Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 406

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Сөздік жасаңыз.

  2. Асты сызылған сөздерді аударып, оларды синонимдер алмастырып, тақырыпқа қатысты ақпарат беріңіз.

  3. Сөз тіркестерді теріп жазыңыз.Топтаңыз. Бірінші бағанаға «зат есім+ зат есім» , екінші бағанаға – «сын есім + зат есім», үшінші қатарға «зат есім + етістік» кестелеріне сәйкес сөз тіркестерді жазыңыз.

  4. Қазақ кино өнерінің қалыптасуын диалог арқылы көрсетіңіз.

  5. Қорытынды.




    1. Сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің театр/кино өнеріне деген көзқарасыңызды білдіріңіз:

  1. Сіз театрға/кинотеатр/концерттерге барасыз ба?

  2. Петропавлда қандай театр/кинотеатрлар бар?

  3. Сізге мультипликациялық фильмдер ұнай ма?

  4. Шытырман оқиғалы фильмдер ұнай ма?

  5. Сіздің сүйікті кино жанрыңыз қандай?

  6. Отандық фильмдерден Сізге қайсысы ұнайды?

  7. Шетелдік фильмдерден Сізге қайсысы ұнайды?

  8. Өзіңіздің сүйікті актеріңіз/әншіңіз туралы шағын ақпара беріңіз.

  9. Өзіңіздің сүйікті фильміңіз туралы шағын ақпарат беріңіз.

  10. Театр/кино адамның өмірінде қандай орын алады?


Практикалық жұмыс 11.

    1. Тақырыбы: Мінез және келбет

    2. Мақсаты:

1 Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті, олардың үйлесімділігі туралы мәлімет беру.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс

11.1 Мінез туралы

Адам баласы сан қилы болып келмей ме, біреу сырын теңіздей терең сақтаса, ал кейбіреулердің бар ойы, пиғылы көзінен–ақ білініп тұрады. Терең сырлы адамның жүрегінің түбіндегі қасиеті бір таңғажайып ой, сезімін тулатар ұлы сында ғана көзге түседі. Мұндай адамдардың мінез – құлқын бірден түсіну қиын. Ал кейбіреулер бір көргеннен сырын алдырады. Ондай адамның өмірге деген көзқарасы да құбылмалы, жел қай жақтан соқса, солай қарай жантая кететін әтештің құйрық жүні тәрізді.

Адам бір мінездес келмейді. Күлімсірей қараған көз қараста кейде ызалы зіл жататыны, жылы айтылған сөзде кейде ызғарлы ұн астарласа келетіні ... мәлім.

(І.Есенберлиннен).

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді оқыңыз, сөздердің аудармасын есте сақтаңыз: сан қилы – разные, сыр – секрет, тайна, пиғыл – умысел, намерение, тулату – бушевать, күлімсіреу – слегка улыбаться, ызалы – гневный, ызғарлы – грозный, астарласа – подтекст, сыр алдыру – выдавать свои секреты, тайну.

  2. Мәтіннің мазмұны бойынша сабақтың негізгі сұрағын анықтаңыздар.



11.2 Наргелдің сұрақтарына жауап.

Бір күні Наргел оңаша отырған бір сәтті пайдаланып, Бесекбайды шақыртып алады да, бірнеше сұрақ қояды.

- Дүниеде ең қызық нәрсе не, Бесекбай?

- Тіршілік. Адамның қаракет етуі. Сөйтіп, сол еңбегінің рахатын көру.

- Адам қайтсе бақытты болады?

- Мен өзім арманына жеткен адамды бақытты деп санаймын. Армансыз адам - аңмен тең. Адам армандау үшін, өз алдына мақсат қою үшін туған. Сол аялаған арманына жете алмай кететіндер де көп. Оларды нағыз бақытсыз, шерменде жандар деп айтуға болады. Арманшыл адам - түз қыраны сияқты. Қыран құс заңғар көк әлемін шарықтап, шартараптан өзінің керегін қалай іздесе, арманшыл адам да дәл сол секілді, өзінің биігін аңсайды, арман тауын іздейді. Соған жеткен кезде оның көңілі өсіп, құдіреті тасиды. Жете алмай жер соғып қалса, мертіккен қырандай болады. Оған дүниенің кеңдігінен пайда жоқ.

- Дұрыс айтасын.

Ал, адам қайтсе беделді болады?

