Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 317
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
б) жасөспірімнің тұлғалық талаптануындағы ауытқу. Ол өзін-өзі бағалаудағы ауытқудан туындайды. Талаптану жасөспірімнің жеке ұстанымын анықтайды және оған қол жеткізуге белсенділік білдіреді;
в) адамгершілік құндылықтарға және өзщін-өзі жетілдіруге енжарлық танытады. Көп жағдайда оның адамгершілік үлгінің және жақсы болу ұмтылысының жоқтығынан болады;
г) жасөспірімдер арасында өз орнын табудағы жағымсыз қажеттіктерінің және теріс бәсекелестіктерінің орын алуы. Жасөспірімдік шақта осы қажеттер мен бағыттары, олардың өзіндік белсенділіктерін арттырады;
д) баланың, жасөспірімнің, бозбаланың қажеттерінің қалыптасуының күрделілігі және өзін-өзі түзетуге белсенділігі;
е) жасөспірімнің қарым-қатынас орнатуға, жастардың биресми бірлестіктеріне, соның қатарында асоциалды бағытқа да қатысу ұмтылыстарының болуы.
Балалар мен жасөспірімдердің жүріс-тұрыс, мінез-құлықтарындағы ауытқулардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі топ факторларын суреттеп қарастырдық, олардың алдын алу және жеңу жолдарын педагогикалық қызметте ескеру қажеттігі анықталды.
Балалар мен жасөспірімдердің девиантты іс-қимылдарын
болдырмау мақсатындағы әлеуметтік-педагогикалық
қызметтің бағыттары
Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын, іс-қимылын болдырмау мақсатындағы әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің мынадай бағыттары анықталады.
А. Балалардың мінез-құлық, іс-қимылдарының әлеуметтік ауытқуындағы отбасының рөлі.
а) болашақ ата-аналарды отбасылық өмірге дайындау және өз балаларын тәрбиелеуі.
Ол үшін мыналарды зерттеуі керек:
- отбасын мүшелерінің қарым-қатынас негіздері;
- отбасы ішілік шиеленістер, оның пайда болу себептері, алдын алу мүмкіндіктері және жеңу жолдары;
- отбасы шаруашылығын жүргізу, отбасы қаржысы;
- балалық, жасөспірімдік кезеңдердегі отбасылық тәрбие негіздері;
- отбасылық құқық негіздері. Бала құқықтары жөніндегі декларация және ата-аналар, олардың орнындағылардың құқық анықтайтын құжаттары;
б) отбасында жағымды адамгершілік қалыптарын, отбасы ішілік қарым-қатынастарды, яғни отбасылық моральді - психологиялық ахуалды сақтау;
в) отбасы тәрбиесінде қателіктерге жол бермеу;
г) баланың тұрақты адамгершілік бағыттары мен ұстанымдарын қалыптастыру;
д) балалық шақтан еріктік сапалары мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу арқылы адамгершілік-жігерлік қасиеттерін қалыптастыру;
е) балаға күш көрсетіп, жәбірлеуге, ерік-жігерін төмендетуге немесе керісінше, күш культін қалыптастыруға жол бермеу, өйткені олар әлсіз адамдарға зорлық жасауға, өктемдікке бейім келеді;
ж) балалар мен жасөспірімдерді ішімдікке, шылым шегуге тартып, оларды құмар ойындарға әуестендіруге жол бермеу;
Өзінің рөлін көрсету
з) баланы өзін-өзі тәрбиелеуге және онымен жұмыс жүргізу әдістемесіне үйрету.
отбасы
Қоғамдық тәрбие
Білім беру мекемелері
Отбасы мен білім беру мекемелерінің әрекеттестігі
бала
Ақпарат құралдарын тәрбиеде қолдану
Айналасының, топ, жеке тұлғаның ықпалы
Өзін-өзі қалыпқа сай бағалауын және жетілдіруін қалыптастыру
Жүйенің дамуы
Отбасына көмек, бала құқын қорғау
Қайта тәрбиелеу және түзету мекемесі
Бала, жасөспірімнің бос уақыты
Бала, жасөспірімді түзету, алдын алу
Ортаның жағымсыз әсерін бейтараптандыру
5-ші сызба. Балалардың девиантты жүріс-тұрысының алдын алу және оны жеңудің негізгі бағыттары
Б. Білім беру мекемелерінің балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары, іс-қимылдарының алдын алуын және оны жеңу жолдарының тәрбиелік рөлін арттыру.
Мектептерде арнайы дайындалған педагогтар қызмет атқарады. Бұл мамандарға балалар мен жасөспірімдер оқу және тәрбие барысында сенім артады. Оқытушылардың қызметіндегі басты бағыт тәрбиеге беріледі. Педагогтардың педагогикалық қызметтеріндегі жіберген қателіктері мен кемшіліктері, олардың тәрбиеленушілеріне қымбатқа түседі.
