Файл: 1 Мемлекеттік емтихан билеті Мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері мен абілетері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 135

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3.Математика пәні бойынша сыныптан тыс сабақ түрі және өткізу әдістемесі. Жоспарын құру.

Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны

жағынан екі топқа бөлуге болады.

1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту.

2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен

жүргізілетін жұмыстар.

Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген

оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше

жүйелі түрде, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі

мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы

кемшіліктерді дер кезінде жою.

Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады.

Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.

1) оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту;

2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту

және тереңдете оқыту;

3) оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен

математикалық қабілетін дамыту;

4) оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу. Мұндағы

мақсат оқушылардың

дүниетанымын

кеңейту,

шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге баулау.
12 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы.Ынтымақтастық педагогикасы

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.

Инновациялық_мектептердің_мақсаты'>Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолдандыКомбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.Иннавациялық іс-әрекет
– қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.Инновациялық процестің кезеңдері:1) иновацияның себептері;2)  жаңалықты жобалау;3) жаңалықты жүзеге асыру . Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:1) мақсаттың бір екенін анық сезіну;2)ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;3) мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беру і.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.

2.Түйсік. Түйсік түрлері

Түйсік- біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым процесс. Түйсік себепсіз тумайды. Біз түйсік арқылы заттың формасын, түсін, көлемін білеміз. Қолымызбен қозғап, заттың салмағын білеміз. Түйсік таным процестеріне жатады, өйткені адам таным процесі арқылы дүниені таниды. Түйсіну арқылы адам өзінің дене мүшелерінің қимылын, аштығын не тоқтығын, ауырғанын тағы осы сияқты әсерлерді сезеді.

Түйсiктердiң түрлерi:

1) Есту түйсiктерi- адамның есту түйсiктерi сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты. Есту мүшесі-құлақ.

2) Көру түйсiгi- көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi емес, ал белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т.б. болады. Көру мүшесі-көз

3) Иiс сезу түйсiгi мұрынға ауамен бiрге кiретiн әр түрлi заттардың молекулаларының әсерiнен пайда болады. Адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады. Иіс сезу мүшесі- мұрын

4) Дәмді айырытын мүше тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәмді тәтті,ащы, тұзды,қышқыл деп 4 топка бөледі.

5) Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі — сипай сезу (осязание) туйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі — пассив сипап сезу. Бүған тері т үйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі — актив сипап сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан.


3.Бастауыш кластағы дүниетану курсының міндеті
Дүниетану пәнінің міндеті:

оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);

оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);

дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.

13 Мемілекеттік емтихан билеті.


1.Ақыл-ой тәрбиесі және оның мақсат міндеттері

Ақыл ой тәрбиесі дегеніміз - Оқушылардың ақыл - ой күшін, ойлауын дамыту ж/е ақыл - ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс - қызметі. Ақыл - ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу танымдық операцияларды менгеруге тікелей ықпал етеді.

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты — балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері: 1. Ойлау іс - әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау.

2. Ақыл - ой түрлерін дамыту.

3. Негізгі ойлау тәсілдерін менгеру.

4. Зиялық біліктерді қалыптастыру.

5. Дүниетанымды қалыптастыру.

2.Балада түйсіктің дамуы.

Төменгі класта оқитын кезеңде, көздің көргіштігі біршама сылбыр болғанымен ұлғая бастайды. Балалар мектепте негізгі түстерді ажырата алады. Ер балаларға қарағанда, қыз балалардың түс түйсігі басымдау болады. Бөбектік жастағылардан гөрі төменгі кластағы балалардың естуі едәуір жоғары. Айтылған сөзді ести білуі, әсіресе мектепте оқудың алғашқы жылында дами бастайды. Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елеңдемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарық түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады. Мұғалім балалардың түйсігін дамытуға қамқорлық жасауы тиіс. Балаларды өнерді сүюге баулып, өнердің бір саласында өз күшін жұмылдыруға үйрету қажет. Сезім мүшелеріне арнайы жаттығулар жасаған пайдалы.
3.Дене жаттығуларын үйрету

14 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибелері.

Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер :

1)Еренерлігі; 2)Жауапкершілігі; 3)еңбекқорлығы; 4)турашылдығы; 5)біліктілігі; 6)ұйымдастырушылық қабілеті;
Қазақстандық жаңашылдардың іс - тәжірибелерінде. Құмаш Нұрғалиевтің идеясы ол. Оқу - тәрбие процесін ізгелендірген. Архимед Ысқақов. Әр оқушының еркін дамуына жағдай

жасаған. Рафика Нуртазина. Әр балаға бақыт сыйлау. Сабақтағы оқушы м/н мұғалімнің рухани қатынасы. Тіл - барлық халық үшін ұлттық мәдениеттің ошағы жайлы айтқан. Григорий Кубраковтың идеясында. Еңбек тәрбиесінде бала назар аудару жайлы айтылған.

Қанипа Омарғалиқызы идеясында. Өнер сабағы--Өмір сабағы--Ой сабағы--Ойлану сабағы жайлы айтқан. Шалқыма Курманалина. Ғылыми менеджмент теориясы мен технологияларын енгізу. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға жүйелі өзгеріс енгізу.

АКТ - ы негізінде электронды әдістемелік жүйені енгізу жайлы айтқан.

2.Қабылдау. Қабылдаудың түрлері.

Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі. Адамның іс-әрекетімен тығыз байланысты активті процесс. Адам дүние бейнесін қабылдағанда заттардың сипаттары мен қасиеттерін жекелей бөліп алмай, түрі, түсі, иісі, дәмі, дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре отырып тұтас қабылдайды. Қабылдау- түйсіктердің жиынтығы болып табылады.

Түрлері: Кеңістікте қабылдау– заттардың формасын, көлемін, тереңдігін және алыстығын,

бағытын қабылдау.

Уақытша қабылдау– бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру.

Қозғалысты қабылдау- бұл объектінің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу.
3.Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын мәні мен мазмұны
15 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары.

Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер ұйымдары өздерінің іс-әрекеттерін "Атамекен", "Жұлдыз" бағдарламаларын басшылыққа алып жүргізеді. "Атамекен" бағдарламасында балаларға арналған тәлім-тәрбие жұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген. Олар:1) "Салт-дәстүр, әдет-ғұрып" қазақ және Қазақстандағы басқа халықтардың ұлттық салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен танысу. Этнографиялық жұмыс, фольклорлық материалды жөндеу.2) "Шежіре" - қазақ халқының және Қазақстанда мекендеген халықтардың тарихын, мәдениетін, дәстүрін зерттеу, тарихи мәліметтерді жинау, архитектуралық ескерткіштерді есепке алу.3) "Сөнбес жұлдыздар" - қазақтың және басқа ұлттардың ұлы ағартушыларының, батырлардың, ақындардық, ғалымдардың, саяси қайраткерлердің өмірін, қызметін және туған өлкенің тарихын зерттеу.4) "Толғау" - балалар қазақ халқының ұлттық төл мұралары, фольклорлық-этнографиялық