Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 403

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


60-шы-90-шы жылдар қазақ театр тарихындағы шығармашылық ізденістердің жарық кезеңі болып саналады. М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Олардың ішінде Катерина рөлінде Х. Бөкеева ойнаған А. Островскийдің «Грозасы». Гарпагон рөлінде Қ. Қармысов ойнаған Ж. Б. Мольердің «Сараңы», Катарина мен Петруччио рөлдерінде Х. Бөкеева мен Ш. Айманов ойнаған. В. Шекспирдің «Асауға тұсауы», Тоғанай рөлінде С. Майқанова ойнаған Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Анасы», Мольердің ролінде Н. Жантөрин ойнаған М. Булгаковтың «Кабала святошы» басты рольдерде А. Әшімов, Ф. Шәріпова және Ы. Ноғайбаев ойнаған Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тері» (1973 ж., реж. Ә. Мәмбетов) ерекше орын алады. Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінен Астана қаласында 1 опера және балет театры, 8 драма және музыкалық - драма театры және 2 қуыршақ театры ашылды

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Сөздік жасаңыз.

  2. Асты сызылған сөздерді аударып, оларды синонимдер алмастырып, тақырыпқа қатысты ақпарат беріңіз.

  3. Сөз тіркестерді теріп жазыңыз.Топтаңыз. Бірінші бағанаға «зат есім+ зат есім» , екінші бағанаға – «сын есім + зат есім», үшінші қатарға «зат есім + етістік» кестелеріне сәйкес сөз тіркестерді жазыңыз.

  4. 1910- 1915 жылдары немен сипатталатынын диалог арқылы көрсетіңіз.

  5. Қорытынды.



10.2 Қазақтың тұңғыш драма театры

Театр өнері. 20-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады. Тұңғышкәсіпқой қазақ театрын ұйымдастыру мәселесі 1925 жылы қаңтарда Орынбор қаласында өткен I Жалпықазақтық съезде көтерілді. 1925 жылы сәуір айында Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу туралы шешім шығарылды.

Қазақ театрының бірінші труппасы студенттік көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінен және белгілі халық өнері кәсіпқой орындаушыларынан құрылды. Бұлар-Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Құрманбек Жандарбеков және т.б. Театр Алматыға көшкеннен кейін труппаға Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Манарбек Ержанов, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебековтер қосылды.

  1926 жылы 13 қаңтар күні М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклінен үзінді қойылып, одан кейін концерт берілді. Театрдың алғашқы режиссері 
Жұмат Шанин еді. Ұзақ уақыт бойы театрдың айқын шығармашылық бейнесі болған жоқ, спектакльдер концерттермен және халық шығармашылығы кештерімен аралас өткізіліп отырды.

1927 жылы 3 наурызда кеңес тақырыбына жазылған бірінші пьеса — «Зарлық» көрсетілді. 1926 жылы Денсаулық сақтау халкомының тапсырысы бойынша Н. Анов жазған «Жарадан арылу» пьесасы қойылды. Пьеса арасында дәрігердің дәріс оқуы беріліп отырды. Бұл қазақ сахнасында қойылған бірінші орыс авторының шығармасы еді.

Спектакльдер адамдарды жаңа өмірге бейімдеуге, социалистік құрылыс міндеттеріне лайықты болуға тәрбиеледі.

Алматыға көшкеннен кейін театр жанынан көркемөнерпаздар студиясы ашылып, онда әртістер музыкалық сауаттарын ашып, рояль мен оркестрге қосылып ән айту дағдысына жаттықты, актерлік шеберліктерін шыңдады.

«Еңлік—Кебек» спектакліне музыканы сазгер Дмитрий Дмитриевич Мацуцин жазды. Верныйда дүниеге келген ол қазақ тілінде сөйлейтін, қазақ халқының дәстүрлері мен шығармашылығын жақсы білетін. Д.Мацуциннің М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек» драмасына музыка жазуы қазақ спектаклін әнмен және оркестрмен музыкалық көркемдеудің бірінші тәжірибесі болды. Материал ретінде сазгер халық әндері мен күйлерін кеңінен пайдаланды.

1933 жылы Алматыда қазақ опера театрын даярлау үшін мемлекеттік музыкалық студия ашылып, оның негізінде кейін Абай атындағы академиялық опера және балет театры өмірге келді. Студия даярлаған «Айман-Шолпан» музыкалық пьесасы (Айман рөлінде Күләш Байсейітова) тұңғыш қазақ опералары «Қыз Жібек» пен «Жалбырды» қоюға даярлық есебінде болды. «Қыз Жібек» операсын халық музыкасы негізінде Е.Брусиловский, либреттосын Ғ.Мүсірепов жазды.

«Қыз Жібек» операсының басты ерекшелігі сол, ол театрдың белді әртістерінің тікелей қатысуымен жасалды.

