Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 312
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Балаға сызбасын (қоршау) бояу ұсынылады: « Алаңға сай келетін түсті таңдаңыз. Неге бұл түсті таңдадыңыз? оның сен үшін қандай маңыздылығы бар? қазір сен не сезіп отырсың?»
Топтық мандала
Мақсат: ішкі психологиялық жағдайдың үйлесімділігі, сезімдерді өзектендіру, бейсана жұмысын белсендендіру, дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау (социометрия).
Материалдар: релаксациялық әуен, бояғыштар, қарындаштар, өз таңдауына байланысты пастель (Люшердің түстерінен).
Нұсқаулық:
1. «Орта тұстан бастап, шеңберді толтыр. Не пайда болды? Ол неге ұқсайды?
2. «Қазір ғажайып шеңберге қара : мұнда ұлдар мен қыздар. Сен кімсің? Өзіңді тап та, боя. Өзіңнің көңіл-күйінді боя (бетіңді)».
3. «Қасыңда тұрған адамға қара. Ол кім? Достарыңның қайда тұрғанын көрсет. Олар туралы не білесің? Достарыңды боя».
4. «Адамдардың жанында үйшіктер салынған. Өз үйіңді таңда. Оны сипаттап бер. Ол қандай үй? Оның ішіндегі жақсы және жаман қырларын қандай?» (кейін, жобалық әдістемелердегідей үйдің бейнесін талқылаймыз.)
5. «Достарың тұратын үйді таңда, олардың үйлерін сипаттап бер. Үйлері қандай ?»
«9 кіші мандалалар»
сезімдермен жұмыс (А. Коробкин бойынша)
Қатысушыға диаметрі кесемен бірдей 9 кіші шеңберлер мен көлденең A2 форматты бір үлкен шеңбер беріледі. Берілетін тапсырма өте жеңіл: қатысушы әр мандалаға эмоциялар мен сезімдерді атай отырып сурет салу қажет, мысалы :
15-сызба. Кіші мандалар
Жағымды эмоцияларды бояуды ұсынуды ұмытпау қажет.
Қатысушының жағдайына байланысты, эмоциялар жиынтығын жетекші өзі таңдайды.
Ары қарай, эмоциялардың клиент өміріндегі мәнін, соңғы рет қай жерде көрінді, денесінің қай бөлігінде сезілді және т.б. сұрақтар қоя отырып анықтауға болады. Кейінірек, үлкен шеңбер алынып, қатысушыға, өзінің қалауы бойынша кіші мандалаларды ретпен қоюын ұсынады. Мандалалардың жапсырылу түрі мен орналасу реті әртүрлі болғанымен, біз балаларға: «әр туынды керемет, және біз әрқайсысымен жұмыс жасайтын боламыз»,- дейміз.
Бұл техника эмоциялармен, денемен жұмыс жасау барысында қолдану тиімді. Егер оны жұмыс барысында және соңында қолдансақ, эмоциялар күштерін қалай өзгергенін бірден байқай аламыз.
«Біздің галактика» (мандала техникасы)
Мақсаты: топтағы тұлғааралық қарым – қатынасты, оқушылардың топтағы өзін – өзі бағалауын, рөлін анықтау.
Құралдар: релаксациялық әуен, қылқалам,түрлі – түсті қарындаштар, А2 форматты қағаз, акварель, алдын – ала газет – журналдардан қиып алынған немесе боялған күннің бейнесі, қажет жағдайда желім.
Нұсқаулық :
А2 форматты қағаздан алдын – ала шеңбер жасап,оқушылардың алдына беріңіз. Қағаздың центріне алдын – ала дайындаған күннің бейнесін қойып, оқушыларға күн жүйесіндегі ғаламшарларын салып, топтың галактикасын құруды ұсыныңыз. Әр оқушы өзінің ғаламшарын салу қажет.
- Орындыққа өзіңізді ыңғайлы сезінетіней қалыпта отырыңыз. Көздеріңізді жұмып, бір сәтке өз ішкі жан дүниеңізге құлақ түріңіз. Енді, көз алдыңызға, топтың галактикасын елестетіңіз. Ол қандай? Күн жүйесіндегі ғаламшарларға назар аударыңыз. Олардың арасынан өзіңіздің ғаламшарыңызды тауып алыңыз. Ол қандай? Оның көлемі, түсі қандай? Ол қайда орналасқан? Өз ғаламшарыңызға мұқият назар аударыңыз. Дайын болған уақытта, ғаламшарыңызды қағаз бетіне салып, басқа топ мүшелерімен бірге топтың галактикасын құрыңыздар.
Топ мүшелері күн жүйесіндегі ғаламшарларын салып, топ галактикасын құрағаннан кейін, әр топ мүшесі топтың галактикасын құруда қосқан үлесін, өзінің ғаламшарын түсіндіріп, таныстырады.
