Файл: Гастроэнтерология 1 уровень.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 1345

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

#126

*!23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, дене қызуының 37,3°С-қа дейін 20 күн бойы жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспес ауырған. пассивный гомосексуалист, год назад поменял полового партнера. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясын күдіктенді.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):
*I (бірінші)

*II (екінші)

*+III (үшінші)

*IV (төртінші)

*Терминальді
#127

*!24 жастағы ер адам 12 күн бұрын ауыра бастаған: дене қызуы 38,2°С-қа дейін жоғарылаған, тамағында қышу сезімі, әлсіздік пайда болған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 37,4°С. Аңқасы қызарған, бадамша бездер үлкейген, жабындылар жоқ. Полилимфаденопатия. Бауыр ұлғаймаған. Анамнезде: жыныстық серіктесі 2 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайтыны анықталған. ЖҚА: лейк. – 4, 5х109/л, т/я– 4%, с/я – 22%, лимф. – 68%, мон. – 6%, ЭТЖ – 10 мм/сағ. Лимфоциттер арасында 12 жасушаның кең ашық түсті протоплазмасы анықталған. Пауль-Буннель реакциясы – теріс.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болады?
*Баспа

*Лимфома

*+АИВ-инфекцисы

*Аденовирусты инфекция

*Инфекциялық мононуклеоз
#128

*!Ер адам 32 жаста, бір апта бойы аурады: дене қызуы 37,5-38°С-қа дейін жоғарылаған, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу мазалаған. Қарап тексергенде: терісі бозарған, акроцианоз, есі кірерлі-шығарлы, құрысулар байқалады. Науқас жедел түрде неврология бөлімшесіне жатқызылды. Патогенетикалық терапияға қарамастан 2 күн бойы науқастың жағдайы нашарлауда. ИФА және иммунды блотинг әдісімен АИВ-ке қарсы антиденелер анықталған. КТ-да мидың оң жақ жарты шарының қыртысты қабатында ошақты тығыздалулар мен қоршаған тін аймағының ісінуі анықталған.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатысын болжамдауға болады (ДДҰ жіктелуі бойынша)?
*I (бірінші)

*II (екінші)

*+III (үшінші)

*IV (төртінші)

*Терминалды
#129

*!Ер адам 32 жаста, бір апта бойы аурады: дене қызуы 37,5-38°С-қа дейін жоғарылаған, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу мазалаған. Қарап тексергенде: тері терісі бозарған, акроцианоз, есі кірерлі-шығарлы, құрысулар байқалады. Науқас жедел түрде неврология бөлімшесіне жатқызылды. Патогенетикалық терапияға қарамастан 2 күн бойы науқастың жағдайы нашарлауда. ИФА және иммунды блотинг әдісімен АИВ-ке қарсы антиденелер анықталған. КТ-да мидың оң жақ жарты шарының қыртысты қабатында ошақты тығыздалулар мен қоршаған тін аймағының ісінуі анықталған.


Осы жағдайға қандай екіншілік ауру тән ?
*Миеломдық ауру

*Ходжкиндік емес лимфома

*Бас миының ісігі

*+Церебралды токсоплазмоз

*Бас миының эхинококты кистасы
#130

*!30 жастағы ер адам 10 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайды. Соңғы 2 ай бойы ауызында тағам қабылдау кезінде күйдіру сезімі, дене салмағының төмендеуі, қоймалжың нәжіс, әлсіздік, ұйқының бұзылуы мазалаған. Науқас 2 жыл бойы ЖИТС-пен күресу орталығында диспансерлік есепте тұрады, антиретровирусты ем қабылдайды. Ауыз қуысында: қызыл иегі, ұрты, таңдай шырышты қабаты қызарған, ақ түсті ірімшік тәрізді жабындымен жабылған. Тілі жабындымен жабылған, емізікшелері тегістелген. Мойынның артындағы және алдындағы, қолтық лимфа түйіндері ұсақ, ауыру сезімсіз.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатысы ЕҢ ықтимал болып табылады (ДДҰ жіктелуі бойынша)?
*I (бірінші)

*II (екінші)

*+III (үшінші)

*IV (төртінші)

*Терминальді
#131

*!22 жастағы ер адам, дәрігерге мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюын анақтағанына шағымданып келді. Дене температурасы қалыпты. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Мойынның алдынғы және артқы лимфа түйіндері 1, 0 см дейін, қолтық лимфа түйіндері 1, 5 см дейін, шап лимфатүйіндері 1, 0 см дейін үлкейген, эластикалық, ауырмайды. Білегінде инъекция іздері бар.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Саркоидоз

