табылады. Сондай-ақ шаршауды, тежелуге
бейімділікті ескеріп әрекет түрлерін ауыстыруды жиі жүргізу қажет.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды шет тіліне оқыту ерекшеліктері
Шет тілін оқыту – бұл оқу материалын жүйелі түрде
қайталау нәтижесінде алған білім мен тәжірибені белсенді меңгеру және алған
білімді қолдану әдістерін меңгеру процесі. Жоғарыда аталған ағылшын тілі
сабағындағы әдістер мен тәсілдер балаға аса жүктеме түсірмейді, керісінше өзін
оқу процесінің толыққанды тұлғасы ретінде жүзеге асырудың үлкен мүмкіндігін
қамтамасыз ететін оңалту ортасын жасайды. Үй жағдайында білім алатын оқушылар
бірден оқытудың шынайы субъектілері болмауы мүмкін, бірақ біраз уақыттан соң
олар өздері үшін, өздерінің дамуы үшін оқып жатқанын түсінеді және сезінеді. Ал
мұғалім данагөйлік шыдамдылық, қайырымдылық, үнемі қамқорлық танытып, балаларды
сол күйінде жақсы көріп, әрбірінің жетістіктеріне қуана білуі керек.
Үйде оқытылатын білім алушылар үшін барлық пәндер
бойынша оқу сағаттарын қысқарту жағдайында қашықтан білім беру бағдарламасы
ерекше өзекті болады. үйде ағылшын тілін оқыту үшін аптасына тек бір сағат
беріледі. Бұл өте аз екені белгілі. Онлайн-сабақтар мүгедек балалар мен әр
түрлі сырқаттары бар балалар үшін оқу бағдарламасын өтуге толық мүмкіндік
береді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ағылшын тілі сабағының түзету
бағыттылығы бұзылысты түзету мақсатымен ағылшын тілі сабағында белгілі бір жұмыс
технологияларын, әдістер мен тәсілдерді таңдау қажеттілігі болып табылады.
қашықтан оқыту технологияларын қолданған ағылшын тілі сабағының мақсаты – бала
әрекетіне қолайлы жағдайлар жасау арқылы оны дамыту, балаларды дербес өмірге,
еңбекке тәжірибелік дайындау, әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін білім мен
іскерліктерді қалыптастыру. Ағылшын тілі сабақтарында зейінді түзету әр түрлі
жаттығуларды орындау арқылы, ауызша байланыстырып сөйлеу тілін түзету және
дамыту мәтінмен жұмыс (оқу, тыңдалым) арқылы, жазбаша байланыстырып сөйлеу
тілін түзету және дамыту жазбаша жаттығулармен жұмыс барысында, есте сақтауды,
түрлі ойлау операцияларын түзету мен дамыту жүзеге асырылады.
Мұғалімнің міндеті балаларды оқу процесіне бірден
араластыру болып табылады. Ағылшын тілі сабағында оқушы оған таныс емес тілде
сөйлеседі. Тілдік сергіту мен фонетикалық жаттығулар оқушыны қызықтыруға, оны
сөйлесуге ынталандыруға бағытталған. «How are you?» («Қалың қалай?»), How is
your mother? What is the weather like today? Және басқа сұрақтар күнделікті
сөйлесуге жақындатылған және әдетте қиындықтар туғызбайды. Оқушылар тілдік
ортаға енгізіледі. Оқушы сұраққа жауап беруге қиналса, оған тірек суреттер
немесе тірек сөздер беру керек. Оларды экранға шығаруға немесе сөздері бар
карточкаларды дайындауға болады. ауызша сөйлесу кезеңінде өткен материалды
қайталау қажет.
Сабақтың келесі – негізгі кезеңі. Бұл кезеңде жаңа
лексикалық, грамматикалық, тілдік материалды енгізу іске асырылады. Бұл
кезеңдегі басты мәселе – оқушының назарын ұстап тұру.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда әр түрлі
сырқаттар болады. Қалай ойлайсыздар, сабақты баланың сырқатына байланысты
жоспарлау керекпіз бе?
Шағын тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылардың
ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды таңдап көрейік.
Бұзылыс түрлері: есту қабілеті бұзылған балалар, көру
қабілеті бұзылған балалар, балалардың сал ауруы (БСА) бар балалар, сөйлеу
тілінде бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген балалар.