Білім беру мекемелеріндегі тәрбиені арттыру жолы ретінде мыналар анықталады:
- оқытушылар дайындығының құрамдық сапасын және олардың жоғары педагогикалық мәдениетін арттырып қалыптастыру;
- білім мекемелерінде педагогикалық қызметке мейілінше жағымды жағдай тудыру;
- оқытушылар құрамының өзбетінше білімдерін жетілдірулеріне түрткі тудыру, педагогикалық шеберліктері мен мәдениетін жетілдіру;
- білім мекемелерінде әлеуметтік қызмет ұйымдастыру, девиантты іс-қимылды балалармен және жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізу, мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу;
- білім беру мекемелеріндегі сабақтан тыс тәрбие жұмысының жүйесін дамыту;
- ата-аналарды тәрбие жұмысына қамту, олардың педагогикалық дайындығын жетілдіру.
В. Отбасы мен мектептің өзара мақсатты әрекеттесуі отбасының, мектеп пен тұрғылықты жердегі әкімшілік органдардың балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық, іс-қимылдарының алдын алу және оны жеңу жолдарын қарастыру.
Мектеп пен отбасының бірлескен әрекеттері балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесінде оң нәтиже береді. Сол мақсатта мынада тәжірибелерді басшылыққа алуға болады:
- мектептерде ата-аналарға арналған әдістемелік семинарлар ұйымдастыру ( ата-аналарға дәрістер мен семинарлар);
- бала бақшадағы, мектептегі ата-аналар комитетінің рөлін арттыру, ата-аналар мен мұғалімдердің байланысын күшейту;
- білім беру мекемелерінде балаларға қамқорлық көрсету ұйымдарын құру және оларға ата-аналарды белсенді араластыру;
- мұғалімдер балалардың үйіне барып, олардың тұрмыс жағдайларымен танысуы тиіс;
- мұғалім, әлеуметтік педагог тарапынан ата-аналардың тәрбие жұмысына көмек көрсетіп, қолдау.
Балалардың қарым-қатынас ортасын анықтап, балалармен өзара әрекеттесуін басқару және оны дамыту, тәрбиелеу. Баланың дамуы мен тәрбиесіне онымен тікелей қарым-қатынастағы адамдардың әрекеттесуінің маңызы зор. Олардың беделі, күші, балаларды ұйытуы, олардың ерік-жігерлерін билеуіне қарай, оларды қандай бағытта дамытуға ықпал жасауға болатынын анықтайды. Осыған орай тәрбиеші тәрбиеленушінің қарым-қатынас ортасын анықтап, олардың айналасындағы адамдармен әрекеттесу үдерістерін педагогикалық тұрғыдан басқарады.
Д. Мектептен тыс тәрбие жүйесіне консультация беру, отбасына және балаларға девиантты мінез-құлықтарын, іс-қимылдарын жеңуге көмектесу.
Қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан және мемлекеттен тыс отбасымен жұмыс жасайтын орталықтар құрылған. Онда білікті мамандар қызмет етеді, девиантты балалардың мінез-құлқына, іс-қимылдарына диагностика жасап, олармен отбасында қалай жұмыс жүргізу керектігіне кеңес береді.
Е. Девиантты мінез-құлықтағы балалар мен жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу және түзету мекемелерінің қызметін жақсарту.
Арнайы тәрбиелеу (қайта тәрбиелеу) орталықтары мектептерге комиссия жібереді немесе балалардың өздері орталыққа келеді және мектептің ұсынысына байланысты, кәмелетке толмаған балалар бөлімінің қызметкерлері отбасына барып кеңес береді және балаларды зерттеу үшін өз орталықтарына шақырады.
Ж. Балалар, жасөспірімдер мен бозбалалардың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешетін орталықтар жүйесін дамыту:
- педагогикалық коррекция және педагогикалық реабилитация;
- медициналық-әлеуметтік-психологиялық орталықтарда балалар мен жасөспірімдердің маскүнемдігі мен нашақорлығын жеңу, сонымен қатар зорлық құрбандарын сауықтыру, әлеуметтік виктимология.
З. Ақпарат құралдарының жағымды мүмкіндіктерін қолдану және балалар мен жасөспірімдерді жағымсыз ықпалдардан сақтандыру.
Балалар мен жасөспірімдердің дүниетанымына ақпарат құралдарының ықпалы зор екені белгілі жәйт. Қазіргі ақпарат құралдары көрермендердің сұраныстарын ескерместен, түрлі тақырыптардағы ақпараттарды таратады. Қазіргі отбасы тұрмысында бейнетехникалардың ауқымды ақпарат мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері бойынша жастарға ақпараттар мен бейнефильмдер күш көрсету культін, еркін секс, жеңіл жолмен ақша табуды көп насихаттайды. Бұндай ақпараттар ешбір бақылаусыз және белсенді түрде барлық арналар және бейнефильмдер арқылы кеңінен таратылады. Олар (теледидар, бейнефильмдер) орнықты адамгершілік негіздері жоқ адамдардың кейіптерін қалыптастырып, қылмыстық әрекеттерді насихаттайтын оқу құралдарына айналып отыр.
И. Балалар мен оқушы жастарды жағымды қоғамдық орталықтар, ұйымдар (спорттық, мәдени, туристік, театр т.б.) арқылы тәрбиелеу.
К. Жастарға өздерін тәрбиелеуге, өздерінің жағымсыз қасиеттері мен әдеттерінен арылуға көмектесу және осы бағыттағы жұмыстарына қолдау көрсету.