Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 706

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Айтылым


Балл

Негізгі ойды ашуы

(5 балл)

Сөз қолданысы

(5 балл)



9-10



Өте жақсы

Тақырыпты пен сұрақты өте жақсы түсінеді. Берілген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.


Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол.. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Кей қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



7-8

Жақсы

Тақырыпты пен сұрақты жақсы түсінеді. Берілген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын жақсы жеткізеді.

Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.



5-6

Қанағаттанарлық

Тақырыпты пен сұрақты жақсы түсінеді. берілген сұрақтарға жауабын

ойланып береді, ойын орташа жеткізеді.

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы бар.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Жиі қателер жібереді.


3-4

Төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ауытқулар кездеседі.

Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады.Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателер жібереді.

1-2


Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде

қолдауды қажет етеді. Ойын айтқанда қателіктер жиі кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.



1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым – 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны 30 минут
Тапсырма түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компонеттен тұрады. Бірінші компонет – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент – айтылым дағдыларын тексеруге арналған


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Тап

сырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмаларға сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Орындау уақыты, минут

Балл

1-2

6.1.1.1 – тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау;

6.1.3.1– тұрмыстық әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну;

6.2.2.1– тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудық ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формала- рын білу.


Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Оқушылар мәтінді екі рет оқиды. Мәтіннің соңындағы сұрақтар арқылы көтерілген мәселені болжайды.

Екінші тапсырмада мәтіннен берілген сөздердің баламасын табады. Оқушының мәтінді қаншалықты түсінгені бағаланады. Екінші тапсырманы да оқушылар өз бетімен орындайды. Екі мәтін салыстырады. Тірек сөздердің мағынасын, негізгі мәтіннің мазмұнын түсінуі бағаланады.

Көп жауапты қажет ететін сұрақтар

5

5

3-5

6.2.3.1 – ауызша мәтіндер құрауда хабарлы сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктерін ескеріп айту.

Мәтіндерді оқып ақпараттардың «шын» «жалған» екенін табады. Қала өмірі мен ауыл өмірі туралы негізгі және ортақ ақпарат беруі бағаланады.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5

5

6-8

6.3.5.1. – қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды салыстыру.


Сын есімдерді мәтіннен таба алады, түрлерін ажырата біледі. Тақырып бойынша үйренген сөздерін орынды қолданылуы бағаланады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

10

9

6.3.4.1. – мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру;

6.3.1.1. – мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен салыстыру;

6.3.6.1. – тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру;

6.5.1.2. – лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмысттарда қолдану.

Диалог құру барысындағы ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті, ойларын жеткізуі бағаланады.



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

20




40 минут

30б



Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

ІІ нұсқа

Тыңдалым

«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатқан қарапайым отбасыларының біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, «Әке – асқар тау, Ана – етегіндегі бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ» - деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тигізетініне еш күмәнім жоқ. (66 сөз) http://www.zharar.com/kz/shygarma/1071-family.html
1.Сұрақтарға жауап беру арқылы, мәтінде қандай мәселе көтерілгенін болжап айтыңыз

Мәтіннің тақырыбын ата?

_________________________________________________________

Мәтінде көтерілген басты мәселені ата?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]

Тірек сөздердің мағынасын жазып, мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз

Тірек сөздер

Мағынасы

Асқар тау




Етегіндегі бұлақ




Жағасындағы құрақ





2.Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________[4]

Оқылым

3. Берілген мәтіндерді салыстырыңыз. Мәтіндегі көтерілген тақырыпты өмірмен байланыстырыңыз. Сын есімдерді қолдана отырып, туған жеріңіздің ерекшелігін жазыңыз

Ауылым – алтын бесігім!

Менің сүйікті Алматым!