- Адамның беделін арттыратын баспалдақ - оның адалдығы. Адал адам әрқашан да өзінің адалдығымен асыл адамгершілігін сақтайды. Адамгершілігі неғұрлым таза, мөлдір болса, ол адам гауһар тастай нұрланып, тез көрінеді. Ондай пақ, таза нәрсені қасиеттеп қастерлемеске ешкімнің қақысы жоқ. Бірақ, бізде адалдығын аттап, адамгершілігін саудаға салып жүргендер аз емес. Ондайларға жұрт сырт айналады. Осындайларда бедел бола ма? Бедел қонақтамаған жерге береке де қонақтамайды.

- Жақсы адам деп кімдерді айтамыз?

- Жақсы адам деп жұртқа жақсылық істей білген адамды

айтады. Ондай адамдар біреуге істер жақсылығын қарыз деп емес, парыз деп істейді. Олар өзің өзгеден артықпын деп санамайды. Біреудің табанына енген шөңгенің адам жанына қандай зардап тигізіп, әсер ететінін жүрегімен сезініп, жанымен түсінеді. Ол барша елге бақыт ойлайды. Ол көпшіл болады, көңіліне кірбің алмайды. Дәрежесі биіктеген сайын оның көңілі кеңіп, жүрегі жұртымен бірге соғады. Өзінің адымын елге істеген игілігімен өлшеп отырады. Онда менмендік, кісімшілік, асқақтаушылдық болмайды.

- Жаман адам деп қандай адамды айтамыз?

- Өмір деген бір ағыс. Онда аласапыран, астан - кестен дауыл да, мамыр жай, жайма шуақ кездер де кездеседі. Оның адам денесін қаритын аязы да, жанға жайлы жылылығы да болады. Сол ағыстан өзінің бойын аулақ салып, оқшауланып, жеке басының қамың ғана ойлайтын, қиындыққа төзбейтін, ойы саяз, жігерсіз адамды жаман демегенде не

дейміз. Ондайлардың ақылы шолақ, қолы олақ болады. Оның ақыл - ойы, отбасы, ошақ қасынан ұзап шықпайды. Жаман адам жемтік аңдыған күшіген мінезді болады.Күшегеннің дене бітісі қарасаң алып құс сияқты. Бірақ өзінің кішкентай күйкентай құрлы айбыны, қауқары жоқ. Жаман адам да сол тәрізді. Ол ел мүддесінен өз мүддесін артық санайды. Ондайларға арқа сүйенудің өзі апатқа апарып соқтырады. Олардың қолынан жақсылық келмейді.

  • Кісінің кісіге бермейтін заты бар ма?

  • Бар.

  • Ол не?

  • Мінезі.

  • Адамдағы қандай мінезді жек көресің?

  • Жағымпаздық пен парақорлық.

  • Неге олай?

- Жағымпаздық - өзінің жасанды қылығымен байсалды адамдардың, момын адамдардың тиесі сыбағасын алдынан жырып әкетеді. Оның ең жаман жері сол - ол мансапқор келеді. Өзінің мансабы жолында адамдық ар - ұжданын күніне жүз рет құрбандыққа шалуға қымсынбай, қиналмай бара алады. Сөйтіп жүріп, шықпайтын тауға шығады, отырмайтын орынға отырады, жүрмейтін жерде жүреді. Көзге ілікпейтін небір қулар өзінің жағымпаздығымен көзге ілігіп, онымен тұрмай басқаларға кесірін тигізіп жүреді. Сол жағымпаздықты көріп - біліп жүріп, қабылдайтын адамдар да жағымпаз. Адамның түлкі мінездісі жағымпаз болады. Жағымпаздықты құрту үшін ең алдымен сол жағымпаздықты көзжұмбай етіп, қабылдай беретіндерді құрту керек. Сонда жағымпаздық пана таба алмай, қаңғырып қалады. Жағымпаздықты жақтайтындар - жағымпаздық тың мәйегі. Олар болмаса, жағымпаздық іріген сүттей рәсуа болар еді ғой.

Ал парақорлықты жек көретінім - пара адал адамның ісің теріске, терістің ісін оңға шығарады. Теріс баққан нәрсенің жақсысы бола ма? Бұл өмірдің барып тұрған қас жауы, адалдық пен әділдіктің жұты. Пара алушы құрымай пара да құрымайды. Осы екеуі - адам өміріндегі қауіпті індет. Індетке ем қомбайтыны сияқты оларға да ем қонбай келеді. Құдайдан мен күні бүгінге дейін жағымпаз бен парақорды ал, әйтсе мені ал деп тілеудемін. Бірақ, оны естіп, елеп жүрген құдайды көрмедім.

