ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 874
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
сәйкес оқыту мақсаттары | 2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу; 2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату | |||
Сабақтың мақсаты | Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды. Аудио-бейнежазба мазмұнына өз ойын білдіреді. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байла- ныстырып көлбеу және таза жазады. Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың ке- зеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басы (5 мин) | Психологиялық жағымды ахуал орнату. – Балалар, бүгін мен сендердің балғын жүздеріңді көргеніме қуаныштымын. Сендерге көтеріңкі көңіл күй тілеймін. Барлығың бір-біріңе жақсы тілек тілеп, жақсы сөздер айтыңдар. Ең тамаша тілек иесіне баға береміз. | Психологиялық ахуалға беріл- ген тапсырманы орындайды. | ҚБ. «Отшашу» арқылы бағалау. | Танысты- рылым |
Ортасы (35 мин) | «Кім жылдам?» Интербелсенді тақтадан бірнеше жұмбақ көрсетіледі. Самұрық құс самғады, Көктен өтіп, Айға жетіп, Жеңілдеді салмағы. (ғарыш кемесі) Аспанда бір алып құс, Ызғып ұшып барады. Қарап тұрсақ ғажайып, Соңында із қалады. (зымыран) Құстан аумайды, Көкте заулайды. (ұшақ) | Жұмбақты жарыса шешеді. | «Бас бар- мақ» арқылы бағалайды. | Менің алғашқы энциклопе- диям |
401
26–6937
402
| Дәптермен жұмыс 43-жаттығу. Тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастыру. Оқушылардың сыни ойлау, оқу рефлек- сиясы дағдыларын дамыту мақсатында «Детектив» әдісі бойынша оқушылар топтасады. Тірек сөздердің көмегімен «Тұңғыш қазақ ғарышкері» тақырыбына әңгіме құрастыру үшін топта талқылап, ой бөліседі. https://www. youtube.com сайтынан «Мен ғарышкер боламын! Сұлтан Нұрхан» туралы бейнебаян көрсетіліп, бейнежазба мазмұны бойынша өз ойларын білдіреді. Дескриптор:
| Қазақстанның тұңғыш ғарыш- керлері туралы энциклопедия- дан ақпарат іздейді. Алған ақпараттарын топта жариялап, талқылайды. Аудио-бейнежазбаны тамаша- лайды да, мазмұны бойынша өз ойларын айтады. | | https:// www. youtube. com сай- ты, «Мен ғарышкер боламын! Сұлтан Нұрхан» |
44-жаттығу жазбаша орындалады. Мақал- дарды көшіріп жазады. Мазмұнын тал- дайды. Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазулары қадағаланады. | Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақалдарды көшіріп жазады. Мақалдардың мазмұнын талдайды. | | ||
Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар жасатады. 45-жаттығу. Кестеде берілген тұжы- рымдардың дұрыс, бұрыс екенін дәлел- дейді. | Көзге арналған жаттығулар орындатады. Тұжырымдарды иә,жоқдеген жауаптар арқылы дәлелдеп айтады. | |
Соңы (5 мин) | Бекіту Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы түсініп орындау. Тірек сөздердің көмегімен жұмбақ құрас- тыру. Үй тапсырмасы. 42-жаттығуды орындау және ереже жаттау ұсынылады. Дара етістіктерді тауып, астын сызады. | Дәптердегі шығармашылық тапсырманы орындайды. Тірек сөздерді қолданып, ұшақсөзіне жұмбақ құрастырады. Жұмыс- тарын топта жариялап оқиды. | Бір-бірін бағалайды. | Түрлі түсті қарын- даштар |
Рефлексия. «Көңіл күй» арқылы оқушы- лар бір-бірін бағалайды. | Сабақтан алған әсерлерін сти- керге жазып, жапсырады. | «Көңіл күй» әдісі | Кері байла- ныс тақтай- шасы |
403
115-сабақ
Бөлім: | Қоршаған орта | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Сын есім | |
Оқу бағдар- ламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату; 2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету және құраған сөйлемін толықтыру; 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау | |
Сабақтың мақсаты | Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды. Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп және құраған сөйлемін толықтырады. Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды. | |
Сабақтың барысы |
404
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
| | |
Сабақтың ке- зеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басы (5 мин) | Психологиялық жағымды ахуал орнату. Жартылай шеңбер жасап тұрып, интер- белсенді тақтада жазылған өлең шумағын хормен дауыстап оқиды. Қаның, жаның – тіліңде, Арың, нәрің – тіліңде. Ұмтыл оны білуге. Тілден алып ғибрат, Құлшынасың білімге.
ББҮ кестесі Ендеше, сөз таптары жайлы не білетін- деріңді кестеге жазып, кестенің қажетті бөлігін толтырыңдар. Соңғы бағанды сабақ соңында толтырасыңдар. | Психологиялық ахуалға беріл- ген тапсырманы орындайды. | ҚБ. «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесі | Танысты- рылым |
Ортасы (35 мин) | Сендерге заттың сынын білдіретін бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр. Кәне, кім жылдам екен, тауып көріңдерші. «Кім тапқыр?» ойыны. Түсі аппақ, Тысы қатты-ақ. Екі түрлі уызы, Жесең тәтті-ақ. (жұмыртқа) Сопақша көк өңі бар, Пайдалы мөлдір сөлі бар. Піскен кезде жияр, Оның аты ... (қияр) Күрең қызыл түсі бар, Тағамдардың асылы. Қуат берер күші бар. (табанан) – Осы жұмбақтардың ішінде заттардың түрін, түсін, пішінін, дәмін анықтап тұрған сөздер бар. Олар қай сөздер? Сын есім тура- лы түсінік беріледі. 46-жаттығу. Оқушылардың мәтінді түсініп оқуына басшылық жасалады. Сын есімді ажырату. Мәтін не туралы?
Ережемен жұмыс жүргізіледі. | Жұмбақтарды шешеді. Мәтінді түсініп оқиды. Мәтін не туралы екенін анықтайды. Оқиғаның мәтін екенін дәлелдейді. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін, түрін анықтайды. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аударып, оларға сұрақ қояды. Бұл сөздер нені білдіретінін айтады. Өз ой қорытындыларын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырып, рефлексия жасай- ды. Ережені талдайды. | «Бас бар- мақ» әдісі арқылы бағалайды. Белсен- ді болған оқушы- ларға жұл- дызшалар тарату. | Танысты- рылым |