Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 705
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Тыңдалым- 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр оқушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртіншісі – айтылым және тілдік бағдарды тексеруге арналған
Тапсыр ма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма түрлері | Тапсырмаларға сипаттама | Орындау уақыты, мин | Балл | ||
1-4 | 6.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау, 6.1.3.1 тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну; 6.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру. | Көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 167 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші тапсырмада 1 жауапты белгілейді, екінші тапсырмада сұрақтарды тиісті тірек сөздермен топтастырып, негізгі ойды анықтайды. Үшінші тапсырмада жаңа сөздерді мағынасымен сәйкестендіреді. Мәтінді қайта тыңдау барысында төртінші тапсырмада мәтін негізіндегі сұраққа өмірмен байланыстырып жауап жазады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды. | 10 | 5 | ||
5-8 | 6.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру; 6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.3.1.1 мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру; 6.3.4.1 мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру. | Көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 155 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған бірінші, екінші тапсырмада 1 жауапты белгілейді. Үшінші тапсырмада негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, 2 сөйлем жазады. Төртінші тапсырмада оқушы ашық сұраққа мәтіннің мазмұны негізінде өмірмен байланыстырып жауап береді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды. | 10 | 5 | ||
9 | 6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану; 6.5.1.5 етістіктің шақтарының (нақ осы шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану; 6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген 4 тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында тақырыптың мазмұнын ашуын, стильді сақтауын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қоюын, өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерінжәне етістіктің шақтарын орынды қолдануын бағалайды. | 20 | 10 | ||
10 | 6.2.2.1 тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу; 6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру; 6.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту; 6.2.1.1 тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу. | Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды) Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 4 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 7-9 сөйлем айту керек) Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін, диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикет формаларын қолдануын, лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеруін, тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдануын, ойын әсерлі жеткізуін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес. | Айтылым сабақтан тыс уақытта бағала- нады, әр білім алушыға 2 минут беріледі | 10 | ||
Барлығы | 40 мин | 30 |
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым
Сұхбатты тыңдаңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Журналист: Қазіргі таңда өңірде қуат көзін үнемдеу бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?
Электр желілері басқармасының бас инженері: – Аймақта қуат көзін үнемдеу жұмыстары қарқын алып келеді. Қазір осы жердің өзінде 120-дан астам жарық диоды орнатылған шам бағаналары бар. Бұлар энергия көзін 70 пайызға дейін үнемдейді.
Журналист: – Ал қарапайым тұрғындардың бұл шамның түрін пайдалану көрсеткіші қандай?
Электр желілері басқармасының бас инженері: – Жарық диодты шамдарды қолданатын жеке кәсіпорындардың саны жыл сайын артып келе жатқанымен, халық арасында бұл шамдарды пайдалану деңгейі әлі де төмен. Өйткені, қарапайым халық бағасы арзан болғаны үшін қыздыру шамын таңдайды.
Журналист: – Жарық диодты шамдардың бағасы қымбаттырақ болғанымен, пайдасы көп шығар?
Электр желілері басқармасының бас инженері: – Иә, әрине. Мұндай шамдар электр қуатын көбірек үнемдейді және қызмет ету мерзімі де ұзағырақ. Ешқандай зияны жоқ. Тек жарамсыз жағдайға жеткен соң, арнайы қоқыс жәшіктеріне тасталуы керек.
Журналист: Әр заттың кем тұстары болып жатады. Жарық диодты шамдардың зиянды жағы бар ма?
Электр желілері басқармасының бас инженері:– Диодты шамдар арнайы қоқыс жәшігіне тасталмаған жағдайда, одан шығатын улы заттардан бауыр, адам ағзасы зақымданады. Жерге, суға түскен жағдайда, табиғатқа қауіп төндіреді. Қаламызда мұндай шамдарды тастайтын арнайы жәшіктер жоқ. Дегенмен бұл мәселе қарастырылуда.
Журналист:– Ал, сіз өз үйіңізде осы шамның түрін пайдаланар ма едіңіз?
