Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 313

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Осылайша дайындаушы жаттығулардың барлығы сезімдерге, эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды жүзеге асырады.

Джейн Райнның ойынша бұл әрбір қатысушыға өзін айқындаудың бағытын өзі анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы кезде жетекші сурет салу немесе басқа да шығармашылық іс-әрекетпен айналысу арқылы қатысушылардың өзін айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керек.

Автордың ойынша тапсырмалар қорқынышты тудырмай, сананың бақылауын әлсіретуге және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге көмектеседі.

Көңіл күйді, өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат, жек көру, сұлулық, еркіндік туралы өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға болады.

Тапсырманы орындап болған соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын айтып беру ұсынылады. Қиялдағы ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған эмоциялар көрініс табуы мүмкін. Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге болады.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған жаттығулар.

1-ші сабақ

Мақсаты – «Ата-ана – бала» даусыз өзара әрекет жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Тактильді сезімділікті, қиялды дамыту.

  • Сөйлеу белсенділігін дамыту.

  • Коммуникациялық дағдыларды дамыту.

  • Психофизикалық қысымды төмендету.

Құралдар: құмсалғыш, майда ойыншықтар, қылқалам, майда тастар.

Сабақ барысы

Кіріспе бөлімі

Сіздермен құмсалғыштағы тәртіп ережесін еске алайық (ата-ана мен бала кезекпен кезек ережелерді айтып береді).


« Айырықша іздер»жаттығуы

«Қонжықтар келе жатыр» - бала күштеп жұдырықтарымен, алақандарымен құмды басып қысады.

« Қояндар секіреді» - бала саусақтарының ұштарымен әртүрлі бағытта құмның бетін соққылайды.

« Жыландар жорғалайды» - бала бос/қысымдағы саусақтарымен құмның бетінде иректелген сызықтар жасайды (әртүрлі бағытта).
«
Өрмекшілер жүгіреді»- бала барлық саусақтарымен жәндіктердің қозғалысын вербальды емес жолмен қайталап көрсетеді. Құмға қолдарын толығымен батырып, құмның астында «жәндіктер амандасу» әрекетін орындайды - қолдар бір-бірімен кездеседі.
Негізгі бөлім

Әлеуметтік маманата-анаға баламен бірге «Құм елі» туралы оқиға ойлап табуын ұсынады. Ең алдымен, оқиға не, кім туралы, содан кейін, полкадан қандай ойыншықтар құмсалғышта сол елді құруға көмектеседі.

Әлеуметтік маманжанама сұрақтар арқылы аталған ел туралы оқиғаны айтып беруін сұрайды:

  • Бұл қандай ел? Ол қалай аталады?

  • Онда кімдер тұрады? Олар немен айналысады?

  • Ол елде барлығы жақсы ма? және т.б.

Қорытынды бөлімі

  • Бірлескен құрылыс Сіздерге ұнады ма?

  • Ерекше ұнағаны не?

  • Құрылыстың қай кезеңі есте қалды?

  • Ойында қандай сезімдер пайда болды?

Қорытындыда әлеуметтік маманқұм суретін реттеп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолды жууды сұрайды.

Корытынды кезінде әлеуметтік маман: «Бүгін Сіздер Құм елінде көптеген қызықтар жасадыңыздар, сондықтан Құм елі Сіздерге өз ризашылығын білдіреді. Осы ел Сіздердің мейірімді тілектеріңізді орындауға майда тастарды сыйлайды. Қолдарыңызға ақырындап тастарды алыңыздар да, бір-біріңізге сыбырлап мейірімді тілектерді тілеңіздер».

2-ші сабақ

Мақсаты– даусыз өзара әрекет жасай білуге тәрбиелеу, «ата-ана - бала» жүйесіндегі қатынастардың үйлесімділігі.

Міндеттері:

  • Жанасу арқылы сезінуді дамыту.

  • Көру арқылы қабылдауды дамыту.

  • Коммуникциялық дағдыларды дамыту.

  • Психофизикалық қысымды төмендету.

Құралдар: құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, қылқалам.

Сабақ барысы

Кіріспе бөлімі

Әлеуметтік маман: «Сіздермен құмсалғыштағы тәртіп ережесін еске алайық» (ата-ана бала кезекпен ережелерді есіне түсіреді).

«Құм жасырынбағы» жаттығуы

Әлеуметтік маманата-анадан ойыншықтар арасынан үшеуін таңдауын сұрайды. Бала көзін жұмып тұрғанда, анасы құмға ойыншықтарды тығады. Содан кейін анасы: «Көзімізді ашқанда, ойын басталады» дейді, сонан соң бала жасырылған ойыншықтарды табу керек (саусағымен қазып алуға, қылқалам қолдануға, құмды үрлеуге болады). Ата-ана мен бала орындарын ауыстырады (бала ойыншықтарды жасырса, ата-ана іздеп табады ).