Оқушыға таныстыру барысында жүргізуші тарапынан қойылатын сұрақтар:
- Өз ғаламшарыңызды сипаттап беріңіз. Ол қандай ғаламшар? Ғаламшарыңыздың ерекшелігі қандай? Оның тұрғындары бар ма? Олар кімдер? Оның жақсы және жаман қырларын қандай? Сізге ғаламшардың орналасқан орны ұнайды ма? Ғаламшарыңыздың аты бар ма немесе оны қалай атар едіңіз? Өз ғаламшарыңызға көңіліңіз толады ма? Немесе жұмысыңызды толық аяқтай алмауыңызға не кедергі жасады? Не сезіп тұрсыз? Ол сезімнің тууына не себеп ?
- Қазір топтарыңыздың галактикасына қараңыз. Топтың галактикасы ойыңыздан шығады ма ? Не өзгерткіңіз келіп отыр? Не ұнады немесе не ұнамады? Топтың галактикасын қалай атар едіңіз.
Талдау:
Топтық мандаланы талдауда әр ғаламшардағы элементтер (адамдар, өсімдіктер, жануарлар, тау, су, басқа да құралдар), түстер, көлемі күн жүйесінде орналасуы, басқа ғаламшарлармен арақашықтығы ескеріледі.
Сондай – ақ, мандала құру барысындағы топ мүшелерінің өзара қарым - қатынасы (вербалды, вербалды емес) ерекше көңіл бөлуді қажет ететінін ескеру қажет.
«Шанхайлықтар» жаттығуы
Материалдар: барлық қатысушыларды бір-біріне біренеше рет тығыз орайтын жіп, ұзындығы: әдетте ол бірнеше метр болуы мүмкін.
Бұл ойын 19 ғасырда орын алып, осы атқа ие болды. Ол кезде кемелердің капитандары қандай жолдармен болмасын әртүрлі айлакерлік қылықтарды қолданып, командаларына теңізшілерді жинауға ұмтылған. Әсіресе шанхайлық порты «алдау» тәсілдерін жиі қолданды. Өз еріктеріне қарсы келетіндей әрекет жасаған теңізшілерді «Шанхайлықтар» деп атады.
1. Ең алдымен, топтан маңызды тұрыстарда тұрғанын сұраймыз. Ол үшін барлығы бір қатардың бойына тізіліп, бір-бірімен қол ұстасып тұрады. Содан кейін бірінші тұрған адам өз осі бойымен айналып бұралады, әрі басқаларды «шиыршық» пайда болмайынша өзіне тартып бұралады, жүргізуші жіппен белдің деңгейінде бір-біріне тақалған қатысушыларды, яғни «шиыршықты» тығыз байлайды.
2. Тапсырма: осы қалыпта қатысушылар белгілі траектория бойынша бірталай қозғалып жүру керек, қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек.
3. Жол бойы әр қатысушы амандасып, өзі туралы ерекше бір нәрсені айтып беруі керек. Қозғалыстың осы тәсіліне қарамастан, әрқайсысы басқалардың не айтқанының барлығын есте сақтауы қажет.
4. Мақсатқа жеткенде – жіп шешіледі. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жетекші қозғалыс барысында естерінде қалған мәліметтерді айтып беруін сұрайды. Бір топ мүшесін көрсетіп және оның қозғалыс барысында не айтқанын баяндайды.
5. Топтың мүшелерінің өзара әрекет контексін қалыптастыру. Қатысушыларға бейнелерді құру бойынша барлық жұмыс сөзсіз жүретінін түсіндіреді.
«Комплекстерден арыламыз» жаттығуы
Мақсат: осы жаттығу релаксацияға бағытталған. Өзін, өзінің ішкі дүниесін және тілектерін жақсы түсінуге, өзіндік бағасын көтеруге, «комплекстер» -ден арылуға жағдай жасайды.
Қатысушылар шеңбер бойына отырып, көздерін жұмады.
-
Ыңғайлана отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар және келесі оқиғаны өз қиялдарыңда бейнелей отырып тыңдаңдар: «Өз үйлеріңнен шығып бара жатқандарыңды елестетіңдер. Сен жол бойы жүріп, ылдиға түсіп бара жатырсың.Сенің көз алдыңа тамаша және тартымды көрініс көрінеді – алда әртүрлі ағаштар, экзотикалық гүлдер, мейірімді жануарлар мен ғажайып әуенмен толы керемет бақ. Сен сұлулықтан, тыныштықтан ләззат аласың. Кенет, үлкен емен есікті байқайсың. Оны ашуға ұмтыласың және ол сенің икеміңе көнеді. Сен оған кіргенде теңіздің жағалауында екеніңді түсінесің. Ылғалды теңіз желін есіп тұрғанын сезінесің. Алыстан толқынның сарқылын және шағаланың дауысын естисің. Сенің алдыңда қайық тұр, оған отырып, жағадан ары қарай жүзуге шешім қабылдайсың. Көгілдір кеңістікке рахаттанып, жүзіп келесің, жүзіп келесің. Бірақ сенің саяхатты жалғастыруңа бір нәрсе кедергі жасап тұрғандай, қайықты теңіздің түбіне тартуда. Қайықта сенің «комплекстер» -ің жазылған ауыр жәшіктерді байқайсың. Олар қанша? Олардың мөлшері қаншалықты? Сен бар күшіңді салып оларды қайықтан лақтырып тастауға тырысып жатырсың... (кідіріс). Борттың сыртына жәшіктер лақтырылғаннан кейін, біз жағалауға оралуға шешім қабылдадық. Құмды жағажайда аяғымызбен жүре келе, сенің жүрісіңде жеңілдік пайда болды, өзіңді еркін сезінесің және қанаттанғандай, жаның күлімдейді. Баққа сен жаңа, сұлу және бақытты оралдың, есікті артынан жап, терең тыныс алып, терең демді шығар. «Осында және Дәл Қазіргі» күйіңді сезін. Жаңа, құштарлы және жақсы көңіл күйдесің!»