«Ауыл» деген сөзді естігенде менің өн бойымды қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал болғандықтан, ақ мол. Онда тұратын адамдардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Қозы, лақ маңырап, құлын-тай тебісіп, балалар оны қуалап, шуылдасып жатады. Ауылда қаладағы сияқты сәулет өнері дамымаса да, ауылдың қаладан көркемділігі ерекше. Ол ауасының тазалығымен, көк майса шөбімен, төрт түлігімен, жазық жерлерімен, жайлауымен ерекшеленеді. Нағыз байлықтың бәрі ауылда деп ойлаймын. (72 сөз)(https://surak.baribar.kz/269903/

Сені жолдағы кептелісіңді жақсы көрем бе екен, болмаса қалың шыңыңды жақсы көрем бе екен? Көңілім өзіңе тартады да тұрады.

Бір топ адамдар әдеттегі қарқынмен әлдеқайда кетіп барады. Бір дүниеден құр қалғандай асығып жүр. Күйбең тіршілік. Олар қарқындарын жылдамдатып жүгіреді де жүреді.

Үлкені болсын, кішісі болсын жай ғана аялдамада тұрған автобусқа мініп үлгеру үшін жүгіреді. Бұл құбылыс Алматылықтар үшін ерсі емес. Сол аялдамада олар бір-бірімен мың рет кездесуі мүмкін. Бірақ танымайды. Алматы Қазақтанның ең ірі мегаполисі (75 сөз)https://surak.baribar/623486


______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]


  1. Жоғарыдағы мәтіндерді салыстыра отырып кестеге негізгі және ортақ

ақпаратты жазыңыз

Негізгі ақпарат 1-мәтін

Негізгі ақпарат 2-мәтін

Ортақ ақпарат










[3]

5.Сөйлемдердің шын, жалған екенін анықтаңыз

Ақпарат

Шын

Жалған

Қалада бәрі төрт түлік мал ұстағандықтан, ақ мол







Ауылдың қаладан көркемділігі ерекше







Аулдағы адамдар автобус аялдамасында күніне мың рет кездеседі.







[1]
Жазылым

6.«Ауылым – алтын бесігім!» мәтініндегі сын есімдерді теріп жаз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________[5]

7.Берілген сын есімдер мен сан есімдерді қатыстырып 5 сөйлем құрастырып жаз. (қалың, бесінші, асығыс, отыз, биік, әдемі, алтыншы)

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[5]

Айтылым

Жұптасып келесі тақырыптардың біреуіне диалог құр. Жұмыс барысында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің интонациясына ерекше көңіл бөліңіз. 1.«Отан отбасынан басталады» 2.«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі»

3.«Қазақстан Таулары»
10

Балл қою кестесі

Тыңдалым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

Отбасындағы тәрбие

1

5

2

Әке

1

3

Ана

1

4

Бала

1

5

Отбасы

1


Оқылым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

Менің туған жерім өте әдемі. Ауасы таза, халқы мейірімді. Балалары тәрбиелі. Табиғаты керемет

1

5

2

Ауылдың ауасы таза, халқы кішіпейіл

1

3

Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі

1

4

Адамдардың көңілі қалаға да ауылға да тартады

1

5

Ауылдың көркемділігі қаладан ерекше

1

Жазылым

Тапсырма

Мазмұны мен тіл сапасы

6

Мәтіннен сын есімдерді таба алады. Түрлерін ажырата біледі.Тақырып бойынша үйренген сөздерін орынды қолдана алады

7

Ұсынылған тапсырмалардан сан есімдерді таба алады және түрлерін ажыратады

8

Сан есімдерді орынды қолданады. Грамматикалық және пунтуациялық тұлғаларды сақтайды.

Айтылым

Тапсырма

Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы

9-10

Тақарып бойынша ойын жеткізеді. Оорфоэпиялық емлені сақтайды. Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтайды.

7-8

Қойылған сұрақтарға ойланып барып жауап береді. Етістіктерді орынды қолданады.

5-6

Диалог құру барысында негізгі ойды ашып, сөздердерді қолдануда асағыстық білдіреді. Дегенмен сөздерді орнымен қолдануға тырысады

3-4

Сұраулы сөйлемдер құрастыруда қателіктер жібереді. Сөйлесу барысында жалғауларды орынсыз жалғайды.

1-2

Қойылған сұрақтарға тек қана жабық жауаптар береді. Ауыз екі сөйлеу тілін дамытатын тапсырмаларды орындауда қиналады.