Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 397
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
инженер деген аты бар, ол осы дәрежеде бірден өндіріс басшылары санағына кірді. Міне, Сұлтан содан бастап, осы «бас инженер» деген дәрежеден түспеді. Ал, екінші жағынан, бұның осылай тез көтерлуі оның адамдық нормасына, мінез- құлқына көп зиян тигізді. Сұлтан 1928 жылы конфискеленген бай ұрпағынан шыққан жігіт еді. Қазақстаннан тыс Шелебі, Омбы тәрізді жерлерде оқып, инженер болды. Бірақ көн құрысса қалпына барады, ол өзінің нәсіліне тартып, тәкаппар, тым өзімшім, алдымен өз басының пайдасын көздейтін адам боп қалыптасты. Жасынан гір көтеру, гранат лақтыру тәрізді дене шынықтырумен көп шұғылданып, қыз, келіншек қызығар балуан денелі сымбатты және өзі де тым көрсеқызар, әйел дегенде өте құмарпаз жігіт боп өсті. Бұл кез – соғыс кезі, еркектердің азайған тұсы, ал Сұлтан болса өзінің дәрежесін де, түр –келбетін де пайдала білді. Ол бұл қылығына бұрынды- соңды тосқауыл көріп, қиындыққа ілікпегендіктен, әйел құмарлық Сұлтанның әдетіне айналған. Шөлмек күнде сынбайды, бір күні сынады, ол өзінің бұл қылығынан кейін таяқ жейтінін ойламаған.
(І.Есенберлиннен.)
Тапсырмалар:
ҚОРЫТЫНДЫ:
Практикалық жұмыс 12.
1.Киім үлгілері пішіндерінің алмасуы, стиль ерекшеліктерімен таныстыру.
2.Қазіргі заманғы киім үлгісі жайында пікірлесу.
3. Қазақстаннның қазіргі сәнгерлерінің киім үлгілерімен танысу.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
12.1 Сән әлемі
Сән (modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс.
Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Киім – бірінші қажетті зат, адамдардың ақыл – ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Оны өндірумен өнеркәсіптің әртүрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палиолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын, өндеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған. Тарихи кезеңдердерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша бөліп қарау туындады.
Стиль (styos деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этикалық) стильдер болады.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль - келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильге ең тұрақты, «таңдамалы» «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.
Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.
Спорттық стиль – (спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер)
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәуірдің ұлттық рухын бейнелейді.
Қазақстанның қазіргі тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек қолданады. Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады. Бұл құбылыс электика деп аталады.
Тапсырмалар:
12.2 Ұлттық киім
Қазақ халқының ұлттық киімдері – табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан киім үлгілері. Ұлттық киімдер этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақы киімнің сымбаты мен ою өрнегінде, әрбір әшекейінде халық тарихынан ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Қазақ халқы киімге аса жоғары мән берген. Ешқандай арнайы фабрикасы болмай – ақ , ешбір оқу бітірмей – ақ ұл – қызын өзінің төл киім – кешегімен қамтамасыз етті және де киім болғанда қандай! Оған қарап, ел- жұртын, жасын, атақ – даңқын, қоғамдағы орнын ажыратуға болады. Сәбиіне үкілі тақия қигізіп, ұзатылатын қыздың сәукелесін бір үйір жылқыға бағалап, әйелдің аппақ жаулығынан сәбилі болғанын, күмбездей кимешегінен үбірлі – шүбірлі ана екенін танитын болған.
Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Типті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай –ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқатар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткенін мәлім. Ал енді көне ғасырларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ.
Қазақ киімдері пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай ішкі, сыртқы, сулық, бір киер делініп, төрт топқа бөлінеді.
Ішкі киімдерге – көйлек, желетке, қамзол, кәзекей, сыртқы киімдерге – шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге – шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп жатады.
Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той – думандарға, жиын -топтарға барғанда, басқа елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны анғартатады. Қазақ салтында ер жігіт соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киген.
Ұлттық киімдеріміз жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді.
Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі –кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпет, шапан), боз бала киімі – тақия, етік, жейде,шалбар), бойжеткен киімі – желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей), қалындық киімі – сәукеле, желек, келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі).
Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал – серілер киімі, сән салтанат киімдері, ұлттық ойын – сауық, жарыстарда киетін киімдер, қазақтың неке киімдері, күйеу жігіт киімі, қалындық киімі, дінге байланысты салттық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза ттұтушылардың қаралы киімдері, кәсіптік киімдер, малшылар киімі, аңшылар киімі т.б.
Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.
Тапсырмалар:
Модуль №4 Менің Отаным
Практикалық жұмыс 13.
Тақырыбы: Әдебиет және өнер
1 Қазақ халқының рухани, мәдени мұрасы, оның ерекшеліктерімен танысу.
2. Проза және поэзия жанры туралы мәлімет беру.

13.1 Мәдениет
Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет –деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл – ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Адамзат баласы жасаған мәденит екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәденит, екіншісі – материалдық мәдениет.
Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен түған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды.
Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді.
Тапсырмалар:
13.2 Өнер
Өнер – көркем тобраздар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жандүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз - қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік – эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайдан алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғадық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өнделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрымдылық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сурет өнері т.б. т.үрлері.
Тапсырмалар:
Практикалық жұмыс 14.
1.Отан, туған жер ұғымын түсіну.
2. Отанға деген сүйіспеншілік, елді, жерді құрметтеу, еліміздің рәміздерін қастерлеу жайлы ақпарат беру.

14.1 Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз, зайырлы, біртұтас мемлекет. Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстанның жер көлемі 2724,9 мың шаршы шақырым, халқының саны 17 миллионнан астам адам. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен (ұз. 6467), шығысында Қытаймен (1460), оңтүстігінде Қырғызстан (ұз.980), Өзбекстан (ұз.2300), Түркіменстанмен (ұз. 380) шектеседі. Еліміз жалпы аумағы бойынша дүние жүзінде 9 орында
(Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін). Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Еліміздің мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданған. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ұлттық валюта – теңге. 1993 жылы 15 қарашада айналымға түсті. Қазақстанда 14 облыс, 160 аудан, 2150 ауылдық округ, 85 қала, 195 шағын қала бар. Еліміздің ең ірі қаласы – Алматы қаласы, онда миллионнан астам халық тұрады. Біздің еліміздің басты мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күні, оны 16 желтоқсанда тойлайды. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Мұнда 130 ұлттың өкілдері тату – тәтті тұрып жатыр. Еліміздің экономикасы жылдан – жылға жақсарып келеді. Болашағы жарқын Отанымыздың алдыңғы қатарлы, өркендеген елдермен теңесетініне сенім артамыз.
(І.Есенберлиннен.)
Тапсырмалар:
-
Қандай қасиеттердің арқасында Сұлтан басшылық жұмыста ерте көтерілді? -
Институттан кейін Сұлтан қайда жұмыс істеуге барды? -
Сұлтанның соғысқа бармауына не себеп болды? -
Тылда қалғанының пайдасы қандай? -
Сұлтанның нәсілі оның мінезіне әсер тигізді ме?
ҚОРЫТЫНДЫ:
-
Ахметбек пен Сұлтанның келбеттерін және мінездерін салыстырмалы түрде сипаттаңыз. -
Қандай оқиға Ахметбек пен Сұлтанды біріне-бірін жақындатты, өзіңіздің ойларыңызды, пікірлеріңізді жазыңыз.
Практикалық жұмыс 12.
-
Тақырыбы: Сән мен талғам -
Мақсаты:
1.Киім үлгілері пішіндерінің алмасуы, стиль ерекшеліктерімен таныстыру.
2.Қазіргі заманғы киім үлгісі жайында пікірлесу.
3. Қазақстаннның қазіргі сәнгерлерінің киім үлгілерімен танысу.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
12.1 Сән әлемі
Сән (modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс.
Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Киім – бірінші қажетті зат, адамдардың ақыл – ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Оны өндірумен өнеркәсіптің әртүрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палиолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын, өндеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған. Тарихи кезеңдердерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша бөліп қарау туындады.
Стиль (styos деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этикалық) стильдер болады.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль - келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильге ең тұрақты, «таңдамалы» «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.
Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.
Спорттық стиль – (спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер)
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәуірдің ұлттық рухын бейнелейді.
Қазақстанның қазіргі тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек қолданады. Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады. Бұл құбылыс электика деп аталады.
