Файл: Пн аза тілі мен дебиеті Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 497

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: тақырып аясындағы сөздер мен терминдерді түсінеді.

Көбі: сауалнама жүргізеді.

Кейбірі: тақырып бойынша ойын айтады.

Бағалау критерийлері

Тақырып бойынша сөздер мен терминдерді түсінеді жəне қолданады. Тақырып бойынша сауалнама жүргізеді. Тұжырым шығарып, ойын жазады.

Тілдік мақсаттар

Пəнге тəн лексика мен терминология: Ата заң, жетістік,

тəуелсіздік, бейбітшілік, тыныштық, билік,

Тілдік бағдар: Ырықсыз етістің қызметін біледі жəне қолданады.

Бастапқы білім

Заң туралы пікір айтады.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Қызығушылықты ояту. «Бинго». Көшірмеде сабақ тақырыбына қатысты орналасқан сөздерді анықтау жəне болжау. Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Ойтүрткі. Тақырыпты болжау. Тақырып бойынша қажетті сөздерді анықтайды. Кестені толтырады.

Дескриптор:

  • тақырыпқа қатысты сөздермен танысады.

  • сөздерді дұрыс қолданады.




Сабақтың ортасы

Мағынаны ажырату. Ойқозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.

Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмəнданбай (мəселен, олардың дұрыс-бұрыс, қажет, қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек;

Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін;

Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі;

Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана оларды талқылау жұмысы басталады.

Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2–6 минут) аяқталған соң, оқушылар бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып) жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады (4–20 минут)

«Ойқозғауда» балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия, инверсия, эмпатия тəсілдері кеңінен қолданылады.

1-тапсырма. Мəтіндегі тілдік деректерді берілген ойдың аясында топтастыр.


Интербелсенді тақта Аудиокітап Суреттер

Түрлі түсті қа- рындаштар Постер

Бағалау парағы





  1. тапсырма. Мəтінді оқы.

  2. тапсырма. Мəтін мазмұнына сəйкес ойды жалғастыр. 4-тапсырма. «Ата заңды құрметтеудің маңызы қандай?» деген сауалды сыныптағы оқушыларға қою жəне олардың жауаптарын дəптерге жазу. Тапсырманы орындау барысында «Идея туралы пікір» əдісін қолдануға болады. Яғни, Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз. Мысалы:

«Сендер ... идеясы туралы не ойлайсыңдар?»

Дескриптор.

  • тақырып аясында ойын айтады.

  • тұжырымдарын топ алдында дəлелдей алады.

  • сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау. «Бағалау парақтары» негізінде қорытындылайды.

Кері байланыс. «Бір минут». Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

Ойсергек. Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты пікірталас жүргізіледі.




Сабақтан соң

4-тапсырма. Сауалнама нəтижесі бойынша тұжырымдар жасалады жəне топ алдында сөз дайындалады. Сұраққа өзі де жауап береді.

Дескриптор.

  • сауалнама бойынша тұжырым жасайды.

  • топ алдында пікірін айтады.

Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Cауалнама төңірегінде ойын жазады. Тапсырманың шарты, қалай орындалу қажеттігі түсіндіріледі. Ойтолғаныс




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгер- генін қалай тексересіз?

Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс.










Рефлексия. Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды

сұрақтарға жауап беріңіз.








Пəн: Қазақ тілі мен əдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

4-бөлім. Заң – қоғамның тірегі.

Cабақ тақырыбы:

10–11-cабақ. Жеті жарғы.

Оқу мақсаттары (оқу бағдарла-

масына сілтеме)

9.4.1.1 мəтіндердің жанрлық жəне стильдік ерекшелігін сақтап, аннотация жазу;

9.4.5.1 тақырып бойынша бас əріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: көтерілген мəселені анықтайды.

Көбі: аннотация жазады.

Кейбірі: тақырып бойынша ойын айтады.