*Хламидиоз

*+АИВ-инфекциясы

*Лимфогрануломатоз

*Инфекциялық мононуклеоз
#132

*!29 жастағы ер адам, бір жыл бұрын Нигериядан келген. Әлсіздік сезініп, дене температурасы 37,5ºС дейін көтерілген, денесінде кейде бөртпелер шығады, күнде іші 2-3 ретке дейін өтеді. Дене салмағы 10 кг көпке азайған. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Бруцеллез

*Листериоз

*Бөртпе сүзегі

*+АИВ ˗инфекциясы

*Лимфогранулематоз
#133

*!23 жастағы ер адам, емханаға әлсіздікке, арықтауға, дене температурасының 37,3°С 20 дейін күн бойы көтерілуіне шағымданған. Қарағанда: ауыз қуысының кандидозы, полилимфаденопатия. Анамнезінде: соңғы бір жыл ішінде екі рет белдемелі герпеспен ауырған; пассивті гомосексуалист, бір жыл бұрын жыныстық партнерін ауыстырған. Дәрігер АИВ инфекциясына күманданған. Науқаста қандай клиникалық саты ЕҢ ықтимал?
*I (бірінші)

*II (екінші)

*+III (үшінші)

*IV (төртінші)

*Терминальды
#134

*!27 жастағы ер адам, ауырғанына 4 апта болған, дене температурасы 38,5°С дейін көтеріліп, тамағы жыбырлаған, әлсіздік дамыған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы – 37,4°С. Мұрынжұтқыншақ қызарған, бадамша бездері ұлғайған. Қолтық, жақасты, мойнының, шаптың лимфа түйіндері 1, 5 см ұлғайған, аздап ауырады. Анамнезінде: жанастық партнері көктамырға есірткілерді еңгізеді.



Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Тонзиллит

*Лимфома

*+АИВ-инфекциясы

*Аденовирусты инфекция

*Инфекциялық мононуклеоз
#135

*!35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң. Тексергенде өкпесінің екі жақтық пневмониясы анықталады.

АИВ инфекциясында пневмонияның ЕҢ жиі қоздырығышы қандай?
*Вирусты

*+Пневмоцисті

*Пневмококктық

*Токсоплазмоздық

*Стафилококктық
#136

*!35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң. Дәрігер өкпе жағынан өзгерістер бар деп күманданған.

АИВ инфекциясына тән өкпедегі өзгеріс қандай?
*Өкпе абсцессі

*Астмоидты бронхит

*Қайталамалы плеврит

*+Пневмоцистті пневмония

*Пневмококкты пневмония
#137

*!25 жастағы ер адам, ауруханаға ауруының 5-ші күні түсті. Шағымдары: маңдай аймағындағы және көз алмаларындағы ауыру сезімі, тамағының ауыруы, жөтел мен шырышты қақырық. Объективті: Дене қызуы - 39,0С. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы түйіршіктенген. Өкпелерінің төменгі аймақтарындағы тынысы әлсіреген, ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ - 20 рет/мин. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі - 92 рет/мин.

Сипатталған клиникалық жағдайда қандай асқынудың дамуы Ең ықтимал болып табылады?
*ТШҚҰ-синдромы

*Инфекциялық-токсикалық шок

*Жедел бүйрек үсті бездерінің жетіспеушілігі

*+Екі жақтық төменгі бөліктеріндегі пневмония

*Жедел жүрек-қан тамырлар жетіспеушілігі
#138

*!25 жастағы әйел адам жедел ауырып бастаған: қалтырау, бас ауыруы, денесінің сынып ауыруы, тамағының қышуы, дене қызуының 37,5С-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Кейіннен дауыстың сырылдауы, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел пайда болған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаттың орташа деңгейдегі гиперемиясы, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Мұрыннан көптеген серозды сұйықтық бөлінеді. Дауысы сырылдаған. Өкпедегі тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 82 рет/мин., ҚҚ - 110/60 мм с.б.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?
*Қызамық

*+Парагрипп

*Аденовирусты инфекция

*Менингококкты инфекция

*Респираторлы-синцитиальді инфекция
#139

*!18 жастағы бойжеткен 3 күн бойы ауырады: қалтырау, бас ауыруы, денесінің сынып ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, тамағының қышуы, дауыстың сырылдауы, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел мазалаған. Қарап тексергенде: аңқаның шырышты қабатты орташа деңгейде гиперемияланған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Мұрыннан көптеген серозды сұйықтық бөлінеді. Дауысы сырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 82 рет/мин., ҚҚ - 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Зәр шығаруы қалыпты.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?
*Қызылша