Тапсырмалар:
-
«Стиль», «Киім», «Сән» сөздерімен жиі кездесетін сөз тіркестерін жазыңыз. -
Стиль дегеніміз не? Сіз қай стильді ұстанасыз? Неге? -
Киім дегеніміз не? «Киіміне қарап қарсы алады...»/ "Адам көркі – шүберек"деген ой бойынша пікіріңізді білдіріңіз. -
Сән дегеніміз не? Сіз сәнқой адамсыз ба? -
Киіну мәдениеті ЕРЕЖЕСІН құрыңыз.
12.2 Ұлттық киім
Қазақ халқының ұлттық киімдері – табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан киім үлгілері. Ұлттық киімдер этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақы киімнің сымбаты мен ою өрнегінде, әрбір әшекейінде халық тарихынан ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Қазақ халқы киімге аса жоғары мән берген. Ешқандай арнайы фабрикасы болмай – ақ , ешбір оқу бітірмей – ақ ұл – қызын өзінің төл киім – кешегімен қамтамасыз етті және де киім болғанда қандай! Оған қарап, ел- жұртын, жасын, атақ – даңқын, қоғамдағы орнын ажыратуға болады. Сәбиіне үкілі тақия қигізіп, ұзатылатын қыздың сәукелесін бір үйір жылқыға бағалап, әйелдің аппақ жаулығынан сәбилі болғанын, күмбездей кимешегінен үбірлі – шүбірлі ана екенін танитын болған.
Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Типті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай –ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқатар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткенін мәлім. Ал енді көне ғасырларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ.
Қазақ киімдері пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай ішкі, сыртқы, сулық, бір киер делініп, төрт топқа бөлінеді.
Ішкі киімдерге – көйлек, желетке, қамзол, кәзекей, сыртқы киімдерге – шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге – шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп жатады.
Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той – думандарға, жиын -топтарға барғанда, басқа елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны анғартатады. Қазақ салтында ер жігіт соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киген.
Ұлттық киімдеріміз жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді.
Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі –кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпет, шапан), боз бала киімі – тақия, етік, жейде,шалбар), бойжеткен киімі – желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей), қалындық киімі – сәукеле, желек, келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі).
Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал – серілер киімі, сән салтанат киімдері, ұлттық ойын – сауық, жарыстарда киетін киімдер, қазақтың неке киімдері, күйеу жігіт киімі, қалындық киімі, дінге байланысты салттық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза ттұтушылардың қаралы киімдері, кәсіптік киімдер, малшылар киімі, аңшылар киімі т.б.
Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.
Тапсырмалар:
-
Ұлттық киім/ Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз ұлттық киім үлгілері/ Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қарай ұлттық киім/ Әйелдердің ұлттық киімдері/ Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық киім/ Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдер тақырыптары бойынша мәтіннен ақпаратты жазып алыңыз. -
Сөздік құрыңыз. -
Кластер құрастырыңыз. -
Мәтінді қосымша ақпаратпен толықтырыңыз. -
Қорытынды жасаңыз.
Модуль №4 Менің Отаным
Практикалық жұмыс 13.
Тақырыбы: Әдебиет және өнер
-
Мақсаты:
1 Қазақ халқының рухани, мәдени мұрасы, оның ерекшеліктерімен танысу.
2. Проза және поэзия жанры туралы мәлімет беру.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
13.1 Мәдениет
Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет –деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл – ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Адамзат баласы жасаған мәденит екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәденит, екіншісі – материалдық мәдениет.
Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен түған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды.
Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді.
Тапсырмалар:
-
Сөздік жасаңыз. -
Кластер құрыңыз (Мәдениет не? Мәдениеттің неше түрі бар? Рухани мәдениетке не жатады? Материалдық мәдениетке не жатады?) -
Мәтіндегі бір сөйлемді анықтап, жаңа ақпаратпен толықтырыңыз. -
Мәдениет деген сөзімен 5 сөйлем құрастырыңыз. -
Қорытынды.
13.2 Өнер
Өнер – көркем тобраздар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жандүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз - қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік – эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайдан алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғадық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өнделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрымдылық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сурет өнері т.б. т.үрлері.
Тапсырмалар:
-
Сөздік жасаңыз. -
Кластер құрыңыз (Өнер не? Өнердің мақсаты қандай? Өнердің қандай түрлері бар? Өнер нені бейнелейді?) -
Мәтіндегі бір сөйлемді анықтап, жаңа ақпаратпен толықтырыңыз. -
Өнер деген сөзімен 5 сөйлем құрастырыңыз. -
Қорытынды.
Практикалық жұмыс 14.
-
Тақырыбы Менің Отаным