«Қыз Жібектің» мазмұнына ежелгі халық аңызы негіз болса, «Жалбыр»1916 жылғы тарихи оқиғаны арқау етіп алған.

Театр Қазақстан бойынша гастрольдік сапарға шығып, барлық жерде көрермендер қазақ өнерінде пайда болған жаңа жанрды қуана құптап қарсы алды. Репертуарды көбейту қажеттігі байқалды.

Бірінші қазақ балеті «ҚалқаманМамырды» сазгер В. В. Великанов М. Әуезовтің либреттосы бойынша жазып, ол 1938 жылы қойылды. Қазақстан балет өнерінің бастауындағы белгілі қазақ бишісі Шара Жиенқұлованың өнері жарқын еді.

Қазақ опера және хореографиялық өнерімен бірге қазақ драма өнері де өркендеді. 1933 жылдың күзінен Қазақ драма театры жеке ұжымға айналды. Театр режиссері болып М.Г.Насонов тағайындалды. Онда Қалкен Әділшынов, Сәбира Майқанова, Сейфолла Телғараев, Шәкен Айманов, Жағда Өгізбаев жұмыс істей бастады. Театрда Л.Хамиди мен С.Шабельскийдің басқаруымен кішігірім аспаптық оркестр құрылды.



Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Сөздік жасаңыз.

  2. Асты сызылған сөздерді аударып, оларды синонимдер алмастырып, тақырыпқа қатысты ақпарат беріңіз.

  3. Сөз тіркестерді теріп жазыңыз.Топтаңыз. Бірінші бағанаға «зат есім+ зат есім» , екінші бағанаға – «сын есім + зат есім», үшінші қатарға «зат есім + етістік» кестелеріне сәйкес сөз тіркестерді жазыңыз.

  4. Тұңғыш қазақ театрыныңқалыптасуын диалог арқылы көрсетіңіз.

  5. Қорытынды.


10.3 Қазақстандағы кинематографтың қалыптасуы

Қазақстан аумағындағы алғашқыкиносеанс 1910 жылы болды, бірақ бұл комерсанттардың ақша табу мақсатындағы кәсібі болғандықтан ол елде кино өнерінің таралуына да, кино индустриясының орнауына да әкелген жоқ. Қазақстандағы киноның алғашқы қадамдары 1925 жылы жасалды. Осы кезде Қызылордада өткен Республика кеңестерінің V съездінің хроникалық түсірілімдері жасалды. Сол жылы Қазақстан туралы алғашқы деректі фильм — «ҚАКСР-ның мерейтойы» түсірілді.

1929 жылы Алматыда Жалпыресейлік «Востокфильм» тресінің өндірістік бөлімшесі болып табылатын алғашқы киностудия ашылды. Зертхана, монтаждық, мультипликациялық және жазбалар жасайтын цехтар салынды. Бөлімше өз күшімен «Соңғы хабар» деген жалпы атауға ие болған бірнеше хроникалық киножурнал жасап шығарды. Бірнеше қысқа метражды деректі фильм түсірілді: «Ауылдардағы кооперация», «Жаңа астана» (Алматы туралы), «Қызыл Әскер», «Жайлауға» және Түрксіб құрылысы туралы екі киноочерк.

«Востокфильм» тресінің өндірістік бөлімшесінің құрушыларының ойы бойынша, бұл бөлімше болашақта Алматыда жаңадан киностудия ашқанда оған негіз болуы керек болатын. Бірақ ол 1931 жылы жабылып қалды, ал «Востоккино» басшылығы жұмыстың бәрін Мәскеуге көшірді. Бөлімшенің жабылуна екі жағдай негіз болды: біріншіден техникалық база әлсіз болды, екіншіден кино сценарилері болмады. Әлсіз техникалық базада кино түсіру мүмкін болғанымен, сценарилердің жоқтығы шешімі жоқ проблема болды, себебі ол кезде кинодраматургия қазақ көркем әдебиетінің жеке жанры ретінде дамымады.

1934 жылы Алматы кинохроника студиясы ашылды. Кеңестік Қазақстан киножурналы мен деректі фильмдердің тұрақты шығарылымы қолға алынды. Мәскеуді үздік кеңестік фильмдердің қазақ тілінде дыбыстандыру жұмыстары басталды.

Қазақстандық материал негізіндегі алғашқы көркем фильм — Фурмановтың «Бүлік» («Мятеж») романы бойынша (режиссеры С. А. Тимошенко) 1928 жылы «Совкино» киностудиясында түсірілді. 1935 жылы «Мосфильм» киностудиясында И.П. Шуховтың «Жек көрушілік» («Ненависть») романы бойынша «Жау жолдары» («Вражьи тропы») көркем фильмі түсірілді (режиссеры И. К. Правов). «Востоккино» тресі «Жұт» (1931), «Қаратау сыры» (1932) көркем фильмдерін шығарды.