*+Парагрипп

*Риновирусты инфекция

*Аденовирусты инфекция

*Энтеровирусты инфекция
#140

*!16 жастағы ер жігіттің оқу орнында жедел респираторлы аурумен бірнеше оқушы ауырған. Ауруханаға ауруының 6-шы күні түскен. Ауру бірте-бірте дамыған: тұмау мен жөтел, аздаған тамағының ауыруы пайда болған. Барлық күндері субфебрильді дене қызуы сақталған. Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, 1-2 рет іштің өтуі болған. Қарап тексергенде: беті қызарған, склералар қан тамырлары мен конъюнктивалары инъекцияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған және түйіршектенген. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Бір жақтық конъюнктивит.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?
*Грипп

*Парагрипп

*Риновирусты инфекция

*+Аденовирусты инфекция

*Респираторлы-синцитиальді инфекция
#141

*!28 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Шағымдары: орташа деңгейдегі бас ауыруы, мұрынның бітелуі, тұмау, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауыруы. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 370С, склералар қан тамырлары инъекцияланған, сол жақтық конъюнктивит, аңқадағы шырышты қабаты орташа қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы фолликулдер гипертрофияланған. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Ішкі мүшелерінің патологиясы жоқ.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?
*Грипп

*Ринит

*Парагрипп

*+Аденовирусты инфекция

*Энтеровирусты инфекция
#142

*!28 лет жастағы ер адам аурухнаға басының ауыруына, мұрынның бітелуіне, тұмауға, құрғақ жөтелге, тамағының ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 370
С, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған, сол жақтық конъюнктивит, аңқа шырышты қабаты қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы фолликулдар гипертрофияланған. Мойын, қолтық лимфа түйіндері үлкейген. Ішкі мүшелердің патологиясы жоқ.

Сипатталған ауруға қандай синдром АСА тән болып табылады?
*+Фарингит

*Ларингит

*Бронхит

*Склерит

*Трахеит
#143

*!16 жастағы бойжеткен жедел ауырып бастаған: дене қызуы 38,60С-қай дейін жоғарылаған, тұмау пайда болған. Ауруханаға түскен кезде: дене қызуы 39,50С, әлсіз, тері жабындылары бозғылт. Беті ісунген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы ісінген, түйіршіктенген. Көз конъюктивалары қызарған. Полилимфаденопатия. Өкпесіндегі тынысы қатайған, сырылдары жоқ. Бауыры 1,5 см-ге ұлғайған. ЖҚА: НВ - 120 г/л, Эр. - 3,5х1012/л, лейк. - 12,8x109/л, эоз. - 2%, т/я - 5%, с/я - 5%, лимф. - 32%, мон. - 6%, ЭТЖ - 18 мм/сағ.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?
*Қызылша

*Грипп

*Риновирусты инфекция

*+Аденовирусты инфекция

*Респираторлы-синцитиальді инфекция
#144

*!30 жастағы әйел адам дене қызуының 38,0С-қа дейін жоғарылауына, мұрынның бітелуіне, мұрыннан шырышты-іріңді сұйықтықтың бөлінуіне шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Көз конъюктивалары қызарған. Аңқасы: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездер мен жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы фолликулдар үлкейген, лакуналарда ақ түсті жабынды байқалады. Жақ астындағы, мойын лимфа түйіндері үлкейген. Бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. ЖҚА: орташа лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ – 10 мм\сағ.

Сипатталған клиникалық жағдайда қандай диагноз Ең ықтимал болып табылады?
*Грипп

*Аңқа дифтериясы

*+Аденовирусты инфекция

*Инфекциялық мононуклеоз

*Цитомегаловирусты инфекция
#145

*!18 жастағы бойжеткен жедел ауырып бастаған: әлсіздік, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрын-жұтқыншақтағы құрғақтық және тырнау сезімі пайда болған. Кейіннен мұрыннан серозды, содан соң шырышты сұйықтық бөлінген, түшкіру пайда болған. Объективті: Дене қызуы– 37,4С. Риноскопия: мұрынның шырышты қабаты қызарған және ісінген, айқын ринорея. Мұрын қуысының кіре-берісі мацерацияланған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 80 рет/мин., ҚҚ - 110/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Зәр шығаруы қалыпты.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?
*Аңқа дифтериясы

*Жедел гайморит

*+Риновирусты инфекция