- Жарайды, Бесекбайым, жауабыңның бәрі көңіліме қонды, - дейді оған риза болған Наргел.

(Шалқарбаев Д.)

Тапсырмалар:

  1. Наргелдің сұрақтарынабірсөзбен жаупберіңіз:

  • Дүниеде ең қызық нәрсе не?

  • Адам қайтсе бақытты болады?

  • Адам қайтсе беделді болады?

  • Жақсы адам деп кімдерді атайды?

  • Жаман адам деп қандай адамдарды айтады?

  • Бесекбай қандай адамдарды бақытты деп санайды?

    2. «Менмендік, кісімшілдік, асқақтаушылық, жағымпаздық, парақорлық, құрбандық»
    сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздігінен қарап, дәптерлеріңізге жазыңыз.

    3. Сөздерді құрамына және жасалуына қарай талдаңыз: көпшіл, игілігі, жақсылық, менмендік, кісімшілдік, асқақтаушылық, парақорлықты, жағымпаздықты, жігерсіз.

    4. Мына сөздерге антонимдерді табыңыз: оң, теріс, жау, әділік, адалдық, пара беруші.

    5. Бесекбай қандай адамды бақытты деп санайды? Ол арманшыл адамды немен салыстырады? Неге арманшыл адам қыран құс сияқты, дәлелдеңіз. Өз пікіріңізді айтыңыз.

    6. Арманшыл адамдарды армансыз адамдармен салыстырыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз. Қиналсаңыз, мына мәліметке сүйеніңіз.

    Армансыз адам Арманшыл адам

    - аңмен тең - түз қыран сияқты

    - арманына жетпейді - арманына жетеді

    - мертіккен қырандай болады - өз биіктігін аңсайды

    - бақытсыз, шендерме жандар - арманына жетер кезде көңілі өседі,құдіреті тасиды

    7. Бесекбай жағымпаз адамдарды жақтайтындарды неге жағымпаз дейді. Бесекбайдың ойын өз атыңыздан айтып беріңіз.

    8. Жағымпаздардың қасиеттерін сипаттаңыз.

    9. Жағымпаздықты құрту үшін не істеу керек дейді Бесекбай. Бесекбайдың ойын топтасыңыздан біліңіз.

    10. Жақсы, жаман адамдардың қасиеттерін салыстырыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.

    Мәтінге сүйеніп, кестені толтырыңыз:

    Жақсылық істей ала ма?

    Елге бақыт ойлай ма?

    Қандай қасиеттері болмайды?

    Арқа сүйенуге бола ма?

    Көпшіл бола ма?

    Мінезі қандай?

    Көңілдері қандай?

    Ойы қандай?

    Ақылы қандай?

    Қиындықты төзе ме?

    Немен салыстырады?

    Неге?
    11.3 Досыңды бағалай біл.

    Ахметбек – Жүсіптің жалғыз баласы. Әкесі құлпыраған көк майсалы , кең далада иіріле созылған көгілдір белбеу тәрізді, мөлдір сулы Есіл өзенінің жағасында өсті. Совет өкіметі оқытқан жас мұғалім он сегіз жасынан бастап халық ісіне белсене араласты. Қызмет сатысымен бірте – бірте жоғарылап, отызыншы жылдары үкімет мүшелігіне ілікті. Жүсіптің осындай бағы жанып, тасы өрге домалап тұрған кезінде әйелі Күнжамал ұл тапты. Атын Ахметбек қойды. Әке- шешенің бар ықыласы осы жалғыс ұлға ғана арналды... Әттең, не керек , жоқ жерден Жүсіптің өкпесіне суық тиіп, қайтыс болды. Әкесіз қалған жеті жасар Ахметбек жалғыз шешенің тіршілігі арқасында өсті, оқыды. Он жылдықты бітірісімен Свердловскідегі түсті металдар мен алтын институтына түсті.