1939 жылы «Ленфильм» киностудиясында алғашқы қазақ көркем фильмі — «Амангелді» түсірілді (сценаристтер: В. Иванов, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов; режиссеры М. Левин; басты рөлді сомдаған Е. Өмірзақов). Бұл фильм Қазақстан кинематографының негізін қалады. Оның экранға шығуы Қазақ КСР-ның мәдени өміріндегі үлкен оқиға болды. Фильмнің көрермендерге ұнағандығы соншалық, көрермен залынан шыққан жұрт билетке кезекке қайтадан тұрған. БАҚ та фильмге жақсы баға берді, ал оның авторлары Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің 1941 жылдың 12 қыркүйегінен кейінгі № 762 қаулысы негізінде Алматы көркем фильмдер киностудиясы құрылды. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен Орталық біріккен киностудияға бірікті. Ол Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеп, соғыс кезіндегі отандық фильмдердің 80 % шығарды. 1944 жылы 25 қаңтарда Алматы киностудиясы атауы Алматы көркем және хроника-деректі фильмдер киностудиясы болып өзгертілді. 1945 жылы «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары реэвакуацияланғаннан кейін Алматы киностудиясы өз бетінше жұмыс істеп бастады.

Соғыс жылдары кеңестік киноның шеберлері болып табылған мәскеулік және ленинградтық әріптестермен тығыз қызмет жасау арқасында ұлттық кинематографтың кадрлары жасақталды. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ КСР кино индустриясы өз дамуын бастады: олар жылына сегіз толық метражды және елуден аса деректі фильм түсірді. Осы жылдары аса көрнекті қазақ кинорежиссері Шәкен Айманов танымалдылыққа ие болды.

Қазақ КСР-де түсірілген «Атаманның ақыры» және «Транссібір экспрессі» фильмдері аса жетістікпен КСРО мен шет елдердің экрандарынан көрсетілді.

Қайта құру жылдары түсірілген «Ине» («Игла») кинофильмі Қазақстанның ғана емес, бүкіл Кеңес одағының «қайта құру» кинематографының символына айналды.

1989 жыл қазақстандық режиссерлерге алғашқы құрметті халықаралық кинофестивальдердегі жүлдерін әкелді: «Прикосновение» лентасы Нант кинофестивалін конкурсында, «Волчонок среди людей» — Майындағы Франкфурт пен Лиссабонда көрсетілді, ал «Влюбленная рыбка» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі Нью-Йоркте өтті. Осы жылы «жаңа қазақ толқыны» анықтамасы пайда болды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда «Катарис» киностудиясы пайда болды (директоры Максим Смағұлов): 1990 жылы түсірілген бес фильмнің үшеуі осы киностудияла жасалды. Алайда сол кезде Қазақстанда киноға қатысты заңдық база болмағандықтан, меценаттар құйған ақшаға жоғары салық салынды, нәтижесінде Смағұловтың ізін кешкен көптеген жеке киностудиялар жабылып қалды.


«Қазақфильм» мемлекеттік киностудиясы бұл кезеңде тарихи тақырыптағы фильмдерге көп көңіл бөлді: «Отырар опаты», «Әбілқайыр хан», «Абай», «Жас Жамбыл» сынды тарихи фильмдер шықты. Алайда елдегі кинопрокат жүйесінің дұрыс жолға қойылмауына байланысты қазақстандық көрермендер бұл фильмдерді тамашалай алмады. Ал кино сыншылары «Қазақфильмді» негізгі жұмыстың фестивальдік киноға бағыттап жатыр деп сынады. Абай Қарпықов, Бақыт Килібаев, Александр Баранов сынды режиссерлер Ресейге, ал Серік Апрымов АҚШ көшіп кетті.

1998 жылы қазақстандық кино дамуында айтарлықтай өзгерістер болды. 1999 жылдан бастап «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жыл сайын «Жаңаша қараймыз» атты жастар киносының фестивалі өтіп бастады. Бұл фестивальде Алматы театр және кино институтының студенттері мен түлектерінің жұмыстары көрсетіді. 2000-жылдары республикада кинотеатрлар құрылысы басталып, 2005 жылдан бастап олар ашыла бастады: 2009 жылы елде 129 кинозал болса, 2010 жылдың аяғында олардың саны 196-ға жетті. 2005 жылы отандық кино тарихында өзіндік ерекше орынға ие болған Көшпенділер фильмі жарық көрді. 2007 жылы шыққан «Рэкетир» фильмі үлкен аудитория жинап, халық ықыласына ие болды. Қазіргі таңда Қазақстан кинематографы жылына 12-15 фильмнен түсіруде.