Файл: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 649
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өзіне қабылау мен эксприменттің және олардың өзгеріліп пайдаланған барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылы зерттеу әдістерін кең қолданылады. Нақты психологиялық әдістердіңмолдығы мен сан алуандығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясыныңкұрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамассыз етеді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымның ертеден келе жатқан және тұрақты дәстүрлі бар неғұрлым дамыған саласы. Педагогикалық және жас ерекшелігі проблемаларын
ғылымында күрделі еңбектерімен байытқан белгілі психолог - ғылымдар: Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, П.Я.Гальперин, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Костюк, н.ф.Тальцина, т.б. нәтижелі зерттеп келеді. Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясы б/ы. Ол 50 жылдарда П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты. Ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білім алу оқушылардың іс - әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзге асырылады
Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы.
Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.
Арнайы психология объектісі туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.
Арнайы психологияның негізгі міндеттері:
1. Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамып келе жатқан баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу.
2. Даму кемістігі бар баланың әртүрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру.
3. Кеміс баланың даму механизмін анықтау. Бала дамуындағы механизмнің бұзылу тегін, уақытын, тереңділігін анықтау.
4. Дамудағы кемістіктерге байланысты өзіндік ерекшеліктерді анықтау.
Кемістік және оның орнын толтыру (компенсация).
Психология өзге ғылым пәндері сияқты бірнеше пәндермен байланысты түрде дамиды. Сондай байланыстың бір түріанатомия мен физиология. Бұл пән жас дамуының физиология деп аталатын жас даму физиологиясы баланың ана құрсағынан өмірінің соңғы кезеңіне дейін жас даму ерекшеліктеріне сәйкес болып отыратын өзгерістерді, нерв жүйесінің даму ерекшеліктерін зерттейді. Баланың даму кезеңдеріне сәйкес оның бойында жаңаша психикалық сапалар пайда болып ондай сапалар баланың мінез-құлқын, дүние танымын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын күрделендіре түседі. Мұндай өзгерістер баланың 1 жасқа толған кезінде, 3 жасында, 7 жасында, 10-11 жасында және 13-14 жасқа толғанда айқын байқалады. Баланың бойында жаңа пайда болған психикалық сапалар оның мінез-құлқын, әр түрлі іс-әрекеттерін өзгертуге әсер етеіп, олардың елеулі өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді. Мұндай өзгерістерді психологияда дағдарыс кезеңдері деп аталады. Мысалы, 3 жасар бала ересек адамдардың астқанын істемей қиқарлық көрсетеді. Ұнамсыз көріністері дағдарыс болып келеді. Дағдарыс – тоқырау немесе елеусіз өзгерістерге ұшырауы. Баланың бойында пайда болатын ондағы өзгерістердің, ақыл-есінің дамуының көрінісі. Егер ата-ана баланың дамуына көзқарасы дұрыс болмаса, оның келешегіне үлкен әсер етеді.
Педагогика – балалардың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруда оқу тәрбие арқылы тәрбиелеу. Онымен тығыз байланысты бола тұра дидактикалық принциптеріне байланысты.Жеке пәндерді оқыту методикасы. Тәрбиешеінің басты мақсаты белгілі бір жүйемен, әдіс-тәсілмен жүзеге асады. Француз психологы Жере Бруно, Жан пиаже өз еңбектерінде баланы еш тәрбиесіз және оқусыз өсіп жетіледі.балалар психологиясы басқа азаматтық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Жалпы психологияның негізіг принциптерін негізге ала отырып басқа ғылымдармен байланысты. Балалар психологиясы жас даму психологиясының бір тармағы ретінде адамның тарихы даму процесін толық қамтитын және мінез-құлық ерекшеліктерін, заңдарын зерттейді.
- 1 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 20
Психикалық құбылыстарды классификациялау. Психикалық процестер, психикалық қалып, психикалық қасиеттер.
– психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстарды үлкен үш түрге жікеуге болады: 1. Психикалық процестер; 2. Психикалық қасиеттер; 3. Психикалық қалып (сана). Осы психикалық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып, адамның өмірінде, оның іс-әрекетінде диалектикалық бірлікте жүріп жатады. Психология-ерте заманнан бері дамып келе жатқан пән. Психология мәселелерін жүйелі түрде шешіп, грек елінің атақты философы Аристотель бірінші рет “Жан туралы” ғылыми еңбегінде жазған (б.э.д. 384-322ж). Психология грек сөзі: (псюхэ-жан, логос-ілім). Дәлме-дәл мағынасы жан тралы ілім деген мағынаны білдіреді. Ғылым мұндай жалған елестердің қате екендігін дәлелдеді. Психикалық құбылыстардың материялық процестерден туатынын, оның барлық салалары да нерв системасына байланысты екенін ғылым іспен көрсетті.
