Файл: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 650

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сүйіспеншілік – жалпыадамзаттық құндылық. Сүйіспеншілік түрлері. Таза, риясыз сүйіспеншілік.

Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығы- бұл барлық жүректерді, барлық тіршілікті, барлық кезеңдерді, барлық ұлттарды, барлық діндерді, күллі табиғат пен бүкіл ғаламды біріктіруші құндылық .Сүйіспеншілік - осы бір ғана сөз бүкіл әлемді өзіңе жақындата түскендей болады. Жер бетіндегі қаншама тіршілік иесінің бойындағы осы құндылық ең нәзік те, мөлдір, тұп тұнық өзінше бір үлкен мәнге ие. Әттең осы құндылықты әрбір адам бағалап өз жүректерінде гүл ашуына ықпал етсе ғой шіркін, жер беті дәл қазіргі қалпынан басқаша болар ма еді.... Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сондықтан адамзат, қоғам, дәуір, заман алмасуын қанша рет бастан өткізгені белігісіз. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады.  Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүпіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы адам баласының, бір – біріне  мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.

Сүйіспеншілік – елдің ыстық ықыласына бөленудің ең төте жолы. Өйткені, сүйіспеншілік – пайғамбарлардың қастерлі жолы. Бұл жолдың жолаушылары жолдан жазып, тығырыққа тірелуі мүмкін емес. Тұйыққа тірелген күннің өзінде жабылған бір есіктің орнына басқа жерден мың есік ашылады. Иә, сүйіспеншілікпен барша адамзатты бауырға басып, жүректерге жол таба білсек, дүниеде шешімін таппаған мәселе қалмас еді.

Сүйіспеншіліктің негізгі түрлері

Сүйіспеншіліктің негізі үш түрі бар

1.Риясыз сүйіспеншілік

2.Өзара сүйіспеншілік

3.Өзімдік сүйіспеншілік

Риясыз сүйіспеншілік танытудың ең басты ерекшелік адамдардың бәріне бірдей нұр шуағын шашушы ,ештеңе қажетсінбестен қайтарамын. Риясыз сүйіспеншілік-Ақиқат(ойдағы сөзді)


Әрекет арқылы сүйіспеншілік –Дұрыс әрекет(іс-әрекеті)

Сезім арқылы сүйіспеншілік - Ішкі тыныштық (сезімдегі)

Түсіну арқылы сүйіспеншілік(түсінудегі)

Сүйіспеншілік –тіршіліктің тірегі.Риясыз сүйіспеншілік –тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі.Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп,көре бастайды.Мейірімін төккен ата-ананың ыстық құшағына олардың аялы алақанын сезіне жүріп,өмірге төселеді.Есейе келе толағай сүйіспеншілікті көру-көрмеуі екіталай.Әйтседе адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп,дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Жарық дүниеде барша кедергі кесапатты жеңетін күш те осы риясыз сүйіспеншілік.Осы мақсатта «мың өліп,мың тіріледі».Өлсе де ,тірілсе де,жүрекжарды ұраны,басты қаруы осы риясыз сүйіспеншілік сүзі

Өзімшіл сүйіспеншілік,менмендік эгоист басымдылығы.Тек қана менде ғана болсын деп айтатын.Риясыз сүйіспеншіліксіз сүйіспеншілік. Өзара сүйіспеншілік екі адамның арасындағы сезім .Мысалы:ата-ана,ұстаз бен шәкірт.Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілігі жоқ жандар өктем өзімшілдіктің,менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан,ешкімді шынайы сүйе алмайды.

Сүйіспеншілік энергиясы дүниені өзгертуге бейім ,өмір беруші және демеуші қуатты энергия.Сүйіспеншілік энергиясына қалай берілу керек?Сүйіспеншіліктің көзі не?