Бағалау критерийлері

Шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мəселені анықтайды, ырықсыз етістің қызметін біліп, ауызша жəне жазбаша жұмыстарда орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пəнге тəн лексика мен терминология: жарғы, тергеу, айып, құн, ірге,

себеп.

Тілдік бағдар: Ырықсыз етістің қызметін біледі жəне қолданады.

Бастапқы білім

Көшпенділер жайында пікір айтады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-əрекет

Дерек- көздер

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Алдын ала берілген атаулар». Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып

(3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны жəне өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.

Қызығушылықты ояту. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Ойтүрткі. Тақырыпты болжау.

1-тапсырма. Сөздердің ортақ тақырыбын анықтайды.








Дескриптор:

– тақырыпқа қатысты сөздермен танысады.




Сабақтың ортасы

Мағынаны ажырату. Ойқозғау.

  1. тапсырма. Мəтінді оқиды.

  2. тапсырма. Мəтіннен сұраққа жауап беретін сөздерді анықтайды.

  3. тапсырма. Тұжырымдарды түсіндіретін сөйлемдерді анықтайды.

  4. тапсырма. Мəтіннен анықтамасын тауып жазады. 6-тапсырма. Тақырып беріп, себебін түсіндіреді.

8-тапсырма. Сауалдарға жазбаша жауап береді.

«Ара ұясы» техникасы. Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды жəне екі сұрақтан дайындауды тапсырады. Содан кейін əрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді. Сонымен берілген техника негізінде мұғалімнің берген мəліметтері қорытындыланады, өңделеді. Дескриптор.

  • ақпаратты пайдаланып, пікірін айтады;

  • мəтіннен ақпаратты тауып үйренеді;

  • сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау. «Бағалау парақтары» негізінде қорытындылайды.

Кері байланыс. «Өзін-өзі бағалау». Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз – біз оқып жатқан нəрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:

Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойлан.

Атап айтқанда, сені не ойлануға мəжбүрлейді? Не нəрсе қиын болып көрінді?

Саған қандай жағдайда көбірек көмек қажет? Не үшін разысың?

Х туралы не білдің?

Оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сəйкестендіру үшін қалай өзгертер едің? Мұғалім оқушыларға өз-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.

Ойсергек. Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты диалог құрғызады.


Интер- белсенді тақта Аудиокітап Суреттер Түрлі түсті қарын- даштар Постер Бағалау парағы

Сабақтың соңы

9-тапсырма. Тəуке ханның заңына аннотация жазады.

Дескриптор.

  • аннотация жазады.

  • топтағы талқылауға қатысады.

Үй тапсырмасы. 7-тапсырма. Тапсырманың шарты, қалай орындалу қажеттігі түсіндіріледі.

Ойтолғаныс




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс.


Рефлексия. Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды

сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сəтті өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру жəне оқытуға қатысты): 1.

2.

Қандай екі нəрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (Сабақ беру жəне оқытуға қатысты):

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Пəн: Қазақ тілі мен əдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

4-бөлім. Заң – қоғамның тірегі.

Cабақ тақырыбы:

12–13-сабақ. А. Сейтақ. «Азат елдің ар-намысы – Ата заң».

Оқу мақсаттары (оқу бағдарла-

масына сілтеме)

9.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мəселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дəлелдеп жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: көтерілген мəселені анықтайды.

Көбі: аннотация жазады.

Кейбірі: тақырып бойынша ойын айтады.

Бағалау критерийлері

Ғылыми стильде (аннотация, пікір, тезис, мақала, баяндама, презентация)

жазылған еңбектердің тілдік жəне жанрлық ерекшелігін анықтайды жəне талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пəнге тəн лексика мен терминология: заң, тəуелсіздік, еркіндік, дербес,

билік.

Тілдік бағдар: Ырықсыз етістің қызметін біледі жəне қолданады.

Бастапқы білім

Көшпенділер жайында пікір айтады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Қызығушылықты ояту. «Артығын алып таста». Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Ойтүрткі.