Негізгі бөлім

Әлеуметтік мамананасы мен баласынан сұрайды: «Сіздер сыйлық алғанды жақсы көресіздер ме? Ал, сыйлық жасағанды? Біз бүгін Сіздермен бір-бірімізге сыйлық жасаймыз және бізге құмсалғыш пен ойыншықтар көмектеседі. Құмсалғышты тең екіге бөлесіздер, әрқайсыңыз өз жағыңызда бір-біріңізге тосынсый дайындаңыздар. Мүмкін бұл ертегі елі, сурет және т.б. бәрін дайындап қоймайынша, бір-біріңізбен сөйлесуге рұқсат берілмейді. Сыйлықты дайындағаннан кейін, әрқайсымыз не істегеніміз жайлы айтып береміз, ал келесі адам сыйлық ұнағаны/ұнамағаны жайлы айтады».



Қорытынды бөлімі

  • Бір-біріңізге жасаған сыйлықтарыңыз ұнады ма? Ал, қабылдаған ұнады ма?

  • Осы ойын кезеңінде қандай сезімдер туындады?

Соңында әлеуметтік маманқұмдағы суреттемені ретке келтіріп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолдарын жууды сұрайды.

3-ші сабақ

Мақсаты – бала мен ата-ана арасындағы серіктестік және конструктивті қарым - қатынасты дамыту.

Міндеттері:

  • Бұлшық еттердің тонусын реттеу.

  • Қол саусақтарындағы бұлшық еттерінің қысымын шығару.

  • Ұсақ моториканы жетілдіру.

  • Коммуникациялық дағдыларды дамыту.

Құралдар: құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, майда тастар, қылқалам.

Кіріспе бөлімі

«Кішкентай кеме» жаттығуы (ата-ана мен бала орындайды)

«Алақаныңызды кішкентай кемеге ұқсатып қосыңыздар. Қазір біздің кемелеріміз құмда жүзеді (қозғалыс сөздермен бірге орындалады: Кеме толқынмен жүзеді, мен онда капитанмын)».

Негізгі бөлім

Ересек адам «Мейрімділіктің сиқырлы тастарын»(әртүрлі түстегі тастар) алдын-ала құмға көміп қояды. Балаға қылқаламды береді және ол тастарды қазып шығарады. Тастарды шетінен ашып, оның түсін айтып, оны қолға алып, біраз ұстап, анасына беру керек (осы кезде мейірімді сөздерді айтылғаны жөн) – тастың мейірімділігімен және өзінің мейірімділігімен бөлісу.

«Мейірімділік елі» атты жаттығу

Әлеуметтік маманата-анадан баласымен бірге құмсалғышта «Мейірімділік елін» құруын сұрап,содан кейін ол туралы айтып беру қажет.

Қорытынды бөлімі

  • Бүгінгі сабақта не есте қалды?

  • Сіздер қазір қандай сезімдерді сезіп отырсыздар?

Қорытынды барысындаәлеуметтік маманқұмдағы суреттемені ретке келтіріп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолдарын жууды сұрайды.

4-ші сабақ

Мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту.

Міндеттері:

  • Ұсақ моториканы, жанасу сезімін дамыту.

  • Психоэмоциялық күйді түзету.

  • Коммуникациялық дағдыларды дамыту.

Құралдар: құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, қорап, карточкалар мына сөздермен: қоян, орман, көбелек, көпір, дельфин, кеме, тасбақа, өзен, тау, жеті гүлше күлтешесі.


Сабақ барысы

Кіріспе бөлімі

«Археолог» жаттығуы

Ата-анамен бірге балаға археолог ойынын ойнау ұсынылады. Құмды қазып, құм астындағы қазынаны қазып табу керек.

Негізгі бөлім

Әлеуметтік маман:«Мына сиқырлы қорапта қызық ертегі тұрады (психологтың қолында әдемі қорап). Әр сөз әр қағазда жазылған. Әр сөзді кезекпен шығарып анасымен бірге ертегі ойлап табу керек, әрі құмда сол ертегіні құрастыру керек. (Мысалы ретінде «қоян». Ертегіні бастайық: «Ерте-ерте ертеде қоян болыпты», құмсалғышта қоян пайда болады. Келесі сөз «орман», Ертегіні жалғастырамыз: «Ол орманда өмір сүріпті» құмсалғышта орман саламыз)».

«Тілекті жорамалда» жаттығу.

Қ орытынды бөлімі

  • Бүгінгі сабақта не ұнады?

  • Қандай орындау қиын болды?

Қорытындыда әлеуметтік маманқұмдағы суреттемені ретке келтіріп, ойыншықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолдарын жууды сұрайды.

Арт-сабақтар
«… бет пердені суреттейміз»

Мақсат – қатысушылардың өз шынайы-Менің, идеальді-Менің тану, өзіндік таным, өзінің күшті және әлсіз жақтарын қабылдау үрдістеріндегі тұлға үшін жағымды жағдайларды қалыптастыру, рефлексиялық дағдыларды дамыту, өзіндік бағаны көтеру.

І. Дайындық («Қыздыру»)

Визуализация тәсілі қолданылады:

Мақсат: бірлескен және жеке өмір сүру үшін жағдай жасау.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ыңғайласа отырып, көзді жұму ұсынылады.