Оқытуға
арналған құралдар: көрнекті суреттер, презентациялар, электронды
тапсырмалар, шағын сызбалар, тірек кестелер, комикс түріндегі мәтіндер,
аудиомәтіндер, өлеңдер, санамақтар, ағылшын тіліндегі ұйқастар, хормен жұмыс,
жаңа сөздерді суреттегі заттармен сәйкестендіру, жазбаша тапсырмаларды
компьютер қолданып орындау.
Қорытындылау:
Есту қабілеті бұзылған және зейіні мен сөйлеу тілінде
бұзылысы бар балаларға жаңа материалды көрнекі құралдарды, яғни көрнекті
суреттер, презентациялар, электронды тапсырмалар, шағын сызбалар, тірек
кестелер, комикс түріндегі мәтіндерді қолдана отырып үйреткен жөн. Жаңа
лексиканы бекітуде әріптерден сөздерді құрастыру, сөздерде тастап кеткен
әріптерді, сөйлемдерде сөздерді қою сияқты әр түрлі жаттығуларды қолдануға
болады. үй тапсырмасы ретінде сөздері бар карточкаларды және сабақта үйренген
лексиканы қайталау үшін презентацияларды беруге болады. әр түрлі видео сабақтар
үлкен табысқа ие. Тек бірнеше рет қайталау жолымен жаңа лексикалық материалды
ішінара меңгертуге болады.
Power Point интерактивті презентацияларды қолдану
барлық оқу тақырыптарын көрнекі және әсерлі көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ әр түрлі стратегиялары бар тыңдалым, оқылымды дамыту және бақылау,
лексикограмматикалық материалды оқу, бекіту және жетілдіру, баяу және анық емес
жазатын БСА балалар үшін маңызды болатын өзін өзі тексеру және қателерді
түзету. Білім алушылар өздерінің нәтижелерін бірден тексере алады: дұрыс
жауаптар тесттен кейінгі келесі бетте немесе гиперсілтеме бойынша берілген.
Microsoft Office Word и Microsoft Office Excel арқылы жасалған үлестірмелі материалмен қоса берілген
PowerPoint презентациясы — бұл мұғалімге де, білім алушыға да ыңғайлы.
Көру қабілеті бұзылған балаларға жаңа материалды есту
арқылы енгізген жөн. Сөз тіркестерін бірнеше рет қайталау қажет. Бұл хормен
жұмыс (мұғаліммен бірге), содан соң мұғалім артынан қайталау болуы мүмкін.
Бұндай балалармен жұмыс істеуде ағылшын тіліндегі аудиомәтіндер, өлеңдер,
санамақтар және ұйқастарды қолдануға болады.
Тәжірибеде бекіту кезеңінде тілдік әрекеттердің барлық
түрлерінің дағдылары мен іскерліктері бекітіледі: айтылым, тыңдалым, оқылым
және жазылым. Бұнда да оқушының мүмкіндіктерін ескеру қажет. Жаттығулар әрбір
білім алушының ерекшелігін есепке ала отырып таңдалады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс
кезіне жетістік жағдайын жасау, баланың әрбір дұрыс жауабын мадақтау маңызды.
сабақты жоспарлауда қарапайым жаттығулардан күрделірек жаттығуларды орындауға
көшу керек. Егер оқушы қандай да бір жаттығуды орындауда қиналса, онда оның
қызығушылығы тез басылады. Сабақта әрекет түрлерін үнемі ауыстырып, баланың
деңгейіне сәйкес келетін жаттығуларды таңдау маңызды.