Психикалық процесстер Егер адам өзінің не істеп жатқанына зейінін аудармаса, бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біз бір затқа қарасақ, оны байқамауымыз немесе нашар көруіміз мүмкін. Өз ойына терең шомған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөзін естісе де, мән мағынасын түсінбейді, әрі бір жерінің ауырып отырғанын да сезінбеуі мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңіл аударса, оның егжей-тегжейіне дейін бәрін білед және ісі жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз.
Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес; 2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет. 3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттерЗейін – сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектінің таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.
Ойлау заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс.
Ойлау таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлдеп айтқанда, ойлау адам баласына ғана тән меншікті психикалық процессСыртта ауа райының қандай екенін білу үшін мен үйден шығып, тікелей бетімнің, қолымның терісі арқылы, бүкіл денеммен бүгін салқын немесе жылы екенін сезе аламын. Бұл айналадағы шындықты түйсікпен қабылдаулар арқылы тікелей танудың жолы. Бірақ бізге ауа райы туралы мәселені далаға шықпай-ақ шешуге болады. Терезенің сырт жағында ілінген термометрге қарап-ақ, біз сыртта едәуір салқын не жылы екенін дұрыс шешеміз. Білудің мұндай жолын жанама түрде
тану деп атайды, өйткені мұнда білім тікелей алынбайды, жанама түрде бірқатар құбылыстарды байқау арқылы ағаш бұтақтарының желден қозғалуы және бұл құбылыстар мен ауа райының арасындағы байланысты түсіну арқылы алынады.
Адамға тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың сезгіш анализаторларында тұтастай бейнелену қасиетін қабылдау дейді. Мысалы, ертемен тұрып, тоғайға барып серуендеп жүрсең, тамылжыған табиғаттың әсемдігінен есте қаларлық ләззат аласың. Осыдан алған әсерлер – қабылдаудың нәтижесі. Бұл процеске көру, есту, иіскеу, температуралық анализаторлар түгел қатысады.Адам дүние бейнесін қабылдағанда заттардың қасиеттері мен сипаттарын бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмі, дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре отырып тұтас қабылдайды.Осыдан шығатын қорытынды: қабылдау – түйсіктердің жиынтығы. Бірақ мұндай бірлестік олардың арасындағы өзіндік қасиет, айырмашылықты жоя алмайды. Психикалық қалып-тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және жағдайларына, сол әрекетке болған тұлғалық қатынастарына орайласқан уақытша көрініс беретін ерекшелігі.Психикалық қалыптар ситуативті және тұлғалық болып бөлінеді.Ситуативті қалып- оқиға туындаған жағдайларға тәуелді болған психикалық іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар тұлғаның жалпы әрекет-қылықтық белсенділігін анықтаушы жалпы қызметтік және іс-әрекетпен мінез-құлықтың күрделі жағдайларындағы психикалық күйзелісті, сонымен қатар дау-дамайлы, жанжалды психикалық қалыптарға бөлінеді.Тұлғаның тұрақты психикалық қалыптары келесідей: ұтымды және күйзелісті қалыптар, аралық қалыптар (психопатия, невроздар, ақыл-ес кемістігі); бұзылысқа түскен сананың психикалық қалпы.Жалпыланған негізгі психикалық қалып-бұл ой, сана сергектігі.Сергектік қалып- бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалыпы адамның саналы іс-әрекетке қабілеттілігі.Психикалық қасиеттер– бұл адамдардың бір- бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.
-
Адам санасының дамуы. Сана дамуындағы қоғамдық-тарихи заңдылықтар.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр
Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.
-
Іс-әрекет психологиясы, іс-әрекеттің негізгі түрлері. Ойын, оқу, еңбек әрекеті.
Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі категорияларымен өзара тығыз байланысты және олармен өзара әрекеттестікте болады. А.Н.Леонтьевтің көзқарастары бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің біртұтас жүйесінен тыс болуы мүмкін емес. Өзінің бірқатар зерттеулерінде ол психикалық бейнеленудің сезімдік-тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда болатынын, бейне (психикалық бейпелену) қашан да іс-әрекет жүйесінде маңызды орын алатынын және оның шығу тегі мен қызмет етуін іс-әрекеттен тыс түсінуге болмайтынын көрсетті.
Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі оте зор. Ол дамудың негізі. Іс-әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері іс-әрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады.
Ойын- өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер ғана жасалады. Ойын әрекеттері түрткідегі, мотивтегі әрекет мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты ойын, қажеттіліктердің кездесуі, оның әрекетінің мотивін білдіретін сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет болып табылады.