Файл: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 638

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс, дәлірек айтсақ, айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған сенсорлы, интеллектуалды немесе қозғалысты белсенділігін бағыттап тұрақтата алу.

  • Зейін – сезім мүшелері арқылы пайда болған қандайда бір ақпаратты саналы немесе бейсаналы түрде іріктеп алып қалғандарын елемеуде көрінетін психикалық процесс.

  • Қандай да бір затқа зейін сала қарауымыздың нәтижесінде санамыз сол затқа не құбылысқа аударылады, ал басқа ақпараттар әлсіз қабылданады.

  • Зейін біздің іс –әрекетімізді бақылап және қадағалап отырады.

Зейіннің түрлері – адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекетке (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине,бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.

  • Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

  • а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).

  • ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

  • Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер алып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады;


  1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейініңді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

  2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

  3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.



  1. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, көлемі, шоғырлануы, бөлінуі т.б.Балада зейіннің дамуы. Зейінділік. Оқушылар зейінін тәрбиелеу.

Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы шоғырлануы жатады.

Зейіннің ауыспалылығы- бұл зейіннің бір нысанадан екіші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мысалы, кітап оқудан шәкірт өз зейінін суреттер көруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Зейіннің ауысуының жүйкелік-физиологиялық негізі бас ми қыртысының негізінен екінші сигнал жүйесінің шақыруы мен қозудың оптимикалық орталығының ауысуы болып табылады. Бір ғана нысанаға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануыдейді. Мысалы біздің зейініміздің шоғырлануына инені жіппен сабақтау, қолмен тігін тігу, математикалық есептерді шығару, студенттің лекцияны тыңдауы мысал бола алады.

Зейіннің орналасуыдегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға бағытталуын айтады. Мысалы, трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінің дүрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жолаушылардың, автомобильдердің және басқа трамвайлардың қозғалысы сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы керек.

Шоғырлану мен орналасу кез-келген зейіннің қасиеті болып табылады.

Зейіннің көлеміөте шектеулі уақыттың ішінде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Колеміне қарай зейін тар немесе кең болуы мүмкін. Зерттеуші неғүрлым көп нысанды қамтыса, солғүрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысандарды экран арқылы тез арада көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін.

Баланың кез келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.



Зейін деп адам санасының қоршаған ортадағы белгілі бір заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.

Бала зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды. Оның дамуы сезімдерінің қажеттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты.

Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Баланың көп автоматталған зейіні іс-әрекет кезінді бөлінеді. Бала жұмысты егер таңқалдыратын жағдай пайда болса аяғына дейін орындау керектігін түсініп, қызығып орындайды. 4-7 жаста бала шулы ойынға қызығады, тіпті сабаққа дейін жалғастырады. Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы оның жаңа іс-әрекетінің түрлерін өзгертеді. 4-5 жастағы бала өзін үлкендердің әсерімен басқарады. Тәрбиеші мектеп жасына дйінгі балаға үнемі: «ықыласты бол», «назар аударып тыңда», « назар аудаып көр» деп айтады. Бала үлкендердің қойған талабын орындау үшін өзінің зейінін басқару қажет. Басқарылған қасиет басқарылған зейіннің дамуыме тығыз байланысты.

В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.

Зейінділік бұл қазіргі уақытта орын алған тәжірибеге өз назарын мақсатсыз аудару тәжірибесі, дағды қалыптасады медитация немесе басқа оқыту.


  1. Түйсік туралы түсінік, Түйсік түрлерін топтастыру.

Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне.


Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады. Ол біздің өзіміздің организмімізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді.

Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды дабілеміз. Түйсік күрделі психикалық процестерге – қабылдауға, ойлауға, қиялға материал береді. Егер адам барлық түйсінуден мұқтаждық көрсе, онда ол қоршаған әлемді танып біле алмайды.

Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын белгілейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атайды.

Түйсіктер заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін ғана миымызда бейнелейді.

И.В.Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.

Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т.б.) үш бөліктен тұрады.

1) Қабылдағыш прибор (лат. сөз. - рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдыратын жер.

2)Қозуды рецептордан миға жеткізетін жалғастырушы нерв жолдары (талшықтары).

3)Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы үлкен тиісті клеткалар.(мидағы түрлі нерв орталықтары).

Барлық анализатор бөлімдер біртұтас қызмет атқарады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлімінің біріне зақым келсе (мыс, көзге зақым келсе) сол түйсіну бұзылады. Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады. Бұл түйсіктердің ең үлкен тобы дененің сыртқы жағында болатын сезім органдарының қозуынан болатын түйсіктер – экстерорецепторлар. (көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады).

2.Ішкі сезім органдарынан (ішек, қарын, қан тамырлары) пайда болатын түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Мыс., ашығу, шөлдеу, органикалық түйсіктер.

3. Қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс түйсіктері кинестезиялық түйсіктер тобына жатады. Бұл қозғалыс түйсіктерінің рецепторлары – проприорецепторлар. Мыс., бұлшық ет, сіңірлер жатады.
2. Түйсік қасиеттері.

1. Адаптация – сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс.


2. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А.Р.Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланыстытосыннан болған әсерлерден туындайды.

3. Синестезия – грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. 

Түйсік түрлері:

Көру түйсіктері – сәулеленуші заттардың жарық толқынынң нәтижесінде пайда болатын жарық толқындары көздің қарашығы арқылы көру рецепторлары болып көз торына әсер етеді. Адам түйсінетін түстер ахроматикалық (ақ, қара, сұр) және хроматикалық ( қызыл, көк, көгілдір, күлгін, жасыл, сары т.б.) болады

Есту түйсіктерін туғызатын тітіркендіргіш дыбыс толқындары, дыбыс беруші денедегі ауа тербелісі. Бұл дене тербеліс рецепторы құлақтың келте органы болып есту анализаторынаәсер етеді. Онда есту нервтерінің сезімтал ұштары болады. Құлақтың шамамен 24000 мембрана болады. Құлаққа жеткен дыбыс түйсік мембранасының бір талшығын қоздырады. Мембранаға әсер етеді де, миға беріледі, нәтижесінде есту түйсігі пайда болады.

Дыбыстарды екіге бөлуге болады: музыкалық және шулы.

Иіс түйсіктері жағымды иістерге рахаттануға және денсаулыққа зиянды заттардан сақтануға мүмкіндік береді. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады.

Дәм түйсіктері . Бұлардың тітіркендіргіштері біздің ауызымызға түсіп, тілдің, жұтқыншақтың, таңдайдың, көмейдің нерв ұштарына әсер ететін заттардың ұсақ бөлшектері. Дәм түйсіктерінің төрт түрі бар: тәтті, ащы, тұщы, қышқыл. Тәтті дәм тілдің ұшында, ащысы – тілдің түбі, қышқылы – тілдің екі жақ шеті. Тұзды тілдің екі жақ шеті мен ұшы жақсы сезеді.

Сипап сезу. Бұлар комплексті түйсік, өйткені онда жанасу және қозғалыс түйсігі ұштасып жатады. Бұлар қозғалып отыратын қолдың немесе денелердің басқа заттарға тиіп кетуінен туады.

Қазіргі ғылымның дамуы адамдардағы түйсік түрлері туралы білімін біршама кеңейтті.

Қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер . Қозғалыс анализаторының қызметі арқылы адам өз қозғалысын бақылап реттей алады. Қозғалыс түйсігінсіз біз қалыпты түрде қозғалысттарды жасамаған болар едік.