Файл: за мерзімді жоспар блімі Визуалды нер.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 222

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жеке бөліктерін өңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1 Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.

6.2.2.2Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану.

6.2.6.2 Қол, электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

  • Жапсырма қалтаны машина тігістерімен өңдеу;

  • ЫЖӨ жұмыстарын орындау;

  • Тігін операциялары барысында техника қауіпсіздігін сақтау;

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Педагог іс-әрекеті

Оқушы әрекеті

бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарын талқылау.

Сұрақ-жауап

Өзін-өзі бағалау

оқулық

Сабақтың ортасы


Жапсырмалы қалта – накладные карманы – patch pockets

ЫЖӨ – ВТО - wet-heat treatment

Алдымен оқушылармен бірге жұмыстың бірнеше кезеңін белгілеп алу:

Жапсырма қалтаны өңдеу.

Алжапқыштың бүйір қиығын өңдеу;

белдік пен аспабауды өңдеу;

(М) Бөлшектерді өңдеуге арналған технологиялық-нұсқау карта құрастырып көрсету.

(Ө) Тапсырма: алжапқыштың жапсырмалы қалтасын, бүйір қиығын, белдік пен аспабауын өңдеу.

Техника қауіпсіздігі ережесі:

1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.

2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек.

3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.

4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.

5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.

6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.

7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.

8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.

9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек.

10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау.

Алдыңғы сабақта оқушылар пішілген алжапқыштың алдыңғы бөлігіндегі жапсырма қалтаны қол тігісімен көктеп, пішінін тексеріп көрді. Қажетінше өзгерістер енгізді

Оқушылар нұсқау карта бойынша бүйір қиықтарын, жапсырма қалтаны өз бетімен өңдейді.

Оқушылардың өздік жұмысын бақылайды, бағыт беріп, түзету енгізу. Жұмыстың әр кезеңінен кейін ылғалды-жылумен өңделуіне назар аудару керек.

Оқушылар бөлшектерді ылғалды-жылумен өңдеу, тігін машинасымен тігу, құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқау беру

Дескрипторлар:

нұсқау бойынша өңдеу жүргізеді;

жапсырма қалтаны машинамен сырып тігеді;

белдік пен аспабау бөлшектерін қол тігісімен біріктіреді;

машинамен сырып тігеді, аударады;

тігісті ЫЖӨ-ден өткізеді;

техника қауіпсіздік ережесін ұстанады;

қол тігісі жіптерінен бұйымды тазалайды.

Соңғы ЫЖӨ-ден өткізеді.


Презентация

Тігін машинасы, электрлі үтік, марля, ине, жіп, қайшы, арнайы киім /фартук, орамал/, матадан пішілген бөлшектер

Сабақтың соңы


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет







ауызша


Тексерілді:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология.


Мектеп: «Мейірбұлақ» ЖШС

Күні: 16.02.23ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сайдиганиева Д.Ф.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлшектерді біріктіру және бұйымды безендіру..


Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.2 Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.

6.2.6.2 Қол, электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Түрлі материалдарды қолданып, қуыршақты безендіру;

Тігін машинасы мен қол жұмыстарын орындауда техника қауіпсіздігін ұстану;

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңдері

Педагог іс-әрекет


Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу. Түгендеу.Психологилық ахуал орнату.





Өзін-өзі бағалау

оқулық

Сабақтың ортасы

Материалдар: Жүн, жібек, тоқыма, синтетика, капрон. Құал-жабдықтар: Қайшы, ине, сызғыш, оймақ, сөгетін құрал, тігін машинасы, үтік. Талқылауға арналған сұрақтар:

 Мата қандай шикізаттан дайындалады?

 Табиғи/синтетикалық маталар қандай қасиеттерге ие?

 Мата қандай бұйымдар дайындауға қолданылады?

 ...табиғи маталар....тігуге қолданылады....өйткені….

 ... жасанды (синтетикалық) мата.....тігуге қолданылады .....өйткені …

Өлшем алуға немесе матамен қуыршақ денесін

айналдыра орап өлшеуге болады.

Алынған өлшем бойынша пішу және бұйым

бөлшектерін безендіруге әртүрлі материалдарды

қолдана отырып, қол және машина тігістерімен өңдеу

.

Қуыршақтың өлшемін алу.

Әшекейлеу элементтерін

(өрнек, бисер, шілтер, ызба,

страза және т.б.)

қолдана отырып, жұмысты аяқтау Жұмыстың келесі кезеңінде оқушылар

қуыршаққа киім тігеді.

Оқушыларға қуыршақтың бет-бейнесін

салуды ұсыну. Оқушылар бұл тапсырманы орындауға баламалы нұсқаларды таңдау

 тоқыма материалдарының ерекшелігі қасиетін суреттейді;  тігін машинасының жұмыс істеу принципі мен құрылғысын біледі;  өз ойы мен шығармашылық идеясын түсіндіре алады.

АҚТ дан пайдалану

Сабақтың соңы

Рефлексия . «Бағдаршам»











Тексерілді:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология.