Сөзбен,оймен,жанасумен,көзқараспен үлімсүреумен,іспен,эгойзм,ашуыза,көреалмаушылық,шыдамсыздық,сараң-

дық,қалаулылар.Барлық заттар үлкен бір ойды білдіреді.Ал бұл қандай ой?Бұл ой сүйіспеншілік А.Энштейн .Сүйіспеншілік- дүниені өзгертуге

бейім,өмір беруші және демеуші қуатты энергия.Байқағанымыздай сүйіспеншілік өте қуатты энергия секілді.Біз өзгелерге деген сүйіспеншілік сезімімізді білдіре отырып одан күш қуат аламыз,сезінеміз.Ал адамда сүйіспеншіліктің жетіспеуі ,ол қуаттың аздығынан сипатталады.Демек өзгелерге сүйіспеншілік танытуымыз үшін де,қуатымыз күшті болуы керек екендігін байқадық. Сонымен қатар қазіргі жаңа бағыттағы өзін-өзі тануда сүйіспеншіліктің мына секілді берік ұғымдары қалыптасқан.Яғни оқушылардан талап етуден бұрын оларға өзіміз қол ұшын беруіміз қажет;дамыту арқылы бойларындағы ерекшеліктерін ашуға талпына білуіміз қажет;өзгелерден сұрамас бұрын ең алдымен өзіміз беруіміз қажет және де ең соңғысы нәтиже күтпес бұрын сол үрдіс барысында нәтижеге қол жеткізе алатын жағын көре алуымыз қажет.Демек адам өзгелерден сұраудың орнына ең алдымен өзі соны өзгелерге бере алуы қажет.Сонда ғана өзге адамдарда шын ниетпен,сүйіспеншілік таныта отырып көмек қолын созуға тырысады.Тағы да бір айта кететін жағдай,қоғамымыздағы өтіріктің,алдап-арбаудың ,жасампаздықтың ,зорлық-зомбылықтың көбейіп кең етек жайып келе жатқандығында. Ал бұндай жағдайдың бірден-бір себебі адамдардың бір-бірлеріне ,сүйіспеншілікпен ,махаббатпен қарамауында.Себебі біздің өзгелерге қандай әрекет жасауымыз,басқаларды да бізге сондай әрекетпен қарауға итермелейді.Егерде біз өзгелерге риясыз,қайтарым күтпестен ,тек жақсылық тілеу арқылы әрбір әрекетімізді сүйіспеншілікпен жасайтын болсақ өзгелердің де бізге сондай сүйіспеншілік таныта алатындары сөзсіз.



  1. Қиянат жасамау – жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесінің нәтижесі.

Қиянат жасамауға тән ерекшеліктер. Жеке тұлғаның даму ерекшеліктері.

Қиянат жасамау, яғни, басқаларға зиян келтірмей өмір сүру – бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық, өзгелердің мәдениеті мен түрлі діни дәстүрлеріне деген құрмет.

Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде барлық төрт құндылықтың жиынтығынан тұрады. Қиянат жасамау Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және Жан тыныштығы құндылықтары бар жерде ғана болады.

Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктері:

  • Барлық болмыстың бірлігін жете түсіну;

  • Қиянат жасамау барлық затқа сүйіспеншілік ретінде көрініс береді;

  • Қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттерді қамтиды;

  • Табиғатқа қатысты – бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау, табиғат

заңдарын құрметтеу;

  • Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді. Ол басқа

адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін  әрекет жасау.

Өзіңе қатысты қиянат жасамау – бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау дегенді білдіреді, яғни:

– өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат;

– жаман сөз есту – құлаққа қиянат;

– барлығынан жамандық көру – көзге қиянат;

– жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат;

– жағымсыз ойлар – бүкіл әлемге қиянат.

Қиянат жасаудың себептері (мысалдар арқылы):

– сүйіспеншіліктің жетіспеуі;

– рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі;

– өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат;

– әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат.

Қиянат жасамаудың практикасы;

-Ешкімге зиян келтірмеуге тырысу

-Барлық нәрсенің өмір сүру сезімі мен құқығын иеленетінін түсіну;

-Бірлік сезімі мен баршаға бауырмалдылықты дамыту

-Қоршаған ортаға қамқорлық жасау;

-Барлық энергия түрлерін бекер шашпау,тамақты, ақшаны электрді және т.б.

-Тілектеріне шек қою

-Нағыз бардың өзара байланысын түсіну

-кешіре білуге үйрену;

Жеке тұлға қоғамдық қатынастарға араласып қана қоймайды, оған қажетті материалдық және рухани құндылықтарды жасап шығарады, соның арқасында қоғамның дамуын алға жетелеуші факторға айналады. Оның басты қасиеті – жасампаздығында. Осыған байланысты экзистенциалды және гуманистік философияның айтуынша, жеке тұлғаға тән басты белгі – шығармашылық әлеуеті. Ол өзгелерге, қоғамға қажетті дүниелерді ойлап шығару арқылы өзінің маңыздылығын түсінеді, өзін жетілдіреді, өзін іске асырады.