Электр желілері басқармасының бас инженері: – Бұл қондырғы электр қуатын үйде аз пайдалануға тиімді. Сондықтан болашақта пайдаланамын.
http://mangystautv.kz/m/public/index.php/kz/news/society/kuat-kozin-unemdeudin-zholy
1. Сұхбат не туралы? Сұхбаттың тақырыбын анықтаңыз.
А) Жарық диодты шамдар және олардың пайдасы
В) Қыздыру шамы және олардың зияны
С) Отандық фабрикалар және олардың қызметі
D) Табиғат экологиясы және энергия көзі
E) Электр қуаты және оның зияны
[1]
2. Сұхбаттағы тірек сөздерді сұрақтармен топтастырып, негізгі ойды 2 сөйлеммен жазыңыз.
Жарық диодты шам, жарамсыз жағдайда, арнайы қоқыс жәшігіне, электр қуатын, жарық диодты шамдарды, көбірек, үнемдейді, тастау керек
1. Не?/Нелер? Нені? Қалай? Не істейді?
___________ ____________ ____________ _______________.
2. Нені?/Нелерді? Қашан? қайда?/неге? не істеу керек?
___________ ___________ _____________ _______________.
[2]
3. Жаңа сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз.
1 | Жарық диодты шам | | А | қалдықтарды тастайтын тұрмыстық зат |
2 | Қоқыс жәшігі | В | қуат көзінің бір түрі | |
3 | Электр қуаты | С | қуатты үнемдейтін шам |
[1]
4. Сұхбатты қайта тыңдаңыз. Сұхбат берушіге ең соңғы қойылған сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз?
Егер «Иә» деген жауабын таңдасаңыз, 1 себебін көрсете отырып, толық жауап жазыңыз.
______________________________________________________________________
Егер «Жоқ» деген жауабын таңдасаңыз, 1 себебін көрсете отырып, толық жауап жазыңыз.
_____________________________________________________________________
[1] Оқылым
1-мәтін
Республиканың қорықтары мен ұлттық парктері - туристер келетін ірі орталық. Әлемдік туризмді дамыту тәжірибесі көрсеткендей, барлық мемлекет ең алдымен туризмді дамытуға басты назар аударады. Өйткені, біріншіден мемлекет қазынасына табыс түссе, екіншіден туризмді дамытуға үлес қосады. Экологиялық туризм тек Ақсу-Жабағылы мен Қорғалжын, Марқакөл, Алматы қорықтарында ғана қолға алынуда.
Қорық аймақтарында экологиялық туризмді дамытуда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін, табиғатты қорғауға қабілетті мамандардың жетіспеушілігі байқалуда. Қорық ісін жандандыруға жоғары білікті мамандарды тарту, даярлау - қорық алдында тұрған негізгі күрделі мәселелердің бірі. Экологиялық туризм табиғи туризмнің құрамдас бөлігі және мемлекеттің тұрақты дамуының құралы болып табылады. Экологиялық туризм термині қоршаған орта жағдайын сақтау, қорғау нәтижесінде ғана емес, таулы шипажайда демалу, табиғи ортаны тамашалау, экологиялық білім мен сананы көтеру барысынан туындаған. Дегенмен, қорық аумағында жүзеге асырылатын кез-келген туристік қызмет қорық экологиясын бұзып, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне кері ықпалын тигізеді. Табиғи ортаға кері әсерлердің алдын-алу үшін туризмді тиімді жоспарлау керек. Туристер табиғи ортаға еш зиян келтірмей, арнайы салынған жолдармен ғана жүріп, қорық табиғатын тамашалауы керек. (155 сөз) Сілтеме:
http://refleader.ru/jgejgeatyatyaty.html
1. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз
А) Қорықтар мен ұлттық парктер
В) Қорықтағы өсімдіктер әлемі
С) Қорық экологиясы
D) Табиғатты қорғау
Е) Экологиялық туризм [1]
2. Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін тұжырымды табыңыз
А) Жануарларды қорғауға алу
В) Еліміздегі қорықтарды көбейту
С) Қорықтағы экотуризмді дамыту
D) Өсімдіктерді қорғауға алу
Е) Шипажайда дұрыс демалу
[1]
3. Мәтіннен негізгі және жанама ақпараттарды 1 сөйлеммен жазыңыз
Негізгі ақпарат | |
Жанама ақпарат | |