Мектеп: : «Мейірбұлақ» ЖШС

Күні: 17.02.23ж

Мұғалімніңаты-жөні: Сайдиганиева Д.Ф.

Сынып: 6 -А

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны (алжапқыш, асханалықбұйымдар, т.б.). Идеялар ойластыру. Нобай дайындау.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1 Өзінің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әртүрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау

6.1.5.2 Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау.

Сабақ мақсаттары

  • Үйге арналған бұйым дизайнын орындау;

  • Өлшем алып, бұйымның сызбасын орындау;

  • Жұмысқа жоспар құру;

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңдері

Педагог іс-әрекет


Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу. Түгендеу.Психологилық ахуал орнату.

Оқушыларға түрлі алжапқыш түрлерін көрсету. Қолдану аясын талқылау.

Оқушыларды суреттер арқылы топтарға біріктіру.

1- алжапқыш. 2- тұтқыш

3-шәйнекке арналған жылытқыш

Өзін-өзі бағалау

оқулық

Сабақтың ортасы

Оқушыларға үйге арналған әртүрлі тоқыма бұйымдарын қарастыруды, келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыну:

- Тұтқыш тігуге арналған мата қандай қасиеттерге ие болуы тиіс? Неге?

- Алжапқышты қандай матадан тігуге болады?

- Алжапқыш бөлшектерін атаңдар.

- Модельдеу дегеніміз не?

Тапсырма. Алжапқыш/тұтқыш/шәйнекке арналған жылытқыш дизайнын орындау.

Оқушыларға топта алжапқыштың дизайнын талқылайды, авторлық эскизін дайындап, сыныпқа таныстырады.

Сұрақтар қою:

- «Жобалау» «конструкциялау» және «пішім» дегеніміз не?

- Конструкциялау не үшін қолданылады?

- Пішім сызбасы не үшін жасалады?

Дайын бұйым үлгісінде өлшемді анықтау үшін,

денебітімнен өлшем алу қажеттігін түсіндіру. Алжапқыш тігу үшін қажетті өлшемдерді анықтауды ұсыну.

Өлшем алу тәсілін көрсету.

Оқушылар топта талқылаған соң бұйымға жұмсалатын материалдарды ескере отырып, өз алжапқыштарының дизайнын жасайды.

*Оқушылармен жұмысты орындау реттілігін талқылау:

*Үлкен қағазға алжапқыштың шынайы көлемдегі сызбасын сызу.
*Дайын сызбаны қиып алу.

*Пішімнің барлық бөліктеріне бөлшек атауын жазу.

* , Тапсырма. Өлшем алу.

Оқушылар бір-бірінің өлшемін алып, өлшемдерін дәптерлеріне жазады.

Құрастырылған сызба негізінде мата шығынын анықтау

Дескрипторлар:

*Топта белсенді жұмыс жасайды;

*Түрлі идеялар ұсынады;

*Өз ойын жеткізе алады;

*Заттың дизайнын құрастрады;

*Сыныпқа таныстырады.
Дескрипторлар:

*Өлшем алудың ережесін сақтайды;

*Өлшем белгілерін дәптеріне жазады




АҚТ дан пайдалану.

Сабақтың соңы

Рефлексия . «Бағдаршам»












Тексерілді:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 A бөлім: Дизайн және технология


Мектеп: : «Мейірбұлақ» ЖШС

Күні: 24.02.23ж

Мұғалімніңаты-жөні: Сайдиганиева Д.Ф.

Сынып: 6 -А

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1-Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу

Сабақ мақсаттары

- Тігін машиналарының жұмыс тәртібін білу және орындау

Бағалау критерийлері

- тігін машинасының жұмыс тәртібін біледі

- тігін машинасының жұмыс тәртібін орындайды

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

- тігін машинасының құрылысы және оның жұмыс тәртібі туралы талқылай алады

Талқылау үшін сұрақтар:

... машинасы неге арналған?

... орындаудың реті қандай?

Терминология:орауыш қақпағы, орауыш, жоғарғы жіптің керілуін реттеуші, төменгі жіптің керілуін реттеуші, баса үтіктеу, айыра үтіктеу, тегістеп үтіктеу

Құндылықтарды дарыту

Осы сабақта балалардың бойына еңбек, шығармашылық, құрмет құндылықтарын дарыту практикалық тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Математика – есеп жүргізу, Геометрия – пішіндерді тану, пішу.

АКТ қолдану дағдылары

Мәлімет іздеу мен шабыт, идея дамыту үшін интернет желісін қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар қуыршақ орындап, оған түрлі аксессуарлар мен киім үлгілерін матадан тікті.

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңдері

Педагог іс-әрекет


Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Сәлемдесу. Түгендеу.Психологилық ахуал орнату.

Оқушыларға түрлі алжапқыш түрлерін көрсету. Қолдану аясын талқылау.

Оқушылармен тігін машиналарының адам өміріндегі және заманауи өндірістегі маңызын талқылау.

