Файл: Дипломды Жмыс 6B01823 леуметтік педагогика жне зін зі тану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 222

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.2 Отбасы және балалармен әлеуметтік – педагогикалық жұмыс жүргізудің ғылыми негіздері

Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті де тәлім-тәрбиелік жұмыстар болғанымен шұғылданатын нысанасының ерекшеліктеріне байланысты кейбір өзгешеліктері бар және ол кәдімгі оқушы (адам) емес, күйзеліске дұшар болғандарға қатысты. Сол себепті, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар маңызы жағынан жалпы педагогикалық іс-әрекетке жақын болғанымен, дәл сондай емес. Оның ерекшелігі жұмыс нысаны және соған сәйкес мақсаты, міңдеттері, қолданатын әдістерінің езгешелігіне байланысты. Енді осы ерекшеліктерді ашып көрсету үшін бұл екі ғылым саласын және оның практикалық іс-әрекеттегі сипатын салыстырып қарастырамыз.

Жалпы, педагогикалық іс-әрекет кәсіби іс-әрекеттің бірі ретіндс өсіп келе жатқан жас буынға білім беру, оларды тәрбиелесу және дамыту болып табылады. Ол педагогтардың көмегімен балабақшаларда, мектептерде, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Әдеттегі білім беру мекемелері және ондағы педагогтардьщ іс-әрекеті мемлекетгік стаңдартта көрсетіліп, оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу құралдары, оқыту түрлері және басқа да кешеңді жүйе арқылы іске асырылады. Жалпы педагогика қальпты жағдайда тәлім-тәрбие істерін ұйымдастыру, бақылау, бағалау және басқаларға бағытталған.

Ал әлеуметтік педагогтың іс-әрекетінің ерекшелігі оның нысанына (объектісіне) байланысты бірқатар белгілерімен сипатталады. Олар жалпы алғанда әр түрлі жағдайлардың салдарынан күйзеліске ұшыраған жекелеген адамдар мен топтар, кейде бүкіл бір ұлт, не халық болуы мүмкін. Күйзеліс түрлеріне қарай оларды жіктеу немесе топтастыру өте күрделі. Әйтсе де, әлеуметтік-педагогиканың мынадай ерекшеліктерін атауға болады:

  1. Күйзеліс сипатына қарай әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың бірінші ерекшелігі, оны туындатып отырған ахуал себептерінің өзгешелігі немесе қалыпты жағдайдан тысқарылығы, кейде тіпті ұшқырлығы;

  2. Айқындалған себептерді талдау арқылы оған душар болған жеке адам, не адамдар тобымен жүргізілетін жұмыс мазмұнының, әдіс-тәсілдерінің, құралдарының өзгешелігі;

3. Әлеуметтіқ-педагогикалық зерттеудің әдістері мен тәсілдерінің жалпы педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістерінен өзгешелігі, олардың әлеуметтік психология. әлеуметтану, психиатрия, медицина, физиологиямен тығыз байланысы;

4. Әлеуметтік педагогтардың жұмыс мазмұны мен әдіс-
тәсілдері (технологиясы), жұмыс нысанына байланысты құралдарының әр түрлі болуы;

5. Әлеуметтік-педагогикалық мекемелердің жұмыс мазмұны мен түрлерінің сан алуан болуы; .

Сонымен, жалпы әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеті отбасында, не әлеуметтік тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталган. Бұл жұмысты жалпы педагогикалық білімі бар адамдар емес, арнайы әлеуметтік-педагогикалык білімі бар адамдар ғана сауатты жүргізе алады. Әлеуметтік ауыр жағдайлардың құрбандығы болған, не болмаса әр түрлі техногенді, табиғи ахуалдардың салдарынан, тосын оқиғалардан мүгедек болып қалған не болмаса ақыл-есіне закым келген, денесі зардап шеккен жеке тұлғаларға, не бүкіл бір адамдар қауымына көмек беру, оларды оқыту» тәрбиелеу жұмыстары әлеуметтік-педагогиканың құзырында. Ондай адамдар қиын тағдырға дұшар болып, тосын жағдайға ұшырағандықтан елеусіз қалмауы, мүмкіндігінше адамша өмір сүруге жағдай туғызу - адамгершіліктің басты көрінісі. Сол себебпен мемлекет тарапынан да оларға ерекше мән беріліп келеді. Егер әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар білгірлікпен, сауаты шешілмесе, ондай балалардың болашағы қандай болмақ? Міне сондықтан қазіргі кезде әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру негізгі басымдықтардың (приоритет) бірі болып отыр.