    Енді жарқын мінезді , ақ көңіл жас жігітке қызықты студенттік өмірі басталды. Дарынды жас институт қабырғасында жүріп, өзін көрсете білді. Комсомол комитетінің секретары болды, сосын партияға кірді. Өте жақсы оқыды. Төртінші курсқа көшкенде, диплом қорғау жұмысының алдында Қиыр Шығыстағы сирек кездесетін металл өндіретін, Читовка руднигінде болды. Рудник шахтасының бас инженері Сұлтан Әубәкіров деген қазақ жігіті екен. Алыс жерде кездескен екі жерлес бірімен- бірі құшақтаса көрісіп, шұрқырасты да қалды. Әне- міне дегенше болған жоқ, жөн сұрасып әбден танысып та үлгерісті. Әсіресе, бауырмал студентке күтпеген жерден , сонау Қиыр Шығыста өзінің ұлтының адамын кездестіргені үлкен әсер етті. Қуанышы қойына сыймайды. Ахметбек ертең кешке Сұлтанның үйіне қонаққа бармақшы шахтаға кетті. Міне, сол күні жаңа танысқан екі қазақты біріне - бірі шын жақындататындай, тіпті мәңгілік дос етерліктей бір оқиға болды.


    Тапсырмалар:

    1. Үзінді оқыңыз: Әкесі құлпыраған көк майсалы , кең далада иіріле созылған көгілдір белбеу тәрізді, мөлдір сулы Есіл өзенінің жағасында өсті. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

    • Ахметбектің әкесі қай өзеннің жағасында өсті?

    • І. Есенберлин Есілді қалай сипаттайды?

    • Немен салыстырады?

    • Даланы қалай суреттейді?

    1. Үзінді оқыңыз: Совет өкіметі оқытқан жас мұғалім он сегіз жасынан бастап халық ісіне белсене араласты. Қызмет сатысымен бірте- бірте жоғарылап, отызыншы жылдары үкімет мүшелеріне ілікті. Үзіннің түсінуін тексеру үшін төменгі сұрақтарға жауап беріңіз:

    • Ахметбектің әкесінің аты кім?

    • Ол кім болған?

    • Жас мұғалімді кім оқытқан?

    • Жүсіпбек қандай іске белсенді қатысқан? Неше жасынан бастап іске белсенді қатысты?

    1. Жүсіпбектің қызмет сатысы туралы не жазылғанын оқыңыз: Қызмет сатысымен бірте-бірте жоғарылап, отызыншы жылдары үкімет мүшелігіне ілікті. Мына сұрақтарға жауапты әңгіме ретінде беріңіз:

    • Жүсіпбек қызмет сатысымен жоғарыланды ма?

    • Қалай жоғарылынды?

    • Ол неге ілікті?

    • Қай жылдары үкімет мүшелігіне ілікті?

    • Жүсіп неден қайтыс болды?

    1. Ахметбектің анасы туралы Сіз не білдіңіз, оқыңыз:

    • Аты кім?

    • Тапқан ұлына анасы қандай ат қойды?

    • Күнжамал Ахметбекті қай кезде тапты?

    • Ол уақыт туралы Есенберлин қалай жазған?

    1. Мәтіннен Ахметбек туралы бүкіл мәліметті жинаңыз, топтаңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

    • Ахметбек кім?

    • Ол кімнің баласы?

    • Әкесі, анасы кімдер?

    • Ахметбек деген атты оған кім қойған?

    • Неше жаста ол әкесіз қалды?

    • Ахметбек кімнің арқасында өсті, оқыды?

    - Ахметбек не бітірген?

    - Ахметбектің студенттік өмірін қалай өтті?
    11.4 Читовка руднигінде Ахметбек кіммен танысты? Сұлтан кім? Не бітірген азамат? Қайда оқыған?

    Сұлтан өндірісті, жұмысты жақсы білетін инженер еді. Институтты да жақсы бітірген. Осы қасиеттерінің арқасында партияға кірмегенмен де басшылық жұмыста ерте көтерілді. Институтты бітірісімен, соғыс алдында, вольфрам, молибден тәрізді сирек кездесетін металдарды өндіретін Шығыс Қазақстанның бір кішкентай руднигіне барды. Қатардағы инженер боп жұмыс істеді. Сол жылы соғыс басталды. Жоғарғы аталған сирек кездесетін металдардың әскери қару, танк жасауда өте керектігімен байланысты бұл салада жұмыс істеп жүрген мамандарды үкімет соғысқа жібермей, броньмен алып қалды. Сөйтіп өзі тәрізді жастар майданға аттанып жатқанда, Сұлтанның тылда қалуы бір жағынан өз басына пайдалы болды. Жұрттың көпшілігі майданға кетіп, мамандардың тапшы кезі, сондықтан бұл қызмет бабында тез өсті. Алдымен бөлім бастығы болды, одан көп кешікпей бас инженер дәрежесіне көтерілді. Бұл жұмыс істеп жүрген молибден шығаратын рудник кішкентай кен орны саналғанмен, бас