БСА диагнозы бар оқушымен сабақтың бір бөлігі
БСА диагнозы бар балаларда, әдетте, жақсы есте сақтау
қабілеті болады, ережелерді табысты меңгереді. Алайда, олардың көбісі жаза
алмайды. Бұл жағдайда компьютер қолданылады. Балалар баса алатындай арнайы
пернетақта болады. Қашықтықтан оқыту сабағында компьютер алдындағы жұмыстың
негізгі қиындығы көп уақыт алатындығы. Компьютермен жұмыстан кейін арқа, қол
және көз бұлшықеттерін босаңсытуға арналған жаттығулар жасау қажет. Бұл
жағдайда видеоқатармен және видеоқатарсыз музыкалық параққа қолжетімділікті
қолданған дұрыс. Осындай жеңілдегеннен кейін, кез келген оқушы сабақта әрекетін
жалғастыра алады. Фонограммамен ән айту немесе «караоке» аудитивтік, дұрыс айту
және грамматикалық дағдыларды дамытуға, сөздік қорды толықтыруға, тілдік
дағдыларды жаттықтыруға, сондай-ақ оқытылып жатқан тілдің елі туралы мәдениет
элементтерімен танысуға ықпал етеді және сабаққа эмоционалды реңк береді.
1. «Сөмкеңде не бар екенін
айтып бер» жаттығуы
Жаңа сөздер түсінікті және тиімді әдістермен
енгізіледі. Сөйлеу және тілдік құзыреттерді дамыту жаңа сөздер мен суреттегі
заттарды сәйкестендіру, содан соң оқылған лексикалық бірліктер (сөздер, сөз
тіркестері, тілдік қалыптар) мен грамматикалық құбылыстарды тану және қолдануды
қарастырады. «I havegot a...» үлгісін қолдана отырып, мұғалім мектеп құралдарын
ағылшынша атайды, заттарды немесе суреттерін көрсетеді, ал оқушы қайталайды.
Содан соң балаға мұғалімнің атаған заттарын көрсету ұсынылады. Сөйлемдердің
үлгісін қолдану «ерекше» баланың ойлауын, зейінін, есте сақтауын, қабылдау мен
қиялын біртіндеп дамыту үшін өте маңызды:
− I
have got a bag.
− I
have got a textbook.
− I
have got a pen.
− I
have got a pencil.
2. «Маймылдыңмектепкесөмкесінжинауға
көмектес» жаттығуы Оған не алу керектігін айт:
− Chuckles,
take a pen, please!
− Chuckles,
take a pencil, please!
− Chuckles,
take a bag, please!
− Chuckles,
take a textbook, please!
Бұл жаттығуда бала «Мектеп» тақырыбы бойынша
лексикалық білімін бекіте отырып өз қалауын айтуға, нұсқау немесе кеңес беруге
үйренеді.
3. «Ағылшын алфавитінің әріптерін ата»жаттығуы
Ағылшын тілінің алфавит әріптерін
қайталаймыз. «ABC» кестесі қолданылады. Бұндай тапсырманы орындау барысында
оқушылардың тілдік, зияткерлік және шығармашылық қабілеттері дамиды.
Егер балаға берілген тапсырманы орындау қиын болса,
алфавиттің көрнекті карточкаларымен жұмыс істеуге болады. Мұғалім:
‒
«Take the letter «B», please! Show me the letter!»
Ерекше бала зейінін ұзақ уақыт бойы біртекті
жаттығуларды орындауға шоғырландыра алмаса, көңілін аудару үшін компьютерде
оқытатын бағдарламалар арқылы ойын жағдаяттары мен қызықты сюжеттерді қолдануға
болады.
Ағылшын алфавитімен және жаңа сөздермен танысу ойын
түрінде болады. Бұнда әрбір әріп пен сөзге көптеген көрнекті суреттер мен
қызықты анимациялар, үздік 3Д-графика, таныс кейіпкерлер мен қиял-ғажайып
атмосфера, иллюстрациялы ағылшын сөздігі, ең керек және пайдалы лексика,
дауыстық және анимациялық көмектер, көптеген шағын ойындар бар.
Сабақ соңында балаға түрлі-түсті қарындаштарды немесе
«Соlours» қарындаштардың суреттерін көрсете отырып түстерді еске түсіруді
ұсынуға болады.
Сабақтағы айтылымда тілдік іскерліктерді қалыптастыру
және дамытуға арналған осы жаттығулар коммуникативті болып табылады, яғни,
оларды орындауда коммуникативті мағына бар, әлеуметтік мәдени құзырет
қалыптасады. Демек, сонан соң шынайы әңгімелесуге шығу және шет тілдік
мәдениетте біртіндеп әлеуметтену жүреді. Ерекше балалармен жұмыс істеуде 3 «ж»
қағидасын қолданған жөн: жұмылу, жанашу және жәрдемдесу.