Бұл жұмыстың ең ұрымтал тұсы — осындай жағдайға ұшыраған баланы оқыту және тәрбиелеу жұмыстары қаншалыкты ерте қолға алынса, оның қалыптасуы, дамып-жетілуі де соншалықты тез іске асады.

Әдеттегі мектепте оқып, тәрбиеленіп жүрген бала академиялық білім алады, ал күйзеліске ұшыраған баламен әлеуметтік жұмыстар стихиялы түрде бола береді»деген ұғым қалыптаспауы керек және ондай балаларға немқұрайлықпен қарауға болмайтынын қаперде ұстау керек. Әлеуметтік-педагогикалық білім, білік және әдіс, төсілдер, әлеуметтік нормалар, құндылықты бағалау, мақсат айқындылығы, өмір сүру керектігі осындай күйзеліске душар болған балаларға дер кезінде түсіндіріліп, оларда өзіне және әмірге, адамдарға деген сенім қалыптастыру керек. Осы және басқа да себептерге байланысты әлеуметтік-педагогикалық білім беру ісінін арнайы ұйымдастырылуы осы жұмыстардың сауатты және тиімді болып, жақсы нәтиже береді.

Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары мыналар:



  • әлеуметтік бейімделуге жылдам көмектесу жөне бейімделмей

қалудың алдан алу;

  • қоғамдық нормалардан ауытқығандарды қалпына келтіріп қатарға

қосу, түзету;

  • баламен ересектермен не жастармен тікелей немесе жеке жұмыс

істеу;

  • күйзеліске ұшыраған балалар мен-жастарға, не ересек адамдарга көмек

беретін тиісті мекемелерге өз уақытында кайырылу, оларды орналастыру,

жәрдем беруін өтіну, көмек сұрау т.б;

- мектеп мұғалімі ондағы балалармен үздіксіз (мектептегі тәмамдағанша)

білім беру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді,ал әлеуметтік педагог бір не бірнеше рет, бір ай не одан көп мерзімде, баланың. (жас не ересек адамның) мәселесін шешіп бергенше ғана жұмыс істейді.

Жұмыс сипаты мен объектісіне қарай әлеуметтік-педагогикалық қызметті жалпы білім беру мекемелеріндегі жұмыс және арнайы мекемелер мен жеке адамдармен жұмыс деп шартты түрде бөліп қарастырып, нормадан тыс іс-әрекетке барған балалар, жастар не ересек адамдармен жұмыс нақтылауға болады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс деп отбасында» бала бақшада, мектептерде, әр түрлі ұйымдар мен қоғамдарда, демалыс орындарында, шығармашылық ұйымдарда, жазғы демалыс кезінде балалар лагерінде, ауьлшаруашылық жұмыстары жүріп жатқан жерлерде, қартгар үйі, сауықтыру орындарында (санатория), діни ұйымдарда т.б. жүргізіледі. Осы орындардың ерекшслігі және ондағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың объектісіне байланысты жұмыс түрлері мен тәсілдері де әр түрлі.

Атап айтсақ, тәртіп бұзған (нормадан тыс әрекетке барған) балалармен жұмыс істеу әр түрлі, өйткені олардың проблемалары да сан алуан:

  • дамуы артта қалған балалармен жұмыс;

  • тәрбиесінде кемшілігі бар балалармен жүмыс;

  • жетім, багып-қағуы жеткіліксіз балалармен жұмыс;

- девиантты балалармен (нормадан тыс), жүріс-тұрысы күмәнді, әлеуметке мінез-құлқы қайшы балалармен жүмыс;

- проблемалы отбасылармен жұмыс т.б.

Әлеуметтік педагог жұмысының түрлері де, объектісі де, жолдары да өте көп болғандықтан, ол осындай контингенттің қай-қайсысымен болса да жұмыс істеудің барлық
түрін, әдістерін» тәсілдерін (технологиясын) меңгеруі тиіс. Әлеуметтік-педагог үнемі бір ғана адаммен, не болмаса бір контингетпен жұмыс істемейді. Оньң жұмыс нысаны ауысып тұрады, мысалы, бір маман аз мерзімде мүгедек баласы бар отбасымен шүғылданса, тағы бір мезгіл қарттар үйіне барып, сондағы әлеуметтік мәселелерді шешуге араласады» не болмаса, пенитенциар мекемесіне көмектесуге тура келеді.

Әрбір жеке адамның дара психикалық үрдістері - түйсіну, сезіну, қабылдау, ақыл-ес, ойлау, елестетуі, дамуы жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болатыны белгілі. Олардың дамуы бала кезде қарқынды да, күшті және икемді болатыны әлсуметтеңдіру үрдісін жеңілдетеді. Олар әлеуметтендіру мақсатында оқыту, түсіндіру, дағдыландыру, жаттықтыру секілді т.б. меңгеру жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңуте, төзімділік пен сабырлыққа үйретеді.

Әлеуметтік-педагогакалық іс-әрекет әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мазмұнымен, формаларымен және ерекшеліктерімен танысқан соң, болашақ тәрбиеші назар аударатын басты мәселе - "күйзеліске душар болған балаларға қалай көмектесу керек" деген заңды сұрақ. Бұған жауапты ол әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерімен, жаңа технологиясымен танысқан соң алады.

Әдіс - ойға алған бір істі жүзеге асырудың тәсілдер жиынтығы. Бұны "метод" немесе "методика" деп те атайды. " Метод" грек тілінен аударғанда, белгілі бір іс-әрекеттің тәсілі дегенді білдіреді. Ал тәсіл дегеніміз - әдістің құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір іс-шараны жүзеге асырудың реті, қимьш-карекет немесе іскерлік.

Әдіс, іс-әрекетті жүзеге асырудың жолдары. Бұлардың барлығы - жастар мен балаларды, ересек адамдарды әлеуметтендіруде, оларға жекелеген, арнайы көмек беруде қолданылатын әлеуметтік педагогтың басты жәрдемшісі. Әлеуметтік педагогика енді ғана дамып келе жатқан ғылым болғандықтан, оның әдістері, көбінесе, жалпы педагогика, әлеуметтік психология, әлеуметтану ілімдерінен алынып, тоғыстыра қолданылатын сипатқа ие. Іс-шараларды жүзеге асыруда әдістерді қолдану әр түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы шешіледі. Зерттеуші Э.Ш.Натанзон әдістерді екі сипатта талдайды: жалғастыратын және кедергі болатын.

Жалғастырушы әдістер: сыйлау, көңіл бөлу, кеңесу, өтіну,
сенім білдіру, өз күшіне сүйену т.б; ал кедергі болатын әдістер: бұйрық беру, жазалау, ым-ишарамен басқару, зекіп айту, ұрысу, сенімсіздік білдіру, ескерту, қысастық қылу, ызалану, ашулану, басқа да баланы (адамды) ашындыратын әдістер. Бұл әдістерді әлеуметтік ахуалға, әлеуметтендіру сипатына, тұлғалық ерекшеліктерге, өмір тәжірибесіне байланысты қолданады.

Әлеуметтік тәрбиенің құралдары - алға койған мақсатты тәжірибеде жузеге асыруда қолданатын материалдық, эмоциялық, зерделік (интеллектуал) нәрселер. Мысалы, ойын — демалыстың бір түрі, бірақ, ойын әдіс те болып есептеледі. Ол баланың дамуына ықлал ететін ең басты кұрал ретінде де қарастырылады. Әлеуметтік-педагогикалық құралдарына көркем табиғат, кітап, көркем өнер туындылары, бұқаралық ақпарат құралдары т.б, кіреді. Бұл үш ұғым өзара тығыз байланыста. Оның үлгісі төмеңде келтірілген (1-сызба).

1-сызба. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет кұрамы

Әдіс-тәсілдері

Құралдары

Түрлері (формалары)

Зерттеу,зерделеу

Оқу

Диагоностика,

әдістері;




Танып-білу;

Сөз түріндегі әдістер;

Еңбек

Әлеуметтендіру

Іс-әрекетін

Ойын

немесе

ұйымдастыру;




қатарға қосу;

Жаттықтыру;

Өзіне қызмет ет

Түзету;

Әдет калыптастыру;




Реттеу;

Дағдыландыру;

Қарым-қатынас

Қалыбына

Үйрету;




келтіру;

Бақылау;

Бос уақыт

Дәнекерлік;

Байқау;




Орналастыру;

Бағалау;




(жұмысқа,

Өзін-өзі




интернатка.

тәрбиелеу;




паналау орнына

Белсенді әдістср;




т.б.)

Ынталандыру әдістері;




Демалысын ұйымдастыру;







Алдын алу;