Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 700
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра отырып, негізгі және жанама ақпараттарды анықтайды | М әтіннен негізгі және жанама ақпараттарды анықтауда, өмірмен байланыстыруда қиналады | Мәтіннен негізгі және жанама ақпараттарды анықтауда, өмірмен байланыстыруда қателіктер жібереді | Мәтіннен негізгі және жанама ақпараттарды анықтайды, өмірмен байланыстырады |
Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазады | Т ақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазауда қиналады | Қ ұрылымы сақталған эссе жазауда қателіктер жібереді | Т ақырыпқа сай құрылымын сақтап эссе жаза алады |
Эссе мазмұнында ауыспалы осы шақ түрін қолданады | Э ссе мазмұнында ауыспалы осы шақ түрін қолдануда қиналады | Э ссе мазмұнында етістіктің ауыспалы осы шақ түрлерін қолдануда қателіктер жібереді | Э ссе мазмұнында етістіктің ауыспалы осы шақ түрлерін қолдана алады |
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Болашақ мамандықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты: | 6.3.3.1 Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.2.2.1 тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу. |
Бағалау критерийі: | Білім алушы Шығармаларды түсінеді, мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды; тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады, диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады. |
Ойлау дағдысының деңгейі: | Білу, түсіну Қолдану |
Орындау уақыты: | 15-20 минут |
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
ХХI ғасыр адамзат өмірінің барлық саласына жағымды жаңалық енгізіп ғана қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Жаңа мамандықтардың басым бөлігі нарықтық экономиканың өз күшіне мініп, IT саласының ілгері дамуына байланысты ортамызға жетіп отырғаны белгілі.
Мәселен промоутер – белгілі компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын адам.
Бариста – кофе, сусиста – суши дайындаушы.
Постижер – адамның шашынан жасанды шаш, мұрт жасаушы.
Радиохирург – радиотолқындардың көмегімен операция жасайтын дәрігер.
Хедхантер – белгілі компанияның жақсы қызметкерлерін басқа компанияға «аулап беретін» мамандар.
Имиджмейкер – адамға сәнді образды таңдап, талғамын жақсартуға тырысады.
Бұдан бөлек әлемде әңгімелесуші, кезекке тұрушы және сіз үшін киім таңдайтын байер деген қызықты мамандық түрлері де кездеседі.
Бұл тізімдегі мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатқаны анық. Әрине олардың жалақылары да жаман емес.
Жаңа заманның талабына сай маман атану – табысқа жеткізетін жол. Сондықтан да жастарға заман мен ғаламның түрленуіне байланысты пайда болғанмамандықтарды игеріп, жұмыс істеген дұрыс. (140сөз)
https://qazaly.kz/kogam/7700-zhaazaman-mamandytary.htm
1.Мамандықтарды қызметіне қарай сәйкестендіру.
Мамандық | Сәйкестендіру бағаны | Қызметі |
1.Бариста | | А. Адамның шашынан жасанды шаш, мұрт жасаушы |
2.Радиохирург | | Ә. Компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу |
3.Промоутер | | Б. Кофе, сусиста-суши дайындаушы |
4.Постижер | | В. Радиотолқын көмегімен операция жасайтын адам |
2-тапсырма.
1. Мәтіннің тақырыбын анықта.
А. Жағымды жаңалық
Ә. Заман талабы
Б. Кәсіп иелері
В. Мамандық түрлері
2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А. Болашақ мамандықтар туралы
Ә. Қызықты мамандық түрлері
Б. ІТ саласының дамуы
В. Сұранысқа ие мамандықтар
3-тапсырма. Берілген суреттердің бірін таңдап, мамандық туралы жұбыңызбен диалогке түсіңіз.
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Шығармаларды түсінеді, мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды | 1-2 | Мамандықтарды қызметіне сай сәйкестендіреді. | 1 |
Мәтінге тақырып қояды; негізгі идеяны анықтайды. | 1 1 | ||
Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады, диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады | 3 | Берілген суреттердің бірін таңдап, жұбымен диалогке түседі; | 3 1 |
диалогке түсуде сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қоланады. | |||
Барлығы 7 |
«Болашақ мамандықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Шығармаларды түсінеді, мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды | Ш ығармаларды түсінуде, мәтін мазмұнына сай тақырып қояюда, негізгі ойды анықтауда қиналады | Шығармаларды түсінеді, мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтауда қателер жібереді | Ш ығармаларды түсінеді, мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды |
Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады, диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады | Жұбымен диалогке қатысуда, диалогте сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қиналады | Жұбымен диалогке қатысуда, диалогте сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданғанда қателер жібереді | Ж ұбымен диалогке қатысады, диалогте сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады |
«Болашақ мамандықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа
Оқу мақсаты: | 6.3.3.1 Орта көлемді шығармаларды түсіну,тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.2.2.1 тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу. |
Бағалау критерийі: | Білім алушы Шығармаларды түсінеді, мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды; тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады, диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады. |
Ойлау дағдысының деңгейі: | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты: |
|
Тапсырма.
Мәтінді мұқият оқыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
«Fast Future» британдық агенттіктің футурологтері 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады.
Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман. Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.
Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтер. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады. Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек көрсететін болады.
Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады. (110 сөз) obshaga.kz/page/...
1-тапсырма. Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 2 шын тұжырымды анықтаңыз.
Ақпараттар | Шын | Жалған |
Наномедицина қызметкері – тамақты қайта жасайтын маман. | | |
Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтер. | | |
Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады. | | |