Әлеуметтік маман: «Көздеріңізді жұмыңыздар. Тамаша күн, көгілдір аспан, күн жып-жылы. Ауа таза және жағымды. Жеңіл және еркін тыныс алып жатырсыздар. Өздеріізңді еркін сезініп, әр тыныс алған сайын денелеріңізді бос ұстауға тырысыңыз. Ал, енді өзіңізді маскарадтамын деп елестетіңіз. Не сезіне алдыңыз, не көрдіңіз ? Ал енді өз денелеріңізге оралыңыздар да, ішкі тұстарыңыздан өздеріңізге назар аударыңыздар. Шын мәнінде сіз кімсіз ? Көңіл-күйлеріңізге назар аударыңыздар, не өзгерткіңіз келеді? Көздеріңізді ашпай тұрып, тағы да айналаңызға бір қарап шығыңыз. Өз орныңызға қайта оралыңыз және «үш»-ке дейін санағанда, көздеріңізді ашыңіздар».

Қатысушыларға көздерін ашқаннан кейін тапсырма түсіндіріледі.

ІІ. Жеке жұмыс.

Материалдар: А3форматтағы қағаз, акварель, қылқалам, түрлі-түсті борлар, қарындаштар, желім, түрлі-түсті қағаз, түсті жіптер, суреттері бар әртүрлі журналдар, түрлі-түсті жұқалтыр, қайшы.


Әлеуметтік маманәр қатысушыға өзінің бетпердесін жасауды ұсынады. Бетперде олардың "ішкі өмірінің" көрінісі, қожайыны туралы ақпараттың иесі болу керек. Персон бетпердесін (біз ұмтылатын мінсіз бейне) немесе Көлеңке бетпердесін (адамның жеке ықыласы, естелігі, тәжірибелері) құру ұсынылады. Персон және Көлеңке бетперделерінің қатысушыға қайсысы жақын екенін, қай бетпердені таңдап жасайтыны анықталады. Егер қатысушылардың бірі екі бетпердені де дайындағысы келсе, оған келісу керек.

Қатысушылар өз бетперделерімен жұмыс жасап жатқанда, келесі кезең дайындалады – бетпердені киіп көру. Ол үшін осы үрдіске тағы бір қатысушы – айна қажет. Әр адам айнаға барып қарағанда өзін көргендей сезімде болғаны маңызды.

Әр қатысушы біткеннен кейін кезекпен (кезекпен болуы маңызды емес, жұмыстың аяқталуына байланысты) бетпердені киіп, айнаға қарау керек. Әр қатысушы айнаның алдында қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт тұра алады. Келесі қатысушы айна босаған жағдайда ғана барып отыра алады.

ІІІ. Кері байланыс кезеңі

Қатысушылар позитивті тәжірибе, сезімдер, эмоциялар туралы ойларымен бөліседі. Қандай бетпердені жасағандарын, неге дәл осы бетпердені таңдап орындағандары туралы айтып береді. Осы бет пердені киіп, айнаға қараған кезде қандай күйде болғандарымен де бөліседі. Шеңбер бойынша қатысушыларға серіктестерінің жағымды жақтары, бетпердесінің қасиеті туралы айтып беру ұсынылады.

ІV. Қорытынды кезең:

«Екі хат»

Қатысушыларға бір қағаздың бетіне өздерінің иеленгісі келетін және айырылғысы келетін қасиеттерін бейнелеп, тағы да бір өз қайшылықтарын талдау ұсынылады. Содан кейін, суреттің керек емес, «жаман» қасиеттері бейнеленген жағы жойылады. Ф.С.Самердің айтуы бойынша дәстүрлі жағымды тәсіл қолдану әрқашан қолайлы.

Қалған «жақсы» бөлігі автордың мекен - жайы көрсетілген хатқалтаға салынады. Әлеуметтік маманбіраз уақыттан кейін жағымды өзгерістерге жауапкершілікпен қарау керектігін ескертіп, осы хаттарды иелеріне жібереді.
«Менің елтаңбам»арт-сабақ

Мақсаты: өз тұлғасының сыртқы және ішкі ресурстарын қабылдау, өзіндік бағасын көтеру.

  1. «Қыздыру»

Кез келген қатысушыға үстелден орын алуды ұсынып, сурет салуға қажетті қағаз, қарындаш, бояу және басқа материалдар таратылады.

  • Қарындашты алыңыздар (бояу, пастел борларды), көздеріңді жұмыңдар және қағаз бетіне кез келген сызықтарды, геометриялық фигураларды, белгілерді салып көріңдер. Қолдың қимылына шектеу жасамаңдар. Тек қолды қозғай беру керек.

  • Өз суреттеріңе қараңдар. Егер аяқтағың келсе, немесе сөзбен айтқың келсе, оны да орындауға болады.

  • Дәл қазір көздеріңді ашып, сендердің көңіл-күйлеріңе сәйкес келетін басқа қағаз, қарындаш алып, қайтадан «шимақ» сурет салыңдар.