Файл: Дипломды Жмыс 6B01823 леуметтік педагогика жне зін зі тану.docx
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 221
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сызбада көрсетілгендей, тәсілдер әдістерді толықтырып тұрады, ал олар өз кезегінде құралдар арқылы жүзеге асады, да кейбір кездерде құрал ретінде пайдалануға болады.
Әлеуметтік-педагогакалық іс-әрекетте көбінесе сендіру және жаттықтыру әдістері қолданылады.
Сендіру әдісі - дамуында кемшіліктері бар мүгедек балаларды қоғамда әділдік, адалдық, шындық бар екеніне сендіру, жалпыға бірдей адамгершілік ережелерін түсіндіру, жүріс-тұрыс мәдениетін сақтауға үйрету болып саналады. Бұл әдіс көп жағдайда балалардың ой-санасына, бейімділігі мен сезім-эмоциясына әсер етеді, баланың ішкі жан дүниесін тыныштандырып, үмітін оятып, көңілін көтеріп, өз күшіне сенімін тудырады. Әлеуметтік педагог баланың негізгі кемшілігі неде, жапа шегу сипаты қаңдай, мысалы, денесінің мүгедек, кемтарлық сипаты, ақыл-есінің кемдігі, не жеткіліксіз дамығаны, есту, көру, сөйлеу органдарының дұрыс қызмет атқармауы, тәрбие кемшілігі, отбасынан қашқан, тәртіпсіз т.б. екендігін білуі жөне болашақта қандай адаммен жұмыс істейтінін анықтап алуы жұмыстың тиімділігін, педагог іс-әрекетінің жүйелігін қамсыздандырады. Әйтпесе істелген іс, жүзеге асырған шаралар текке кетеді. Айталық, мүгедек балаға материалдық көмек беру маңызды, мысалы, жүретін кұрал (арба) не аппарат жасатып беру керек болса, тәрбиесі нашар балалармен сөйлесу, әңгімелесу, жауапты жұмыстар жүктеу, тағы басқа іс-әрекеттерді ұйымдастыру тиімді болуы мүмкін.
Сендірудің құрамдас бөлігі - талап қою. Олар әр түрлі, мысалы, сөзсіз орындау талабын қою; ұрлық істеме, жаман жолға барма, өтірік айтпа, гигиеналық тазалықты сақта т.б.
Сендіру әдісі - әңгімелесу, айтып беру, лекциялар, диспуттар өткізу, талқылау ұйымдастыру және жақсы үлгі-өнеге көрсету сұхбат арқылы жүзеге асады, Балаларға үлгі-өнеге ретінде қайратты, ырықты, төзімді де шыдамды, ержүрек адамдардың өмірінен мысалдар келтіру, егер ондай адамдар бар болса солардың өздерімен тікелей кездесулер ұйымдастыру секілді т.б. жұмыстар нәтижелі болмақ.
Айталық, соғыс кезінде немесе тыныштық заманда, күнделікті өмірде болып жатқан ерлік көріністерді, еңбек майданындағы алдынғы қатарлы адамдарды, кино қаһармандарын, жәрдем беру міндетін алған ұйымдар мен жеке адамдарды, бай тұлғаларды т.б. мысал ретінде көрсетуге болады.
Егер де сендіру баланың ой-санасына әсерін тигізсе, жаттығу және қайталау баланың бойына, жүріс-тұрысына жаксы әдеттерді дарытуға елеулі ықпал етеді. Мұндай жүріс-тұрыс көріністері баланың іс-әрекетінен, қарым-қатынасынан байқалса, мінез-құлық ережелерін қалыптастыру, жаттығу, үйрету, іс-қимыл арқылы іске асады. Мінез-құлық, адамгершілік ережелері сендіру әдісі арқылы жүзеге асырылса, (берілген үлгіні қараңыз), жүріс-тұрыс, мінез-құлық жаттығу, үйрету арқылы қалыптасады.
Жаттығу, нақтылап айтқанда, балалардың мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерін меңгеруін, оларды үсті-үстіне қайталау арқылы (санның сапаға айналуы) әдетке айналып, ол өз кезегінде тұлғаның жеке қасиеті ретінде көрініс береді. Бұған мынадай қарапайым мысал келтіруге болады. Бала ас ішу ережелерін білмесе, төгіп-шашып, үсті басын былғап, үстелде өзін ұстай алмаса оны ұрысу арқылы реттеу қиын. Сондықтан үйрету, жаттықтыру, көп рет қайталау арқылы, әдетке айналдырса, ол уақыт өте келе өзінен-өзі қалыптасқан кимыл ретінде қалыптаеады. Кейбір балаларда жаман әдеттердің қалыптасып калғаны байқалады. Өзіне-өзі қызмет ете алмайды, не оның жөнін білмейді, бейімделмеген, мысалы, жуыну, таза жүру, өмір сүрген ортаны таза ұстау секілді басқа да іс-әрекеттерді айтуға болады. Шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, насыбай ату, былапыт сөздергс жақын болуы, қоғамдық ортада өзін ұстай алмауы, вандализмді көңіл көтерудің бір түрі, не күш-қуатын тексеру тәсілі ретінде пайдалану көрінеу жерлерге балыпыт сөздер жазу, басқа да жаман нәрселерге әуестік, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістері мен тәсілдерін ұрымтал қолдануды талап етеді.
Әлеуметтік-педагогакалық әдістердің ерекше тобын түзету, қатарға қосу, қалыбына келтіру, жолдары құрайды. Бұған мадақтау және жазалау жатады. Бұл әдістер көбінесе баланың жүріс-тұрысын, мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыруға арналған. Мадақтау адамның жүріс-тұрысын, іс-қимылын қолдау, қол жеткізген игіліктерін бағалау, демек қуаттау, нығайту мақсатында қолданылады. Ал жазалау — теріс көріністерге жол бермеу, тыйым салу қайтадан тәрбиелеу, түзету жұмыс-тарында қолданылады. Бұл әдістер негізінен тұлғаның жеке басына ар-намысына нұқсан келтірмей, іс-әрекетіне қарай қолданып, жекс адамның ерекшеліктеріне қарай бағытталса, педагогикалық талаптарға сай болмақ.
Тұлғаны мадақтау не жазалаудан басқа да ескерту, сөгіс беру, түсіндіру, тәртіпке шақыру секілді әдістер бар.Мысалы, ескерту қылмыс, тәртіп бұзу секілді жаман қылықтардың алдын алып, осындай істерден сақтандырады, кейде болдырмауы мүмкін. Осы және басқа да әдістерді өзара тығыз байланыста педагогикалық жан-жақты негіздеп қолданса тиімділігі арта түспек. [3]
Әлеуметтік-педагогикалық технология. Қазіргі кезде оқу-тәрбие үрдісінде қолданатын әдіс-тәсілдер, формалар, тәрбиешінің іс-әрекеті мен жеке басының ұстаздық қасиеттері, рефлексия секілді тұстарының барлығын қамтитын «технология» ұғымы кең таралуда. Әлеуметтік жұмыстарда "әлеуметтік-педагогикалық технология" деген ұғым өз төңірегінде "әлеуметтік педагогика" және "технология" деген екі түсінікті біріктіреді. Бұл ұғым өткен ғасырдың 40-жылдары АҚШ-тың мектептерінде техникалық құралдар, магнитафон, проигрыватель, кадоскоп, кино аппараттары, диапроектор, жазу машиналары, есеп машиналарын қолдануға байланысты туындаған. Ал 50 жылдардан бастап жеңіл өнеркәсіп технологиясына қатысты бұл ұғым педагогика саласына енгізіліп, онда қолданатын әдістер мен тәсілдер сипатын нақтылау көзделген болатын. Осы кезде бағдарламалы оқыту идеясы ауқымында аудиовизуалды құралдар қолдануға байланысты "педагогикалық технология" деген жалпы бағыт анықталған.
Қазіргі кезде "педагогикалық технология" ұғымына берілген анықтамалар әр түрлі болуына қарамастан жалпы мәні мен маңызы бір мағынаны береді. Педагогикалық технология кең мағынада — оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жоспарлау үрдісін дамыту және оның нәтижесін арттыру, жұмыс барысын талдау, басқару, техникалық ресурстарды ұтымды пайдалану дегенді білдіреді. Ал осы ұғымның тар мағынасына келетін болсақ, ол оқу-тәрбие үрдісінің методикасын және оның таңдау ұстанымдарын білдіреді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста қолданатын әдіс-тәсіл, құрал, мақсат, міндет, форма, ұстаз. Іс-әрекетінің барлығы толығымен әлеуметтік-педагогикалық технологияны білдіреді. Бірақ әлеуметтік-педагогикалық технологияның мазмұны жалпы педагогиқалық технологиядан алдеқайда кең. Себебі, ол әлеуметтік объектінің ерекшелігін және онымен жұмыс істегенде қолданылатын психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік жұмыс әдіс-тәсілдері, формасы, іс-әрекет бағыты сияқты басқа да көптеген тұстарын қамтиды. Бұдан басқа әлеуметтік теxнология
, деген ұғымға келетін болсақ, ол әлеуметтану ілімінің негізінде пайда болып, әлеуметтік үрдістердің барысын таддау, басқару, бақылау жұмыстарына байланысты және оны жүзеге асыратын қызметкер мен әлеуметтік педагогтың іс-әрекетін қамтиды. Жоғарыда айтыл-ғандай әлеуметтік жұмыстар педагогика және психология ғылымына сүйеніп, балалардың, жастар мен ересек адамдардың жас және жеке ерекшеліктерін, күйзеліс түрін ескере отырып көмек беру технологиясын анықтауға бағьтталған.
Әлеуметтік технология дегеніміз - әлеуметтік қызмет ұйымдастыру технологиясы және әлеуметтік педагогтың іс-әрекет технологиясын сабақтастыра қарастыруды талап етеді. Өйткені, әлеуметтік педагог мен әлеуметтік педагогтың жұмыс нысаны бір, әрі көп тұстарын бірлесіп шешуге болады. Сол себепті мұны "әлеуметтік-педагогика технологиясы" десе де болады.
Алғашқы кезеңде, баланың әр түрлі мәселелерін шешу, диагноздау (себебін табу, белгілеу) арқылы күйзеліске душар болу себебі мен оның салдарын анықтап, талдап, нақтылаудан басталады. Мәселенің себебін анықтаған соң, одан кейінгі кезең - анықталған мәселені шешу жолдарын іздестіру. Бұл кезеңді шартты түрде мынадан екі жолмен іске асыруға болады: біріншісі, жалпыға белгілі әлеуметтік-педагогикалық технологияны, әдіс-тәсілдерді, құралдарды қолданып баланың мәселесін шешіл беруге ұмтылу; екіншісі, әдеттегі технологиямен шешу мүмкін болмаған жағдайда, әлеуметтік педагог мәселені қайта қарастырып оны шешудің жаңаша бағдарламасын түзіп, әдістер-тәсілдер мен құралдардың сәйкестерін қарастырады. Одан нәтиже болмаса, баланың темпераменті, мінезі, ырық-эмоциясы, тұрмыстық ортаға бейімделу секілді ерекшеліктерін тереңінен танып-білу аркылы тағы да басқа жолдарын қарастырады. Бұлардың барлығы қойылған мәселе шешілмейінше жалғаса береді. Егер әлеуметтік педагог бұл мәселелерді шешуде психологтың, не медицина қызметкерінің, әлеуметтік педагогдің және басқалардың көмегіне мұқтаж болса, оны да өзі ұйымдастырады. Ең соңғы кезең, мәселені шешу үшін істелген әрекеттердің нәтижесін талдап бағалау, қорытындысын шығару болып табылады. Бұл да мынадай екі тараптан қарастыруды қажет етеді. Біріншісі, әлеуметтік педагог жәрдем берген соң, ол мәселеге қайтадан қайрылмайды; екіншісі, әлеуметтік педагог көмек бере алмаса немесе оны соңына жеткізе алмай қалса, онда оған қайтадан
қайрылып, мәселені шешудің басқа жолдарын іздестіреді. [4]
Қазіргі отбасы алдында тұрған барлық мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы-отбасын қоғамға бейімдеу мәселесі. Бейімделу процесінің негізгі сипаттамасы-әлеуметтік мәртебе, яғни.отбасының қоғамдағы бейімделу процесіндегі жағдайы.
Отбасын әлеуметтік бейімделу процесінде біртұтас жүйелік білім ретінде қарастыру оның бірқатар құрылымдық және функционалдық сипаттамаларын талдауды, сондай-ақ отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерін талдауды қамтиды.
Әлеуметтік тәрбиеші үшін отбасының келесі құрылымдық сипаттамалары маңызды:
* неке серіктестерінің болуы (толық, ресми түрде толық, толық емес);
* отбасының өмірлік циклінің кезеңі (жас, жетілген, қарт);
* неке қию тәртібі (бастапқы, қайталама);
* отбасындағы ұрпақтар саны (бір немесе бірнеше ұрпақ);
* балалар саны (көпбалалы, азбалалы).
Аталған сипаттамаларда отбасының ресурстық мүмкіндіктері (материалдық, тәрбиелік және т.б.) және әлеуметтік тәуекелдің ықтимал факторлары жатыр. Мысалы, некенің қайталануы жоғалған ерлі-зайыптылық және ата-аналық байланыстардың орнын толтырады, бірақ отбасының психологиялық климаты мен бала тәрбиесінде жағымсыз тенденциялар тудыруы мүмкін; отбасының күрделі құрамы, бір жағынан, рөлдік өзара әрекеттесудің әр түрлі көрінісін жасайды, демек, баланың әлеуметтенуінің кең өрісі, екінші жағынан, тұрғын үй тапшылығы жағдайында бірнеше ұрпақтың мәжбүрлі бірге тұруы отбасындағы жанжалдың артуына әкелуі мүмкін және т.б. [18].
Отбасының жағдайын тұтастай көрсететін құрылымдық және функционалдық сипаттамалардан басқа, оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері әлеуметтік-педагогикалық қызмет үшін де маңызды. Оларға ересек отбасы мүшелерінің әлеуметтік-демографиялық, физиологиялық, психологиялық, патологиялық әдеттері, сондай-ақ баланың сипаттамалары жатады: баланың жасына сәйкес жас, физикалық, психикалық, сөйлеу даму деңгейі; қызығушылықтары, қабілеттері; ол қатысатын білім беру мекемесі; қарым-қатынас пен оқудың сәттілігі; мінез-құлық ауытқуларының, патологиялық әдеттердің, сөйлеу және психикалық бұзылулардың болуы.
Отбасы мүшелерінің жеке сипаттамаларының оның құрылымдық және функционалдық параметрлерімен үйлесуі күрделі сипаттамаға — отбасы мәртебесіне айналады. Ғалымдар отбасының кем дегенде 4 мәртебесі болуы мүмкін екенін көрсетті: экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени және ситуациялық рөл. Бұл мәртебелер отбасының жағдайын, оның белгілі бір уақытта белгілі бір өмір сүру саласындағы жағдайын сипаттайды, яғни.оны қоғамға бейімдеудің үздіксіз процесінде отбасының белгілі бір күйінің кесіндісін білдіреді. Отбасының әлеуметтік бейімделу құрылымы диаграммада көрсетілген (1-қосымшаны қараңыз).