Файл: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 640
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Қиялдың жасалу жолдары: аглютинация, гипербола, типтік образ жасау. Баланың қиялын дамыту, тәрбиелеу. Шығармашылық қиялын қалыптастыру.
Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез əдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тəсілдері жиі кодданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы əдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия - танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады. Агглютинация əдісі ежелгі Мысыр елінде
Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған. Қиял бейнелерін жасауға қатысатын əдістердің бірі – гипербола.
Гипербола деп нəрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мəнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп колданылады.
Бұлардан басқа қиял бейнелерін жасайтын әдіс - гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіп көрсетілуін айтады.
Ертегілерді қиял-ғажайып бейнелеуді жасауда осы әдіс көп қолданылады.
Мысалы: "7 басты (жылан) айдаһар". Кеміте көрсету "бармақтай бала".
Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасау дегеніміз - түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ жасап, жинастыру.
Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады.
-
Эмоция мен сезім туралы жалпы түсінік, атқаратын қызметі. Жоғары сезімдер, күрделі эмоциялар.
Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамныңөмірі қогамға байланысты, оныңәрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімніңөзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердіңүшінші бір ерекшелігі – жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердіңқарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырада. Осы кезеңөткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар – белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену,
үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамныц органикалыққажеттерініңөтселу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кірсді.
Жоғары сезімдер, күрделі эмоциялар.
Жоғары сезімдер
Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін эстетикалык. Талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар.
Адамгершілік сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық,әр намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б
Интеллектік сезімдер:тану процестерімен,ақыл-ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық,күдіктену, сенімділік, жаңашылдық,болжау.
Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.
Адамгершілік немесе моральдық сезімдердің мазмұны , құрылымы да күрделі келеді.
Күрделі эмоциялар. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады.
-
Темперамент туралы түсінік, физиологиялық негізі. Жүйке жүйесінің типтері. Темперамент типтері. Оқушы темпераментімен санасу.
Жүйке жүйесі типтерінің, үш түрлі процеске байланысты екендігі жоғарыда айтылып өтті. Енді осы типтердің әрқайсысына қысқаша сипаттама берейік.
Жүйке жүйесінің күші дегеніміз – оның клеткаларындағы физиологиялық заттардың қоры. Клеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестері де күшті, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестері теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең, ал шамалас болмай, екеуі екі дәрежеде болса, онда бірінен-бірі алшақ, тең емес болады. Ми қабығыныі бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу, керісінше, тежелуді қозу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай,керенаулап қалса, онда жүйке жүйесі енжар болады. Демек, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесі тең емес, бірінен-бірі алшақ қозғалғыш болса, оны шыдамсыз тип, ал күшті, теңдес болса, оны сергек тип дейміз. Күшті, тендес, енжар болса – тыныш тип, егер жүйкесі шыдамсыз, күшсіз болса, әлсіз тип делінеді.
И.П. Павловтың жануарлардың жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықтаған жайттары адамның да жүйке жүйесінің типтеріне негіз бола алады. Енді осы негіздерге сүйене отырып, «Темперамент деген не?» деген сұрауға жауап берейік.Темперамент – адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктердін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса – флегматик, әлсіз болса – меланхолик болады.
Темпераменттің типтерінің сипаттамасы
Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығы мен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатынаста – күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойыны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді: «Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды…».
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімделушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жақтырмайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл-оның көңіл күйінің қолайсыз түріне тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдылықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.
Флегматик темпераменті. И.П.Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақыттада байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті оның ырықсыз қимыл қозғалыстары болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара алады (шыдамды, зейінді, орнықты ). Мінез – құлықтың қалыпты басқаларды да өнімді жұмыс істеуге көндіре алады. Ұқыпсыздық, міндеттеріне қалай болса солай қарау – осының бәрі тәртіптілік пен жинақтылықтың жоқтығының көріністері, бұлар берік күші жеткіліксіздігін білдіреді. Тәртібі жоқ адам басқалардың жұмысына да ойдағыдай басшылық ете алмайды.
Жинақтылық, дәлдік, ұқыптылық барлығынан көрінеді, бұлар тіпті ұсақ түйектерден де күнделікті мінез құлықтан байқалып отырады.
Меланхолик темпераменті – бұл типтің өкілдері аса сезімтал, соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі басым болады), кез-келген күшті әсер – меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштерде мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсақ түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді.
Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатынасқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп табандылық көрсетеді.
Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.