Жеке тұлға сонымен қатар, қайталанбайтын даралыққа, ерекше қасиет-сапаларға ие. Оның осы қасиеті мәдениеттің дамуында қайталанбайтын дүниелерді өмірге әкелді. Шығармашылықтың көзі оның даралығында, сол себепті оны қалыптастыруда да осы қасиеттеріне айрықша көңіл бөлу керек. 

ПСИХОЛОГИЯ


  1. Психология ғылымы туралы түсінік, басқа ғылымдармен байланысы.

Психология дегеніміз адамның  жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен  қатар психологияға жануарлармен, адамдарды  салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді. Оның негізгі мсазмұны адамның психикалық процесінің қасиетінің, психикалық қалпының қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.және адамның психологиялық ерекшеліктерін, іс-әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді. Психология және оның ерте заманна келе жатқан ғылым. Дүниеге тұңғыш келген жері-* ертедегі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады. «псухе»- жан, «логос»- ілім деген сөз. Жан туралы ілім деген мағына береді. Бірақ біз психологияны жан туралы ілім демейміз, психика туралы ғылым дейміз. Өйткені психология адамның психологиялық процестерін, оның іс-әерекетінің даму заңдылықтары, іс-әрекеттің адамның психикасына тигізетін әсерін зертейді. Бұл ғылым белгілі бір принциптерге негізделе отырып бірнеше салаға тарамдалады. Сол принциптердің біреуі адамның іс-әрекеті. Екіншісі сол әрекеттің даму заңдылықтары, үшіншісі адамның өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы.

Психологияының басқа  ғылымдармен байланысы.

Психология өзге ғылым пәндері  сияқты бірнеше пәндермен байланысты түрде дамиды. Сондай байланыстың  бір түрі анатомия мен физиология. Бұл пән жас дамуының физиология деп аталатын жас даму физиологиясы баланың ана құрсағынан өмірінің соңғы кезеңіне дейін жас даму ерекшеліктеріне сәйкес болып отыратын өзгерістерді, нерв жүйесінің даму ерекшеліктерін зерттейді. Баланың даму кезеңдеріне сәйкес оның бойында жаңаша психикалық сапалар пайда болып ондай сапалар баланың мінез-құлқын, дүние танымын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын күрделендіре түседі. Мұндай өзгерістер баланың 1 жасқа толған кезінде, 3 жасында, 7 жасында, 10-11 жасында және 13-14 жасқа толғанда айқын байқалады. Баланың бойында жаңа пайда болған психикалық сапалар оның мінез-құлқын, әр түрлі іс-әрекеттерін өзгертуге әсер етеіп, олардың елеулі өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді. Мұндай өзгерістерді психологияда дағдарыс кезеңдері деп аталады. Мысалы, 3 жасар бала ересек адамдардың астқанын істемей қиқарлық көрсетеді. Ұнамсыз көріністері дағдарыс болып келеді. Дағдарыс – тоқырау немесе елеусіз өзгерістерге ұшырауы. Баланың бойында пайда болатын ондағы өзгерістердің, ақыл-есінің дамуының көрінісі. Егер ата-ана баланың дамуына көзқарасы дұрыс болмаса, оның келешегіне үлкен әсер етеді. Педагогика – балалардың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруда оқу тәрбие арқылы тәрбиелеу. Онымен тығыз байланысты бола тұра дидактикалық принциптеріне байланысты.


Жеке пәндерді оқыту методикасы. Тәрбиешеінің басты мақсаты белгілі бір жүйемен, әдіс-тәсілмен жүзеге асады. Француз  психологы Жере Бруно, Жан пиаже өз еңбектерінде баланы еш тәрбиесіз және оқусыз өсіп жетіледі.

балалар психологиясы басқа азаматтық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Жалпы психологияның негізіг принциптерін негізге ала отырып басқа ғылымдармен байланысты. Балалар психологиясы жас даму психологиясының бір тармағы ретінде адамның тарихы даму процесін толық қамтитын және мінез-құлық ерекшеліктерін, заңдарын зерттейді.


  1. Психология ғылымының зерттеу әдістері. Психология ғылымының салалары мен тармақтары. Педагогикалық психология, жас ерекшеліктері психологиясы, арнаулы психология т.б.

Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.[1]Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді.