Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 316

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«өзінің шеңберінен шығып, оны қоршаған орта, құбылыстарға мән беру» арқылы көзқарасын ауыстырады.

Бұл тұжырымдаманы түсіндіру үшін келесі мысалды келтіреміз.

Әнел ұзақ уақыт бойы тренинг өткізуге дайындалады. Бастығы да оған қолдау көрсетіп, барлығы ойдағыдай өтетінін айтып, иығынан қағады. Тренингке бір-екі күн қалған уақытта Әнел қобалжып, қорқа бастайды. Ол үшін: бастығы ол туралы не ойлайды, егер қателік жасаған уақытта қалай қабылдайды деген паразит ойлар басымдылық танытады. Әнел үшін тренинг емес, оны бастығының бағалауы мен пікірі маңызды рөлге ауысты, төмен бағаланып қалу үрейі Әнелдің тренинг өткізе аламын деген сенмін бұзып, оның кездесуден бас тартуына себеп болады. Дегенменен, Әнел тренингті керемет өткізіп шығады. Оған не себеп? Әнел қалай өз сезімдерін жеңе білді.

Әнел тренингтің өзгелер үшін маңыздылығын және оны күтіп отырған адамдар жайлы, олардың тренингтен алған білімін өз жұмыстарыңда қалай қолданғаны туралы ойлау арқылы ішкі үрейлерін жеңіп қашудын алдын алады.

Бұл жағдайда Әнел туындаған үрей мен қорқыныштан өзгелердің басымдылығы мен маңыздылығын арттырып, өз іс-әрекетінің мәнін ауыстырады.

Әлеуметтік қарым-қатынас және әлеуметтік жағдаяттар кезінде өз іс-әрекеттерін бағындыру үшін келесідей жаттығулар ұсынамыз.
«Мен әлем үшін»

Мақсаты:Әлемде, қоғамдағы рөлін анықтау, өзіндік шеңберден шығып, зейінді өзгелерге аудару

Барысы:

  1. Әлеуметтік қарым-қатынас (хат жіберу, сахнаға шығу, көрініс, скайп арқылы сөйлесу және т.б.) кезінде орындау керек тапсырмаларды қағаз бетіне түсіріңіз;

  • Тапсырмалар туралы ойлардан туындайтын үрейді 0-10 дейінгі шкала бойынша бағалаңыз (мұнда, 1– жеңіл үрей; 10 - қауіпті, ауыр қорқыныш).

  • Сіз әлеуметтік қатынасқа түскенде немесе әлеуметтік тапсырманы орындағанда Әлемде болатын жағымды өзгерістерді жазыңыз;

  • Сіздің әрекетіңізден кейін соңғы 10 жылда болатын жағымды өзгерістерті қағаз бетіне түсіріңіз;

  • Сезімдеріңізді көрсетілген шкала бойынша белгілеңіз.


«Фильм»

Мақсаты: Әлемде, қоғамдағы рөлін анықтау, өзіндік шеңберден шығып, зейінді өзгелерге аудару

Барысы:

  • Әлеуметтік қарым-қатынас (хат жіберу, сахнаға шығу, көрініс, скайп арқылы сөйлесу және т.б.) кезінде орындау керек тапсырмаларды қағаз бетіне түсіріңіз;

  • Тапсырмалар туралы ойлардан туындайтын үрейді 0-10 дейінгі шкала бойынша бағалаңыз (мұнда, 1– жеңіл үрей; 10 - қауіпті, ауыр қорқыныш).

  • Әлеуметтік қарым-қатынастар кезінде кімнің өміріне және қандай жағымды өзгерістер алып келесіз ?

  • Әлеуметтік қарым-қатынас және оның бір күнде, апта, ай, жылда өрбу оқиғасын фильмнің эпизоды ретінде елестетіңіз;

  • Сезімдеріңізді көрсетілген шкала бойынша белгілеңіз.



«Қарама-қайшылық интенциясы» техникасы
Қарама-қайшылық интенциясыбірдей уақытта екі түрлі сезімнің пайда болуы (оқиғанының болғанын қалау және қаламау).

Бұл техника қарама-қайшы оқиғалармен байланысты, мысалы, бір уақытта телефонның қоңырау шалғанын қалау және оның мүлдем шырылдамауын қалау мүмкін емес.

Интенция ерік пен зейіннің бағытын білдіреді. Бұл әдістің мәні үрейді қарама-қарсы көңіл-күймен қарсы алу. Ал үрейге қарсы сезім көтеріңкі көңіл-күй, әзіл.

Мысалы, экзамен уақытындағы үрей кезінде, «-Ох, бұл сезімді де сағындым-ау, көптен келген уақытта келді», «Экзамен алдында аяқ-қолымның дірілдемегеніне көп уақыт болған еді», «ОО! Бүгін менің бетім қызара бастады ғой!» деген сияқты әзілді сөздермен қарсы алу.

Қарама-қайшылық интенциясы жағымсыздықты күту қорқынышын бейтараптандырады.Қорқыныш белгілері жойылып, орнына өз-өзіне сенімділік күшейеді.
«Қолдау хат»
Логотерапияда уақыт маңызды рөл атқарады. Виктор Франкл уақытты дәстүрлі үш негізгі өлшеммен көрсетеді: өткен шақ, осы шақ, болашақ. Өткен шақ қорқынышпен жұмыс жасау барысында маңызды ақпараттар көзі болып табылады. Тұлғаның қазіргі уақытта жиналған білімі, тәжірибесі, сезімдері мен ойлары өткеннің айнасы және ондағы тұлғаның іс-әрекеттері анық. Тұлғаның бұрыңғы уақыттағы поитивті және негативті тәжірибелерімен жұмыс жасауға болады. Мысалы, бұрыңғы жарыстарда жеңген сәтін позитивті тәжірибе ретінде пайдалана отырып, қорқынышпен күресте тірек ретінде қолдануға болады. Бұл тірек «бір рет қолымнан келді, екінші ретте қолымнан келеді» деген зәкірмен ұштасады.

Зәкірдің қызметін хат орындайды, яғнибұрыңғы тәжірибелер жинақталған өткеннен келген хат болашақтағы іс-әрекетін мен шешімге негіз бола алады.

Мақсаты:«Өткеннен хат» қалдыру болашақтағы-Менді қолдау үшін қажет. Жеңіліс пен жеңістерден құралған өтпелі кезеңдерден хат өзін-өзі қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Мұнда өткен шақ ресурстық рөл атқарады.

Барысы:Қорқыныштарыңыз жеңгеннен кейін болашақ өзіңізге хат жазыңыз.

  • «Болашақ-Мен» сезімін түсінуге тырысыңыз;

  • Қазіргі өзіңізге сенімді, мықты, белсенді күйіңізбен бөлісіңіз;

  • Қорқынышты жеңуге әсер еткен ойлар, іс-әрекет, сенімдер, әрекет немесе әрекетсіздіктерді еске түсіріңіз;

  • Өзіңізді қолдап, алғыс айтыңыз!

Хатты өзіңізге белгілі жерге сақтап қойыңыз, әр сәтсіздікте қолдау хат сізге демеу болады.

Аталған әдістер кез-келген қорқынышты басқару мен жеңуге бағытталады.



Арт-терапия
Арт - терапия (ағылшын тілінен аударғанда art – өнер, therapy – терапия дегенді білдіреді) тұлғаның шығармашылық іс – әрекеттеріне негізделген психотерапияның саласы. Қазіргі таңда кең етек жая бастаған саланы алғаш рет тек сырқат, ауру адамдарды емдеуде ғана пайдаланды. Хилл бұл ұғымды туберкулез ауруына шалдыққан пациенттерімен жұмысын сипаттау үшін пайдаланған болатын. Ал, АҚШ пен Германияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін фашистік лагерлерде күйзеліске ұшыраған балалардың эмоционалды – тұлғалық мәселелерін түзету мақсатында қолданды.

Заманауи арт-терапияның негізгі үш бағыты көрсетіледі:

1. Клиникалық арт – терапия медицинада көмекші терапия ретінде қолданылады. Қарым – қатынасқа түсуде қиындығы бар пациенттермен қолдануға тиімді.

2. Психологиялық мәселелері бар адамдармен жұмыс жасауда қолданылатын нақты өмірлік мәселелерді шешуге бағытталған арт – терапия .

3. Тұлғаның дамуы мен өзін – өзі жетілдіруге бағытталған арт – терапия.
«Мен және менің достарым» жаттығуы (коллаж техникасы негізінде жасалады)

Мақсаты: баланың әлеуетті мүмкіндіктерін ашу, қарым- қатынасқа түсу ерекшеліктерін, баланың ортадағы рөлін анықтау, өзіндік бағасын жоғарлатып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Материал: А4 және А3 қағазы, қайшы, желім, газет және журнал қиындылары, музыкалық сүйемелдеу, тақтай, компьютер, DVD – ойнатқыш.

Жұмыс барысы:

Ұйымдастырушылық кезең: жұмысқа дайындық, дәріс тақырыбы мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаманы хабарлау, балалар алдында дәріс мақсатын қою.

Кіріспе әңгіме : визуализациялау (жүргізушіге нұсқама )

«Көздеріңізді жұмыңыздар. Ыңғайлы отырыңыз да, қолыңызды тізеңізге қойыңыз. Көз алдыңызға достарыңыздың ортасында тұрғаныңызды елестетіңіз, Сізді достарыңыз, таныстарыңыз қоршап тұр. Жұмулы көзіңізбен айналаңызға қарауға тырысыңыз. Өзіңізді қалай сезінесіз? Сізді не қуантады, керісінше не уайымдатады? Қандай дыбыстар Сізді тыныштандырады, ал қандайы үрейлендіреді және пайда болған дыбыстардан алған әсеріңіз қандай? Достарыңызға деген Сіздің үміттеріңіз ақталды ма немесе үрей пайда болды ма? Достармен тілдесуде не сезінесіз – қуаныш не қорқыныш? Ал, енді көздеріңізді ашпас бұрын достар ортасында өзіңізді қалай сезінетіңізді ойланыңыз. Енді, көзіңізді ашқаннан кейін, үнсіз, ешкіммен сөйлеспей, қолдарыңызға журналдарды алыңыз да, оларды қарап шығыңыз. Сіздің коллажыңызды жасауға қажет деген суреттерді алыңыз. Оларды қиып, қағаз бетіне жапсырыңыз».


Дәрістің тәжірибелік бөлігі:

Балалардың жұмысқа қажет материалдарын іздеуі мен даярлауы музыканың сүйемелдеуімен (әр оқушы өзінің жеке коллажына сай келетін, оған тақырыпты ашуға және оған деген қатынасын көрсететуге көмектесетін суреттерді табады).

Жұмысты орындау: керек материалдарды тапқаннан кейін балалар өз коллаждарын құрастырады.

Қорытынды: өз жұмыстарын көрсетіп, қорғау.

Балалар қорғап болғаннан кейін сөз кезегін тәрбиеші алып, жұмыстың орындалу сапасына қарамастан «жақсы – жаман», балалардың шығармашылығы мен қиялын белгілеп көрсетеді.

Қатысушылар жүргізілген дәріске өзінің пікірін білдіреді.
«Отбасы тарихы» (түйме техникасы)

Мақсаты: қарым-қатынасты, эмоциялық-ерікті іс-әрекетті түзету, біріктіру.

Біздің есіміз көптеген тарихтарды есінде сақтайды: қайғылы, қуанышты, қызықты, даналы және сақтандырушы, бұл оқиғалардың басты кейіпкері де, батыры да адам және оның отбасы. Оларды түймеге қосып жазыңыздар. Осылайша отбасыңыздың салты мен өмірлік тәжірибесі балаңызға беріледі. Өз «тегін» санасыз түрде сезе білу өзіңізде, балаңыз немесе қызыңызда сенімділік пен қорғаныш сезімін тудырады.

Барысы:

Үстел үстінде немесе кілем үстінде, орындықтың үстіне ыңғайланып отырыңыз. Жайдарлы әуен қосып қойыңыз. Түйме сақтайтын қорапшаны немесе сандықшаны алып қараңыз. Түймелерді топтастыра отырып, Сізге дейін әулетіңіздегі қанша буын әйел азаматтары осы түймелермен қолданғанын есіңізге түсіріңіз. Өзіңіздің және балаңыздың құлағының астында қорапшаны сілкілеп сағат тіліне құлақ түріңіз. Былай деңіз : «Бұл қорапшада сенің, менің әжеміздің, атамыздың киімінде болған түймелер сақталып тұр. Оларды естіп тұрсың ба – олар бір-біріне және бізге отбасымыздың санқилы тарихын айтып беріп жатыр. Міне, олардың бірі...»

Мысалы: «Бұл қорапшада менің той көйлегімнің бір түймесі бар. Ол кішкентай, аппақ, жылтыр, тегіс. Оны қорапшаның ішінен тауып алайықшы. Ия, дәл өзі. Бұл түйме әкең екеуміздің тойымыздың көзі. Ол біздің үлкендердің сыйлаған күлкілерін, баталарын, тілектерін, жақсылықтарды, бақытты күнді біледі. Сондықтан ол бақыт пен шаттық әкеледі. Оны қолына алып, алақаныңа салып жылыт. Сезесің бе, саған бақыттың келгенін ? Енді, сен үйде жалғыз қалған кезінде және өзіңді жабыраңқы сезінгенде осы түймені тауып ал да, алақыныңа сал, сонда ол саған күш сыйлайды. Түйме бақытты басқаларға да сыйлай алады. Сенің мұндай бақытты кіммен бөліскің келеді ? Сол адамға жақсы бір сөз айт».


Ескерту. Сіз отбасыңызда болған алуан түрлі оқиғаларды, дәл осы оқиғаға тән сезімдерді түймеге бере отырып балаға айтып бере аласыз. Осылайша әртүрлі эмоциялық жағдайлардың белгілерін жасайсыз, бұл баланың бойындағы эмоциялық-ерікті іс-әрекетін түзетуді дамытады.
«Шежіре ағаш».

Мақсаты: Қарым-қатынас құру, эмоциялық жағдайдың үйлесімділігі, үлкендерге сыйластық қатынасты құрастыру, ұрпақтардың өзара байланысын түсіну, өз орнын және әулеттегі алатын орнын сезіну.

Барысы: Қағаз бен қарындаш алыңыз. Қағаз ортасына тігінен сызық сызыңыз. Бұл ағаштың діңі деп ойлап, оны аяқтап салып, балаға ата- анасына тиесілі түймелерді таңдауды сұраңыз. «Анасына» тиесілі түймені ағаш діңінің сол жағына, «әкесінің» түймесін – оң жағына қойыңыз.

Былай деңіз: «Әр әулеттің өз шежіре ағашы болады. Міне осындай ағаш біздің әулетте де бар. Кел, екеуміз оны салайық. Ағаштың астыңқы бұтақтары үлкен буынға тиесілі : сенің ата – апаларыңа. Әкеңнің де ата-анасы бар, анаңның да ата-анасы бар. Әулеттің тірегі «аға буын» деп бекер айтпаған. Үлкен төрт түйме алып оны төменгі бұтақтарға қой : менің ата-анамды – сол жаққа, әкеңнің ата-анасын – оң жаққа. Үлкен буынның балалары дүниеге келді : менің ата-анамда – мен, әкеңнің ата-анасында – әкең. Әкең екеумізді – «орта буын» деп атайды. Кішірек түйме ал – бұл мен және сенің әкең. Біздің түймелерімізді апа-аталарыңның бұтақтарының үстіне қой. Әкең екеумізде сен туылдың (әпкең, ағаң). Сондықтан, одан да кіші түймелерді алып оларды ең жоғарғы бұтақтарға қой. Қарашы, қандай ғажап! Бірақ ағаш тамырсыз өмір сүре алмайды. Біздің ағашымыздың тамыры – сенің ата-әжелеріңнің ата-аналары. Оларды «ата-баба» деп атайды. Міне, мына ең үлкен түймені ал да, ағаш діңіне қой, дәл осы жерден тамырлар өседі ».

Ескерту. Бұл ойын тек қана «үлкен-кіші» ұғымын түсіндіріп қоймайды, үлкенге деген құрмет дағдыларын қалыптастырып, буындардың өзара байланысын түсініп, өзінің әулеттегі орнын анықтауға көмектеседі.
«Гүлдер алаңы» мандаласы

Мақсаты: отбасыдағы ортасын, баланың тұлғалық ресурстарын анықтау, эмоциялық қобалжуды, өзіне деген позитивті көзқарасты ұстанымын қалыптастыру, сезімдерді өзектендіру, бейсаналықты активтендіру, шығармашылық потенциалды дамыту.

Материалдар: релаксациялық әуен, бояғыштар, қарындаштар, өз таңдауына байланысты пастель (Люшердің түстерінен) .

Нұсқама:

1. Балаға мандала беріледі: «Қарашы, қандай ғажап шеңбер. Бұл ғажап алаңда гүлдердің жанұясы өседі. Шеңберде басқаларына ұқсамайтын ең маңызды гүлді тап. Оны боя. Енді қара, осы гүлдің жанында оның жақындары өседі. Көрсетші, «ана», «әке», «әпке», «аға» және т.б. гүлдері қайда? Оларды да боя. Бұлардың қандай түс екенін айтшы. Ғажап алаңда тағы кім бар (достар, таныстар)? Олар бақытты болу үшін қандай түс қажет ? Бұл алаңда гүлдерге не кедергі келтіреді?»