«Шимақ» техникасы
Мақсаты: берілген бейнелі техниканы әуенмен бірге жүзеге асыра отырып ересек баланың өзіндік тұлғалық ашылуына, жеке эмоциялық күйін зерттеуге, шығармашылық ойлаудың дамуына жағдай жасау.
Техниканың сипаттамасы:
Сабақтың қатысушыларына қағаз бен материалдарды қалауынша таңдап, әуен шығармасына ыңғайланып,ритмге сәйкес әуеннің не айтып тұрғаны туралы бейнені көз алдына елестету керек. Содан кейін, оны мәнерлеп бейнелеу қажет (шимақтың, сияның, сызықшалардың, нүктелердің, дақтардың, қол таңбалардың және т.б. көмегімен).
Талқылау кезеңінде қатысушылар өз суреттерін түсіндіреді. Онда әр қатысушы алғашқы ойлаған бейнелері суреттелді ме, не күтпеген бір нәрсе пайда болды ма, әрі ол неге ұқсайды, боялған түс нені білдіретіні туралы айтып береді.
Терапиялық топтың басқа мүшелері де талдауға және жұмыстың интерпретациясына қатысады, шығармашылық үрдістен алған өз әсері туралы айтып, топтағы эмоциялық климатты айқындайды.
«Соқыр және жетекші» жаттығуы
Осы жаттығуда рөлдер алдыңғы жаттығуға сәйкес бөлінеді. Жұптар екі жақты келісім негізінде немесе спонтанды түрде кездейсоқ құрылуы мүмкін. Жұптарды кездейсоқ құру үшін қатысушыларға көздерін жұмып, тыныштықта жайлап кеңістікте қозғалу ұсынылады. «Соқыр» кіммен бірінші соқтығысып қалса, сол адамды «жетекші» етіп алады.
Ең бастысы – вербальді емес өзара әрекеттесу. «Соқыр» адамдардың (көзі жұмылған) міндеті оны лабиринттен (мысалы, текшелерден, орындықтардан жасалған лабиринт) жүргізіп өткізетін “жетекшіге” толық сену. Сондықтан бұл жаттығуда зақым келтіретін заттарды алып тастаған дұрыс.
Рөлдермен ауысып, жаттығуды түрлі нұсқада қайталаған соң, бірінші жұппен, кейін топта алынған тәжірибе, соның ішінде өзара сенім тәжірибесі талданып талқыланады, қатысушылар өздерінің алған әсерлері мен сезімдерін айтып береді.
«Серуендеу» жаттығуы
Мысалы, дәптер бетіндегі «серуендеу» қатысушыларға өздерін жалғыз әріппен белгілеп, парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей, белгіленген территорияда «серуендеу» ұсынылады.
Арт-терапевттің белгісімен барлық қатысушылар тоқтап қалады. Осыдан кейін кім парақтың қай жерінде орналасқаны талқыланады. Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың «әрпі» қай жерде – парақтың басында ма, әлде соңында немесе шетінде орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі. Мұндай құбылыс дисграфиямен ауыратын балаларға тән.
Жаттығуларды қайталаған кезде қатысушыларға, яғни «әріптерге» сөзге, есімге бірігуді ұсынуға болады. Сонымен қатар, оларға сапқа тұруды, дөңгелек, төртбұрыш, т.б. фигураларды жасауды ұсынуға болады. Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп, кеңістікте қиялдау жетіледі.
«Серуендеу» ерік болуы мүмкін.
Жаттығудың мақсаты – бөлменің белгілі бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және кенет, ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып, өз денесін сезіну. Ақырындап жаттығу күрделене береді.
Мысалы, серуендеп жүріп қатысушылар вербальді емес тәсілдерді (жест, мимика, күлімдеу) қолдана отырып кездесуді имитациялау. Келесі тапсырмада әр кездесуден кейін қозғалыстың бағытын шұғыл өзгерту керек. Мысалы, арт-терапевттің нұсқауымен 90 немесе 180 градусқа бұрылу, отырып тұру, секіру, т.б.