Өзін-өзі бағалау

оқулық

Сабақтың ортасы

Тігін машиналарын ретке келтіруші құрылғы туралы түсінік қалыптастыру.

«Блум түймедағын» қолдану

1 тапсырма.Тапсырмалар жазылған карточкаларды тарату. Оқушыларға тігін машинасының жұмысын реттейтін бөлшектерді анықтауды және есте сақтауды ұсыну: шернек құрылғысы,орағыш қақпағы, орағыш, жоғарғы жіптің керілуін реттеуші, төменгі жіптің керілуін реттеуші.

Тігін машинасын басқару дағдыларын қалыптастыру үшін оқушылар жіпті сабақтау, жоғарғы және төменгі жіптің керілуін реттеу тәсілдеріне жаттығады.

Қайым тігісті баса үтіктеу, айыра үтіктеу, тегістеп үтіктеуді үлгі ретінде көрсете отырып, үтікпен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін түсіндіреді.

Тақырыпты бекіту сұрақтары:

Тігін машинасының жұмысын реттеудің мақсаты неде?

Ойыншықты жасау үшін қандай құралдар қажет?

Ылғалды термоөңдеудің реттілігі қандай?

Үтікті қолдануда қандай ережелерді сақтау керек?



Тігін машинасының жұмысын реттейтін бөлшектерді анықтау және есте сақтау: шернек құрылғысы,орағыш қақпағы, орағыш, жоғарғы жіптің керілуін реттеуші, төменгі жіптің керілуін реттеуші.

сұрақтар:

Үтікпен жұмыс істеу барысында қандай ережелерді сақтау керек?

Сұрақ-жауап






оқулық

Сабақтың соңы

Рефлексия . «Еркін микрофон» ойыны

Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат білдіңіз және не істеуді үйрендіңіз?

өз пікірлерін айтады










Тексерілді:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп: : «Мейірбұлақ» ЖШС

Күні: 02.03.—03.03.23

Мұғалімнің аты-жөні: Сайдиганиева Д.Ф.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жеке бөліктерін өңдеу.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.2-Тігін бұйымдарын ылғалды- жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану

6.2.3.2-Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау

6.2.6.2-Қол электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру

Сабақ мақсаттары

  • Үйге арналған бұйым дизайнын орындау;

  • Өлшем алып, бұйымның сызбасын орындау;

  • Жұмысқа жоспар құру;

  • Бұйымға кететін мата шығынын анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңдері

Педагог іс-әрекет


Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Сәлемдесу. Түгендеу.Психологилық ахуал орнату.

Оқушыларға түрлі алжапқыш түрлерін көрсету. Қолдану аясын талқылау.


Сәлемдесу.

Өзін-өзі бағалау

оқулық

Сабақтың ортасы

Бұйым пішімін қияды. Пішімдерді матаға орналастыру нұсқаларын қарастырады.

Пішімді матаға орналастырып, түйрейді, пішім контурын айналдыра сызады, пішім контурынан қосымша көлемін белгілеп, бормен сызып шығады.

Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, бөлшектерді пішеді, оларға бақылау белгілерін енгізеді.

(Бұйымның иық және бүйір қиықтарын өңдеу технологиясы. Шақтап көру)

Бұйымды шақтап көреді, қажеттілігіне қарай бүйір тігісіне, мойын ойындысының өлшемі мен пішініне және т.б. өзгерту енгізеді. Тігін машинасын қолданып, қиықтарды өңдеу, алдыңғы және артқы бой бөлшектерін біріктіру операцияларын орындайды.

Тігісті ылғалды-жылумен өңдейді.

.Технологиялық реттілігін сақтай отырып,
Жұмысты орындау кезінде қолданатын құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін көрсету ұсынылады.

Оқушылардың бұйым тігу кезінде қолданатын машина тігістерінің (мысалы, қосарлы, жөрмеу және т.б.) үлгілерін дайындау ұсынылады.



Оқушылар кері байланыс алу үшін пішім сызбаларымен алмасады, бір-бірінің жұмысына пікір айтады, ескерту негізінде өзгерту енгізеді.

Оқушылар материалды пішуге дайындайды: ылғалды-жылумен өңдейді, ақауларын, материалдың өң және теріс жағын, бойлық жіп бағытын анықтайды.

. Оқушылар бұйымды өлшеуге дайындайды, иық және бүйір қиықтарын көктейді.

Оқушылар машина тігістерінің

үлгілерін қарастырады.

Оқушылар құрал-жабдықтармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тәжірибелік жұмысты орындайды

  • Бұйым дизайнын құрастыруда бірнеше идеялар ұсынады;

  • Бұйым орындау үшін өлшемді дұрыс алады;

  • Өлшем белгілерін қолданып сызба құрастыра алады;

  • Өз жұмысын жоспарлайды;

Матаға орналастыруды ескеріп, шығынды есептей алады




Сабақтың соңы

Рефлексия . Бес бармаө әдісі









стикер